Мазмұнға өту

Жаңа

Барлаушылар жүктелген тапсырмаларды сәтті орындады

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде «Қаратау-2013» тактикалық-арнайы оқу-жаттығулары аяқталды. Оған арнайы мақсаттағы топтар мен Құрлық әскерлерінің барлау бөлімшелері қатысты. Сондай-ақ, оқу тапсырмаларын пысықтауға Әуе қорғанысы және Әскери-теңіз күштерінің басқару органдары да тартылды.

Қарулы Күштерде «Қаратау» оқу-жаттығулары жыл сайын өткізіліп тұрады. Биылғы жаттығулар өткен жылдармен салыстырғанда, бір ғана полигонмен шектелмей барлық өңірлік қолбасшылықтардың бірнеше оқу орталықтарының базасында өткізілді.

– Біздің өңірлік қолбасшылықтың барлау топтары да осы оқу-жаттығуларға қатысты, – деп атап өтті «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Мұрат Нұғыманов. – Біздің барлаушыларымыз өз тапсырмаларын сәтті және толық орындап шықты. Осы арқылы олар оқу-жаттығулардың сапалы өтуіне өз үлестерін қоса білді.
Барлаушылар бес күн бойы шарты қарсыласты анықтау, блок қою және оларды жою бойынша тәжірибелік іс-қимылдарды пысықтады. Жаттығулар максимальді түрде шынайы жауынгерлік жағдайға жақын өткізілді. Далада қону, кенеттен шабуыл жасау, шартты қарсыластың жауап оқ атуы сияқты ұрыс жүргізудің жедел-тактикалық жағдайында жүргізілді.
«Қаратау-2013» оқу-жаттығуларын қолбасшылық жоғары бағалады. Бөлімшелер тапсырмаларды сауатты орындап шыққаны ерекше айтылды. Дайындық кезінде әскери қызметшілер жауынгерлік әзірлік деңгейін арттырып, жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудің әдістері мен тактикасын жетілдіре алды.
Стратегия 2050

Қарулы Күштерде «Қаратау» оқу-жаттығулары жыл сайын өткізіліп тұрады. Биылғы жаттығулар өткен жылдармен салыстырғанда, бір ғана полигонмен шектелмей барлық өңірлік қолбасшылықтардың бірнеше оқу орталықтарының базасында өткізілді.
– Біздің өңірлік қолбасшылықтың барлау топтары да осы оқу-жаттығуларға қатысты, – деп атап өтті «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Мұрат Нұғыманов. – Біздің барлаушыларымыз өз тапсырмаларын сәтті және толық орындап шықты. Осы арқылы олар оқу-жаттығулардың сапалы өтуіне өз үлестерін қоса білді.
Барлаушылар бес күн бойы шарты қарсыласты анықтау, блок қою және оларды жою бойынша тәжірибелік іс-қимылдарды пысықтады. Жаттығулар максимальді түрде шынайы жауынгерлік жағдайға жақын өткізілді. Далада қону, кенеттен шабуыл жасау, шартты қарсыластың жауап оқ атуы сияқты ұрыс жүргізудің жедел-тактикалық жағдайында жүргізілді.
«Қаратау-2013» оқу-жаттығуларын қолбасшылық жоғары бағалады. Бөлімшелер тапсырмаларды сауатты орындап шыққаны ерекше айтылды. Дайындық кезінде әскери қызметшілер жауынгерлік әзірлік деңгейін арттырып, жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудің әдістері мен тактикасын жетілдіре алды.

Стратегия 2050

0
0
1234

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Түркия Премьер-министрімен кездесті

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Түркияға ресми сапары барысында осы елдің Премьер-министрі Реджеп Ердоғанмен кездесті.

ҚР Қорғаныс министрі түрік үкіметінің басшысымен кездесу кезінде Анкарада Түркияның жоғары әскери басшылығымен болған кездесулер мен түрік әскерінің жауынгерлік дайындығы және қорғаныс-өнеркәсібі кешенімен танысу шаралары екіжақты әскери ынтымақтастықты жандандыруға айтарлықтай қарқын беретінін атап өтті.

Қазақстан Қорғаныс министрі:
– Түркия әскері Солтүстікатлантика альянсы елдері арасындағы ең жетілдірілген және тиімді армия. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Түркияның қорғаныс ведомствосы және Қарулы Күштерімен арадағы ынтымақтастықты табысты дамытуға үлкен маңыз береді, – деп атап өтті.
Әділбек Жақсыбеков пен Реджеп Ердоған әскери саладағы қазақ-түрік өзара іс-қимылдары Қазақстан мен Түркия мемлекет басшылары қол жеткізген өзара ынтымақтастық шеңберінде одан әрі де жемісті дами беретініне сенім білдірді.
 
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
0
0
355

ҚР Дін істері агенттіктің Төрағасы Қ. Лама Шариф ЕЫҚҰ өкілдерімен кездесті

Ү.ж. 26 қыркүйекте ҚР Дін істері агенттіктің Төрағасы Қайрат Лама Шариф ЕЫҚҰ Іс басындағы Төрағасының христиандар және басқа да дінтұтушыларға қатысты нәсілшілдік, ксенофобия және кемсітушілікке қарсы күрес жөніндегі Жеке өкілі Тетяна Ижевска және Астанадағы ЕҚЫҰ орталығының басшысы Наталья Заруднамен кездесті.

Кездесу кезінде а.ж. 25 қыркүйегінде өткізілген Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің 10 жылдығына орайластырылған «Өркениеттер үнқатысуындағы Астана дінаралық форумының рөлі» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның нәтижелері, сонымен бірге  ҚР Дін істері Агенттіктің ЕҚЫҰ-мен кейінгі ыңтымактастыққа қатысты мәселелер қарастырылды.

0
0
318

Қазақстан мен Түркия әскери-теңіз күштері: ынтымақтастық перспективасы

Қазақстан Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Түркияның Стамбул қаласында орналасқан әскери-теңіз училищесінде болды. 23-27 қыркүйек аралығында Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы Түркияда ресми сапармен жүргендігін еске саламыз.

- Шетелде қазақстандық әскери мамандарды курсанттар мен офицерлерді даярлауда Түркия әскери оқу орындары маңызды орын алады. Түркия әскери оқу орындарында мамандар даярлау әлемдік стандарттарға сай келеді, демек біздің Қарулы Күштерді кәсібилендіру үрдісіне елеулі септігін тигізеді. Біз үшін бұл бағытта сіздердің училищеде біздің курсанттарды оқыту өзекті болып саналады,-деді ҚР Қорғаныс министрі Түркия әскери-теңіз училищесінің бастығымен кездесуі кезінде.
Аталған оқу орны әскери-теңіз флотына мамандар әзірлеуді жүзеге асырады. Қазіргі таңда мұнда 14 қазақстандық курсант: дизельді және дизельді-электрлі  энергетикалық қондырғылар, кеме жүргізу және техникалық құралдарды навигациялау мен байланыс жабдықтарын пайдалану мамандықтары бойынша білім алуда. Училищенің басшылары біздің курсанттардың оқу үлгерімдерінің жақсы екендіктерін және келешекте ынтымақтастықтың кеңейе түсетіндігіне сенімдерін білдірді.
Курсанттармен кездесу кезінде Әділбек Жақсыбеков оқу процесіне және тұрмыс жағдайларына көңіл аударды: «Бүгін сіздер үшін Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев барлық жағдайлар жасады. Сіздер әлемдегі ең беделді әскери жоғары оқу орнында білім алудасыздыр. Біздің армия техникалық жағынан жетілдірілуде. Біз жауынгерлік даярлық жүйесін жоғары сатыға көтерудеміз. Сіздердің училищеде алған білімдеріңіз тәжірибе жүзінде іске асатындығына мен сенемін. Сіздер біздің армиямызды кәсібилендірудің бастауысыздар. Ал бұл процессті жүзеге асыру көбіне-көп жоғары дәрежелі мамандарға байланысты». Қорғаныс министрі курсанттардың оқуларына табыс тіледі.
Курсанттар қазақстандық әскери делегацияны училищемен таныстырды. Әділбек Жақсыбеков Қазақстан мен Түркия Әскери-теңіз күштерінің перспективалық ынтымақтастығының шеңберінде әлемдегі ең ірі «RMK Marine» кеме құрастыру верфінің («Коч» холдингі) жұмысымен танысты. Кәсіпорын ұзындығы 180 метрге және су ығыстырғыштығы 50 мың тоннаға дейінгі азаматтық және әскери мақсаттағы кемелер жасайды. Бұдан басқа, ұзындығы 80 метрге дейінгі яхталар және композиттік материалдардан жасалатын ұзындығы 40 метрге дейінгі суперяхталар шығарады.
«RMK Marine» навигациялық жүйесі бар кеме құрастырған Түркиядағы бірінші кеме жасау верфі болып табылады және 95 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Түрік тарапы компания менеджментімен келіссөздер барысында қорғаныс өнеркәсібі саласында екіжақты ынтымақтастықты жандандыруға қызығушылық танытты.
Кеме жасау зауытын аралап көрген ҚР Қорғаныс министрі отандық қорғаныс-өнеркәсіптік кешенді дамыту Қазақстан Қорғаныс министрлігі басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті.
– Біз өзара тиімді негізде конструктивті және әріптстік өзара іс-қимылға әзірміз. Қазақстан Әскери-теңіз күштері өзімізде шығарылған екі жаңа зымыран-артиллериялық кемемен жарақтандырылды.
Кеме жасау зауытының аумағында «Коч» холдингі қазақстандық делегацияны қорғаныс өнеркәсібіндегі «ОТОКАR» ірі түрік компаниясының жауынгерлік машиналарымен таныстырды. Қазақстан Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері «ОТОКАR» шығарған «Кобра» жауынгерлік машиналарымен жарақтандырылатын болады. Сонымен бірге қазақстандық әскерилердің айтуынша, бүгінгі таңда бұл техника әскерлерімізде табысты пайдаланылып жүр.
ҚР ҚМ баспасөз қызметі
0
0
620

Еуропаның алтын стандартына сай операция жасайтын хирург бізде де бар

Ерболатов Нұрлан Құмарбекұлын Атырау тұрғындары жақсы біледі. «Медикер-Атырау» медициналық орталығында қызмет ететін ол – есімі ел аузына іліккен тәжірибелі хирург. Оташының шипалы емі мен дәрігерлік біліктілігін тек емделушілер ғана емес, әріптестері де айтып мақтанады. Нұрлан Құмарбекұлы асқазанға, өт жолына, бүйрекке жасалатын операцияларды кеңінен меңгерген. Алайда ол өз ісіне әбден машықтанып, біліктілігін арттыру мақсатында үнемі ізденіс үстінде жүреді. Сол ізденістің нәтижесі де бар. Жуық арада хирург бұрын соңды жасамаған операциясының бір түрін сәтті орындап шықты. Солардың бірі Еуропаның алтын стандарты болып табылатын – Мармар отасы. Ол ер адамдардың жыныстық мүшесінің қан-тамырлары кеңейген уақытта пайда болатын ауытқу – вирокоцелені емдеу үшін жасалатын хирургиялық ота түрі. Ота жасалды, науқас жаңа тыныс алды. Хирург пластикалық отаның да қыр-сырын меңгеруді көздеген. Жуырда ғана жасөспірім баланың жыныстық мүшесіне пластикалық ота жасалды. Баланың жыныстық мүшесінің дамуында ауытқу пайда болып, өспей қалған. Шебер хирургиялық операция арқасында ер баланың ахуалы түзеліп, болашағына деген сенімі молайды.

Осылайша Нұрлан Құмарбекұлы, аймақтың хирургия саласын дамытуға айтарлықтай үлес қосып жатыр. Бұл – Атырау облысының денсаулық сақтау жүйесі үшін де үлкен жетістік. Біз болсақ, ота жасау ісінің шебері атанған маманды қызметінің қыр-сырымен бөлісуге шақырып, әңгімеге тарттық.

ЕРБОЛАТОВ Нұрлан Құмарбекұлы, көп салалы «Медикер-Атырау» медициналық орталығының жоғары санатты хирургі:

Медициналық қызмет сапалы болуы шартты

Нұрлан Құмарбекұлы, «Медикер-Атырау» орталығының ашылғанына екі жылдан асты. Медициналық мекеменің халыққа, соның ішінде мұнайшыларға көрсетіп жатқан қызметіне хирургиялық ота жасау да кірген. Өзіңіз бастаған осы үлкен істің қалай бастау алып, өрбіп жатқаны жайлы айтып берсеңіз?

- «Медикер-Атырау» медициналық орталығы хирургиялық ота жасау қызметін осыдан бір жарым жыл бұрын енгізді. Сол уақыттан бері осы іске жұмыла кірісіп, жұмысты бір жолға қойдық. Медициналық орталық болған соң, мұнда көрсетілетін қызмет аясы да кең, мүмкіндігі де барынша көп болуы қажет. Себебі қай жерде болмасын, қай уақытта болмасын медициналық қызметтің сапалы болуы ең басты шарты болды, бұл мәселе ешқашан өзінің өзектілігін жоғалтпайды да. Сондықтан «Медикер» компаниясы өз клиенттері мен жалпы халыққа көрсетіп жатқан қызметін жылдан-жылға жақсартып, дамытуға тырысады.

Нұрлан Құмарбекұлы, «Медикер-Атырау» орталығы Атырауда хирургиялық оталарды ең көп жасайтын медициналық мекеме екені рас па?

- Ол рас. Атырау бойынша операцияларды ең көп жасайтын біз. Орталық ашылғалы бері бас-аяғы 280 ота жасалды. Оның ішінде соқыр ішектен бастап, асқазан, өт жолына, бүйрекке жасалатын отаның барлығы бар.

Жасалатын оталардың ерекше түрі қайсысы?

- Бізде өте сирек кездесетін микроскопиялық Мармар отасы жасалады. Бұл операцияның осы күнге дейін  20-шақтысын сәтті орындадық. Ота варикоцеле ауруын емдеу үшін жасалады (варикоцеле- ер адамдарда кездесетін урологиялық ауытқу). Микроскопиялық Мармара операциясы Еуропада варикоцелені емдеудің алтын стандарты болып танылған. Медицина саласы дамыған қарт құрылықтың тәжірибесі бізге де енгізілгені біз үшін мақтан тұтарлық жайт. «Медикер-Атырау» орталығында одан басқа пластикалық операцияларды да жасаймыз. Бұл да біздің бір ерекшелігіміз.

Тәжірибеге ден қойған екенсіз, ғылым да тасада қалмаған шығар?

- Дәрігер тәжірибені де, ғылымды да қоса алып жүруге міндетті. Онсыз болмайды. Өзім мақалалар жазып, ғылыми басылымдарға жиі шығып тұрамын. Ғаламторда да жарық көрген жұмыстарым аз емес.

Сіздің есіміңіз тек «Медикер» компаниясында сақтандыру желісі арқылы қызмет көрсетілетін мұнайшылар арасында ғана емес, Атырау облысының қарапайым тұрғындары арасына да танымал. «Медикер» компаниясы атына сізге алғыс білдіріп жолдап жатқан хаттары мол екен. Дәрігер еңбегінің ақталып жатқанының нағыз белгісі осы шығар?

- Менің алдыма «Медикер» компаниясының сақтандыру желісі арқылы келетіндер де, мен жайлы естіп, арнайы іздеп келіп жататын науқастар да бар. Егер осыдан екі-үш жыл бұрын емделушілер Ресейдің Астрахань, Волгоград қалаларына барып, немесе Алматы мен Астанаға барып емделген болса, бүгінгі таңда өзіміздің клиенттер де, жалпы атыраулықтар да осы «Медикер-Атырау» орталығына сеніп, қызмет түрлерін осы жерден алатын болды. Жалпы сақтандырылған емделушілеріміз де, жергілікті тұрғындар да біздің атқарып жатқан жұмысымызға нұсқан келтірген емес. Онысын келіп те айтып жатады, жергілікті газет-журналдарға да басады. Оған біз де қуанып, риза болып қалатынымызды жасырмаймын.

Нұрлан Құмарбекұлы, еміңіз шипа, қолыңыз жеңіл болсын. Сұхбатыңызға рахмет.

Айсамал Әбілхан

«Медикер» медициналық компаниясы

Анықтама:

Ерболатов Нұрлан Құмарбекұлы 30 маусым 1959 жылы Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында дүниеге келген. 1983-жылы Семей Мемлекеттік медицина институтын емдеу ісі факультетін тәмандаған.  1984-1994 жж. Тарбағатай ауданының орталық ауруханасында хирург, бөлім меңгерушісі болып қызмет етті. 1994-2001 жж. аралығында Шығыс Қазақстан облысының балалар ауруханасында оташы болып жұмыс істеді. 2001-2011 жж. аралығында Павлодар облыстық ауруханасында хирург, бөлім меңгерушісі. 2011 жылдың қазан айынан бастап «Медикер-Атырау» медициналық орталығының оташысы болып қызмет етіп келеді. Балалар және ересектер хирургиясы бойынша жоғары аттестациялық дәрежеге ие. Әр жылдары Павлодар мен Өскеменнің жекеменшік клиникаларында жұмыс істеп, тәжірибе жинақтаған. Павлодардағы дәрігерлердің кәсібилігін шыңдау факультетінде сабақ берген. Қазақстан (Алматы Мемлекеттік Дәрігерлер білімін жетілдіру институты, А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы, педиатрия және балалар хирургиясы Ұлттық орталығы) мен Ресейдің (Мәскеу, СПБ, Барнаул) жетекші клиникаларында мамандығын шыңдаған.  Лапароскопиялық хирургия бойынша халықаралық мастер класстарының қатысушысы.

Қызметінің негізгі бағыттары: балалар мен ересектердің абдоминалдық хирургиясы, лапароскопиялық хирургия, колопроктология, эндокриндік хирургия, реконструктивті урология, нәрестелер хирургиясы. Қазақстан Республикасының екі инновациялық патенті бар, интернет сайттарда 50 шақты басылымдары жарық көрген, ҚР мен РФ ғылыми басылымдарында 20 жұмысы жарияланды.

2007 ж. – «Жылдың үздік хирургі»

2008 ж. – «Жылдың үздік дәрігері»

http://www.mediker.kz/rus/news/?cid=0&rid=306

 
0
0
1079

Қазақ зиялылары және Вельтман

 

Мейрамхан Жәпек

журналист, Тұрар Рысқұлов

публицистикасын зерттеуші

I бөлім, II бөлім

III бөлім

Ғылым мен білімнің алтын қазығы - кітапхана

Сонау 1826 жылдары орыс мәдениетіне қамқорлық жасап қаржылай көмек көрсеткен орыс графы Николай Румянцев қайтыс болғанда соңынан мол мұра қалады. Ағасының қазасына қабырғасы қайысқан Сергей Румянцев император І Николайға шексіз мол мұраны ұстап тұру үшін оның музейын үкіметтің қарамағына сыйға тартатынын айтып хат жазады. Патша оған иіліп, ниетіне елдің атынан ризашылығын білдіріп жауап жазады. Сөйтіп әуелде ағылшын көпесі Фома Варадан сатып алынған Румянцев музейумы 1862 жылы 1862 жылы Санкт-Петербургтен Мәскеуге көшіріледі де көпшілік кітапханасы ретінде қызметін жалғастырады.

1924 жылы В.И.Ленин қайтыс болғанда оның есімі берілген кітапхананы осы күні көпшілік жұрт қазіргі атауымен «Ресей Мемлекеттік кітапханасы» емес, бұрынғыша Ленин кітапханасы дейді. Мәскеу метросының алғашқы станциясы да 1935 жылдың 15 мамырынан «В.И.Ленин атындағы кітапхана» деп аталады. Метроның қызыл, көк, сия, сұр жолынының түйісетін тұсы да осы кітапхана.

Мұнда әлемнің 367 тілінде шықан құжаттардың жиынтығы бар. Қазіргі кітап қоры 43 миллион бірліктен астам. Кітапхана қабырғасында арнайы карталар, ноталар, сирек кітаптар мен қолжазбалар, газет-журнал, диссертациялар және т.б. басылым түрлері жинақталған.

Кітапханаға бір күнде 200ге таяу адам тіркеліп, 4 мыңнан астам оқырманға қызмет көрсетіледі, ал виртуалды кітапхана күн сайын 8 мыңнан астам оқырманды кітаппен қамтамасыз етеді. Айтпақшы, Қазақстан таяуда осы виртуалды кітапхана желісіне тартылды. Кітапхана қорларын 140 жылдан астам уақыттан бері әртүрлі адамдар пайдалануда. Олардың қатарында әлемге аты мәшһүр ғалымдар, оқымыстылар, студенттер, шет ел азаматтары бар. Айтпақшы, мұндағы екі мыңнан астам қызметкердің 25-і ғылым докторы, 314-і ғылым кандидаттары екен. Бюджеттен қаржыландырылу көлемі 1,45 млрд рубльді құрайтынын білгенде бас шайқадым.

Мен кітапханаға мұрағаттар жұмыс істемеген сенбі күндері келіп жүрдім. Моховая көшесіндегі бесінші үйде орналасқан ғимараттың бірнеше бөліктері бар. Солардың бірі ұлт тіліндегі әдебиеттердің жинақталған орталығы Моховая көшесіндагі алтыншы үйде орналасқан. Мұндағы оқу залында қазақ тіліндегі оқулықтар бар екендігін көпшілік біле бермейді.

Қазақстандық кітапханалар мен мұрағаттарда толық жиынтығы кездесе бермейтін басылымның бірі «Новый Восток» журналы. Журналдың бас редакторы ірі ғалым, түркітанушы М.Павлович (Вельтман) туралы қазақтың зиялылары сол замандарда-ақ, көптеген жағымды пікір айтқан. Журнал бетінде жарық көрген мақалалардан бөлек, мұрағат құжаттарында Т.Рысқұловтың, Н.Нұрмақовтың, Ж.Досмұхамедовтың, Н.Төреқұловтың және т.б. М.Павловичке жолдаған хаттары сақталған. Тіпті, М.Павлович қайтыс болғанда оның табытының бас жағын Н.Төреқұлов көтерген. (Оның суреті сақталған.М.Ж.).

Неліктен Павлович шығыс халықтарына, оның ішінде қазақтарға жақын болды? деген сауалға келер болсақ. Аса білімді азамат саналы ғұмырында патша тұсында көп қыспақ көреді. Жапон аралдары, Қытай, Франция сияқты елдерде жан сауғалайды. Шығыс Түркістанда қазақтар арасында тұрып, олардың керемет бай мәдениеті, салт дәстүрімен қоса ауыр тұрмысын да көзбен көреді. Қазақтардың туғаннан ғылым-білімге зеректігі оны таң қалдырса керек. «Шығыс халықтарының мәдениетін Европаны жайлап жатқан елдердің мәдениетіне айырбастамас едім. Мәдениеттің ошағы - шығыс» деген сөздер құрдасы В.Ленинге тіпті ұнамайды.

Негізінен, Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің қаулысымен 1921 жылы 13 желтоқсанда Мәскеуде Кеңестер Одағының Шығыстану Ғылыми Ассоциациясы өз жұмысын бастайды. «Новый Восток» журналы осы ғылыми ассоциацияның органы ретінде 1922 жылдан бастап шығады. Журнал шығыс халықтары туралы танымдық материалдарды жариялаған. Журналдың бір саны 384- 735 беттен тұрған. Шығысқа сапар шеккен қаншама этнограф, тарихшы, музыка зерттеушісі басылым беттерінде тек қана таңданыспен зор ілтипатпен естеліктер жазған. Бұл журналдан Т.Рысқұловтың көптеген мақалаларын кездестірдім.

Тегінде Т.Рысқұлов М.Павловичпен 1920 жылы Бакуде өткен шығыс халықтарының бірінші сьезінде танысса керек. Коминтерн ұйымдастырған бұл бірінші сьезд қорытындысы ретінде «Шығыстағы насихат және іс-қимыл Кеңесі» құрылады. Тұрар да М.Павлович те осы Кеңестің құрамына енеді. Кейінірек Тұрар М.Павловичпен Мәскеуге қызмет ауыстырып келгенде де қарым-қатынасын үзбеген. Тұрар М.Павлович қайтыс болғанда «М.Павлович және шығыс халықтары» деген мақала жариялайды. Бұл әуелде қазанама ретінде басылым бетінде жарық көреді.

Негізінен, біздер қазіргі таңда Тұрар Рысқұловты тек қана мемлекет қайраткері, тарихшы, публицист деп қана емес, оның түркітану саласына қосқан еңбектерін де назардан тыс қалдырмау керек сияқтымыз. «Новый восток» журналында жарық көрген мақалалары соның айқын дәлелі...

Айтпақшы, виртуалды кітапхана қорынан ендігі жерде қазақ оқырмандары Т.Рысқұловтың 1926 жылы Қызылордада шыққан кітабын Мәскеуге арнайы сапар шекпей-ақ, оқи алатын болыпты. Жасасын жаңа технологиялар заманы!

Жалғасы бар

Қарағанды - Мәскеу
2010 жыл

4
3
1231

Қазақстанда қазіргі бессайыстан Әлем чемпионаты өтуі мүмкін

ҚР Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов

Алдағы уақытта Қазақстанда қазіргі бессайыстан Әлем чемпионаты өтуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов мәлім етті.

«Біз барлығын ретімен жасап жатырмыз ғой. Азиада ойындарын өткіздік, енді Универсиада, ал одан кейін Олимпиада межесі бар. Сол сияқты бессайыста да Азия чемпионатынан бастап, кейін Әлем кубогы кезеңдері, сонан соң Әлем чемпионаты деп осылай сатылап өткізуге біздің жағдайымыз бар», — деді ол.

Бүгінде еліміз көптеген спорт түрінен ірі сайыстарды өткізуге қауқарлы екеніне тоқталған Е. Қанағатов: «Бастысы — бессайыс бойынша Азия чемпионатын тиісті деңгейде өткізу. Жақсы спортшыларды даярлауды жалғастыру керек. Яғни, бұл бағытта елімізде Әлем чемпионатын өткізу үшін жақсы нәтиже болу керек», — деді.

Айта кетейік, 26 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Астана қаласында алғаш рет қазіргі бессайыстан Азия чемпионаты өтеді.

АСТАНА.  ҚазАқпарат - Автор: Руслан Ғаббасов
 
0
0
278

Әлем чемпионатында қазақстандықтардан 16 боксшы жартылай финалға шықты


Бокстан Болгарияның Албена қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Әлем чемпионатының ертең жартылай финалдық ойындар өтеді. 22 қыркүйекте басталған бұл дүбірлі додада жастар — 10, жасөсіпірімдер 13 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынаған болатын.

Қазақстан құрамасынан жартылай сынға жастардан 10 боксшының бесеуі, жасөспірімдерден 13 боксшының он бірі бірдей сүрінбей шықты.

Енді Әлем чемпионатының жүлдесі үшін Алуа Балқыбекова (48 кг) украиналык Ханна Охотамен, Айдана Арапбаева (60 кг) Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (АІВА) ұсынған Симранжит Каур Баатхпен (Simranjit Kaur Baatth), Гаухар Ермекбай (69 кг) америкалық Саманта Мариа Киншенмен (Samantha Maria Kinchen), Валентина Халзова (75 кг) польшалық Елзбиета Уожсикпен (Elzbieta Wojcik) , Анастассия Пылина (81 кг) ресейлік Екатерина Серовамен күш сынасады. Ал Назерке Жұрғараева (46 кг) итальяндық Роберта Бонаттимен, Асыл Асқарова (48 кг) AIBА ұсынған Аша Рокамен, Әйгерім Ошақбай (52 кг) франциялық Сантиана Меурантпен, Балауса Мұздиман (54 кг) ресейлік Оксана Смирновамен, Назым Ишшанова (57 кг) америкалық Жажайра Гонзалезбен (Jajaira Gonzalez), Екатерина Аниссимова (60 кг) ирландиялық Киара Гинтимен, Аида Әбікеева (63 кг) польшалық Жустина Уаласпен, Любовь Хасиева (66 кг) польшалық Лариса Сабиниарзбен, Баян Ақбаева (70 кг) франциялық Давина Мишелмен, Алтын Мұқышбекова (75 кг) тайпейлік Ниен-Шин Шенмен, Ақмарал Шамшиденова (80 кг) болгариялық Виктория Михайловамен жұдырық түйістіреді.

   
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Автор: Ерлік Ержанұлы
 
0
0
389

Жансая Әбдімәлік жастар арасындағы шахмат чемпионатында «күміс» жеңіп алды

Жансая Әбдімәлік

Он үш жастағы қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік Түркияның Коджаэли қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлемдік шахмат додасында екінші орын алды, деп хабарлады vesti.kz.

Әбдімәлік жарыстың шешуші 13-ші турының алдында ресейлік Александра Горячкинадан жарты ұпай қалып қойған. Нәтижесінде, Горячкина өзінің соңғы партиясын жеңсе, қазақстандық Индияның өкілі Рут Падминимен тең ойнаған.

Чемпион болған ресейлік барлығы 10 жарым ұпай жинаса, Әбдімәлік 9,5 ұпаймен тоқтады. Сондай-ақ, үшінші орын үшін тағы бір қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова ойнаған болатын, оған медаль алуға 0,5 ұпай жетпеді. Қосымша көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде Сәдуақасова 8,5 ұпаймен жетінші орынға жайғасты.

Әбдімәлік пен Сәдуақасовадан басқа турнирде тағы екі қазақстандық — Бибісара Асаубаева және Жанна Қарабаева ойнады.

Жансая Әбдімәлік бірнеше дүркін әлем чемпионы екендігін естеріңізге саламыз. 17 жасар Динара Сәдуақасова да өз қатарластары ішінде екі дүркін әлем чемпионы және Қазақстан әйелдері арасындағы ең жас халықаралық гроссмейстер болып табылады. Тоғыз жасар Бибісара Асаубаева — қыздар арасында төрт дүркін әлем чемпионы.

 
0
0
501

Хоккей: «Барыстың» жеңісті жолы жалғасуда


Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы

Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда «Донбасс» (Украина, Донецк) командасын ұтып, қатарынан бесінші рет жеңіске жетті.

Бұл мачта да «Барыстың» хоккейшілері шабуылға шебер команда екендігін тағы бір мәрте танытты. Астаналық клуб ойынның бірінші кезеңінде-ақ қарсыластар қақпасына үш бірдей шайба соқты. Оның барлығы үш минуттың ішінде іске асты. Дастин Бойд дубль жасап, екі шайбаның авторы атанса, Талғат Жайлауовтың тамаша пастарын Федор Полищук пен Максим Спиридонов шебер іске асыра білді. «Донбасс» тек екі шайба ғана соға алды. Қорытынды есеп — 4:2.

Осы ойыннан кейін «Барыс» тағы үш ұпайды олжалап, ҚХЛ-дың жалпы турнирлік кестесінде екінші орынға көтерілді. Оның еншісінде 21 ұпай бар. Одан бір саты жоғары тұрған «СКА»-да (Санкт-Петербор) — 22 ұпай. Алайда ол «Барыстан» бір матчқа артық ойнаған.

АСТАНА.  ҚазАқпарат - Автор: Арман Асқаров
 
0
0
248