Мазмұнға өту

Жаңа

Қызылордалық полицейлер бөтен мүлік ұрлығының алдын алу мақсатында шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесу жиынын өткізді

Ағымдағы жылдың 22 маусымында «Атамекен» сауда үйінде Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ә.Шаймағамбетовтің төрағалығымен және Қызылорда облыстық прокуратурасы, Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы, Қызылорда облысының Кәсіпкерлік палатасы, Қызылорда қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің мамандары мен меншік иелері басшылары және жеке күзет ұйымдары өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өткізілді.

Кездесу барысында инженерлік-техникалық нығайтылуы бойынша «Атамекен» сауда үйі жоғары интеллектуалды жүйелермен жабдықталған озық тәжірибелі нысан ретінде таныстырылып, бөтен мүлік ұрлықтарының алдын алу мақсатында қала аумағында орналасқан сауда орындары, қонақ үйлер, букмекерлік кеңселер, мейрамханалар мен кафелер және ақша айналымы жүретін кәсіпорындардың арасында «Үлгілі нысандар» сайысын өткізу барысы талқыланды.

Жиында Экстремизмге қарсы күрес басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция подполковнигі Дәріхожаев Мадияр, ОІІД Криминалды полиция басқармасы бастығының орынбасары Әбдрахманов Ерлан, ҚІІБ Жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция полковнигі Шүкіров Қуаныш, ОІІД Жергілікті полиция қызметінің бөлім бастығы полиция майоры Бақытжанов Амангелді, ОІІД Күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Алменов Қайрат баяндамалар жасап, террористік тұрғыдан осал объектілердің қорғалу жүйесін, бөтен мүлік ұрлықтарын алдын алу бағытында қабылданып жатырған шаралар, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жеке объектілердің күзет ұйымдарымен келісімшартқа отырудың маңызын атап көрсетті.

Аталмыш жиын айтылған мәселелердің жерде қалмай, қаралған мәселелер төңірегінде тиімді жұмыстар атқарылуы керектігі жайлы тұжырым жасалынып, қорытындыланды.

 

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 
0
0
621

Мемлекеттік қызметшілер күнімен! С Днем государственного служащего!

Жастар бастамаларын дамыту орталығы Мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтайды!

Барлық қызметшілерге зор денсаулық, бейбітшілік, өзара келісім, отбасыларына амандық, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбегіңізге сәттілік тілейміз!


Центр развития молодежных инициатив поздравляет с Днем государственной службы!

Работа государственного служащего требует от человека широкого спектра знаний, большой ответственности и выдержки. Желаем всем госслужащим успехов в благородном деле служения народу Казахстана, добра и мира, мудрости и терпения!

1
0
447

Жастар істері жөніндегі кеңес отырысы

Ағымдағы жылдың 22 маусымында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Қ. Жапақов Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы

Жастар істері жөніндегі кеңестің отырысына қатысты.

Күн тәртібінде жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру мәселелері және Ерейментау ауданы мен Көкшетау қаласының жастар ресурстық орталықтарының жұмысы қаралды.

Аталған отырысқа Ақмола облысы әкімінің орынбасары Н.Нұркенов, облыстық және қалалық мекемелердің басшылары, діни бірлестіктердің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары  қатысты.

Баяндама барысында Қ. Жапақов жастар мен балалар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі түсіндірме жұмыстарын күшейтудің қажеттілігін атап өтті және бұл істе белсенді болуға шақырды.

Іс-шара аяқталғанда отырыс хаттамасына бірқатар ұсыныстар енгізілді.

0
0
798

Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамашылық етуімен  бастау алған «Адал жол – Честный путь» облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Степногорск қаласының  ішкі саясат бөлімі Жастар ресурстық орталығы қалалық колледждердің  студенттік  комитеттерінің белсенділері мен Степногорск қ.  прокуратурасынынң прокуроры Наиль Мамараевтың қатысуымен екінші студенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум өтті. Форумға қатысушылар ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелерін талқылады, елдегі сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі заңнамаларымен танысты. Сұхабаттық алаң шеңберінде «сұрақ-жауап» тәртібінде облыстағы және аумақтағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жағдаймен танысты.

Форумның кіші тобындағы студентерге тапсырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта ұйқастық бойынша ұран шығару ұсынылуы арқылы жұмыстар жалғасын тапты.  Форум соңында барлық қатысушылар естелік төсбелгілер алды, барлық колледждерге жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру үшін тақырыптық постерлер мен әдістемелік ұсынымдар таратылды.

 
0
0
643

ОППОЗИЦИЯ деген не немесе кім?

«Оппозиция»дегенді «дұшпан» деп түсінетін ағайындардың назарына!

 

Сонымен, ОППОЗИЦИЯ  деген не немесе кім?

 

Қазақша Уикипедия оны көпшіліктің пікіріне қарсы шығушылар деп көрсетіпті. Соны жазған адамның да бір көздегені бар шығар. Қалай болғанда да, ниеті түзу  болмағаны анық. Коммунистік партияның «Демократиялық централизм» рухында тәрбиеленген адам үшін көпшіліктің пікіріне қарсы шыққан адам бірден дұшпанға айналады. Кеңес заманында ондайлар түрмеге қамалды немесе жындыханаға жатқызылды..

 

ОППОЗИЦИЯ дегенді қазақтың жалпақ тілімен, қазақы ұғымға барынша жақындатып түсіндіруге тырысып көрелік. ...

 

Мәселеңки, сіз  Отағасы немесе Отанасы ретінде үй  салуды жоспарладыңыз делік!

 

Үйдегі үйелмендеріңіздің барлығы өрелері жеткенінше өз пікірлері мен көзқарастарын айтып жатыр. Бәрінің көздегені бір мақсат – ол болашақ үйдің іргетасы берік, сырты көркі көз тартарлық әсем, іші жанға жайлы болуы!

 

Әйеліңіздің (еріңіздің)  немесе кейбір ұл-қыздарыңыздың  пікірі сіздің, яғни Отағасының пікірімен үйлеспеуі мүмкін!  Арасында  тіпті ақылға сыймайтын пікір де айтылып қалуы мүмкін...

 

Міне, соны ОППОЗИЦИЯ дейді.

 

Сонда ол  отағасыға  (отанасына)  жау ма?

 

Соттаймыз ба?

 

Ар жағын өзіңіз ойлана беріңіз...

 
0
0
3930

Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным

Еліміздің Президенті Н.Назарбаевтың идеясын, соның ішінде «Бес институционалды реформаларды іске асыру бойынша 100 нақты қадам» ұлт Жоспарын көпшілікке түсіндіру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті басшылығы тұрақты түрде алыс шалғайдағы ауыл-аймақтарда кездесулер өткізіп тұрады.

2016 жылдың 21 маусымда осындай кездесулердің бірін Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы М.Нұртазин, басқарма басшысы Б.Хайруллин Ақжайық ауданында өткізді.

Кездесу шеңберінде М.Нұртазин мен аудан әкімі Ә.Жоламанов аудандық деңгейде ұйымдастырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің ашылуына қатысты. Сондай-ақ, Чапаев және Тайпақ елді мекендерінде еңбек ардагерлері, мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау қызметкерлері, азаматтық қоғам және БАҚ өкілдерінің қатысуымен  «Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысында мемлекеттік аппарат құру жолы мен мемлекеттік қызметшілердің сапасының деңгейін көтеру мәселелері талқыланды. Өз кезегінде, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы М.Нұртазин мемлекеттік қызметшілердің одан әрі жемісті жұмыстарына дәл осындай кездесулердің ақпараттық себебінің үлкен маңызы бар екендігін атап өтті.

Шара соңында М.Нұртазин мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, мемлекеттік қызметтің дамуына елеулі үлес қосқан мемлекеттік қызметшілерді алғыс хаттармен марапаттады.

   

0
0
1919

Жоғарғы Соттың Төрағасы журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

Бүгін Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми БАҚ басшылары мен қызметкерлерін, соттардың баспасөз қызметінің мамандарын келе жатқан кәсіби мереке – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтады.

Кездесуде Қ.Мәми: «Заманауи демократиялық және құқықтық мемлекет үшін қоғамның барлық өкілдерін саяси өмірге белсенді араластыру маңызды. Ал бұл масс-медианың қатысуынсыз мүмкін емес. Осы ретте БАҚ тұрғындар мен билік арасындағы алтын көпір тәріздес. Бір жағынан олар адамдарды толғандыратын мәселелерді айтса, екінші жағынан оларды шешудің жаолдарын хабарлайды», - деді.

Соттардың БАҚ-пен өзара іс-қимылының маңыздылығын айта келе, ол соттар қолданыстағы заңнама негізінде БАҚ-пен жұмыс істеуге дайын екендігін атап өтті. Бұл үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Соттардың БАҚ-пен өзара іс-қимылының жаңа тұжырымдамасы қабылданды, өңірлерде үйлестіруші-судьялар мен баспасөз қызметтері белсенді жұмыс істеуде. 2015 жылдың қорытындысы бойынша БАҚ-та 53 мыңнан астам материал жарық көрді.

Кездесу барысында Жоғарғы Сот Төрағасы «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының заң үстемдігін қамтамасыз ету бөлігін іске асыру барысы туралы айтып өтті. Атап айтқанда, сот жүйесіне жүктелген 11 қадамның барлығы орындалды. Осы жұмыстың нәтижесінде отандық сот жүйесі жаңғыртылды. Мәселен, 2016 жылғы 1 қаңтарда соттар үш сатылы сот төрелігі жүйесіне көшті, Жоғарғы Сот жанынан Сот төрелігі академиясы, Халықаралық кеңес пен мамандандырылған сот алқасы құрылды. Прокурорлардың азаматтық істер бойынша сотқа қатысуы заңнамалық тұрғыда қысқартылды. Тергеу судьяларының құзыреті кеңейтілді.

Судьялардың жаңа әдеп кодексінің жобасы әзірленді. Жоба Жоғарғы Сот жанындағы Халықаралық кеңестің отырысында мақұлданды. Бұл құжат бойынша Еуропа Кеңесінің Венеция комиссиясы сарапшыларының қорытындысы алынды. Кодекс ағымдағы жылдың күзінде өтетін судьялардың съезінде қабылданады деп күтілуде.

Кездесу шеңберінде жоғары сот органының БАҚ-пен өзара іс-қимылын үйлестіретін Жоғары Сот судьясы Бағлан Мақұлбеков сөз сөйледі. БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, ол: «Сот жүйесінің ақпараттық ашықтығы мен айқындығы – судьяларды алтыншы съезінде Мемлекет басшысы айқындаған жұмыстың басым бағыттары. Мұндағы маңызды міндет – сотқа құжаттар келіп түскеннен бастап, шешім қабылданғанға дейінгі кезеңдегі сот жұмысын қоғамға дұрыс түсіндіру», - деді.

Бұған қоса ол жиынға қатысушыларды соттардың қызметін ақпараттық сүйемелдеу бойынша ағымдағы жұмыстың барысымен таныстырды.

Барлық облыстық және оған теңестірілген соттарда өңірдегі сот корпусының басты спикерлері ретінде БАҚ-пен өзара іс-қимылға жауапты үйлестірші-судьялар қызметі енгізілді. Олар барлық өңірлік және республикалық БАҚ үшін барынша ашық әрі өзара байланысты қамтамасыз етуі болуы тиіс. Аталған судьялар БАҚ-та жарияланған барлық сыни материалдар, түйткілді мәселелер жөнінде үнемі біліп қана қоймай, олар бойынша ден қою шараларын әзірлеуі қажет.

Кездесуде сот жүйесінің ақпараттық жұмыс бөлігіндегі кейбір жетістіктері ашып айтылды. Атап айтқанда, интернетте жүйелі жұмыс алға қойылды. Жоғарғы Сот пен жергілікті соттардың ресми веб-сайттарының жұмысы жаңғыртылды. 2014 және 2015 жылдардағы «Қазконтент» АҚ-ның рейтингісінің қорытындысы бойынша Жоғарғы Соттың ресми интернет-ресурсы барлық орталық мемлекеттік органдардың веб-сайттары арасында қатарына екі мәрте бірінші орынды иеленді. Жоғарғы Соттың Баспасөз қызметі соттар жұмысының өзекті тақырыптары бойынша бейнеблог жүргізіп келеді. Осы ретте 15 бейнеблог әзірленді. Оларды көрудің жалпы саны шамамен 400 мың ретті құрады.

Іс-шара барысында Атырау облыстық сотының БАҚ-пен өзара іс-қимыл бойынша үйлестіруші судьясы Марина Черняховская сөз сөйледі. Ол жиынға қатысушыларды өңірлердегі ақпараттық жұмыстың барысымен таныстырды.

Салтанатты іс-шараның соңында Қайрат Мәми БАҚ өкілдеріне құрмет грамоталары мен естелік сыйлықтар тапсырды.

http://sud.gov.kz/kaz/news/zhogargy-sottyn-toragasy-zhurnalisterdi-ksibi-merekelerimen-kuttyktady

0
0
572

«Бірлестік жолы: Инклюзивті қоғам, мүмкіндігі шектеулі жандардың проблемалары мен шешілу жолдары» дөңгелек үстелі

Ағымдағы жылдың 21 маусымында «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының Ақмола облыстық филиалы «еКОМЕК» қоғамдық қорымен бірлесе, Ақмола облысының жастар мәселелері басқармасының қолдауымен  «Бірлестік жолы: Инклюзивті қоғам, мүмкіндігі шектеулі жандардың проблемалары мен шешілу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Шара «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында өтті.

Пікірталас барысында Ақмола облысында мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолжетімді баспана мен ортаны қамтамасыз ету сұрақтары, жоғары қажеттілігі бар жандарды жұмыспен қамту қиыншылықтары, аймақта әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту болашағы талқыланды. Кездесу модераторы «Жас Отан» ЖҚ аймақтық филиалының төрағасы Жанаргүл Жунусова болды.

Басты тақырыптар бойынша «еКОМЕК» Қайырымдылық қоры» ҚҚ президенті, «Бәйтерек» Ұлттық Холдингінде әлеуметтік сұрақтар бойынша штаттан тыс кеңесшісі, қоғам қайраткері, блоггер Алмаз Ержан, «ДОРСТРОИТРЕСТ» ЖШС жанындағы «ЭКОР» Орталығының жетекшісі Жадрасын Садуақасов, жарымжан жандардың сұрақтары бойынша Көкшетау қаласы әкімінің кеңесшісі Рамазан Мұқатаев пен облыстық Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Алтын Ақбарова көпшілік алдында сөз сөйледі.

«Бүгін кездесу мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірін жақсарту мақсатында ұсыныстар қабылданған сындарлы сұхбатқа айналды. Осындай шаралардың арқасында қызығушылық танытқан тұлғаларды тартып, қолжетімді баспанамен қамтасыз ету сұрақтарын заң жүзінде ұсыныстар дайындаймыз. «Нұр Отан» партиясының қолдауы арқасында жоспарларымызды жүзеге асырмақпыз!», - деп ойымен Алмаз Ержан бөлісті.

   
0
0
910

Көкшетауда жастар Ұлт жоспары мен ҚР Президентінің Жолдауын талқылады

2016 жылдың 15 маусымы «Жас Отан» Жастар қанатының Ақмола облыстық филиалы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырмасымен ҚР ішкі істер Министрлігі төтенше жағдайлар жөніндегі Комитетінің Көкшетау техникалық институты курсанттарымен «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау және талқылау бойынша кездесу ұйымдастырды.


Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында «Мемлекет басшысының бес институционалдық реформаларын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын» жүзеге асыру барысын талқылады.


«Жас Отан» Жастар қанатының АОФ төрағасының орынбасары Сымбат Үсен өз сөздерінде Мемлекет басшысының Жолдауымен таныстырып, басты бағыттарын, мақсаттары мен жастар саясатын қалыптастырудың қағидаттарын талқылады.


Сонымен қатар, кездесуге «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ анализ және мониторинг бөлімі жетекшісінің м.а. Әлішер Бекташ қатысты. Шара барысында Ақтөбе болған террористік актілерге байланысты маңызды сұрақтар мен мәселелер талқыланды. «Бүгінгі таңда терроризм жаһандық қауіпке, дінге қатысы жоқ дағдарысты байбаламға айналды. Ислам дініндегі маңызды постулаттардың бірі Отанды сүю, жастарды отансүйгіштік қасиеттерге үйрету болып табылатынын ескеру қажет. Барлықтарыңызды елімізде бейбітшілік пен келісімді сақтауға шақырамын!», - деп Әлішер құрдастарын өз елін сүюге шақырды.
 
0
0
1109