Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Батыс Қазақстан облысында ауданаралық және облыстық дөңгелек үстелдер сериясы өткізілді

16, 17 және 19 тамыз күндері Батыс Қазақстан облысы Бөрлі, Жаңақала аудандары мен Орал қаласында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің бастамасымен, ҚР Бас прокуратурасы, ҚР Жоғарғы соты, ҚР ішкі істер министрлігі, Қаржы министрлігінің арасындағы ведомствааралық жоспарға сәйкес «Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қызметін жүзеге асырудағы қызметтік этика және жоғары рухани-адамгершілік ахуал» тақырыбында үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар, квазимемлекеттік сектор және мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен ауданаралық және қалалық дөңгелек үстелдер өткізілді.

Дөңгелек үстелдің мақсатты бағыты - азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауды іске асыратын қызметшілердің рухани-адамгершілік талаптарын арттыру, олардың қоғамдағы ерекше рөлін түсіндіру, имиджін және оларға азаматтардың сенімін нығайту.

Дөңгелек үстелде ҚР мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша департаменті, облыстық сот, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының БҚО бойынша департаменті, прокуратура, ішкі істер, мемлекеттік кірістер департаменттерінің өкілдері тақырыпқа сәйкес баяндамалар оқып, қатысушылармен пікір алмасты.

Дөңгелек үстелде бейнероликтер көрсетіліп, сауалнама жүргізілді.

 
0
0
371

Осы тақырып бойынша

Батыс Қазақстан облысында ауданаралық және облыстық дөңгелек үстелдер сериясы өткізілді - Yvision.kz