Мазмұнға өту

Жаңа

«Мәселе ақшада емес, оның көлемінде»

Левиттің еңбегі бағаланғанына шын қуанып жүрмін өз басым. Күміс медаль иеленген боксшыға алтын жүлдегерлермен бірдей сыйақы берілетін болды дегені дұрыс болды. Васяның жеңіске жеткенін көрген тек қазақстандық жанкүйерлер ғана емес, әлемнің салмақты спорттық сарапшылары мен әйгілі спортшылары Левитті қолдап, жеңісін мойындауда. Статистика да біздің боксшының басымдығын айқындап отыр. Бұл дегеніңіз қара тердің текке төгілмегендігін көрсетеді емес пе?! Оның үстіне еліміздің спортшының еңбегіне ат үсті қарамай, алтынға пара-пар сыйақы беретіндігі игі бастама болды. «Мәселе ақшада емес, оның көлемінде» (Дело не в деньгах, а в их количестве))) деп шуткаға айналдырып жіберсең да)) Жо, жоқ, адамның еңбегін бағалау, оны көтермелеу қалай болғанда да құптарлық іс. Алтыннан ардақты батырларымыздың бағы бес елі, абыройы асқақ болсыншы. Не істесе де жарасады бұл батырларға...

0
0
637

Батыс Қазақстан облысында ауданаралық және облыстық дөңгелек үстелдер сериясы өткізілді

16, 17 және 19 тамыз күндері Батыс Қазақстан облысы Бөрлі, Жаңақала аудандары мен Орал қаласында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің бастамасымен, ҚР Бас прокуратурасы, ҚР Жоғарғы соты, ҚР ішкі істер министрлігі, Қаржы министрлігінің арасындағы ведомствааралық жоспарға сәйкес «Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қызметін жүзеге асырудағы қызметтік этика және жоғары рухани-адамгершілік ахуал» тақырыбында үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар, квазимемлекеттік сектор және мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен ауданаралық және қалалық дөңгелек үстелдер өткізілді.

Дөңгелек үстелдің мақсатты бағыты - азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауды іске асыратын қызметшілердің рухани-адамгершілік талаптарын арттыру, олардың қоғамдағы ерекше рөлін түсіндіру, имиджін және оларға азаматтардың сенімін нығайту.

Дөңгелек үстелде ҚР мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша департаменті, облыстық сот, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының БҚО бойынша департаменті, прокуратура, ішкі істер, мемлекеттік кірістер департаменттерінің өкілдері тақырыпқа сәйкес баяндамалар оқып, қатысушылармен пікір алмасты.

Дөңгелек үстелде бейнероликтер көрсетіліп, сауалнама жүргізілді.

 
0
0
413

Тәні саудың жаны сау

Конституция күніне орайластырылған велошеру аясында а.ж. 17 тамызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Жігер» жас мемлекеттік қызметшілер клубы» жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесіп велошеру ұйымдастырды.

Велошеру алдын ала белгіленген маршрут бойынша орблыс орталығы Көкшетау қаласында өткізілді және «Сәлем» сөзін құрады, маршруттың жалпы ұзақтығы 10 км. болды.

Өткізілген спорттық шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілерді бұқаралық спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, ұжымдағы әріптестік қарым-қатынастарды нығайту болып табылды. Жеке басының үлгісінде салауатты өмір салтын насихаттап және мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін іс жүзінде жүзеге асыру мақсатында қатардағы мемлекеттік қызметшілермен бірге, сайыстарға басшылар да қатысуда.
Департамент госслужбы

Департамент госслужбы

0
0
517

Қызылордалық полицейлер зілтемірші Александр Зайчиковті жеңісімен құттықтап, иығына шапан жапты

Бүгін, яғни 2016 жылғы 19 тамызда Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің басшылығы және жеке құрамы, «Динамо» спорт қоғамының басшылығы Рио-де-Жанейрода өткен 31-ші Жазғы олимпиада ойындарының ауыр атлетика турнирінде 105 килограмм салмақ дәрежесінде ІІІ орын алып, қола жүлдегері атанған Александр Зайчиковпен кездесті.

Жиын департаменттің үлкен мәжіліс залында өтті. Департамент бастығы полиция полковнигі Ж.Сүлейменов сөз алып, сыр сақшылары атынан Александр Зайчиковті жеңісімен құттықтап, Сыр халқының үмітін ақтап, жасаған тартуы үшін алғысын білдірді. Ол өз сөзінде: «Көп жылғы жүйелі жұмысың, жеңіс жолындағы төккен  маңдай терің ақталғаны үшін қуаныштымыз. Әлі талай жеңіс тұғырынан көрініп, еліміздің туын көкке көтеріп, Қазақ елінің атын төрткүл дүниеге танытатыныңа сенімдіміз», - деді.

Қазақ елінің қоржына қола медаль салған Александр да полиция қызметкерлеріне алғысын білдіріп, жерлестерінің үмітін ақтау үшін аянып қалмайтындығын жеткізді. Жиналғандарға олимпиада кезіндегі қызықтарын айтып берді.

Жиын барысында қызылордалық полицейлер олимпиада жүлдегерінің иығына шапан жауып, қайсар рухты жерлесіне ілтипатын білдірді.

Жиын естелік суретке түсумен аяқталды.

 

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 
0
0
451

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ «CASPI BITUM» БК» ЖШС шығаратын полимер-түрлендірілген битумның сапасын Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы растады

«CASPIBITUM» БК» ЖШС түрлендірілген битумға «Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі» 014/2011 КО ТР бойынша ұлттық сәйкестік сертификатын және сәйкестік туралы декларацияны ерікті негізде алды.

Полимер-түрлендірілген битумның үлгілері өнімнің сапалық және қауіпсіздік көрсеткіштерінің талаптары бойынша «Қазақстан жол ғылыми зерттеу институты» АҚ-ның аккредиттелген зертханаларында және   «Ұлттық сараптау орталығының» өңірлік зертханаларында зертханалық сынақтардан өтті.

Сапалық сипаттамалар ҚР СТ 2534-2014 «Битум және битумдық тұтқырғыштар. Түрлендірілген мұнайлы, жол битумдары» жаңа ұлттық  стандарт бойынша айқындалды. Өнімнің сапалық сипаттамаларына осы стандартпен қойылған талаптар тиісті шетелдік стандарттардың талаптарынан еш кем емес.

Осылайша, «CASPI BITUM» БК» ЖШС зауытының полимер-түрлендірілген битумы Қазақстанның ішкі нарығына да, Кеден Одағының нарығына да жеткізу үшін сапаның жоғары деңгейін растады.

«CASPI BITUM» БК» ЖШС бір реттік екі түрлі көліктік ыдысқа бөлшектенген полимер-түрлендірілген битумды шығара алады: сыйымдылығы 1000 кг дейінгі «Биг-Беги» (ЖБК – жұмсақ бір реттік контейнерлер) және сыйымдылығы ~ 40 кг қаптар немесе теміржолдық/автомобильдік битум тасығыштар.

Шығарылған полимер-түрлендірілген битумның барлық көлемі ішкі жол құрылысы нарығына жеткізіледі. Яғни, полимер-түрлендірілген битумды пайдалану кезінде қазақстандық жолдар жақын уақытта аса сенімді, барынша берік және қауіпсіз болады.

«ҚМГ-ӨМ» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі

 

Көзі: https://kmgrm.kz/kaz/press_center/news/?ELEMENT_ID=24485

 

http://kz.energo.gov.kz/index.php?id=7135

0
0
681

Судья әдебі кодексі — жауапкершілікті арттыратын жаңашыл жоба

Еліміздің тәуелсіздік алғанына биыл ширек ғасыр толады. Әрине, бұл адам баласының ғұмырымен есептегенде әжептәуір уақыт болғанымен, тарихи жылнама өлшемімен алып қарасақ, аса ұзақ мерзім емес. Десек те, «Елге бай құт емес, би құт», «Тура биде – туған жоқ, туғанды биде – иман жоқ» деп философиялық ой түйген бабалар сөзінің бүгінгінің билеріне берер тәрбиелік мәні мен тағылымы ерекше деп ойлаймын.

Қазіргі уақытта елімізде жүргізіліп жатқан сот-құқықтық реформалардың нәтижесі өз жемісін берді деп айтуға толық негіз бар. Адамдардың әділ сот төрелігіне деген сенімі уақыт өткен сайын артып келеді.

Сот билігінің бұрынғы бес сатыдан қазіргі үш сатыға ауысуы да қарапайым жұрт үшін сот төрелігінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатындағы оң өзгерістер деп айтуға болады. Өзінің құқығы бұзылды деп ойлаған кез келген азамат алдымен сотқа жүгінетіні заңдылық. Бұл – бүгінгі жүргізіліп отырған мемлекеттік сая­саттың оң нәтижесі. Ал, қоғам алға ілгерілеген сайын судья­ның кәсіби біліктілігіне деген талап күшейе түспек. Сонымен қатар, бүгінгі күні судья мәртебесі Елбасының 2000 жылғы 25 желтоқсанда қол қойған «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңымен белгіленгені баршаға аян. Одан бергі жылдарда аталған заң үнемі жетілдіріліп, судьяның доғарысқа немесе зейнет жасына толуына байланысты оларды әлеуметтік қорғау мемлекет тарапынан үнемі қолдау тауып келеді.

Ата Заңымызда көрсетілгендей, Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Судьялар сот төрелігін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады. Міне, осының барлығы сот жүйесі мен бүгінгінің билеріне деген үлкен құрмет және жанашырлық деп түсінген абзал. Олай болса, судьялардың кезекті VII съезінің күн тәртібінде «Судьялар тәртібінің қағидалары мен ережелерінің этикалық кодексінің» қаралуының маңызы зор. Қазіргі уақытта аталған кодекстің жобасын талқылау заңгерлер қауымдастығымен қатар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің де қызығушылығын тудырып отыр десек қателеспейміз.

Би болмысы, оның адамгершілігі, оның моральдық-этикалық бейнесі бәрінен жоғары болуы қажет. Неге десеңіз, біздің дана халқымыз әдептілік қағидасын өте ерте заманнан ұстанған және ислам дінін қабылдаған уақытта да мұны ұмытпаған. Адамдардың бір-бірімен ымыраласып, қоғам болып және әдептілікке сай өмір сүруін қолдаған. Бұқар жыраудың «Аталыдан би қойсаң, адаспас жол мен жобадан, Атасыздан би қойсаң, босамас аузы парадан» деген толғауы осыны меңзесе керек. Яғни, көшпенді қазақ қоғамында би болмысына деген талаптың деңгейі бүгінгіден кем болмағанын аңғарамыз.

Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыруда судья әдебінің жаңа жобасын тұжырымдау, судьяның моральдық-этикалық бейнесін ашып көрсету, олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру т.б. мәселелер тереңінен тұжырымдалған. Бәрімізді толғандырып отырған осындай келелі жайттар жақында Қазақстан Респуб­ликасы Жоғарғы Сотының төрағасы Қайрат Мәмидің қатысуымен өткен биылғы жылдың бес айының қорытындысы қаралған Батыс Қазақстан облысы судьяларының кеңесінде жан-жақты талқыланды.

Кеңес барысында сөйлеген сөзінде Қ.Мәми «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына енгізілген реформаларды іске асырудың қорытындысы бойынша сот жүйесі жұмысындағы жағымды өзгерістерге тоқталып, Жоғарғы Сотқа жүктелген барлық 11 қадам іске асырылғанын атап өтті. Жоғарғы Сот төрағасының айтуынша, Судьялар әдебі кодексінің жаңа жобасы әзірленген, ол 2016 жылдың күзінде өтетін Судья­лардың VII съезінде қабылданады деп жоспарланып отыр. Кодекс жобасы судьялар қауымдастығымен келісілген және Жоғарғы Сот жанындағы Халықаралық кеңестің отырысында мақұлданған. Қоғамда кеңінен талқылау үшін ол еліміздің жоғары сот органының сайтына орналастырылған. Кодекс жобасына қатысты Еуропа кеңесінің Венециялық комиссиясы сарапшыларының алдын ала қорытындысы алынды. Енді ол биылғы маусымда Венецияда (Италия) өтетін комиссияның 107-жалпы отырысының шеңберінде бекітіледі деп күтілуде.

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында берілген тапсырмалардың дер кезінде әрі сапалы орындалуы бүгінгі таңда қазақстандық сот жүйесінің өз даму жолында зор табыстарға қол жеткізу арқылы халықаралық жаңа деңгейге қадам басқанын көрсетеді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламенттің VI шақырылымдағы бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде «Қазақстандық сот төрелігі мен құқық тәртібі жүйесі ашықтық және кәсібилік тұрғысындағы жаңа сапаға ие болды. Қазақстандықтар мен бизнес субъектілерінің құқықтарын сотта қорғау деңгейі ендігі жерде ЭЫДҰ мемлекеттерінің жоғары стандарттарына сәйкес келеді» деп атап көрсеткен болатын. Осы орайда, Судьялар әдебі кодексінің жаңа жобасы да қазақстандық соттар қызметіне жаңаша серпін беріп, судьялар қауымдастығының қо­ғам алдындағы жауапкершілігін одан әрі арттыра түседі деп санаймын.

 

Арман Жүкенов,
Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының төрағасы

 
0
0
899

Апамның иісі

Алғашында ұқсаттым ба дедім. Мамамның бөлмесі бала күнімдегі апамның бөлмесінің иісін еске салды... Апам марқұм «дәу папанікінде» (әкемнің ағасы) тұратын, каникулда барамыз. Бөлмесінде ұйықтаймыз қаптаған қыз. Жатқан бойда қата қоймай шулаймыз, сөйлейміз, таяғымен түрткілейтінJ Қараңғыда дәл тимейді, кімнің қайда жатқанын, кімнің сөйлеп жатқанын біле алмайды. Біз де соны қызық көріп, таяғынан қашып, төсегінің астына кіріп кетеміз ұстатпай, мәз боламыз – баламыз... Сол бөлменің иісі ерекше еді - апамдікі. Еркелігі мен қаталдығы бар ақкөңіл жан еді. Айына, жылына бір келетін маған бар жылы-жұмсағын беретін. Кетерімде қолыма міндетті түрде ақша ұстатады. Сәбилерді емдейтін қасиеті бар еді. Ангинаны бас бармағымен-ақ басып қайтаратын әдісі де бар қазақтың. Не керек, ауылға сыйлы апа болды.

Биыл бір айғы демалыста Алматыға барып, екінші рет көзім жетті: анам апа болғалы қашан, бөлмесі тура енесінікіндей ерекше аңқып тұр. Туған иіс – ыстық иіс! Немерелерін қасына алып, у-шу болып жатады. Әр адамның өзіне тән иісі болады. Мен оны айтып тұрған жоқпын. Оның үстіне, анам хош иісті әтірлерін сеуіп, сәнденіп жүретін кісі – тазалыққа тым үйір.

Мұрным өте сезімтал ма, білмеймін. Бар білерім – бұл бала күннен таныс иіс. Апам барда бесікке бөлендік, сиыр да сауылды, мал да жайылды, күбі де пісілді, диірмен де тартылды, бидай да қуырылды, құрт та жайылды, жүн де түтілді/сабалды, ұршық та иірілді, киіз де басылды, алаша да тоқылды, қолмен нан да жабылды, шай да самаурында қайнады.

Бақытты балалық шақ!!!

0
0
856

Мақтарал ауданының жаңа әкімі ауыл халқының мәселелерімен танысуда

Күні кеше Мақтарал ауданының жаңа әкімі Ғалым Исмаилов Ш.Ділдәбеков ауылдық окургінің «Мәдениет үйінде» ауыл халқымен кездесті. 12 мыңға жуық халқы бар ауылдық округтің тыныс-тіршілігмен танысып, ауыл тұрғындарының айтқан мәселелері мен ұсынған ұсыныстарын тыңдады.

«Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің жалпы жер көлемі 6800 гектар. 1737 отбасы бар. Ауылдық окургіміз 13 елді мекеннен тұрады. Орталығы – «Бірлік» ауылы аудан орталығы Жетісай қаласынан 26 км қашықтықта орналасқан» - дейді ауыл әкімі Нәлжан Әбдірайым өз есебінде. Ауылдық округ көлеміндегі халықтың ұлттық құрамы, көшелер мен аулалардың саны, әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтар туралы, білім және денсаулық салалары бойынша жалпы атқарылған жұмыстар туралы мәлімттерді де ауыл әкімі шет қалдырмады.

«Дәл осы ауылдық округке қарасты Достық, Байдала, Зерделі елді мекендерінде газ тарту үшін АПЗ құжаттары дайындалып бекітілгенімен, қаржының жетіспеуіне байланысты әліге дейін табиғи газ жүргізілмеген. Сондай-ақ, Жаңадала, Күрішті ауылдары табиғи газ тартатын трасса бойынан алшақтау болуына байланысты жүргізілмеді» - дейді аудандық депутат, осы ауылдық округтің құрметті азаматы, еңбек ері Ш.Ділдәбековтың ұлы Мұрат Ділдәбеков. Сондай-ақ, ауылдық округтің әйелдер кеңесінің төрағасы Майра Ділдәбекова жақында ғана күрделі жөндеуден өткен Мәдениет үйіне қажетті құрал-жабдықтар мен жиһаз-бұйымдарға бөлініп жатқан қаржының көңіл көншітпейтінін атап өтті.

Ауыл тұрғындары елді мекендердегі жол мәселесін, ағын су жетіспеушілігін, тік дренаждарды қосу және жарықтандыруды қажет ететін көшелер мәселесін қозғап, әкімге осы айтылғандардың барлығын шешіп беруді сұрады. Өз кезегінде әкім қолда бар қаржыны тиімді жұмсап, қажет болса облыстан сұрап мәселелерді шеше алатынын және 1 жарым айдан кейін атқарылған жұмыстар туралы есеп беретінін ескертті. Айта кетейік, Мақтарал ауданының жаңа әкімі Ғ.Исмаилов ауданның мәселелерімен танысу үшін 3 кент, 183 ауылдың барлығын араламақшы.

   

(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 
1
0
917

2016 жылы мақтаралдықтар микрокредиттік ұйымдардан 270 900 000 теңге несие алған

Бүгін Мақтарал ауданы Кәсіпкерлік бөлімінің мәжіліс залында «Кәсіпкерлерді қолдау бойынша тұрғындарға микрокредит берудің механизмдері мен шарттары туралы кеңес беру» жөнінде кездесу өтті. Іс-шараға Қоғамдық кеңес мүшелері, микрокредиттік ұйымдардың басшылары, жұмыспен қамту орталығының өкілдері, «Нұр Отан» партиясы Мақтарал филиалы қызметкерлері, аудандық кәсіпкерлікті қолдау палатасы, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің қызметкерлері, жергілікті тұрғындар және БАҚ өкілдері қатысты.

«Нұр Отан» партиясының «Мақтарал» филиалының төрағасы Әбдіманап Байдуллаев кәсіпкерлікті дамытуға мемлекетіміздің қаншалықты көңіл бөліп жатқандығын айтып өтіп, аудан тұрғындарынан өздерін мазалаған көкейкесті мәселелерді ортаға салуды сұрады. Мырзакент кентінің тұрғыны Анарбай Шалқаров құжаттарының бәрі дұрыс болуына қарамастан «Ырыс» микрокредиттік ұйымынан әуре-сарсаңға түсіп 3 жылдан бері кредит ала алмай жүргендігі туралы мәселені ортаға тастады. Сондай-ақ, мұндай мәселелерге жолығып жатқан Мақтарал ауданының тұрғындары аз емес екен. Микрокредиттік ұйымдардың өкілдері кредит беру процесінде алаяқтықтың орын алатындығын, ортада микрокредиттік ұйымдарға түк қатысы жоқ делдалдардың жүретіндігін айтып ақталды.

«2016 жылы Мақтарал ауданында 99 азамат шағын несие алған, сондай-ақ 104 азамат жаңадан ашылған жұмыс орындарына жолданған. Биылғы алынған шағын несиенің сомасы – 270 900 000 теңгені құрайды» - дейді Мақтарал ауданы әкімдігінің Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Данияр Өмірзақұлы. Айта кетейік, микрокредиттік жүйе құру жөніндегі жұмыс 2003 жылғы наурызда Қазақстанда «Микрокредиттік ұйымдар туралы» арнайы Заң қабылданғаннан басталған болатын. Бұл Заң микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асырумен байланысты қарым-қатынастарды реттейді және жүзеге асырады. Микроқаржыландыру - экономикалық дамудың өзінің тиімділігін әлемнің көптеген елдерінде дәлелденген құралы болып табылады.

 

(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 
1
0
486

Ғылыми -тәжірибелік конференция

А.ж. 12 тамызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Көкшетау қаласында  «Мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделі және қызметтік этика ережелері» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Конференцияның міндеттері мен мақсаттары  қоғамда мемлекеттік қызмет институтының рөлін ашу және миссиясы. Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік бейнесіне және іскерлік сапаларына деген талаптарды арттыруға бағытталған мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделінің қалыптасуы мен даму кезеңін және қызметтік этика ережесін айқындауға бағытталған.

0
0
492