Мақтарал ауданының бас жоспары





@Makhtaralbaspasoz
Мақтарал ауданының баспасөз қызметі ауданымыздың тыныс-тіршілігін бүкіл Қазақстанға көрсету үшін құрылған.
рейтинг
100
жазбалар
54
пікір
1
тіркелуші
1
жазылымдар
0
рейтинг
100
жазбалар
54
пікір
1
тіркелуші
1
жазылымдар
0





«Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ Мақтарал ауданы филиалының ұйымдастыруымен Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында Мақтарал ауданы бойынша жайдарман ойындарының «Маусымашар-2016» фестивальі өтті. Мақтарал жайдарманы 9 лигадан тұрады. Атап айтсақ, 6 «Аймақтық лига», 2 «Орталық лига», 1 «Жоғары лига». Былтырғы жылы осы лигалардың чемпиондары мен арнайы жобалардың жүлдегерлері атанған 16 команда «Маусымашар-2016» фестивальіне қатысып отыр. Аудан бойынша биыл 117 команда құрылып додалы бәсекеде бақтарын сынамақшы. 2015-2016 оқу жылында 45 ойын өтсе, 2016-2017 оқу жылында 50 ойын жоспарлануда. Айта кетейік, Мақтарал ауданының жайдарман ойындарын ұйымдастыру үшін 4 семинар өткізілді және ойынның басты демеушісі аудандық Білім бөлімі. #Тәуелсіздікке25жыл#25летнезваисимости (с) Мақтарал ауданы…
Кеше Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Мақтарал ауданының жастары арасында «2 жұлдыз» байқауы болып өтті. Бұған дейін 60 жұп (120 адам) қатысқан байқаудың іріктеуінен тек 9 жұп қана ақтық сынға өткен болатын. «Мақтарал – жастардың мекені. 360 мыңға жуық тұрғынның 90 мыңын жастар құрайды. Дәл сол себепті, біздің аудан білімнің, өнердің, спорттың ордасына айналуы тиіс. Роза Әлқожа, Жұбаныш Жексенұлы, Гаухар Әлімбекова, Бақыт Шадаева т.б. көптеген өнер иелері шыққан мекеннен әлі де талай саңлақтар шығатынына мен сенемін. Бүгінгі байқаудың да мақсаты сол – Мақтарал жастарының арасынан жаңа жұлдыздарды табу» - дейді Мақтарал аудандық Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Пердеш Есенбеков. Мақтарал ауданы Са…
Мақтарал ауданы әкімінің аппаратында аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен мемлекеттік мекемеаралық жиналыс өтті. Аудан әкімі Ғалым Исмаилов, аудан прокуроры Нұржан Боранбаев, аудандық Ішкі істер басқармасының бастығы Серік Шалқаров қатысқан жиында 3 бірдей мәселе қаралды. Сондай-ақ, жиынға барлық қала, кент, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары және Ветеринария бөлімінің мамандары, БАҚ өкілдері қатысты. Мақтарал аудандық жергілікті және уәкілетті органдарымен аудан көлемінде орналасқан сауда орындарында ет, сүт және тағы басқа да халық тұтынатын тауарлардың санитарлық және ветеринарлық талаптарының сақталу жағдайына қатысты атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы жайлы аға прокурор Мақсат Ералиев кең көлемде түсіндіріп өтті. «Мырзакент, Атакент базарларында сауда павилондары жоқ. Ет, сү…
Бүгін Мақтарал ауданы әкімінің аппаратында Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемелкеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында семинар-кеңес болып өтті. Аудан әкімі Ғалым Исмаилов төрағалық еткен жиынға ОҚО әкімінің кеңесшісі, жергілікті атқарушы органдарының әдеп жөніндегі уәкілі Әлішев Әмірдін Мухиденұлы және ОҚО әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі Ахметов Абдулла Ахметұлы қатысты. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалардың орындалуын қамтамасыз ету бүгінгі семинар-кеңестің басты мақсаты болды. «ҚР-ның Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикас…
Кеше Мақтарал ауданы әкімінің аппаратында мақта шаруашылығының бүгіні және болашағы мәселесінде бейресми жиналыс болып өтті. Жиынға аудан әкімі Ғалым Исмаилов, ОҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков және Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының басшылары, мақта зауыттары мен пункттерінің өкілдері қатысты. Мақтарал ауданы аумағында мақта тұқымы шаруашылығын дамыту, мақта өнімін ұлғайту мәселелері қарастырылған жиында Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының басшысы Ибадулла Үмбетаев мақта тұқымы шаруашылығын ұйымдастырудағы негізгі кемшіліктерді атап көрсетті. Оның айтуынша, тұқым егілетін егістіктердің бытыраңқылығы, тұқымдық алқаптарда агротехникалық талаптардың сақталмауы, мақта қабылдау кезінде зауыттарда элиталық және репродукциялық дайындалған…
Бүгін Жетісай қаласындағы «Қазақстан» студенттер сарайында Мақтарал ауданы әкімдігінің Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына және 22-қыркүйек – тілдер мерекесіне орай «Тіл мерейі – ел мерейі» атты мерекелік кеш болып өтті. Іс-шараға Мақтарал ауданы әкімі Ғалым Исмаилов, ОҚО Қазақстан халық ассамблея хатшылығының меңгерушісі Мұратәлі Қалмұратов, «ОҚО Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Ербол Байғонақов қатысты. Мақтарал ауданы әкімі Ғ. Исмаилов өз сөзінде аудандағы ұлттар достығының берік болуына, әрбір шаңырақта тыныштық болуына тілек білдіріп, бүгінгі мерекемен аудан жұртшылығын құттықтады. ОҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі М. Қалмұратов: «Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы 1022 мектептің 743-інде білім мемлекеттік тілде, 27…
Бүгін Мақтарал ауданы әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жиын болды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Салауат Муксимов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттіктің ОҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Айбек Шілманов, Мақтарал ауданы әкімінің орынбасары Бақыт Асанов, Мақтарал аудандық мәслихат хатшысы Мұхтар Жайлымышиев және Мақтарал ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері мен ауылдық округтердің әкімдері іс-шараға қатысты. Салауат Муксимов 8 ай бұрын қабылданған мемлекеттік қызметкерлердің Этикалық кодексі әрбір мемлекеттік қызметкердің үстелінің үстінде тұру керектігін айтып, бүгінде мемле…
«ЖЖЖ (Жетісай – жер жәннәті) белсенді жастары» деген клуб бар. Мақтаралдың ерікті жастарынан құралған клуб ашылғанына ай болмастан нәтижелі жұмыстар атқаруда. Мақтарал ауданының жастарын патриотизмге тәрбиелеу, қайырымдылыққа, игі істерге шақыру, қоршаған ортамызды таза ұстауға баулу және осындай игі істер арқылы Мақтарал ауданын бүкіл Республикаға танылдыру клубтың басты мақсаты болып табылады. Сонымен қатар, жастарымыздың интелектуалын дамытып,мәдениетін арттыру үшін де жұмыстар атқарылуда. Клубтың бас төрағасы Абылайхан Байдиловтың айтуынша, 500-ге жуық мүшесі бар клубтың ерекшелігі Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Арқалық, Павлодар қалаларында филиалдары жұмыс жасайды екен. Клубтың орталығы – Жетісай қаласы және Ақтау, Ақтөбе, Қызылорда, Семей сияқты т.б. мақтаралдық студенттер көп…

ОҚО орталығы Шымкент қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыстық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Отан – отбасынан басталады» атты тақырыпта отбасылар арасында байқау болып өтті.
Адам баласы үшін Отаннан кейінгі қасиетті ұғым – «Отбасы» екені бәрімізге мәлім. Осыны ескеріп аталмыш облыстық байқауға Мақтарал ауданынан барған Оңалбаевтар жанұясы жүлделі 2-ші орынды иеленді. Осылайша түрлі сайыстар бойынша өз өнерлерін жоғары дәрежеде көрсеткен Оңалбаевтар жанұясы әділ-қазылардың әділ шешіміне ие болды.
Айта кетейік, Оңалбаевтар жанұясындағы отағасы мен жұбайы Н.Оңдасынов мектебінде білікті ұстаздар. Ауданымыздың намысын қорғаған жанұяны Мақтарал ауданы әкімдігі тарапынан шын жүрекпен құттықтаймыз!



(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі