Жаңа
Көкшетауда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы төрағасының орынбасары А. Шпекбаевтың, Ақмола облысының әкімі С. Кулагиннің қатысуымен жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес өтті
Тіл — халықтың жаны

Тіл – халықтың жаны. Әрбір мемлекеттің болашағы оның тілінде. Қазақтың көрнекті жазушысы Ғабит Мүсірепов бір сөзінде: «Тілін білмеген, түбін білмейді. Ондай адам күлдіремін деп күйдіреді, сүйсіндіремін деп сүріндіреді, білдіремін деп бүлдіреді, қуантамын деп қуартады, келтіремін деп кетіреді, жұбатамын деп жылатады» деген өсиет қалдырған. Ұлылардың осындай өсиетін ұғынған мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та тілді, әсіресе қазақ тілін дамытуға көп көңіл бөліп келеді. Әр жылдарға арналған мемлекетік бағдарлама құрып, оның іске асырылуын ел үкіметіне қатаң тапсырды. Бұл тек үкіметке қатысты ғана емес, жалпы ел тұрғындарына қатысты құндылығымыз екенін әрбір сөзінде айтып отырады.
Биыл тілдерді дамыту бойынша Павлодар өңірінде қыруар іс тындырылды. Мәселен, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы ел бойынша жоғары деңгейде жүзеге асырылуда. Аталған бағдарламаның Павлодар облысында іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жыл бойы өзінің нәтижесін берді. Бұл мақалада Павлодар облысының аудандары арасында орыс тілді аудан ретінде аты шыққан Успен ауданындағы атқарылған іс-шараларға тоқталуды жөн көрдік.
Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында әрбір ауданда арнайы шаралар жоспары әзірленіп бекітілді . Өңірлердегі мамандарға тапсырма жүктелді. Ағымдағы жылы іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында аудан бюджетінен 1830 мың теңге бөлінді. Іс-шаралар жоспарына сәйкес түрлі шаралар жүзеге асырылуда.
Мұндай іс шараларға облыс және аудан халқы жаппай қатысуда. Рухани, мәдени шаралар желісі үздікміз жалғасуда. 2016 жылдың бірінші жартысында мемлекеттік тілді насихаттау, тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында «Тіл-татулық тірегі», «Абай оқулары», мемлекеттік тілді білу бойынша өзге ұлт өкілдері арасында «Тіл – адам жанын танудың кілті», ұлты қазақ жастар арасында орыс тілін білу бойынша «Тіл – барлық білімнің кілті», «Тіл шебері» атты сайыстар өткізілді. Аудандық сайыстардың жеңімпаздары облыстық тілдерді дамыту басқармасымен өткізілетін шараларға қатысты. 2016 жылдың 30 наурызда «Тіл – барлық білімнің кілті» облыстық конкурсында Асанбаева Елдана 1 орынға иеленді, республикалық конкурсына қатысу жолдама алды. Аудандағы этно мәдение бірлестіктерін және халықтарының тілі мен достығын нығайту үшін ағымдағы жылдың 1 мамырда аудан орталықта үлкен концерт өтті. Бұл сайыстар мен байқауға қазақ тілін еркін меңгерген өзге ұлттың өкілдері көптеп қатысуда. Соның арқасында мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлттардың саны өсіп келеді. Бұл еліміздің болашақта қазақ тілді болуына әкелетін ең үлкен қадам болып табылады.
Биыл еліміз үшін маңызды бір шара ұйымдастырылды. Тұрғындар биыл алғаш рет қазақ тілінде жаппайы диктант жазды. 18-мамырда аудан тұрғындары мемлекет қызметшілері, этнос мәдени бірлестіктерінің өкілдері мен оқушылары арасында өткен «Мәңгілік ел» тақырыбындағы диктантқа белсене қатысты.
2016 жылдың 18-20 мамыр аралығында Облыстық тілдерді дамыту басқармамен ұйымдастырылған Қазтест бойынша тестілеуге ауданымыздың 14 мемлекет қызметшілері тапсырды, оның ішінде байқау тесте 10 қызметші, 4 мемлекеттік қызметші сертификатқа, 9 мемлекет қызметкері тапсырды. Ағымдағы жылдың 27 сәуірде Облыстық тілдер басқармасы мен облыстық тіл қоғамы өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік тілді маңыздылығын көтере отырып, насихаттау рететінде ауданымыздың орыс тілді тұрғындары үшін доңгелек үстел өткізілді.
Аудан аумағының кітапхана, мектептерінде «Түркі тілдес халықтар жазбалары күндері» және «Славян жазбалары» күндерін акция ретінде шаралар өтті. 2016 жылдың сәуір айынан бастап Успен ауданы бойынша 18-60 жас аралығында мемлекеттік тілді оқытуды қажет ететін адамдар үшін қаражат экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне бюджеттік өтінім берілгеннен кейін мемлекеттік тілде үйренушілерге барлық санатты адамдарға ауданымыздың (Успен, Равнополь, Лозов, Қоңырөзек, Таволжан, Константинов, Қозыкеткен, Новопокров, Ковалев, Богатырь) ауылдық 10 округтерінде жалпы 140 адамды қамтылып тегін оқыту үйірме ұйымдастырылып жүргізіледі. 2015 жылы 309 адам оқытылды. Ағымдағы жылдың 24-31 мамырда 8 мемлекет қызметкері ағылшын тілі бойынша курстан өтті, деңгейіне қарай сертификат алды.
2016 жылы маусым айында № 1 Успен ОМ мультимедия кабинетінде Успен ауданының мемлекет қызметшілері үшін Қазтест бағдарламасы бойынша оқыту семинар-курсы өтті. Семинарға ауданының мемлекет мекемелерінің және ауылдық округінің мелекет қызметшілері қатысты. Семинарда «Ана тілі» орталығы» ЖШС директоры З.А. Мамбетова, аға оқытушысы П.Ш. Ташева келіп дәріс оқыды. Біліктілік арттыру семинар-курсына 30 қызметші қатысты.
Аудандағы тіл тіралы мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы жөнінде джауапты мамандарды әңгімеге тартқан едік.
- Ауданда тоқсан сайын «Тіл тазалығы» акциясын өткізіледі. Акция барысында ауданындағы ауыл және ауылдық округтерінің көшелері мен мекемелерінде орналасқан көрнекі ақпараттардың мемлекеттік тілде дұрыс рәсімделуі жөнінде мониторинг жүргізілді, қателіктері түзетілуде. 2016 жылдың бірінші жартыжылдық бойынша ауданымыздың 32 объект: Таволжан ауылы, Лозов, Қозыкеткен ауылдық округтарының кітапхана, ауылдық мәдениет ұйымдарының маңдайшалары, бизнес объектілері қаралды. Ауылдық округтеріндегі көшелері мен мемлекеттік мекемелерінде орналасқан көрнекі ақпараттардың мемлекеттік тілде дұрыс ресімделуін тексеріп, қателері анықталған мекемелеріне қателерін түзету үшін хат жазып берілді де, бақылауға алынды, - дейді жергілікті тіл мамандары.
Мамандардың сөзінше, ауданда аптасына бір рет жарық көретін аудандық «Аймақ ажары» және «Огни села» басылымдары жұмыс істейді.Аталмыш газеттер бірін-бірі қайталамай екі тілде шығады. «Аймақ ажары» газетінде мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту мақсатында мемлекеттік органдар мен тұрғындар атынан мақалалар жарияланады.
Иә, бұл аудандағы атқарылыпжатқан істердің бір парасы ғана. Болашақта бұдан да күрделі іс атқарылып, тіліміз бен руханиытымыз асқақтай береді деп сенеміз.
Марат Серікбаев
Мемлекеттік кірістер органына мүліктерді жария етуге 103 346 өтініш келіп түсті
Ағымдағы күнге барлығы 2 446,0 млрд тенге сомасында 103 346 өтініш (декларациялар) түсті, оның ішінде жария етілгені 2 176,1 млрд. тенге.
Мүліктерді жария ету жөніндегі ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 1 024,5 млрд тг құрайтын жылжымайтын мүлікті жария етуі үшін 100 409 өтініш (декларациялар) түсті.
- сомасы 768,6 млрд. теңгеге 83 372 тұрғын үй объекті;
- сомасы 242,9 млрд. теңгеге 44 328 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 10 019 млрд.теңгеге 164,7 коммерциялық объект;
- сомасы 7,2 млрд. теңгеге заңды тұлғалардың 59 қатысу үлесі;
- сомасы 5,8 млрд. теңгеге бағалы қағаздар келіп түсті.
96 748 объект, бағалы қағаздар және ақша сомасы 778,0 млрд. теңгеге жария етілді.
Мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 5,0 млрд. теңге құрайтын 114 тұрғын үй объектісін жария ету бойынша өтініш (декларация) келіп түсті.
- сомасы 2 092,2 млн. тг құрайтын 98 тұрғын үй объекті;
- сомасы 29,9 млн. тг құрайтын 6 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 22,7 млн. тг құрайтын 4 коммерциялық обьекті.
- сомасы 15,5 млн. тг құрайтын, 9 заңды тұлғалардың қатысу үлесі;
- 2 852,2 млн. тг сомасында бағалы қағаздар;
Сомасы 4,9 млрд. теңгеге 108 объект және бағалы қағаздар жария етілді.
ҚР ҰБ есеп деректері бойынша екінші деңгейлі банктердің 16.08.2016 жылғы жағдайы бойынша жалпы сомасы 1 456,1 млрд.теңге ақшаны жария етуге 2 653 жинақ шот ашылды, (оның ішінде шетелден аударылған 232,1 млрд. теңге) (соның ішінде ішінде шоттан шешілгені 1 419,4 млрд.теңге) соның ішінде:
оның ішінде заңнамаға өзгерістер енгізгенге дейін 80,9 млрд.теңгеге 2015 жылы 30 қарашаға дейін 179 жинақ шотын ашу арқылы;
- 1 335,7 млрд. теңге мемлекеттік кіріс органдарына по 2 644 декларация ұсыну және шот ашу арқылы.
- 39,5 млрд.теңге әлі декларацияланбады
Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органына шот ашпау арқылы ақшаны жария ету бойынша 6 427,5 млн. теңге көлемінде 43 декларация түсті.
1 393,2 млрд. теңге сомасында ақша жария етілді,соның ішінде:
2015 жылы 30 қарашаға дейін 80,9 млрд. теңге;
2 581 декларация бойынша 1 312,3 млрд.теңге.
12.08.2016 жылына сәйкес 1-Н есебінің деректері бойынша «Мүлікті жария ету үшін алым» 206110 коды бойынша бюджетке іс жүзінде 4,3 млрд.теңге түсті, оның 3,0 млрд.теңге қайтарылған (ескі Заң ережесі бойынша мерзімнен бұрын түсірілген жария етілген ақша (3,1 млрд.теңге – қайтарымға жатады).
Қызылордада қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен 105 қылмыстың беті ашылды
Қызылорда ОІІД Кинологиялық қызмет орталығы 2016 жылдың 7 айында кинологиялық қызметті дамыту мен нығайтуда және қызметтік иттердің қолданылуын есепке алып, кинологтардың жұмыс нәтижелерін талдап, қызметтік-іздестіру иттерін қылмыспен күресте пайдаланудың тиімділігін арттыруда біршама жұмыстар атқарды.
2016 жылдың 7 айында қызметтік-іздестіру иттерін пайдалана отырып, 105 қылмыстың беті ашылып, оның ішінде бөтен мүлік ұрлық қылмысы бойынша – 53 дерек, тонау қылмысы бойынша – 7, қарақшылық, адам өлтіру қылмыстары бойынша бір деректен анықталған.
Есірткі қылмысы саласы бойынша қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен 32 қылмыстың беті ашылып, нәтижесінде заңсыз айналымнан 101 кг. 022 гр. есірткі заттары алынды.
Мәселен, «Көкнар-2016» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Арал бекеті тұсында «Крона» атты қызметтік итінің көмегімен есірткі затын жеке автокөліктерінде тасымалдап кетіп бара жатқан Батыс Қазақстан облысының 2 тұрғыны ұсталды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
Түннен бері сүйінші сұрасып жатқан қазағымнан айналдым
«Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дер» деген. Әлеуметтік желілерде жақсылыққа толы жазбаларды жарыса жазып, қазақ елінен түннен бері сүйінші сұрасып жатқан қазағымнан айналдым. Алтыннан ардақты ұлымыз – Даниярдың елге сыйлаған жеңісі құтты болсын, ағайын! Түнде телевизорды тамашалап отырып, Даниярдың жеңісін көзбен көрдік. Әнұранымыз асқақтап ойнап, көк туымыз көтерілгенде төбеміз көкке жеткендей қуанып, көз жасымызды төгіп алдық. Қуаныштан қазағымның бәрін құшақтағым келіп кетті. Лайым, осындай жеңісті күндеріміз, жігер, намысымызды оятатын сәттеріміз көп болсын. Алаш рухы асқақтай берсін!!!
Сахна киімдерін тігетін кәсіпкердің өнімдері елге танымал болып келеді
Гүлшат Кәукенқызы Мұсабекова 1992 жылы Семей қаласының өнеркәсіп колледжін бітіріп, Алматыдағы республикалық «Мақпал» сән орталығына байқау арқылы өтті.
«Мақпал» сән орталығы гастрөлдік сапармен әлемді шарлап келеді. Сондықтан да Гүлшат шебер тіккен киімдер Германия, Франция, Америка елдерінде талай көрсетілді. Сән үйі негізінен ұлттық киімдер тігумен айналысады. Сондықтан да Гүлшат Кәукенқызы Мақпал Жүнісова, Бибігүл Төлегенова, Толқын Забирова секілді отандық әншіледің сахналық киімдерін тігуге өз үлесін қосты.
2004 жылы Гүлшат Кәукенқызы туған қаласы Семейге оралып, өнеркәсіп ашуға бел буады.

«Әрине, әр жұмыстың өз қиындығы бар. Ен басында біз ұлттық нақышта той көйлектерін тігуден бастадық. Бірақ бәсекелестік жоғары болғандықтан, өнім түрін өзгертіп, мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істей бастадық. Ол үшін бізге өндірістік жабдықтар мен өз ғимаратымыз керек болды. Сол кезде біз «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы несие алуға бел будық. Олар бізге мемлекеттік қолдау алу жөнінде ұсыныс жасады, - дейді кәсіпкер.

2015 жылы Гүлшат Мұсабекова несиені субсидиялауға рұксат алды. Бүгінгі таңда «Ақниет» салоны өңір тұтынушылары арасында ғана емес, ТМД елдері арасында да танымал. Кей кезде тапсырыс Қытай мен Жапониядан да түседі. Бірінші кезекте сахналық және ұлттық киімдерге тапсырыс береді. Сонымен қатар соңғы кезде кәсіпкер модельер Шынар Жоламановамен бірлесіп жеке «SAASH» брендтін шығарып келеді.

«Қазақстанда жасалған» ұлттык тауар өндірушілер көрмесіне екі рет қатысты. Соның арқасында тапсырыстардың бір бөлігі Алматы және Астана қалаларынан да түсіп отыр.
Сырғалым, Айман, Шолпан есімдері қандай тамаша.
Адамның есіміне мінез-құлқы, психологиясы тіпті бүтін тағдыры байланысты болады деген марқұм әкемнің сөзі санамда сақталып қалыпты.Қазір ағайындардың бірлі-екілі балаларының есімдеріне қарап отырсам, көбісі «модный» есімдер екен. Айлин, Милана, Сайора т.с.с. кете береді. Бұл соңғы бес жыл ішіндегі қазақстандық арналардан көп көрсетіле бастаған түрік сериалдарының қазақ отбасыларына тигізген ықпалы шығар. Әр ұлттың өзінің болмысы, менталитеті болатынын ескерсек, Түрік қыздарының есімі қазақ қызына не береді деген ойға қаласың. Рас қой, ертең олардың өздері балаларының атын әдемі қазақ аттармен қоятынына күмәнім бар. Соңғы кездері Қазақстан арнасынан Түрік сериалдары алынып тасталып, орнын отандық өнімдер көптеп басуда. Көркем сериалдардағы қазақ бойжеткендері мен бозбалаларының есімдері сондай тамаша. Сырғалым, Айман, Шолпан есімдері қандай тамаша. Ата-аналар балаларына осындай айдар тағып, қаракөздерімізге қазақы ат таңдаса игі емес пе? Артыңыздан Айкөркем, Айсұлу секілді қарындастарымыз ергені жақсы емес пе?! Түріктердің атын теріп, олардың қай қасиетін алуға талпынуымыз керек?!
Украиндық бағыт

2016 жылдың 18 тамызында Астана қ. ҚР Энергетика министрі Қ.Бозымбаев Украина Энергетика және көмір өнеркәсібі министрі И.Насаликпен кездесу өткізді, сонымен қатар кездесуге «Қазатомпром» ҰАК» АҚ, «Энергоатом» ҰАЭК» ММ, «Ядерное топливо» МК, «Восточный горно-обогатительный комбинат» ММ және «Смолы» ММ басшылары қатысты.
Кездесуде энергетикалық ынтымақтастық бойынша өзекті мәселелер, сонымен бірге Қазақстан Республикасына Украина Президенті П.Порошенконың 2015 жылғы 8-9 қазандағы ресми сапары шеңберінде қол жеткізілген уағдалыстықтарды іске асыру барысы қарастырылды.
Сонымен қатар, тараптар осы саладағы ынтымақтастықтың одан әрі практикалық қадамдарын анықтай отырып, Қазақстан мен Украина атом-өнеркәсіптік кешеніндегі кәсіпорындардың арасындағы өзара іс-қимылды дамытудың ықтимал бағыттарын талқылады.
Қазақстан қалаларындағы жанар-жағармай бағасына шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін түскен кейінгі жағдай бойынша Астанадағы жанар-жағармай құю стансаларының көбісінде дизель отынының бағасы бір деңгейде, тек кейбірінде айырмашылық бар.
Атап айтқанда «Oil» жанар-жағармай құю бекетінде АИ-92 бензинінің литріне 125 теңге, АИ-95 маркасы - 142, АИ-98 маркасы - 158 теңге деңгейінде қалыптасып отыр.
«Газпромнефть» стансаларында АИ-92 бензині - 125 теңге, АИ-95 - 141 теңге, АИ-98 - 158 теңге, дизель отыны (еуро-5) - 120 теңге көлемінде белгіленген.
«Гелиос» бекеттерінде АИ-92 маркасының литрі 126 теңге болса, АИ-95 маркасы 143 теңге, ал дизель отыны - 108 теңге сомасында саудалануда.
«Аурика» стансасында АИ-92 - 127 теңге, АИ-95 - 143 теңге, дизель отыны - 108 теңгені құрап отыр.
Бұдан бөлек, «SINOOIL» бекетінде АИ-92 - 125 теңге, АИ-95 - 143 теңге, дизель отыны - 108 теңге деңгейінде өтіп жатыр.
ҚМГ бекеттерінде АИ-92 - 125 теңге, АИ-95 маркасы 138 теңге, АИ-98 - 146, дизель отыны - 108 теңге болып қалыптасты.
Сонымен қатар, «Асқар» жанар-жағармай құю стансасындағы бағада біршама өзгешелік байқалды, яғни АИ-92 литріне 125 теңге, АИ-95 - 138 теңге, дизель отыны - 99 теңге көлемінде сатылуда.


Мұнымен қоса, бірқатар өңірлер бойынша жанармай құю бекеттеріндегі баға зерделенді. Мәселен, Орал қаласында ҚМГ стансаларында баға жоғарыда аталған деңгейде.

«ОралЖан-Ойл» стансасында АИ-92 - 125 теңге, АИ-95 - 140 теңге, дизель отыны - 124 теңгені құрап отыр.
«Нефтэк» жанармай құю бекетінде АИ-92-125 теңге, АИ-95 - 150 теңге, ал дизель отыны - 125 теңге көлемінде саудалануда.
Алматы қаласында ҚМГ мен «SINOOIL», «Гелиос» бекеттерінде отын бағасы Астанамен бір деңгейде. «Satti zhol» стансасында АИ-92 бензиннің құны 122 теңгеден, ал «Royal Рetrol» бекетінде АИ-92 - 126 теңге, АИ-95 - 145 теңге, АИ-98 маркасы - 165 теңге сомасында белгіленді.


Атап айтқанда, Петропавлда «Shelf» и «Эталон Авто» жанармай құю бекеттерінде дизель отыны 99 теңгеден басталса, ҚМГ-да 108 теңгені құрады. «Shelf» стансасында АИ-92 маркалы бензиннің литрі 126 теңге, АИ-95 - 141 теңге, «Эталон Автода» АИ-92 - 127 теңге, АИ-95 - 142 теңге сомасында өткізілуде.


Қазақстан аумағында кеңінен таралған жанар-жағармай бекеттерінің ірі желілері бойынша Талдықорған мен Өскеменде де баға бір деңгейде.

Қызылорда қаласында 30-ға тарта май құю бекеті бар. «SINOOIL», «Гелиос» сияқты ірі жанармай құю бекеттері АИ-92 бензиннің бағасы 125 теңге, АИ-80 бензинінің бағасы 89 теңгеден сатылып жатыр. Бұл бағаның тұрақты орнағанына біршама уақыт болды. Әзірге бағада өзгеріс жоқ. Ал дизель отынының бағасы 108 теңгені құрайды. Жалпы облыс аумағындағы жанар май бағалары қалыпты деңгейді ұстап тұр.


Сонымен қатар Көкшетау қаласында «Гелиос» пен ҚМГ жанармай құю стансаларында бағалар жоғарыда аталған деңгейде. Ал «Юна» бекетінде АИ-92 - 123 теңге болса, АИ-95 - 135 теңге сомасында белгіленді. «Эталон Автода» АИ-92 - 127 теңге, АИ-95 - 142 теңгеден сатылуда.

