Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сағадат Нұрмағамбетов


Бүгін Алматыда Кеңестер Одағының батыры, Халық Қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовті көпшілік соңғы сапарға шығарып салды.

Аты аңызға айналған адаммен қоштасу Абай атындағы академиялық опера және балет театрының ғимаратында өтті. Туған туысқандар, достар, әріптестер, қызметтестер, сондай-ақ жүздеген қазақстандықтар Сағадат Нұрмағамбетовпен қоштасуға келді. Қоштасу рәсіміне Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.

Бүгін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшелері мен бүкіл Қарулы Күштердің жеке құрамы бір минут үнсіздікпен армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовті еске алды.

Осы күні Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде қаралы митинг өткізіліп, оған Ұлы Отан соғысы мен Қарулы Күштердің ардагерлері қатысты.

Митингке қатысушылар аты аңызға айналған әскербасы ардагерді еске алып, ол кісінің ерліктері, тәуелсіз мемлекетіміздің әскери құрылымын қалыптастыруға қосқан үлесі, сіңірген еңбегі, адамгершілік қасиеттері жайлы әңгімеледі.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
2051

Осы тақырып бойынша

Сағадат Нұрмағамбетов - Yvision.kz