Ғылыми -тәжірибелік конференция
А.ж. 12 тамызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Көкшетау қаласында «Мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделі және қызметтік этика ережелері» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Конференцияның міндеттері мен мақсаттары қоғамда мемлекеттік қызмет институтының рөлін ашу және миссиясы. Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік бейнесіне және іскерлік сапаларына деген талаптарды арттыруға бағытталған мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделінің қалыптасуы мен даму кезеңін және қызметтік этика ережесін айқындауға бағытталған.
