Судья әдебі кодексі — жауапкершілікті арттыратын жаңашыл жоба
Еліміздің тәуелсіздік алғанына биыл ширек ғасыр толады. Әрине, бұл адам баласының ғұмырымен есептегенде әжептәуір уақыт болғанымен, тарихи жылнама өлшемімен алып қарасақ, аса ұзақ мерзім емес. Десек те, «Елге бай құт емес, би құт», «Тура биде – туған жоқ, туғанды биде – иман жоқ» деп философиялық ой түйген бабалар сөзінің бүгінгінің билеріне берер тәрбиелік мәні мен тағылымы ерекше деп ойлаймын. Қазіргі уақытта елімізде жүргізіліп жатқан сот-құқықтық реформалардың нәтижесі өз жемісін берді деп айтуға толық негіз бар. Адамдардың әділ сот төрелігіне деген сенімі уақыт өткен сайын артып келеді. Сот билігінің бұрынғы бес сатыдан қазіргі үш сатыға ауысуы да қарапайым жұрт үшін сот төрелігінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатындағы оң өзгерістер деп айтуға болады. Өзінің құқығы бұзылды деп…