«Тұңғыш Президент күні» мерекесіне орай 155 қызылордалық полицейлер марапатталды
«1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мемлекеттік мейрамына орай, Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің үлкен мәжіліс залында мерекелік іс-шара өтті. Шара салтанатты әнұран ырғағымен ашылып, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал- полковнигі Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлының құттықтау хаты оқылды. «1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» мерекесіне арнайы түсірілген «Тұңғыш Президенттің өмір жолы» бейнеролигі департамент қызметкерлерінің назарына ұсынылды. Шара барысында Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің бастығы полиция полковнигі Қайрат Мұхитов сөз алып, жиналғандарды, жеке құрамды айтулы мерекемен құттықтады. Мерекелік шара барысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, халықтың құқығы мен бостандығының қорғалуы жолында ер…