Мазмұнға өту
minenergo

Мин.энерго РК

@minenergo

Сайтта 2016 ж. 8 шілдеКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

791

пікірлер

0

тіркелуші

3

жазылымдар

0

Баспасөз хабарламасы

K4 және K5 экологиялық кластарындағыавтокөлік бензині мен дизель отынын шығаруға және айналымға көшу туралы пресс релиз.Кеден одағының «Автомобильдік және авиациялық бензинге, дизельдік және теңіз отынына, авиациялық отынға және мазутқа қойылатын талаптар туралы» техникалық регламентіне сәйкес (ТР ТС 013/2011) «K4 және K5 экологиялық кластарындағы автокөлік бензині мен дизель отынын шығаруға және айналымға көшу Қазақстан Республикасының аумағында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырылады».Жоғарыда айтылғандардың негізінде Энергетика министрлігі мұнай өнімдерін импорттайтын компанияларға К4 және К5 экологиялық кластарына сәйкес келетін мұнай өнімдерін импорттауды ұсынады.Бұдан басқа, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап K4 және K5 экологиялық класстарының мұнай өнімдерін өндіру талаптары…

0
0
249

Баспасөз хабарламасы

Отын-энергетикалық кешені және экология мәселелері бойынша Қоғамдық кеңестің экология жөніндегі комиссиясы отырысына баспасөз хабарламасы2017 жылдың 29 қарашасында Энергетика министрлігінде Отын-энергетикалық кешені және экология мәселелері бойынша Қоғамдық кеңестің экология жөніндегі комиссиясының отырысы өтті. Отырыста Қоғамдық кеңестің, Министрліктің өкілдері, Үкіметтік емес ұйымдардың, БҰҰ даму жөніндегі бағдарламасының өкілдері қатысты. Қоғамдық кеңестің мүшелеріне экологиялық қауіпсіз дәрежесі бойынша ҚР өңірлерінің градация (дифференциация) жүйесі мен өңірлер үшін тұрғындардың өмір сүру деңгейінің кешенді «жасыл» көрсеткішінің моделі таныстырылды, «Экосфера» үкіметтік емес ұйымының «ҚР тұрғындары арасында негізделмеген «радио үрейлілік» деңгейін төмендету бойынша іс-шараларды өткіз…

0
0
264

Баспасөз хабарламасы

Энергетика министрлігінде ЭКСПО-да ұсынылған жаңа технологиялардың іс жүзінде жүзеге асу мәселелері талқыланды6 желтоқсанда Жалпы ұлттық телекөпір барысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінде таныстырылған баламалы және жаңартылатын энергия көздері саласындағы ғылыми өнертабыстарды іс жүзінде енгізу және пайдалану бойынша жүйелі жұмысты құруды тапсырды. Аталған тапсырмаға сәйкес, 7 желтоқсанда Энергетика министрлігінде ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиевтің төрағалығымен энергетика, экология, ЖЭК, мұнай-газ саласындағы сарапшылармен, сондай-ақ өңірлік атқарушы органдардың өкілдерімен ЭКСПО-да ұсынылған жаңа технологияларды іс жүзінде жүзеге асыру бойынша кеңес өтті. Кеңесте биылғы жазда «ЭКСПО-2…

0
0
679

Баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Б.О. Ақшолақовтың төрағалығымен Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның (бұдан әрі – Салалық комиссия) 4-ші отырысы өтті. Отырыс барысында: - Салалық комисссия мүшелерінің қатысуымен Ақтөбе, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында өткен семинар-кеңестердің қорытындылары тыңдалып, өңірлерде көтерілген мәселелер талқыланды; - 2018 жылдан бастап бірінші разрядты жұмыскердің айлық тарифтік мөлшерлемесінің (айлықақысының) ең төмен мөлшері жекелеген жұмыстарды орындау үшін келісім шартымен тартылатын ұйымдарды (объектілерді күзету, тамақтандыру, тұру, тазалау ұйымдарының қызметтері) қоспағанда Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы з…

0
0
243

Қазақстан тарапы ОПЕК және ОПЕК-ке кірмейтін мемлекеттер арасындағы екінші Министрлік кездесуіне...

29-30 қарашада ҚР Энергетика вице-министрі М.Мырзағалиев бастауымен ҚР делегациясы ОПЕК мүше мемлекеттер мен ОПЕК-ке кірмейтін мемлекеттер арасындағы үшінші Министрлік кездесуіне қатысты. ОПЕК мүше мемлекеттер мен ОПЕК-ке кірмейтін мемлекеттердің бірлескен отырысы барысында дүниежүзілік мұнай нарығын тұрақтандыруға бағытталған бірлескен шараларды талқылады, сондай-ақ 2016 ж. 10 желтоқсанда ОПЕК мүше мемлекеттер мен ОПЕК-ке кірмейтін мемлекеттер арасындағы алғашқы Министрлік кездесуде қол қойылған мұнай өндіріс көлемін төмендету бойынша Келісімнің мерзімдерін ұзартуға қол жеткізілді. Келісім ОПЕК мүше мемлекеттер мен ОПЕК-ке кірмейтін мемлекеттері арасындағы «Ынтымақтастық жөніндегі декларациясына» қол қою арқылы 2018 ж. соңына дейін ұзартылды. Қазақстан және ОПЕК мүше мемлекеттермен бір қ…

0
0
587

Баспасөз хабарламасы


2017 жылдың 30 қарашасында Вена қ. (Австрия) ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) және мұнай картеліне мүше емес елдердің үшінші министрлер кездесуіне қатысады.
Аталған кездесу барысында 2016 жылы желтоқсан айында 2017 жылдың бірінші жартыжылдығына қабылданған Мұнай өндіру көлемін қысқарту бойынша келісімді бұдан әрі ұзарту ықтималдылығын талқылау жоспарланып отыр. Қазақстан мұнай өндіру көлемі тәулігіне 20 000 мың баррель құрайды деп келісімге қосылды.
2017 жылдың мамырында өткен екінші министрлер кездесуінде Келісімнің мерзімі 2018 жылдың 31 наурызына дейін ұзартылған болатын.

0
0
192

Баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Канаданың Сыртқы істер, сауда және даму министрлігі арасында Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарттың орындалуына бақылау жасауды күшейту мақсатында асыл газдар мониторингінің радионуклидтік станциясы түрінде мүліктей салым бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум шеңберінде Канаданың Сыртқы істер, сауда және даму министрлігі Қазақстан Республикасына өтеусіз негізде асыл газдарға мониторинг жасау үшін радионуклидтік станцияны жеткізуді жүзеге асырады. Станция өңірде ядролық сынақтардың салдарынан пайда болатын радиоактивті инертті газдардың болу нышанына ауа мониторингін күшейтуге мүмкіндік береді, және дүние жүзінде жаппай қырып-жою қаруын таратпау режимін күшейтуге жағдай ж…

0
0
463

Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысымен

Бүгін, 28 қарашада Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысымен Болат Оралұлы Ақшолақов Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі болып тағайындалды. Министрліктің активіне жаңа тағайындалған вице-министрді Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Бозымбаев таныстырды.

0
0
273

Қанат Бозымбаев бензин тапшылығы қайталанбайтынын айтты

Мемлекет басшысынан сөгіс алған ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев бензин тапшылығы мәселесі қайталанбайтынын айтты. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында мәлімдеді, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі. Журналист: «Күздегі жанармай тапшылығы кезіндегі мәселе бойынша сіздің орынбасарыңыз бен «ҚазМұнайГаз» президентінің орынбасары қызметінен кетті. Сіз сөгіс алдыңыз. Енді келесіде осындай жағдай қайталанса тікелей өз мойныңызға ала аласыз ба?» – деген сауал жолдады. ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев ол мәселенің қайталанбайтынын мәлімдеді. «Сөгіс алдық. Іс-қимыл жасап жатырмыз. Енді ол мәселе қайталанбайтын шығар деп ойлаймын. Екі-үш рет бола ма, бесінші рет бола ма менің басшыларым бар. Не істейді, қандай шаралар қабылдайды олар өздері біледі», - д…

0
0
247

Қыстық дизель отынының бағасын біз реттей алмаймыз – Қанат Бозымбаев

Елордадағы қорда көлемі 10 мың тонналық 18 күнге жететін дизель отыны қалды. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында мәлімдеді, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі. Журналист Астана қаласында дизель отынының қоры аз, екі аптаға ғана жетеді деген ақпаратты естіп, қар тазалайтын жүк көлігінің жүргізушілері алаңдап отырғаны туралы сауал қойды. ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев қорда 18 күнге жететін дизель отыны бар екенін, ешқандай қауіптің жоқтығын атап өтті. «Астанада қордағы дизель отыны 18 күнге жеткілікті, 10 мың тонна бар. Дизель отыны жетпейді деген ешқандай қауіп жоқ», - деді Қанат Бозымбаев. Сонымен бірге ол қыстық дизельдің бағасын министрлік реттей алмайтынын айтты. «Ешқандай реттеу жасай алмаймыз. Өйткені қазақстандық зауыттар қыстық дизель от…

0
0
323