Алматы қаласы тарихының мұражайына фото шолу

9960
3
0
8

Мұражай 2002 жылы құрылып, 2007 жылдан бастап осы мекемеде өз жұмысын атқарып келеді. Қазіргі заман тарихы бөлімі, тарихи-мәдени мұра және Алматы қала құрылысы тарихы бөлімі, есеп бөлімі, ежелгі...

Алматы қаласы тарихының мұражайы

Мекен-жайы:  Алматы қаласы, Достық даңғылы,44. Жамбыл көшесінің қиылысы.
Мұражайдың жұмыс кестесі:
Дүйсенбі – Жұма: 09.00 - 18.00
Сенбі - Жексенбі: демалыс.
Үзіліс уақыты: 13.00 - 14.00 сағ. тел: 293-98-83. факс: 291-23-16
Билет құны:
оқушыларға - 70 тг
студенттерге - 100 тг
ересектерге - 200 тг
Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне және зейнеткерлерге тегін
Экскурсия: 400 тг
Экскурсия 4 тілде жүреді: қазақша, орысша, ағылшынша және корей тілдерінде.

Мұражай 2002 жылы құрылып,  2007 жылдан бастап  осы мекемеде өз жұмысын атқарып келеді. Қазіргі заман тарихы бөлімі, тарихи-мәдени мұра және Алматы қала құрылысы тарихы бөлімі, есеп бөлімі, ежелгі және орта ғасыр кезеңі және Верный қаласы бөлімі, қор сақтау бөлімі, мәдени құндылықтар әкелу–әкету бөлімі деп аталатын 6 бөлімнен тұрады.

Мұражайдың ерекшелігі: Ежелгі заманнан бастап қазіргі Алматы қаласының құрылу тарихы туралы ақпараттар қамтылған. Қазір мұражайда 32 мыңнан астам экспонаттар бар. Жыл сайын экспонаттар саны артып келеді.

Мұражай ежелгі заманнан бастау алады, тастар, түрлі қашаулар, орта ғасырдағы әшекейлер, кейінгі заманғы ескерткіштер, зерделер,білезіктерді байқауға болады.
Мұражай 1 үлкен бөлмеден тұрады. Бұл  бөлмеде  XIX ғасырдың екінші жартысындағы Верный қаласы құрылған кезеңдерді қамтитын экспонаттарымен толы. Сол кездегі грамофондар, телефондар, фотоаппараттар, неше түрлі газеттерді көруге болады.

__________________________________________________________________________

Республикалық кітап мұражайына фото шолу

Дінмұхамед Қонаев мұражайына фото шолу

Республикалық музыка аспаптар мұражайына фото шолу

С. Мұқанов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай-үйіне фото шолу

Ad

Rate post

8

Comments

Login to comment