Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақ хоккейшісі — ҚХЛ-дің үздік шабуылшысы

Талғат Жайлауов

«Барыс» хоккей клубының шабуылшысы Талғат Жайлауов Құрлықтық хоккей лигасының үздік шабуылшылары тізімінде бірінші орынға көтерілді.

ҚХЛ-дің ресми сайты хабарлағандай, хоккейдегі «гол-пас» жүйесі бойынша Т.Жайлауов 13 ұпай жинады. Жаңа маусым басталғалы бері ол үш шайба соғып, 10 нәтижелі пас берді. Атап айтқанда, «Авангардпен» болған ойында Т.Жайлауов бір шайбамен көзге түссе, «Автомобилистке» қарсы матчта екі бірдей шайбаның авторы атанды. Ал кеше «Донбасспен» өткен ойында ол тағы екі нәтижелі пас беріп, «Барысты» жеңіске жетеледі. Бүгінде Құрлықтық хоккей лигасының үздік шабуылшылары тізімінде Т.Жайлауов көш бастап тұр. Оның әріптесі — Наджел Доус үшінші орында.

Айта кетейік, Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсетіп жүрген Астана қаласының «Барыс» хоккей клубында қазақтың тек бір хоккейшісі ғана ойнап жүр. Ол — Талғат Жайлауов. Одан бөлек, Нұрсұлтан Белгібаев пен Данияр Қайыров та бар. Алайда олар мұз айдынына шықпай жүр.

АСТАНА.  ҚазАқпарат - Автор: Арман Асқаров
 
0
0
502

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 11-ші отырысы туралы баспасөз ақпараты

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 11-ші отырысына қатысты.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/shanhay-yntymaktastyk-uyymyna-mushe-memleketterdin-bas-prokurorlarynyn-11-shi

0
0
1267

ТУРИСТІК БИЗНЕСТІ ЖОСПАРЛАУ (М.Құрсабаев, Амрина М.С, Мазбаев О.Б, Аяпбекова А.Е)

  1. Сағаттардың оқу жоспары бойынша бөлінуі

Атауы

Сағаттардың жалпы саны

Семестр 1

Семестр 2

Аптасына

Барлығы

Аптасына

Барлығы

Дәрістер

30

2

30

Практикалық (семинар), лабораториялық

15

1

15

Курстық жұмыс (КЖ)

-

-

-

Емтихан (Е), сынақ (С), СӨЖ,

СРСП

Э

45

45

3

45

45

45

Пәннің мақсаты мен міндеті

Мемлекеттік оқу стандарттарына сәйкес оқытылатын «Туризм» мамандығымен сәйкес осы берілген пәнді оқуда студенттер міндетті:

СТУДЕНТТІҢ ТАНЫС БОЛУЫ ҚАЖЕТ: болашақ маман ретінде басқару мәдениетін және белгілі бір ұйымның атынана туристік бизнеспен айналысатын ұйымның жоспарын құруға байланысты теориялық дағдылар.

БІЛУІ ҚАЖЕТ: туристік бизнесті жоспарлау мен ұйымдастыруды, инновациялық технологияны енгізуді және ұйымдастыруды басқару функцияларының бірі ретінде қарасытруды, туристік бизнестің негізгі функцияларын, ұйымдастыру мен жоспарлаудың қазіргі заманғы әдістемелерін.

ЕПТІЛІК: болашақ маман ретіндегі жоспарлау мен ұйымдастырудың тиімді жақтарын меңгеру, инновацияларды қолдану сферасында тиімді шешім қабылдай білу, туристік бизнесті жоспаралау мен ұйымдастыру саласында сауатты жұмыс жасай білу.

ТӘЖІРИБЕЛІК БІЛІКТІЛІКТЕРГЕ ИЕ БОЛУ: қазіргі заманғы басқарудың әдістерін және туистік бизнесті жоспарлау мен ұйымдастырудағы біліктіліктерді үйрену, жоспарлау мен ұйымдастыруды өз уақытында және тиімді бағалай алу.

ПӘНДЕР ТІЗІМІ

Берілген пәнді меңгеруге қажетті бөлімдермен (тақырыптар) қоса алғанда:

Пән

Бөлімнің (тақырып) атауы

Туризмология негіздері

Барлық бөлімдер

Кәсіпорын экономикасы, менеджменттің теориясы мен практикасы

Барлық бөлімдер

Маркетинг негіздері

Барлық бөлімдер

Кәсіпкерлік қызметтің негіздері

Барлық бөлімдер

Әлеуметтік-экономикалық статистика

Барлық бөлімдер

Туристік кәсіпорындағы персоналды басқару

Барлық бөлімдер

Қонақ үй шаруашылығындағы персоналды басқару

Барлық бөлімдер

Әлеуметтік сервис және туризм

Барлық бөлімдер

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

Бөлімнің (тақырып) атауы, сағат

Практикалық сабақ

Қолданылатын көрнекіліктер

СОӨЖ

Білімді бақылау түрлері

Туризм экономиканың саласы ретінде

Туризм экономиканың саласы ретінде

Слайдтар, тақта,

Туризм экономиканың саласы ретінде

Сұрау, реферат, баяндама

Туристік өнімнің жалпы мінездемесі

Туристік өнімнің жалпы мінездемесі

Слайдтар, тақта,

Туристік өнімнің жалпы мінездемесі

Сұрау, реферат, баяндама

Туризм индустриясының технологиясы

Туризм индустриясының технологиясы

Слайдтар, тақта,

Туризм индустриясының технологиясы

Сұрау, реферат, баяндама

Туристік қызметті мемлекеттік реттеу

Туристік қызметті мемлекеттік реттеу

Слайдтар, тақта,

Туристік қызметті мемлекеттік реттеу

Сұрау, реферат, баяндама

Туристік кәсіпорынның жұмысын ұйымдастыру

Туристік кәсіпорынның жұмысын ұйымдастыру

Слайдтар, тақта,

Туристік кәсіпорынның жұмысын ұйымдастыру

Сұрау, реферат, баяндама

Туристік кәсіпорынды құру

Туристік кәсіпорынды құру

Слайдтар, тақта,

Туристік кәсіпорынды құру

Сұрау, реферат, баяндама

Туристік кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы

Туристік кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы

Слайдтар, тақта,

Туристік кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы

Сұрау, реферат, баяндама

Туристерге қызмет көрсетудің бағдарламасы. Қызмет көрсету бағдарламасы түсінігі

Туристерге қызмет көрсетудің бағдарламасы. Қызмет көрсету бағдарламасы түсінігі

Слайдтар, тақта,

Туристерге қызмет көрсетудің бағдарламасы. Қызмет көрсету бағдарламасы түсінігі

Сұрау, реферат, баяндама

Көліктік сапарларды ұйымдастырудың ерекшелігі. Туристерді көлікпен қамтамасыз етуің технологиялық сызбасы

Көліктік сапарларды ұйымдастырудың ерекшелігі. Туристерді көлікпен қамтамасыз етуің технологиялық сызбасы

Слайдтар, тақта,

Көліктік сапарларды ұйымдастырудың ерекшелігі. Туристерді көлікпен қамтамасыз етуің технологиялық сызбасы

Сұрау, реферат, баяндама

Туристік фирманың бизнес-жоспары

Туристік фирманың бизнес-жоспары

Слайдтар, тақта,

Туристік фирманың бизнес-жоспары

Сұрау, реферат, баяндама

Автосаяхаттарды жобалау

Автосаяхаттарды жобалау

Слайдтар, тақта,

Автосаяхаттарды жобалау

Сұрау, реферат, баяндама

Әуелік туристік маршруттарды жүргізу және дайындау

Әуелік туристік маршруттарды жүргізу және дайындау

Слайдтар, тақта,

Әуелік туристік маршруттарды жүргізу және дайындау

Сұрау, реферат, баяндама

Теміржол және су саяхаттарын жоспарлау және ұйымдастыру

Теміржол және су саяхаттарын жоспарлау және ұйымдастыру

Слайдтар, тақта,

Теміржол және су саяхаттарын жосспарлау және ұйымдастыру

Сұрау, реферат, баяндама

Туристерге қызмет көрсету мәдениеті мен сапасы

Туристерге қызмет көрсету мәдениеті мен сапасы

Слайдтар, тақта,

Туристерге қызмет көрсету мәдениеті мен сапасы

Сұрау, реферат, баяндама

Менеджердің шағымдармен жұмысы. Туристерге қызмет көрсетудегі жеке ықпал ету

Менеджердің шағымдармен жұмысы. Туристерге қызмет көрсетудегі жеке ықпал ету

Слайдтар, тақта,

Менеджердің шағымдармен жұмысы. Туристерге қызмет көрсетудегі жеке ықпал ету

Сұрау, реферат, баяндама

Барлығы 30 сағат

Барлығы 15 сағат

-

Барлығы 45 сағат

.

Оқу пәнінің мінездемесі

5.1. Оқу пәнімен тағайындаулар. Оқу пәні болашақ мамандардың басқару мәдениетін қалыптастыруға және туристік бизнесті басқару мен ұйымдастырудағы тапсырмаларды шешуге бағытталған.

5.2. Мақсаты: туристік бизнес саласындағы ғылымның соңғы жетістіктері, туристік бизнеске ғылыми және тәжірибелік негіздерді қолдану, нарық жағдайында оны қолданудың әдістері жайлы жүйелі білімді қалыптастыру.

5.3. Курстың мақсаты:

- туристік бизнесті ұйымдастырудың принциптері мен әдістерін, шарттары мен формаларымен таныстыру.

- тұрақты қызметті қалыптастыратын барлық ресурстарды жоспарлаудың ең қолайлы нұсқасынанықтау;

- туристерге қызмет көрсетуді жоспарлаудың принциптерімен таныстыру;

- көліктік сахаттарды ұйымдастырудың тәсілдерімен танысу;

- туристер мен экскурсанттарға сапалы қызмет көрсетудің біліктіліктері мен дағдыларын үйрету.

5.4. Оқу пәнінің мазмұны

Пәннің мазмұны пән туралы толық мәліметке қол жеткізуге болатын «Туристік бизнесті жоспарлау және ұйымдастыру» курсының негізгі тақырыптарынан тұрады.

0
2
3917

Сағадат Нұрмағамбетов


Бүгін Алматыда Кеңестер Одағының батыры, Халық Қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовті көпшілік соңғы сапарға шығарып салды.

Аты аңызға айналған адаммен қоштасу Абай атындағы академиялық опера және балет театрының ғимаратында өтті. Туған туысқандар, достар, әріптестер, қызметтестер, сондай-ақ жүздеген қазақстандықтар Сағадат Нұрмағамбетовпен қоштасуға келді. Қоштасу рәсіміне Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.

Бүгін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшелері мен бүкіл Қарулы Күштердің жеке құрамы бір минут үнсіздікпен армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовті еске алды.

Осы күні Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде қаралы митинг өткізіліп, оған Ұлы Отан соғысы мен Қарулы Күштердің ардагерлері қатысты.

Митингке қатысушылар аты аңызға айналған әскербасы ардагерді еске алып, ол кісінің ерліктері, тәуелсіз мемлекетіміздің әскери құрылымын қалыптастыруға қосқан үлесі, сіңірген еңбегі, адамгершілік қасиеттері жайлы әңгімеледі.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
2103

Қазақстандық жауынгерлер тағы да үздік көрінді

Бүгін Беларусьтің Осиповический полигонында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық жедел ден қою күштерінің «Өзара іс-қимыл-2013» оқу-жаттығуының салтанатты жабылу рәсімі болды.

Қорытынды жасау үшін әскери бөлімнің саптық алаңында оқу-жаттығуға қатысушылар: Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан жедел топтары мен қарулы күштерінің әскери контингенттері сапқа тұрды. Бұрын хабарлағанымыздай оқу-жаттығуға қатысушылардың жалпы саны 600-ден астам адамды құрады.

Оқу-жаттығуға Қазақстанның Қарулы Күштерінен Талдықорғандағы десанттық-шабуыл бригадасының 130-дан астам жауынгері, сондай-ақ Қазақстан Қорғаныс министрлігі мен Құрлық әскерлері Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысы басқармасының офицерлері қатысты.

Бүгін қазақстандық офицерлер, сержанттар мен солдаттарға үлкен командирлік «рахмет» айтылды. Олардың үздік жауынгерлік және дене даярлығы, тәртібі мен жоғары кәсібилігі оқу-жаттығуды сапалы өткізуге жәрдем жасады Бұны ҰҚШҰ басшылығы мен ҰЖДҚК қолбасшылығы ерекше атап өтті.

– Біздің десантшыларымыз Қазақстан Қарулы Күштері дамудың жоғары деңгейіне қол жеткізгенін, әскери қызметшілеріміздің осындай кең көлемді оқу-жаттығуларға қатысуға лайықты екенін тағы бір дәлелдеді, – деп атап өтті Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары полковник Талғат Исмаилов.

Барлық жеке құрамның дайындық деңгейін жоғары бағалаған ҰҚШҰ Ұжымдық жедел ден қою күштерінің қолбасшысы генерал-майор Олег Белоконев өзара іс-қимыл мен үйлесімділіктері үшін сарбаздар мен сардарларға алғысын жеткізді.

ҰҚШҰ Жедел ден қою күштерінің келесі оқу-жаттығуларын Қазақстан Республикасының аумағында өткізу жоспарланған.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі


0
0
338

Астанадағы Сәкен Сейфуллин мұражайы

Ақмолада 1988 жылдың 20 ақпанында ашылған Сәкен Сейфуллин мұражайы атақты ақын, революционер, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерінің өмірі мен шығармашылығын зерттеп, халыққа насихаттауды өзіне мақсат етті.

Мұражай ХІХ ғ. ІІ-ші жартысы мен ХХ ғ. басында салынған ғимаратта орналасқан. Екі ағаш үйдің біреуі бұрын көпес Казанцевтің әкімшілік үйі болған. Сәкен осы үйге жұмыс бабымен келіп жүрген. Екінші үй - Мұражайдың әкімшілік үйі – бұрын Сәкеннің досы, дәрігер Благовещенскийдің үйі.

Мұражайдың 8 залында Сейфуллиннің сирек кездесетін кітаптары, фотоқұжаттары мен мұрағат материалдарының фото және ксерокөшірмелері, тұтынған заттары жинақталған.

Сәкен Сейфуллиннің жұмыс кабинеті.

Мұражайда 6000-ға жуық материалдар бар.

Кіреберістегі гобелен

Білдірер тілегіңіз болса, пікір-лебіз кітабына назар аударыңыз!

Жұмыс уақыты: сағат 10:00 мен 18:00 аралығында, күнделікті (дүйсенбіден басқа)

Мекен-жайы: Астана қаласы, Әуезов көшесі, 20.

Кіру: тегін

Материалды дайындаған: Айжан Байтанова

Материалды өзге сайттарға көшіруге редакцияның рұқсатынсыз жол берілмейді

Дінмұхамед Қонаев мұражайына фото шолу

Республикалық кітап мұражайына фото шолу

Республикалық музыка аспаптар мұражайына фото шолу

С.Мұқанов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай-үйіне фото шолу

Алматы қаласы тарихының мұражайына фото шолу

Қазақстан Мемлекеттік геологиялық мұражайына фото шолу

Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйіне фото шолу

«Ғылым ордасындағы» Сирек кездесетін кітаптар мұражайына фото шолу

«Ғылым Ордасындағы» Табиғат мұражайына фото шолу

Жамбыл Жабаевтің мұражай-үйіне фото шолу

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Ақтұмар» тарихи-этнографиялық музейі

Мұхтар Әуезовтің мемориалдық мұражай-үйі

Астана: «Has Sanat» өнер галереясы

10
3
10926

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің Бас прокурорларының Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысы туралы баспасөз ақпараты

Бүгін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің Бас прокурорларының Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысы болып өтті, оған Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев қатысты.

prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/tuelsiz-memleketter-dostastygyna-mushe-memleketterdin-bas-prokurorlarynyn

0
0
1187