Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мақтарал ауданының жаңа әкімі ауыл халқының мәселелерімен танысуда

Күні кеше Мақтарал ауданының жаңа әкімі Ғалым Исмаилов Ш.Ділдәбеков ауылдық окургінің «Мәдениет үйінде» ауыл халқымен кездесті. 12 мыңға жуық халқы бар ауылдық округтің тыныс-тіршілігмен танысып, ауыл тұрғындарының айтқан мәселелері мен ұсынған ұсыныстарын тыңдады.

«Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің жалпы жер көлемі 6800 гектар. 1737 отбасы бар. Ауылдық окургіміз 13 елді мекеннен тұрады. Орталығы – «Бірлік» ауылы аудан орталығы Жетісай қаласынан 26 км қашықтықта орналасқан» - дейді ауыл әкімі Нәлжан Әбдірайым өз есебінде. Ауылдық округ көлеміндегі халықтың ұлттық құрамы, көшелер мен аулалардың саны, әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтар туралы, білім және денсаулық салалары бойынша жалпы атқарылған жұмыстар туралы мәлімттерді де ауыл әкімі шет қалдырмады.

«Дәл осы ауылдық округке қарасты Достық, Байдала, Зерделі елді мекендерінде газ тарту үшін АПЗ құжаттары дайындалып бекітілгенімен, қаржының жетіспеуіне байланысты әліге дейін табиғи газ жүргізілмеген. Сондай-ақ, Жаңадала, Күрішті ауылдары табиғи газ тартатын трасса бойынан алшақтау болуына байланысты жүргізілмеді» - дейді аудандық депутат, осы ауылдық округтің құрметті азаматы, еңбек ері Ш.Ділдәбековтың ұлы Мұрат Ділдәбеков. Сондай-ақ, ауылдық округтің әйелдер кеңесінің төрағасы Майра Ділдәбекова жақында ғана күрделі жөндеуден өткен Мәдениет үйіне қажетті құрал-жабдықтар мен жиһаз-бұйымдарға бөлініп жатқан қаржының көңіл көншітпейтінін атап өтті.

Ауыл тұрғындары елді мекендердегі жол мәселесін, ағын су жетіспеушілігін, тік дренаждарды қосу және жарықтандыруды қажет ететін көшелер мәселесін қозғап, әкімге осы айтылғандардың барлығын шешіп беруді сұрады. Өз кезегінде әкім қолда бар қаржыны тиімді жұмсап, қажет болса облыстан сұрап мәселелерді шеше алатынын және 1 жарым айдан кейін атқарылған жұмыстар туралы есеп беретінін ескертті. Айта кетейік, Мақтарал ауданының жаңа әкімі Ғ.Исмаилов ауданның мәселелерімен танысу үшін 3 кент, 183 ауылдың барлығын араламақшы.

   

(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 
1
0
874

Осы тақырып бойынша