Тікелей эфир

Республикалық кітап мұражайына фото шолу

Құрметті оқырман, кезекті фото шолу айдарын Алматы қаласының мұражайларына арнаймыз.

Республикалық кітап мұражайы

1978 жылғы қазан айының 20-жұлдызында Алматыда республикалық кітап мұражайы ашылды. Бұл бұрынғы Кеңес Одағындағы Мәскеу мен Киевтен кейінгі үшінші, күллі кіндік Азиядағы жалғыз кітап мұражайы.

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Қабанбай батыр, 94.

Мұражайдың жұмыс кестесі:

Дүйсенбі - Жұма: 10.00 - 17.00

Сенбі, жексенбі: демалыс.

Мұражайға кіру құны:  ересектерге 100 теңге, балаларға 50 теңге
Экскурсия жасау құны: Бір топқа 200 теңге
Шетелдік азаматтарға: 150 теңге

Мұражайда: 6 зал бар. Бірінші залда дүниежүзілік жазу тарихы, ескі түркі алфавиті, ықылым заманғы жазу түрлері, ескерткіш тастар, қыштан жасалған бұйымдар, түптелген парақты бүктеме кітапшалар, былғарыға жазылған нұсқалар, аты әлемге әйгілі бабамыз Әбу Нсыр әл-Фараби, Қорқыт ата еңбектері қойылған.

Келесі залда ХІ ғасырдан бастап Абайға дейінгі кезең қамтылған. Қазақ жерінде туған ғұламалардың кітаптары мен қауырсын қаламмен жазылған қолжазбалар, құрандар, оларға қосымша әсемдік беріп тұрған түрлі түсті портреттер мен қару жарақтар, киіз үйдің әсем жабдықтары музей экспонаттарын бір-бірімен үйлестіріп, өзара жарастығын тауып тұр.

Ал үшінші залда ХІХ ғасырдан бастап қызыл революцияға дейінгі Қазанда, Уфада, Мәскеуде, Санкт-Петербургте, Орынборда тағы басқа қалаларда басылып шыққан қазақ кітаптары және библиографиялық көрсеткіштері мен Жамбыл атамыздың шығармашылығына арналған көрме бар.

Төртінші залда Кеңес дәуіріндегі басылымдар, қуғынға ұшыраған зиялы қауымның кітаптары, А. Байтұрсыновқа арналған қабырға жазушының, ғалым-ұстаздың барлық еңбектерін қамтыған. Сонымен қатар, Б. Момышұлының 100 жылдығына орай ұйымдастырылған көрме де осы залда өз орнын табады.

Бесінші залда Қазақстанның тәуелсіздігіне орай ұйымдастырылған арнайы көрме бар. Көрме «Тәуелсіздік және Елбасы» деп аталады. 11 сөреден тұратын Елбасының өзінің кітаптары және тәуелсіздік жайында жазылған кітаптар қойылған. Қазақстанның танымал академиктері, ұлттар әдебиеті, ақын-жазушылардың таңдаулы кітаптарының да орны бесінші залда. Сонымен қатар б.з.б V –VІ ғасырларда табылған қола сақтардың қазаны мен Талас өзенінің аңғарынан табылған руна жазулары бар тас та мұражайдың көркемдігін асырып түседі. Бұл залда шет елдегі қазақ жазушыларының да кітаптарына орын табылады.

Ал соңғы алтыншы залда кітап безендірудің өрісі, атақты суретшілер еңбегі мен балалар әдебиеті антологиясының және кішкентай кітаптар шығарудың биік деңгейі көрсетілген.

Ерекшелігі:

Қазақ халқының жазу–сызуының, қолжазба кітаптарының, жалпы тарихының ежелден қалыптасқан жолын көрсетіп, бүгінгі полиграфиялық жетістіктерін баяндайтын электр сәулелі картасы бар. Сонымен қатар, сирек кездесетін кітаптардың ішінде алақанға сыйып кететін, бармақтай, көлемі 2–3см болатын құран кітап пен сегіз қырлы құран да бар.

Құрметті оқырмандар, жүректеріңізді рухани байлыққа толтырып, қазақ халқының тарихи құндылықтарының нұрын сезінем десеңіздер, республикалық кітап мұражайына баруды ұмытпағайсыздар!

Алия Arsik
4 қараша 2012, 20:02
9751

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

Aikona
5
0
Уау, алматыда мұндай музей барын білмеппін ((. Барып көрмесем
Құрметті оқырман!!! Мен жақында ғана осы музейде болдым. Шынымен де өте қызықты және ерекшеліктерге толы. Сіздерге де барып көруге кеңес беремін.

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

До каких пор чиновники будут игнорировать защиту детей?

До каких пор чиновники будут игнорировать защиту детей?

До каких пор Уполномоченный по правам ребенка, как институт во всем мире стоящий на страже жизни и прав детей, в нашей стране будет выполнять представительские функции?
AliyaSadyrbaeva
25 июля 2017 / 18:27
  • 9957
  • 6
Зачем эмигрировать в Россию? Лично я никогда не понимал этой странной мечты

Зачем эмигрировать в Россию? Лично я никогда не понимал этой странной мечты

Некоторые мои знакомые, мечтают уехать в Россию и побыстрее получить гражданство. Кому мы там сдались? Есть замечательная поговорка: "Где родился - там и пригодился".
Washington
25 июля 2017 / 12:15
Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

За день до своей гибели прямо около памятника жертвам политических репрессий 1937-го Жампозов сказал жене, что он – жертва точно таких же репрессий.
openqazaqstan
24 июля 2017 / 10:18
  • 3324
  • 12
Если вам отвечают на казахском языке – ситуация с точки зрения законодательства

Если вам отвечают на казахском языке – ситуация с точки зрения законодательства

Я своим постом не собираюсь критиковать кого-либо, что люди знают или не знают казахский или русский язык. Я выражаю своё мнение с точки зрения законодательства о языках.
Advokot
25 июля 2017 / 13:50
  • 2815
  • 31
Мужчины Люксембурга и Казахстана: «У нас они уже в 35 добиваются статуса»

Мужчины Люксембурга и Казахстана: «У нас они уже в 35 добиваются статуса»

Что касается парней, так это вообще отдельная тема. Они для меня загадка. Уже год пытаюсь понять ход их мыслей. Для нас, казахов, немного сложно понять, почему человек в 35-36 лет, до сих пор не нашел смысла жизни.
AASh
24 июля 2017 / 15:19
  • 2226
  • 22
Наша новая рубрика «Топ-5»: самые красивые актрисы Казахстана

Наша новая рубрика «Топ-5»: самые красивые актрисы Казахстана

Решили сделать топ-5 красивых актрис Казахстана. Очень долго спорили о первых трех местах и даже чуть не подрались. Было очень тяжело выбирать.
asdbqwe
20 июля 2017 / 14:24
  • 2084
  • 41
Легендарный вокалист «Linkin Park» унёс за собой молодость десятков тысяч людей

Легендарный вокалист «Linkin Park» унёс за собой молодость десятков тысяч людей

Самое грустное, что, как и всегда в таких случаях, скоро на Честера начнут изливаться потоки грязи - что он был наркоманом, или что-то подобное (как в случае со многими знаменитостями).
demonica
21 июля 2017 / 15:13
  • 1988
  • 51
Алматы глазами астанчанки: «У вас жара за 30! Вы не то, что южные – вы Африка!»

Алматы глазами астанчанки: «У вас жара за 30! Вы не то, что южные – вы Африка!»

Все дороги ведут в Алматы. Хотелось бы поспорить, учитывая, как я насмешливо провожала друзей или коллег, которые покидали родную Астанушечку и переезжали «на юг».
SogdiK
21 июля 2017 / 18:25
  • 1846
  • 34
Лечиться нельзя умереть. Страшно, когда запятая поставлена якобы «законом бога»

Лечиться нельзя умереть. Страшно, когда запятая поставлена якобы «законом бога»

Стало известно о смерти четырехлетней Виктории Сусаевой. Отец девочки намерен подать на бывшую супругу в суд, так как уверен, что в смерти дочери виноваты ее религиозные воззрения.
lyalusha
21 июля 2017 / 14:35
  • 1525
  • 16