Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ «CASPI BITUM» БК» ЖШС шығаратын полимер-түрлендірілген битумның сапасын Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы растады

«CASPIBITUM» БК» ЖШС түрлендірілген битумға «Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі» 014/2011 КО ТР бойынша ұлттық сәйкестік сертификатын және сәйкестік туралы декларацияны ерікті негізде алды.

Полимер-түрлендірілген битумның үлгілері өнімнің сапалық және қауіпсіздік көрсеткіштерінің талаптары бойынша «Қазақстан жол ғылыми зерттеу институты» АҚ-ның аккредиттелген зертханаларында және   «Ұлттық сараптау орталығының» өңірлік зертханаларында зертханалық сынақтардан өтті.

Сапалық сипаттамалар ҚР СТ 2534-2014 «Битум және битумдық тұтқырғыштар. Түрлендірілген мұнайлы, жол битумдары» жаңа ұлттық  стандарт бойынша айқындалды. Өнімнің сапалық сипаттамаларына осы стандартпен қойылған талаптар тиісті шетелдік стандарттардың талаптарынан еш кем емес.

Осылайша, «CASPI BITUM» БК» ЖШС зауытының полимер-түрлендірілген битумы Қазақстанның ішкі нарығына да, Кеден Одағының нарығына да жеткізу үшін сапаның жоғары деңгейін растады.

«CASPI BITUM» БК» ЖШС бір реттік екі түрлі көліктік ыдысқа бөлшектенген полимер-түрлендірілген битумды шығара алады: сыйымдылығы 1000 кг дейінгі «Биг-Беги» (ЖБК – жұмсақ бір реттік контейнерлер) және сыйымдылығы ~ 40 кг қаптар немесе теміржолдық/автомобильдік битум тасығыштар.

Шығарылған полимер-түрлендірілген битумның барлық көлемі ішкі жол құрылысы нарығына жеткізіледі. Яғни, полимер-түрлендірілген битумды пайдалану кезінде қазақстандық жолдар жақын уақытта аса сенімді, барынша берік және қауіпсіз болады.

«ҚМГ-ӨМ» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі

 

Көзі: https://kmgrm.kz/kaz/press_center/news/?ELEMENT_ID=24485

 

http://kz.energo.gov.kz/index.php?id=7135

0
0
636

Осы тақырып бойынша

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ «CASPI BITUM» БК» ЖШС шығаратын полимер-түрлендірілген битумның сапасын Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы растады - Yvision.kz