Мазмұнға өту
ernarito

Yernar Seitachmet

@ernarito

Сайтта 2012 ж. 7 қыркүйекКазахстан, Павлодар

Қызықты оқиғалар. Мазалған сұрақтар. Қазақтың кинолары. Әлемнің кітаптары. Өлеңдер мен видеолар. Сапаралардан естеліктер.

рейтинг

99

жазбалар

57

пікірлер

98

тіркелуші

17

жазылымдар

33

Ахметтің Ғазизасы

Өткенде «Қазақстан» концерт залына бардық. Композитор Ғазизаның туғанына 90 жыл толуына орай кеш өтті. Сонда білдім Ахмет Жұбановтың қызы Ахметтің өзінен де кем түспегенін. Ғазиза Ахметқызының күнделіктегі жазбаларының шағын ғана бөлігін таба алдым ғаламтордағы «Алматы ақшамы» газетінің сайтынан. Қыз әкесін қатты жақсы көргені көрініп-ақ тұр. Кім жақсы көрмейді дейсіз. Ғазиза сол сезімдерін қағазға салған. Сол жазбаларында айтады - әкесі өмірінің соңында жалғызды қалуды жақсы көрген екен. «Талантты адамдардың жалғыздықты қалап тұратыны несі?!» деп сұрақ қояды. Бұл сұраққа жауап беру оңай емес… Ғазизаның өзіне оралсақ. Күйеуі атақты режиссер Әзірбайжан Мәмбетов. Ғазиза өмірден өткен соң 14 жыл өмір сүрген екен. Сирек болатын құбылыс деп таң қалдым бұған да. Бірақ, бәрінен де Ғазиза Ахметқы…

0
0
821

Некролог: ақын Мұзафар Әлімбаев өмірден өтті кеше

​Павлодардан 60 шақырым жерде Маралды көлі мен аттас ауыл бар. Бар қазақ біледі бұл жердің барын. Көңілінің емдік қасиеті бар, бірақ ол үшін емес. Ауылдың тумасы Мұзафар Әлімбаевтың “Маралдым” әні үшін. Мұзарттың өзі орындаған ән.Мен де бұл әнді бала кезден естуші ем. Анам орындайтын ара-арасында. Әкемнің жұбайы ел алдында ешқашан көсіліп ән салған емес, алайда, май піскенде, қаз баққанда, көрші ауылға барғанда айтушы еді.Жазда Маралдыда курорттық зонаның ашылғанын елге мақтанышпен жариялады. Үлкен той біздің аймақ үшін. “Мың рет естігенше, бір рет көрген артық” деп жүріп, әлі де бармадым сол ауылға. “Маралдыммен” синонимдес Мұзафар Әлімбаевті де көремін деген ой туатын кезі-кезі келгенде.Кішкентайымыздан мемлекеттік гимнді жаттап өстік. Әнұранымыз ойнағанда бір көтеріліп, көсіліп қалушы…

2
0
4091

«Бензин құны қанша?!»

Жақында Қанат Бозымбаев, Қазақстанның энергетика министріне бір журналист "Бензин құны қанша қазір?" деген сұрақ қойды. Министр мырза "Барып, заправкадан көрмейсің бе?!" деп тойтарыс берді. Былай алып қарасақ - мәдениетсіз жауап. Алайда... Күн сайын журналистердің алдында жүрген адамдар қанша керексіз сұрақтарға жауап беретінін көрдіңіздер ме?! Журналистер дейміз-ау, күнделікті өмірде өзіміз де, қарапайым адамдар, мәнсіз сұрақтарды төпелетін жатамыз. Аузымыздан түспейтін "қалайсыңның?" ішінде мән де қалмағанын сезіп жүрміз ғой. Мән де, жан да, шынайылықтың да иісі шықпайды. Қадірі кеткен сөздер тізіміне "досым" деген сөзбен қатар қойып қойдық қой. Қадір демекші... Біздер, сірә, сұрақтың қадірін түсінбейміз-ау. Сол сұраққа кеткен уақытты айтамын. Мынандай мысал келтірейінші. Жақында оқыған…

0
0
755

Светлана Алексеевичті жоғалтып алдық...

«...Светлана Алексеевич өмірден озды. Ол енді қайта келмейді...» деген сыңайлы ақпаратты бүгін көп естідік. Ресейдің ақпарат құралдарынан. Әлбетте, фанцуздық басылымдар да жазыпты. Эйфель мұнарасының шыңынан Мәдениет министрі өзі хабарлап тұрса қалай сенбейсін. Хабарлағанда твиттер арқылы хабарлады. Ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Алайда, әлеуметтік желілер бұл күнде бұқаралық ақпарат құралдарындай қабылданатын болды ғой. Тек, «одно ноны» ескеруіміз керек. Жалған твиттер екен. Фейк аккаунт. Итальяндық Томассо Дебенетти деген журналистің шығарып жүргені. Бір қызығы, Францияның мәдениет министрі Француаз Ниссеннің твиттері 17 мамыр күні ашылыпты. Осыған назар аударғандар болмады. Кейіннен, ресейлік бірнеше агенттік Алексеевичтің өзіне хабарласып, ақпаратты тексерген. Соған да «мидың» жеткеніне…

0
0
464

МАИ қызметкері Сізге көмектесіп көрді ме?

Досыммен келе жатқам, кешкісін, көлікпен, темір құрғыр сыр бере бастады. Амал жоқ, "Жұмбақтастың" жанындағы алғашқы "парковкаға" кеп тұрдық. Алдымыздан МАИ қызметкері көрінді. "Тиіспесе екен" деген ішіміздегі ойымызды сыртқа білдіртпедік. Мотордың "есігін" ашып, қолымыздан келгенше шұқыладық. Ат десе жанын беріп, авто десе қашатын менің қолымнан келетіні шамалы, досым да Тохтар секілді тым болмағанда тістеуік те алып жүрмейді ғой. Өтіп бара жатқан көліктердің бірі тоқтап қал да сұрамайды, біз де көмек сұрамаймыз. - Жігіттер, не болып қалды?! - деп жаңағы МАИ қызметкері келіп, ақ көйлек киген досымның капотына үңіле қарады. Шұқылап, "тістеуік керек" деді. Болмағанына таң қалған жоқ, ай бірақ, күл мен көмірді ажырата алмас адамнан тістеуік сұрағаны енді жөн емес қой. Жақын тұрған "Риксостың…

1
0
1053

Инфографика: SMART-мақсат

Құрметті қолданушылар, ақырындап инфографика жасауды үйреніп жүрмін. Өзіме қатты ұнайды инфографикалар, сондықтан, алғаш жасаған туындыммен бөлісіп, сын-пікірлеріңізді білгім келеді.

Уважаемые читатели, учусь создавать инфографики. Надеюсь на конструктивную критику и советы.

0
0
3991

Жасанды түсіктің әлемдік маңызы. Стивет Левиттің «Фрикономикасына» рецензия

"Сіз шынымен солай ойлайсыз ба, әлде Сізге солай айтты ма?" осыдан 3 жыл бұрын Павлодарда "Самұрық" қоғамдық бірлестігінде координатор болып жүргенімде осынау сөзді өзіміздің ұстанымымыз етіп жүруші едік. Сондағы мақсатымыз - өзгелер секілді ойланбайтын, өзгеше адамдарды ортамызға жинау. Сол бір команданың әрқайсысы қазір қай салада болмасын жақсы маман екенін көріп, мақсатымыз орындалғанын көргендеймін. Бірақ, біз өзіміз ойлағандай өзгеше ойлауды толықтай үйрете алмадық. Өзіміз де білмедік. Негізі, қазіргі қоғамның көптеген мәселелері осы бірсарынды ойлай беретін адамдардың кесірінен, яғни, сараптамалық ойлау қабілеті дамымаған және мәселені бір бағытты ғана зерттейтін азаматтардың кесірінен деп білемін. Әйтпесе, "Қытайға қазақ қыздары кетіп жатыр" деп бос айғайға салынбас еді. Болмаса,…

3
0
750

АЛЖИР атты әйелдердің азабы...

Қазақстан Республика Президенті жиырма жыл бұрын «30 мамыр – репрессия құрбандарын еске алу күні деп белгіленсін» деген жарғысы шыққан болатын. Жиырма жылда көптеген тарихи бұрмалаушылықтардың ақиқаты ашылса, талайы жасырын жатыр. АЛЖИР де өзінің қабырғаларында сондай сұмдықты жасырып жатыр... Тұрар Рұсқұловтың әпкесі, Бейімбет пен Мағжандардың әйелдері бұл қамауда «халық жауларының әйелдері» атанып жатқан болатын. Бәлкім, біреулеріңіз болған да шығарсыз, болмаған да шығарсыз. Сол музейге көз жүгітіп көрсек. Музей елордадан жарты сағаттық уақытта Малиновка деген жерде орналасқан. Аумағы да көлемді емес. Алғашқы экспонат – Сталиндік вагон деп аталады. Бұл вагон сонау 20-жылдардан бастап Кеңес Үкіметінің әр аймақтарынан жазықсыз жандардың жарларын әкелген вагон. Сыйымдылғы 30 орындық болса…

2
0
1656

«Алмас қылыштың» Павлодарға келгендігі туралы (ойдан шығарылған әңгіме)

Елнұр бұл жұмысқа келгенде "қазаққа пайдам тиеді-ау" деп ойлаған. "Алмас қылыш" шыққан кезде қуанғаны да сондықтан, халыққа өткенін көрсетіп, осы бір "орыстанған" қаланың қаракөздерінің рухын көтеру мақсат қып алған. Құралы - "Алмас қылыш" әрине. Алайда, зерттеу жүргізіп, бұл қаланың қазақтары өз тілдеріндегі фильмдерге қаражат бөлуге дайын еместігін көрсетті. Оларға ютубтан көре салу артық. Күрсінді. Бір нәрсе жасау керек болды. Кез-келген әлемді өзгерткен идеялар секілді, қазақты өзгерткен идея кездейсоқ келді. Сәрсенбінің кеші бәйбішесін бір жерге шақырғысы келген Нұрлан интернеттен "Алмазный мечь" болатынын көреді. Алайда, бәйбішесі орысша түсінбейді. Отау құрғалы отыз жылда жұбайы балаларымен де, немерелерімен де тек қана қазақша сөйлескен. Тарихты сүйетіні тағы бар, бұл фильмді шағы…

0
1
914

«Алмас қылышты» көру кімдерге ұсынылмайды. Адамдар мен мінездер

Рухтанып жүрмін. Екі күн болды, азамат екенімді сезініп жүрмін. Қазақтың әнін тыңдап, жырың тыңдап, елін ойлап. Соңғылары үйреншікті болса да, басқаша көзқарасқа ауғандаймын. Елімді сүйеді екенмін. Жоқ, көктем жақындағаннан емес, "Алмас қылышқа" бардым. Көрдім. Өте жақсы фильм. Тіпті, "өте жақсы" дегенімнің өзі фильмнің бар құдыретін жеткізе алмайтын секілдімін. Жә, мен секілді "впечатлительныйлар" көрсе осылай рухтанады ғой, ал "Алмас қылышты" көрсетуге болмайтын адамдар бар, яғни, адамдардың бірнеше типтеріне бұл фильмді көруге кәдімгідей тыйым салынған. Осы тізіммен мұқият танысып, өзіңізді көрсеңіз - 1700 теңге мен 2 сағат уақытыңызды үнемдейсіз. Сонымен, "Алмыс қылышты" көруге тыйым салынған адамдар келесідей: 1. Көркем шығарма мен тарихи шыңдықты ажырата алмайтындар. Иә, "Абай жолын…

3
4
909