Қазақстан Мемлекеттік геологиялық мұражайына фото шолу

7751
2
0
7

Екінші дүниежүзілік соғыстың кезінде Ұлы геолог Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың арқасында геологиялық мұражай ашылған болатын. Соғыстан кейін бұл мұражай жылдан-жылға жаңа пайдалы қазбаларға толығып ...

Қазақстан Мемлекеттік геологиялық мұражайы
Мекен-жайы: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 85.
Мұражайдың жұмыс кестесі:
Дүйсенбі – Жұма : 10.00- 17.00
Сенбі - Жексенбі: демалыс.
Тел: 261-52-83, 291-58-83
Билет құны:
оқушыларға тегін
студенттерге тегін
ересектерге тегін
Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне және зейнеткерлерге тегін
Экскурсия: тегін
Экскурсия 3 тілде жүреді: қазақша, орысша, ағылшынша.

Екінші дүниежүзілік соғыстың кезінде Ұлы геолог Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың арқасында геологиялық мұражай ашылған болатын. Соғыстан кейін бұл мұражай жылдан-жылға жаңа пайдалы қазбаларға толығып келеді. 1997 жылы 26 тамыз күні мұражай жаңарып, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев және Татарстан Республикасының Президенті Минтимир Шарипұлы Шаймиевтің келісімімен Қазақстан Мемлекеттік геологиялық мұражайы ашылды.

Мұражай шахталық клеткадан жасалған лифтісімен ерекшеленеді. Лифтіден түскен кезде, өзіңді нағыз шахтаға кіргендей сезінесің. Түрлі дыбыстар мен қағыстар мұражайдың көркін келтіреді, неше түрлі тастар, тастардан жасалған әшекейлер назар аудартпай қоймайды. Ал дыбыстық эффектілер, рельстердің  қозғалысы мұражайға кіргенде-ақ байқалады.

Мұражайдың бастапқы кіші бөлмесінде Қазақстанның рельефтік картасын көруге болады. Картада Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі пайдалы қазбалардың орналасуын электронды батырмалардың көмегімен анықтауға болады. Ал сол картаның сол жағында ұлы геолог Қаныш Имантайұлының ескерткішін байқауға болады.

Мұражайда кіші бөлмеден кейін, басты үлкен бөлмесінде минералдық галерея орналасқан. Минералдық тастардың классификациялары қатарын байқауға болады. Оның ішінде сульфидттер, алтын, күміс тастар және Қазақстандық алмаздарды көруге болады.

Малахит тастарында түрлі мозаикалы суреттердің қалыптасуы, гипс тастардың арқасында табиғи тас гүлдердің қалыптасуы қандай ғажап! Кейбір минералдық тастардың өзіндік тарихы бар екен. Мысалы,  ұлы француз минералогы Гаюидің 1780 жылы тапқан ерекше  жаңа минерал тастар ретінде көптеген ғалымдар неше түрлі атаулар берген. Санкт-Петербургта ерекше ықыласқа бөленген бұл тастар, кейін Индияда Ашэр саудагер изумруд атауын берген, аңыз бойынша бұл саудагерді кейін дарға асқан. Содан кейін бұл тастардың екі атауы пайда болды. Бірінші атауы саудагерге қандай да бір байланыс болғандықтан соның атынан аширид деп атаған, ал екінші атауы құрылысына байланысты диаптас делінген. Өзіндік әдемілігімен ерекшеленетін жарқыраған жасыл қазақстандық изумруд тастарына да назар аударған жөн.  Асбест, нефрит, яшма, агат тастарын байқауға болады.

Табиғаттың тылсым күштерінің арқасында  қалыптасқан тастардың неше түрлі образдарын көруге болады.

Бөлменің сол қанатында кішігірім кинозал және ежелгі заманғы кезеңді көрсететін панорамалық бұрыш орналасқан. Ал 8 минуттық «Жердің тарихы» туралы видео шолу мұражайға келушілерді жалықтырмайды.

Мұражайдың басшысы Диссель Константин Алексеевичтің қызықты экскурсиялық сапарымен, Қазақстанның және басқа да шет елдерінің пайдалы қазбаларымен таныстыруымен қатар, ол оқушыларды, болашақ геологтарды геология пайдалы қазбалар әлеміне дайындайды. Оның шәкірттері  халқаралық олимпиадаларға, оның ішінде Ресейдегі Томск, Санкт-Петербург қалаларында өткен олимпиадаларда «ең үздік шетел командасы» номинациясы бойынша орын алған. Қазақстан Мемлекеттік геологиялық мұражайы биыл 15 жылдығын атап өтеді.

__________________________________________________________________________

Республикалық кітап мұражайына фото шолу

Дінмұхамед Қонаев мұражайына фото шолу

Республикалық музыка аспаптар мұражайына фото шолу

С. Мұқанов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай-үйіне фото шолу

Алматы қаласы тарихының мұражайына фото шолу

Ad

Rate post

7

Comments

Login to comment