Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстандық жауынгерлер тағы да үздік көрінді

Бүгін Беларусьтің Осиповический полигонында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық жедел ден қою күштерінің «Өзара іс-қимыл-2013» оқу-жаттығуының салтанатты жабылу рәсімі болды.

Қорытынды жасау үшін әскери бөлімнің саптық алаңында оқу-жаттығуға қатысушылар: Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан жедел топтары мен қарулы күштерінің әскери контингенттері сапқа тұрды. Бұрын хабарлағанымыздай оқу-жаттығуға қатысушылардың жалпы саны 600-ден астам адамды құрады.

Оқу-жаттығуға Қазақстанның Қарулы Күштерінен Талдықорғандағы десанттық-шабуыл бригадасының 130-дан астам жауынгері, сондай-ақ Қазақстан Қорғаныс министрлігі мен Құрлық әскерлері Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысы басқармасының офицерлері қатысты.

Бүгін қазақстандық офицерлер, сержанттар мен солдаттарға үлкен командирлік «рахмет» айтылды. Олардың үздік жауынгерлік және дене даярлығы, тәртібі мен жоғары кәсібилігі оқу-жаттығуды сапалы өткізуге жәрдем жасады Бұны ҰҚШҰ басшылығы мен ҰЖДҚК қолбасшылығы ерекше атап өтті.

– Біздің десантшыларымыз Қазақстан Қарулы Күштері дамудың жоғары деңгейіне қол жеткізгенін, әскери қызметшілеріміздің осындай кең көлемді оқу-жаттығуларға қатысуға лайықты екенін тағы бір дәлелдеді, – деп атап өтті Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары полковник Талғат Исмаилов.

Барлық жеке құрамның дайындық деңгейін жоғары бағалаған ҰҚШҰ Ұжымдық жедел ден қою күштерінің қолбасшысы генерал-майор Олег Белоконев өзара іс-қимыл мен үйлесімділіктері үшін сарбаздар мен сардарларға алғысын жеткізді.

ҰҚШҰ Жедел ден қою күштерінің келесі оқу-жаттығуларын Қазақстан Республикасының аумағында өткізу жоспарланған.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі


0
0
292

Осы тақырып бойынша

Қазақстандық жауынгерлер тағы да үздік көрінді - Yvision.kz