Апамның иісі
Алғашында ұқсаттым ба дедім. Мамамның бөлмесі бала күнімдегі апамның бөлмесінің иісін еске салды... Апам марқұм «дәу папанікінде» (әкемнің ағасы) тұратын, каникулда барамыз. Бөлмесінде ұйықтаймыз қаптаған қыз. Жатқан бойда қата қоймай шулаймыз, сөйлейміз, таяғымен түрткілейтінJ Қараңғыда дәл тимейді, кімнің қайда жатқанын, кімнің сөйлеп жатқанын біле алмайды. Біз де соны қызық көріп, таяғынан қашып, төсегінің астына кіріп кетеміз ұстатпай, мәз боламыз – баламыз... Сол бөлменің иісі ерекше еді - апамдікі. Еркелігі мен қаталдығы бар ақкөңіл жан еді. Айына, жылына бір келетін маған бар жылы-жұмсағын беретін. Кетерімде қолыма міндетті түрде ақша ұстатады. Сәбилерді емдейтін қасиеті бар еді. Ангинаны бас бармағымен-ақ басып қайтаратын әдісі де бар қазақтың. Не керек, ауылға сыйлы апа болды. Би…