Мазмұнға өту
Mr_Kursabaev
Mr_Kursabaev

Mr_Kursabaev

Сайтта 2012 ж. 4 қаңтар

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

133

пікірлер

1 269

тіркелуші

60

жазылымдар

113

М.Қыдырбайұлы. Ұлттық тәрбие және Интернет


Бүгінгі таңда әлемдегі әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени тұрғыда жоғарғы дәрежеде дамыған мемлекеттер, әсіресе: Жапония, Финляндия, Корея, Франция, Қытай, Германия, Новегия, Түркия т.б елдердің осындай елеулі жетістіктерге жетуінің бір себебі – ата-бабаларынан жалғасып келе жатқан бағасы жоқ асыл мұрасы  - ұлттық тәрбиесінің арқасында екені белгілі. Ол мемлекеттерде ұлттық тәрбиені басты мақсат ету – жас ұрпақты «ұлтшыл» ету емес, заман талаптарына сай жоғарғы ғылыми-техникалық жетістіктерді игеру ісінде жас өскін бойында «ұлттық намыс» сезімін ояту болып табылады. 

Тәуелсіз Қазақ Елінің ХХІ ғасырдың бас кезіндегі аса ерекше оқиға - ғаламдық жаһандану кеңістігіне әлімдік озық тәжірибелер мен жетекші технологиялардың қарқыны һәм ықпалымен санаса отырып, бес мың жылдық тарихи-мәдени мұрасын сақтай отыра ену үрдісі – қоғамдағы құбылыстарды адамзат перзентінің танымдық-тағылымдық тұрғыдан түсіну жағдаяттарының жаңа моделін қалыптастыруда.

Қоғамдағы бұрын-соңды болмаған айтулы орасан өзгерістер жалпы даму заңдылығының күрделі компоненті болып саналатын білім жүйесіне үлкен ықпалын тигізіп отыр. Білім берудің заман талабына сай әлемдік озық тәжірибелерге негізделуі – жоғарғы оқу орындарындағы білім параметрлері мен дидактикалық қағидалардың интерациялануына түрткі болуда. Университет пен мектеп қабырғасында білім алып жатқан көптеген жастар жаңа қоғамда белең ала бастаған жетекші технологиялардың құбылыстарын жақын білуі үшін қоғам қажеттіліктерінен туындаған жүйелі тұрғыда жан-жақты білім алуға деген ынта-ниеттерінің арта түскені байқалады. Ұлт болашағы – бүгінгі жас ұрпақ тағдырына қатысты қоғамдық өмір тұрмысында үлкен істер атқарылуда.

Қазақ Елі де әлемдегі барлық өркениетті елдермен терезесі тең тәуелсіз мемлекет болғанын мақтан етеміз. Тәуелсіздік жолында жан аямай еңбек етіп, қажет болса туған жері мен халқын қорғау үшін ғұмырын тәуекелге тіккен қаһармандардың ерліктері мәңгілік жадымызда. 

Шынында, бүгінгі ұрпақ бақытты! 

Ал, осындай баға жетпес ғажап ғұмырды бізге бұйыртқан батыр һәм данышпан ата-бабаларымызға біздер қарыздармыз. 

Бүгінгі таңда ата-бабаларымыздың асыл мұраларының бірі болып табылатын ұлттық тәрбиенің сарқылмас құнды қазыналарын отбасы тұрмысында, қоғамдық қарым-қатынаста һәм білім ордаларында іске асыруды жаңаша сипатта өрбітудің мүмкіндігі туып отыр. 

Ұлттық тәрбие мәселесі қилы заманның қай кезеңінде болмасын өзінің ғасырлық сабақтастығы мен парасаттылық құндылығынан ажыраған емес. Тіпті, қылышынан қан тамған Патшалы Ресей империясының құрсауында қалған қазақ даласында Кенесары атамыз ел қамын ойлап, ер намысын биік ұстап атынан түспей көкжалдай жортып жүрсе, Құрманғазы бабамыз қасиетті домбыраның үнімен ұлттың қайталанбас рухани дүниесін қайта жаңғыртып әдемді мойындатса, Абай атамыз мыңғасырлық дүниетаным үндестігін сол қалпында сақтап, Ұлы даланың мөлдір ауасындай пәк күйінде біздің санамызға ұялатты. Ол қасиеттердің рухты бабаларымыздың бойынан табылуы – оларды тәрбиелеген ата-анасы мен табиғи ортасына байланысты екеніне дау жоқ. 

Ұлттық тәрбие туралы біз ұлы бабамыз Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік», Қайқауыс Гиланшаһтың «Кодекс Куманикус», Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» және басқа оқымысты-ағартушыларымыздың еңбектерінен кездестіреміз. 

Ұлттық тәлім-тәрбие бастаулары тарихи дәуірлер көшінде заман талаптары мен құбылыстарының өзгерістеріне қарай өзінің даму мен қалыптасу генезисінің ерекшеліктерімен сипатталып отырды. 

М. Қашқаридың: “..Ұлым, менің өсиетіммен жанды аузыңа қаратқын. Ғалым болып, біліміңді ел ішіне таратқын..”,- деген тағылымдық өсиеттер арқылы, жас ұрпақтың тағдыры мен болашағына деген алаңдаушылығын білдіреді.

Ал, халық тәлiмгерi атанған Қайқауыстың “Кодекс куманикус” атты еңбегінде: “...ей перзентiм...дүниедегi басқа заттарды өз өрнегiң сияқты танып түсiне бiл. Аллаһ тағала, адамзатты жаратты. Оған өмiр сүруге қажеттi өнер, бiлiм, саясат ағымдарын жаратты. Сенi жан-дiлiңмен жақсы көрiп, тәрбиялап жүрген ата-анаңның көңiлiн қалдырма. Бiлiм – ақылдың ажар көркi. Аңдасаң – ақыл деген қымбат нәрсе. Оны ұры алып кете алмайды, отқа жанып, суға ақпайды..”,- деген астарлы ұғымдары арқылы ұлттық тәлiм-тәрбие тамырларының тереңде жатқанын пайымдайды. 

А. Йассауи өз өсиетін шын мәнінде шәкірттерге аманат қылу дәстүрін ұстанады. Аталмыш қағидалардың жоғарыда айтып кеткендей адамның танымдық қабілеттерінің жас ерекшеліктеріне негізделе отырып баяндалғаны байқалады. 

Асанқайғыдан бастап Абайға дейінгі алып тағылым кеңістігіндегі қазақ ғұламаларының тәлімдік идеялары – қазақи қанымыз бен ұлттық намысымызға сіңген мәңгілік рухани құндылықтар ошағы болып қала бермек.  

Дала абызы Асанқайғының ой әпсаналарында табиғат, адам және кеңістік дүниелері орын алады. Мұндағы шартты түрде қабылдап отырған асыл тас – табиғат ортасы, асыл сөз – адамзат парасаты, жел мен ой толқыны – тылсым кеңістіктің таңғажайып құпиясы болса керек. Абыз бабамыз аталмыш ой маржандарын ұрпақ санасына жұмбақ зерде жүйесі арқылы жеткізуді мақсұт еткені байқалады.

Ұлы ағартушы, Ы. Алтынсариннің қазақ баласының болашағы үшін бойындағы бар күш-жігерін арнағанын қоғамдық қатынастардағы шығармашылық істермен айналысуда өз ұлтының тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін өте жоғары бағалап, оның оқу-тәрбие жұмыстарында іске асыру идеяларын алдына мақсат етіп қойғанын көреміз.

ХХ ғасырдағы әлемдегі өркениетке - Ұлы Абай мұралары философиялық ойлар мен танымдық-тағылымдық ғибратттар қазынасын басқа қырынан көрсетті. Қазақтың ұлттық таным мен тағылым тарихнамасын Абайға дейінгі кезең және Абайдан кейінгі кезең деп атауымызға болады. Ұлттық тәрбие атауын алғаш әдеби-педагогикалық оқулықтарға енгiзген М. Жұмабаев болды. 

Кеңес үкіметі тұсында Қазақстанда қазақтың ұлттық тәрбиесi жөнiнде арнайы ғылыми еңбек жазуға мемлекет тарапынан мүмкіндік болмағаны белгiлi. Оған кеңес заманында жүргізілген зерттеу жұмыстарын талдау барысында көз жеткіздік. Халық педагогикасы, немесе ұлттық тәрбие мәселесі арнайы ғылыми-зерттеу немесе пән оқулығы ретінде қарастырылмай, негізінен ғылыми мақала, тезис, қосымша мағлұматтар негізінде Т.Тәжібаев, М. Ғабдуллин, Б.Момышұлы, Б.Адамбаев, Х.Арғынбаев, М.Әлімбаев, С.Сауытбеков т.б еңбектерде көрініс тапқан.

 Қазақстанда халық педагогикасына қатысты тұңғыш зерттеулерге А.Х. Мұқамбаева, И. Оршыбеков, Қ.Б. Жарықбаев, С.Қ. Қалиев, Қ. Сейсембаевтың еңбектері жатады.

Мағжан Жұмабаев «ұлт тарбиясы» туралы алғаш мәселе көтерді. Ол туралы Ы.Алтынсарин, М.Сералин, С.Көбеев, Т.Тәжібаев, Т.Маманов еңбектер жазып мектептер ашты.

Кешегі СССР империясының «авторитарлы-педагогикалық» саясаты тек қазақ халқы емес, сондай-ақ көптеген ұлттардың халықтық педагогикалық мұраларының кең қанат жаюына шектеу қойды. Нәтижесінде өз ана тілінен «саналы түрде» бас тарқан «нигилизмдік» форматтағы жаңа буын қалыптасты. Ғалымдар бұл үрдісті «эволюциялық диалектика» немесе «социологиялық акультурация» деп айтады. 

Өкінішке орай, өткендегі аға буын өкілдерінің айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, білім мен ғылым саласында қол жеткізген жетістіктерімен қатар, ұлтық мәдениет пен рухани құндылықтардың қайта жаңғыруына деген «табиғи ұмтылысы мен белсенділігі» бәсең болды деуімізге себеп бар. 

Ұлттық тәрбие жөнінде 1990 жылдары көптеген шаралар қолға алынды. Көрнекті ғалымдар: Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Ш.Беркімбаева, Н.Сарыбеков, З.Әбілова, Қ.Бөлеев, А.Мұхамбаева, С.Ұзақбаева, Ә.Табылдиев, К.Қожахметова, Р.Қоянбаев, Ә.Садуақасов, Ж.Наурызбай, Р.Дүйсембінова, Ж.Асанов, Р.Төлеубекова, Е.Жұматаева, Ғ.Кертаева, К.Оразбекова, Т.Қоңыратбаева,  Қ.Қабдыразақұлы, С.Иманбаева, С.Әбділдина, Л.Сырымбетова,  Х.Шалғынбаева, Ш.Шүйіншина, Б.Сайдахметов диссертациялық еңбектер жазды. 

Мектеп практикасына «Алтын көмбе» (Ж.Өтеев), «Ізгілік әліппесі» (С.Ғаббасов), «Кәусар бұлақ» (З.Ахметова), «Дәстүр» (Ә.Садуақасұлы) «Жұлдыз» (Е.Дмитриенко), «Атамекен» (М.Қыдырбайұлы) атты тәлім-тәрбие бағдарламалары енгізілді.

Халықтық педагогикаға негізделген тәлім-тәрбие бағдарламаларын оқу-тәрбие жұмыстарына кешенді ендіру барысында Б.Әуезова, Б.Ахметова, Қ.Нағыманова, Қ.Ескендірқызы, Б.Бақтыбаева,   Г.Омарханқызы, Л. Аппазова, Н.Еженханқызы, Г.Кәріпханқызы, Г.Мұхамеджанова, А.Омарова, Қ.Исин және басқа ұстаздар зор үлес қосты. 

Ғаламдық жаһандану жағдайындағы жаңа қоғамда орын алған iрi экономикалық өзгерiстер мен технологиялық жетiстiктер – қоғам дамуының қозғаушы күшi болып табылатын бiлiм жүйесiне орасан ықпалын тигiзiп отыр. Әлемдiк қауымдастықтың бiртұтас бiлiм кеңiстiгiн қалыптастыруға бағытталған ортақ мүддеге барынша әрекеттенуi – жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сiңiрген саналы да парасатты тұлғаны тәрбиелеу қажеттiгiн алға тартып отыр.

Егемендi елiмiзде соңғы жылдар тiзбегiнде жүргiзiлiп келе жатқан бiлiм реформасына қатысты түбегейлі бетбұрыстар, атап айтқанда әлемде дамыған мемлекеттердегі білім саясатының негізгі көрсеткіші болып саналатын жаңартылған білім беру жүйесіне ену қарқыны – қоғамдық ортадағы адамдардың ерекше пiкiрлерi мен көзқарастарын қалыптастыруға негiз болды. Көптеген өнеркәсiп орындарының жаңа технологиялық қондырғылармен қайта жабдықталуы - бiлiм сапасының жаңа деңгейге көтерiлуiне өзгеше талап қойды. Аса қарқынды белең ала бастаған аталмыш құбылыстарға мемлекет тарапынан терең талдаунамалар жасалып, ортақ проблеманы бұқара халықпен бiрлесе отырып атқару мәселелерi жолға қойылуда. 

 Ғұлама бабамыз Әл Фараби жас ұрпаққа тәрбиесіз білім беруге болмайтынын ескертті. 

Аталмыш мәселелерді шешу біржақты ғана сипат алып қана қоймай, қайта көпшілік қауымның қолдауымен кешенді тұрғыда жүзеге асырылуының тиімді екенін бүгінгі тәжірибелеріміз көрсетіп отыр. Демек, бүгінгі жалынды да дарынды жас, ертеңгі білікті де, ілкімді маман – жас ұрпақ өкілдерінің өз елінің тарихы мен мәдениетін, ұлттық қазыналары мен құндылықтарын, діни-рухани мұраларын қастерлеуге баулитын ұлы істерге үлес қосатын арнаның бірі – халқымыздың ұлттық тәлім-тәрбиелік һәм этнопсихологиялық мұраларын ізгіліктендіру барша қауымның абыройлы ісі болмақ.

Осы ұлы істі қолға алуымыз көптеген мәселелердің шешілуіне жол салары анық. Бірақ, алға қойған мақсатымызға жету асқан төзімділікті, шығармашыл ізденімпаздықты, ғибратты тәлімгерлікті және ұлттық құндылықтарды сақтаушы һәм жеткізуші дәнекерлікті талап етері анық. Бұл ұмтылыс ғылыми зерттеуімізде өзекті орын алып келе жатқан көптеген қағидалардың мән-мағынасының заман ренессансына байланысты қайта сарапталуын көздейтіні заңдылық. Оған бүгінге дейін стереотиптік бағыт ұстанған «бала тәрбиесі» деген ұғымның «адам тәрбиесі» деген атауға ұласуы айтарымыздың дәлелі болса керек.

Өткен ғасырдың қай кезеңінде болмасын адамзат перзентінің рухани һәм материалдық мәдениеті тек қоғам дамуының қозғаушы күші ғана болып қалмай, ұрпақ санасына жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде адами-ізгілік қасиеттерді сіңірудің қайталанбас құралы болып келді. Айтар ойымыздың айқын көрінісі – бүгінгі қоғамдық талаптар мен заң-құжаттар кешегі салт-дәстүрлерден, көрікті қалаларымыздың көне шаһарлардан, мәдениет пен оқу-білімнің діни-рухани һәм мифологиялық құндылықтардан бастау алғаны нақты дәлел болмақ.

Жалпы педагогиканың адамзат перзентінің білім, тәрбие һәм мәдениет құндылықтарының ұрпақ санасына сіңіру жөніндегі мыңғасырлық тарихи тәжірибелер жиынтығы екеніне күмән келтірмейміз. Алайда, соңғы жылдары дәстүрлі педагогикалық жүйе (оқыту, тәлім-тәрбие үрдісі, қосымша білім беру т.б) ақпараттық технология ықпалдарына қатты ұшырау тенденциясы байқалуда. Ол заңды да. Себебі, бүгінгі мектеп оқушысы бұл жаңалыққа аса құмар.

Мемлекет және білім саласындағы қызметкерлер һәм білікті мамандар аталмыш іске көптен бері ерекше мән беріп отыр. Бұл құбылыстың алдын-алу шаралары (Заң, Үкімет қаулысы, Министрлік құжаттары, электронды оқулықтар, E-Learning бағдарламасы) қарастырылды.

Бүгінгі ақпарат ағынының заманауи жағдаяттары көптеген мәселелерді шешуде түрлі қиындықтарды тудыртты. Оның айқын себептерінің бірі - аса маңызды ақпараттардың көптігі бізге қолжетімді бола алмауында.

Заманауи білім мазмұны мен сапасының көрсеткіші 6 ай сайын өзгеріп тұратын халықаралық көрмелердегі соңғы жетістіктер арқылы өлшеніп отыр. Демек, білім жүйесінің адам сұранысына қарай модернизациялануы қоғам дамуының қозғаушы күші миссиясын өз мойнына алғанын көрсетіп отыр.

Соңғы он жыл ішінде білімді ақпараттандыру ісінде қол жеткізген толағай табыстарымыз, уақыт өте келе тез «ескіріп» бара жатқанын байқау қиын емес. Виртуалды әлемге деген балалардың қызығушылығы негативтік жайттарды қалыптастырғанымен, балғындар сүйіп ойнайтын ойындардың орнын алмастыратын сандық технология форматындағы оқулықтар ересектер тарапынан дер кезінде ұсынылмауын – біз мойындағымыз келмейді.

Өткен заманда ата-бабаларымыз атажұртын аттың үстінде жүріп, «найзаның ұшымен» һәм білектің күшімен қорғап келсе, бүгін біз «ақылдың» күшімен сақтап, туған халқымыз мен мемлекетіміздің әлемдегі дамыған өркениетті елдердің алдыңғы қатарынан көрінуіне үлес қосуды мақсұт еткені ғибратты іс екені анық. Аталмыш дүниенің аса ерекше бір саласы білім «Оқу – инемен құдық қазғандай» деп ата-бабаларымыз айтқандай бүгінгі заман - білім мен ғылымның біз үшін де, болашақ үшін аса қажеттілігі мен маңыздылығын дәлелдеп берді. Бүгінде білім мен ғылым кеңістігі өзінің танымдық географиясын күн санап ұлғайтуда. Уақыт мектеп пен жоғарғы оқу орындары арасында ерекше ынтымақтастық пен ғылыми-шығармашылық байланыстардың бұрыннан бетер нығая түсуін қажет етіп отыр. Еуропалық және көптеген жерлердегі жүзден астам жоғарғы оқу орындары өз еріктерімен бас қосып, болашақ білім кеңістігін ортақ мүдде мен ғылым жаңалықтары мен озық технологияларды бірлесе отырып игеруда пайда болған Болон процессінің айырықша баптарының біріне 12 жылдық білім беру жүйесін дамыту болып табылады.

Қазақ Елі бүгінде әлемдегі ең жас ұлттар қатарынан табылуда. Біздің демографиялық көрсеткішіміз жаһандық глобализация мен ақпараттық технология жетістіктерінің сандық форматқа ұласуы қарсаңына дөп келуі ғажап құбылыс. Дәстүрлі білім мен ғылыми жаңалықтар тәжірибесі бүгінде ұдайы жаңару мен серпіндіру процесін қажет ететін тұтас ғаламдық ғылыми-техникалық ақпарат ресурстарын қалыптастыруда. Өз елінің болашағы мен жалпыадамзаттық құндылықтарды білім мен ғылым нәрі арқылы нұрландыруды мақсұт еткен дарынды да парасатты ұрпақтың интеллектуалдық құзырлығы мен танымдық зердесін объективті тұрғыда бағалайтын іргелі орталықтардың пайда бола бастауы – жаңа заманның жарқын бейнесі мен сындарлы талап-тілегі екені ақиқат. Олардың қатарына Thomson Reuters, Springer, Elsevier, Autostream, Slide Shape, OS, AAAS сынды замануи жаңалықтар мен озық тәжірибелерді сарапқа салып, айтулы жетістіктердің адамзаттың ортақ интеллектуалдық қазынасына айналуына мүмкіндік туғызып жатқан жаңа буындағы ғылыми-зерттеу мен талдау-ақпараттық орталықтарды айтуға мұқтажбыз. Мұндай зор мүмкіндіктердің біріне ұстаз бен шәкірт арасындағы ғылыми байланыстың жаңа деңгейге көтеріліп, өткен дүниелердің құндылығын сақтай отырып жаңа жүйенің қалыптасуына ерекше ынта мен жігер қалыптастыратын құбылысты байқаймыз. 

Мектеп және басқа оқу орындарындағы ғылыми-ақпараттық технологиялар ықпалынан туындай бастаған жаңа бағамдар мен ауқымды ұсыныстардың күн санап ерекшелене түсуі – болашақ моделін жасаушы жас ұрпақтың санасына күрделі ой салып отырғаны жаңсақ емес. Демек, дәстүрлі білім мен тәрбие құндылықтарын сақтай отырып, бүкіл адамзатқа ортақ жаңаша технологиялар мен үлгі-жобаларды, өз ортамыз бен мүмкіндіктерімізге ыңғайластыра отырып, батыл шешім қабылдау заманы қажет. Оған соңғы жылдар құрлықты масштабты қамтыған «Tempus-V» және «Erasmus Mundus» ғылыми-зерттеу жұмыстарына жас ғалымдармен бірге мектеп оқушыларының да ат салысуы, сондай-ақ Астанада өткен «Worlddidactic» интерактивті және электронды оқыту технологиясына арналған ауқымды шаралардың қолға алынуы жаңаша ой тұжырымдайтын ұрпақ санасының таным кеңістігін ұлғайтуға ұйытқы болары анық.

Абай атамыз «Ғылым қиын жол, ал адамды оған тарту одан да қиын. Бірақ бір жол бар, ол – ғылымға адамды бала кезінен бастап қызықтыру керек» деген. Сол себепті, балалар өздері таңдаған тақырыпты ғаламдық ғылыми-техникалық ақпарат ресурстарына енгізу (тіркеу) олардың санасында ерекше қызығушылық қалыптастырады деген сенімдеміз.

Бүгінгі таңда әлемдік деңгейде бірнеше ғылыми-техникалық ақпарттық ресурстар орталықтары Clobalethnics.net, High Been, Netlog, Linkedin, Canadian yellow page, Scops, Web of knowledge және басқа порталдар ғылыми тақырыптарды тіркеуге ынталы.Қазақстандық G-Clоbal, Bastau, Your vision.kz, On.kz, Nur.kz ақпараттық-коммуникациялық алаңдар мен блог-платформалар ғылым мен ғылыми-техникалық ақпарат ресурстары жөнінде қажетті мағлұмат алғысы келетін, жеке көзқарасын білдіріп, өз жобасы жөнінде объективті бағасын ала алатын балалар мен жастарға таптырмайтын мүмкіндік дер едік. Шартты түрде біз бұл жобамызды «Media Didactica» деп атадық. 

Соңғы жылдары ең қажетті деген ғылыми анықтамалар мен тұжырымдар, концепциялар мен графикалық кестелер, схемалар мен ғылыми терминдер қайта жинақталынып, жүйеленіп, толықтырылып ағылшын тіліне белсенді түрде аударыла бастады. Оған Wikipedia ашық (глобальді) энциклопедиялық электронды кітапхана порталы дәлел. Мысал ретінде Wikipedia ресурсынан «Kazakh history» немесе «Kazakh felt house» тақырыбы бойынша іздеу салатын болсақ, орыс тілінде жазылған ақпараттардан гөрі ағылшын тіліндегі мағлұматтар мол екенінен көз жеткіземіз. Ал, Slide Share ресурсы арқылы электронды оқулықтар жазып, мектептегі пәндер мен оған қосымша материал ретінде пайдалынатын цифрлы форматтағы оқу құралын, портфолилосын, анимациялық қосымшаларды қатар қолданатын білім жүйесін (авторлық дидактикалық ресурс) құруға болады. 

 Қазақстандық Your vision. және Facebook порталдары кез келген танымдық-әдістемелік материалдарды (тест, фото, кесте, математикалық модельдеу, графикалық дизайн, слайд, видео т.б) әр адам өз қалауынша жобалап, ғылыми-зерттеу бағыттары мен мәселелері туралы глобальді тұрғыда тәжірибе алмаса алады.

Аталмыш ақпараттық технологиялар жетіс тіктеріне негізделген тәжірибелер тек қана қарым-қатынас құралы ған болып қоймай, оқыту мен тәрбиелеу жүйесінің жаңаша деңгейде қалыптасуына мұрындық болғанын айтуға мәжбүрміз. Әрине, ұстаз бен шәкіртті, қалам мен кітаптың орнын дүниеде ешқандай құндылық ауыстыра алмайтынын баса айта келе, бүгінгі заманауи озық тәжірибелердің цифрлық форматтан тыс қарастырылуының тиімсіз екенін жөнінде қоғамдық пікір уақыт өткен сайын нақтыланып келе жатқанын байқаймыз. Демек, аса жылдам дамып келе жатқан ақпараттық қоғамның негативтік элементтерімен қатар, позитивтік құндылықтары да қалыптасып келе жатқанын жасыруға болмайды. 

Айтар ойымызға дәлел ретінде ғаламдық «Branshak.com» порталындағы ғылыми-танымдық форматтың мүмкіндіктерін айтуға болады. Оның жалпы мүмкіндігіне: кез келген пәннің видео өнімін иеленуі, түрлі-түсті слайд жобалар мен әртүрлі кестелерді жобалау және баяндау және басқа мультимедиалық шығармашылық идеяларды көпшілік ұсыну мен талдау артықшылықтары жатады. Осылайша, әр сабақтың пәндік ерекшелігі мен техникалық мүмкіндігі, жалпы мазмұны мен негізгі ұғымдары қосымша білім элементі ретінде қатар ұйымдастырылады. Мұндай әдіс оқыту мен тәлім-тәрбие үрдісінің тиімді жүргізілуіне және уақыттың тиімді һәм үнемді жұмсалуына ұйытқы болады. 

Оқыту мен тәрбие процесін ұштастыруда әр оқушы мен мұғалімнің аты-жөні және басқа қатысушылардың статусын анықтайтын мультимедиалық белгілері мен электрондық күнделіктері арнайы талап ретінде Интернет парақшасына айналуы тиіс. Порталдың осы уақытқа дейін белсенді аймақта жемісті әрекет етіп жатқан әріптестерінен артықшылығы көп жылдар бойы виртуальды әлемге танымал “Facebook”, “Twitter”, “Ytube” “LinkedIN”. “Google+”, “VK”. “G-Global” сынды алпауыт ғылыми-техникалық ақпарат ресурстарымен (ҒТАР) тығыз байланыстылығы болып табылады. Цифрлық білім технологиясы (Degital education technology) негізінде бүгінгі қазақ мектебінің ұлттық моделі қалыптасу керек. Аталмыш дүниеге қол жеткізу үшін мемлекет тарапынан мол мүмкіндіктер бар. Оның айқын бір дәлелеі «E-lеarning» бағдарламасы. Заманауи ауқымды ақпараттар ағынына сай бұл бағдарлама бүгінде өзінің мультимедиалық параметрлерін қайта жаңартуы тиіс. 

Жоғарыда аталған бірқатар порталдардағы білім жүйесіне анағұрлым бейімді болып келетін Интернет ресурстар орталығының коммуникациялық стратегиясы көптеген мамандардың назарын аударып отыр. Орталықтың цифрлық базасы арқылы мектеп практикасында ұзақ жылдар бойы жүзеге асырылып келе жатқан «Атамекен» бағдарламасының Америка еліндегі ағылшын тіліндегі нұсқасын оңай тауып алуға болады. Ал, оқыту әдісін цифрлық технологияға көшіруде “Online” режимінде 5 сыныпқа арналған «Жаратылыстану» пәні арқылы ұйымдастыру түбі, болашақта өзінің қажеттілігі мен маңыздылығын танытатыны анық. 

Бұл орайда арнайы Интернет-парақша ашып, аталған пән жөнінде толық ақпараттар жолдаған жөн. Бастапқы бетке өткен соң аталмыш жобаға қатысушы оқушылар мен басқа қатысушылар арнайы «Registration» көрсеткіші бойынша тіркеледі. Жалпы ақпараттық бетке пәндегі барлық сабақ мәтіндері бөлек veb-парақ түрінде жарияланады. Бұл үрдіс мектептегі білім стандарты жоспары бойынша өтілетін сабақпан қатар ұйымдастырылғаны абзал. Негізгі әрекет, пәндегі тапсырманы қайталау ғана емес, мәтіндегі негізгі ғылыми-танымдық ұғымдар мен терминдерді алдын-ала саралап, «Google reasercher» іздестіру ақпарат құралы арқылы ғылыми оқулықтар мен мақалалар, кестелер мен фото-видео материалдарды тауып, оны сілтеме арқылы белгілеп отыру болып табылады. 

Нәтижеде мынадай маңызды ақпараттарды біздер оқушылардың көмегімен аз уақыттың ішінде қабылдап, толықтырып һәм аналитикалық талдау жасауға мүмкіндік аламыз. Мысалы «Табиғаттағы су айналымы» туралы тақырыпты меңгеруде оқушылар оны тек оқулық жүзінде қабылдамай, қосымша ҒТАР құралы ретінде толыққанды орындау мультимедиалық шеберлігін меңгереді. 

Аталмыш форматта «Тұран-Астана» университеті жанынан оқыту мен тәрбиелеу жүйесін сандық технология негізінде қайта зерделеу мақсатында студенттер мен магистранттар үшін «Экология», ал мектеп оқушылары үшін «Жаратылыстану» (5 сынып) оқулықтары Интернет жүйесіне енгізілді. Оның ендірілу жүйесі жоғарыда аталған веб-порталдар мен ҒТАР мүмкіндіктерімен сұлбаланған. 

Бұл орайда Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігіне қарасты «Оқулық» орталығы тарапынан «E-Learning» бағдарламасы мен «Bilim Media Group» жобасы еліміздің мектептерінде ендірілуі үрдісіне оң баға берген жөн. Десек те, инновациялық бағыттағы жаңашыл әдістемелік нұсқаулар мен электрондық туындылардың жас ұстаздар тарапынан нысынаға ілігуіне жол ашу керек. 

Бүгінгі мектеп заман талабына сай бейімделуде. Мемлекеттік «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына сәйкес білім жүйесінің цифрлануы да заңды құбылыс. Оқулықтар  «3D Illustration» форматына сай электронды жүйеге көшірілуде. Отандық «Bilimland» жобасы көптеген оқушылардың назарын өзіне аударуда. 

Бір қызығы, ұлттық тәрбие бойынша «Internet Resourse» арқылы ақпараттар іздестіру барысында «Intelligence artificial» атты жасанды интеллектілік қабілеті бар «робот-мұғалім» педагог-әдіскер немесе ғыдыми зерттеуші ұстаздың мисиясын өз мойнына алған тәрізді.

Дегенмен, жоғарыда айтылған мағлұматтарға ден қоя отырып, бүгінгі таңдағы ғылыми-техникалық, коммуникативтік-ақпараттық һәм цифрлық-электрондық жетістіктердің жаңартылған білім беру жағдайында жас ұрпақтың жан-жақты дамуына зор ықпал ететін тұстарын ерекше атап өткеніміз жөн. 

Электронды мектеп немесе ІТ-форматтағы жаңа буын жүйесіндегі айтулы жаңалықтар - ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандаған туған халқының тағдырына алаңдайтын, ұлттық салт-дәстүрлер мен рухани мұраларды қастерлейтін, білімді, мәдениетті, ұлтжанды, дарынды һәм қаһарман жас ұрпақ өкілдерін дайындау мен тәрбиелеу үрдісінде қауқарсыз екені түсінікті. 

Жоғарыда баяндалған тұжырымдар төмендегідей ұсыныс жасауға негіз болды:

1.«Қазақ халық педагогикасы – ұлттық тәрбие негізі» тақырыбы бойынша жоспарлы түрде педагог мамандар мен басқа сала қызметкерлерінің  біліктілігін арттыру курсын (семинарын) өткізу;

2. Отбасы дәстүрінің жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру ісіндегі мыңғасырлық тәжірибесін ескере отырып жоспарлы түрде ата-аналар конференциясы мен басқа да маңызды іс-шаралар ұйымдастыру; 

3. Абай атындағы Қаз ҰПУ жанындағы «Ұлттық тәрбие» журналы негізінде, аталмыш мәселеге қатысты ғылыми мақалалар мен әдістемелік нұсқауларды тұрақты түрде жариялау; 

4. Мемлекеттік һәм лауазымды органдарда қызмет атқаратын жауапты мамандарды және басқа мекемелердегі қызметкерлердің этнопедагогикалық және этнопсихологиялық даярлығын қамтамасыз ету барысында маусым сайын арнайы курстар мен семинар-мәжілістер өткізу; 

5. Мектеп, мектептен тыс мекеме және басқа білім ордаларындағы ұлттық тәлім-тәрбие жұмыстарын «Атамекен» бағдарламасы негізінде бір жүйеге келтіру;

6. Ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысы бар деректі фильмдер, анимациялық-мультипликациялық фильмдер базасын құру; 

7. Жыл сайын «Жас Алаш» аты мектеп оқушылары мен ұстаздарының республикалық байқауын ұйымдастыру;

0
0
2278

М.Қыдырбайұлы, А.Мұсахан, т.б "Марс Планетасын колонизациялаудың Қазақстандық моделі"

  МАРС ПЛАНЕТАСЫН КОЛОНИЗАЦИЯЛАУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛІ ЖАҒДАЙЫНДА ҒАРЫШКЕРЛЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН БАҚЫЛАУ МОНИТОРИНГІСІ

КІРІСПЕ 

1-тарау. МАРС ПЛАНЕТАСЫ – ӘЛЕМ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ

1.1 Марс планетасы туралы жалпы түсінік

1.2 Марс туралы зерттеулер

1.3 Марс – біздің ортақ үйіміз

2-тарау. МАРСТЫ ИГЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ҒАРЫШКЕРЛЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН БАҚЫЛАУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛІ

2.1 Марс Планетасы – адамдар мекені 

2.2. Марсты колонизациялаудың қазақстандық моделі

2.3. Марсты игерудің қазақстандық моделін игіліктенуде «марсонавтардың» денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары 

ҚОРЫТЫНДЫ 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН ИНТЕРНЕТ РЕСУРСТАР 

ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР 

«Марс Планетасын колонизациялаудың қазақстандық моделі жағдайында ғарышкерлердің денсаулығын бақылау мониторингісі» атты (авторлары Мұсахан А, Қанатова Б, Беишев А, ғылыми жетекшілері Құрсабаев М.Қ, Сапарова А.Қ)  ғылыми-зерттеу жұмысына арналған

РЕЦЕНЗИЯ

Космос тақырыбы – соңғы жылдары тек біздің еліміз ғана емес, сонымен қатар ғаламдық деңгейге көтерілген ауқымды мәселелердің бірі болып отыр. Қазақстандағы «Байқоңыр» космодромы осы айтылған мәселелерге қатысы бар және аталмыш зерттеушілер көтеріп отырған кешенді жұмыстардың іске асырылуына бірден-бір себепкер болатын мекен екені шындық.

Тақырыптың Марс Планетасы және оның төңірегіндегі ауқымды ғылыми-техникалық, инженерлік-конструкциялық, технологиялық және инновациялық проблемаларды терең зерделей отыра, осы саладағы әлемдік жетістіктерді саралай отыра авторлар тарапынан қарастырылуы – бүгінгі таңдағы тың мәселелердің бірі екенін айғақтатып тұр. 

Авторлар, әсіресе 7 сынып оқушысы Аңсар Мұсаханның идеясы негізінде бастау алған «Марс колонизациялаудың Қазақстандық моделі» атты аса күрделі тақырып туралы батыл жорамал жасап, ол туралы мол ақпараттарға сындарлы талдау жасап, өз ретінде жеке көзқарастары тарапынан қарапайым идеядан конструкциялық жобаға дейін көтеруге бағытталған әрекеттерін ғылыми феномен ретінде бағалауға болады.

Зерттеу жұмысы 2 тараудан тұрады. Әр тараудағы тақырыптар көтеріліп отырған мәселенің мазмұнын жан-жақты ашып, өздері қол жеткізген жетекші тұжырымдар мен ғылыми анықтамалар арқылы пысықталып, қосымша материалдар арқылы өрнектеліп, осы сала мамандары назарын өзіне аударатындай түрде бейнеленген. Атап айтқанда, зерттеушілердің ғарыш техникасы мен инженерлік-конструкторлық құралдар мен құрылғылар туралы сипаттама бере келе, екі жылға жуық жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесі болып табылатын авторлық сипаттағы эскиздер мен ғылыми гипотезалық тұжырымдарының ұсынылуы құптарлық іс.

Жұмысты интерпретациялауда бірқатар стилистикалық қатерлердің болуы – еңбектің құндылығына нұқсан келтіріп тұрған жоқ. 

Қорыта келгенде, аталмыш материалды ғылыми жобалар сайысына жіберуге болады деген пікірімді білдіремін.

Рецензент: «Тұран-Астана» университетінің доценті, тахника ғылымдарының кандидаты:  Балтабаев М.С

КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда Марс Планетасын зерттеу һәм игеру ісі - әлемдік деңгейдегі мәселеге айналып, аталмыш жобаға қатысы бар көптеген мемлекеттердің назарын аударып отыр. Марс жобасы туралы әлемдегі космостық державалар: Ресей Федерациясы (бұрынғы СССР мұрагері), Америка Құрама Штаты, Еуропалық космос Агенттігі, Жапония, Қытай және 30-дан аса мемлекеттер ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарларын алға тартуда. 

Ғаламдық ғылыми-техникалық ақпарат ресурстары арқылы Марс және басқа космостық бағдарламалар жөніндегі мағлұматтарға жасаған талдау бойынша аталған тізімге Қазақстан да еніп отыр. 

Марс туралы бұдан 3,5 мың жыл бұрын көне Египет пен Вавилон жеріндегі алғашқы аспан мен жұлдызды зерттеушілер (жұлдызшылыр, астрологтар т.б) көп жылдық бақылау мен математикалық есептеу арқылы адамзат өркениетінде тұңғыш рет «геоцентристік» идеяны ұсынды. Бертін келе ол идея Грекия, Үнді, Қытай және Орта Азия елдеріне тарап, көптеген әлемге әйгілі ғалымдардың пайда болуына зор ықпалын тигізді. Геоцентризм идеясы жөнінде көнегрек ғалымдары Фалес, Анаксимандр, Анаксимен, Анаксагор, Пифагор, Парменид, Птоломей мол еңбектер жазды. 

Ғалымдар көшінде Қытай, Үнді елдерімен қатар Орта және Алдыңғы Азиядағы мұсылман ғұламалары Масуд Аль-Бируни, Насир Ад-дин ат-Тутси, Джабир ибн Афлах, Ибн Рушд Аверроэс, Мухаммад ибн Баджа, Джамшид Гияс ад-Дин ал-Каши сынды ғалымдар да ат салысты. 

Марс жобасы бойынша орасан еңбек 1960 жылдары СССР ғалымдары (Королев С, Мишин В) тарапынан іске асырылды. Ұзақ жылдарға дейін ол жоба аса құпия жағдайда сақталып кейін «Царь Ракета» (Н-1) деген атаумен көпшілікке белгі болды.

Космос жобасы, оның ішінде Марс Планетасын колонизациялау Америка Құрама Штатында 1915 жылы жолға қойылды. Ол DARPA стратегиялық бағдарламасы бойынша көп жылдан бері тұрақты, жүйелі, ауқымды һәм нәтижелі жұмыстар атқарып келеді. 1961 жылы астронавтар Алан Шепард пен Вирджил Грисс «Меркурий» жобасына қатысып, нәтижесінде Марс туралы мол мағлұматтар жинақталуына себепкер болды.

 2002 жылы жас ғалым Ilon Mack «SpaceX» жобасын қолға алып, Марсты колонизациялаудың ұтымды бағдарламасын ұсынды. 2006 жылы сәтсіздікке ұшыраған «Falcon» зымыраны 2018 жылдың сәуір айында космостық TESS телескопын аз шығын жұмсап ғарыш әлеміне сәтті аттандырды. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттiгi – 2007 жылдан бастап космос кеңістігін бейбітшілік жағдайында пайдалану барысында ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Байқоңыр космодромы – әлемдік деңгейдегі аса ірі кешен болып табылады. «Қазақстан ғарыш сапары» Акционерлік қоғамы космос кеңістігін зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық технологиялврды игеру мен пайдалануды жолға қоюда. 

Жоғарыда баяндалған аса ауқымды һәм күрделі мәселелерге жасаған талдауымыз Марс Планетасын зерттеу барысында қазақстандық модельдің жасалу стратегиясын айқындауға септігін тигізеді деген қорытынды жасаймыз. Әлемдік космостық державалар қатарында Қазақстанның жетекші орынға ұмтылуы – еліміздің осы сала бойынша соңғы жылдары атқарып келе жатқан жетістіктерінің мүмкіндіктерін шектеуге нұқсан келтірмейді.  

Осы ретте, мемлекет тарапынан болашақта Марсты зерттеу мен игерудің қазақстандық моделін айқындау мен анықтау шараларын қолға алғаны абзал деп санаймыз. Әлемдік космостық дерважалармен қатар Қазақстандық «Марс жобасының» қолға алынуы – мемлекет саясатының өзекті арналарының біріне саналуы - болашақта аталмыш сала бойынша жаңа формациядағы білікті мамандардың дайындалуына, космостық-ғарыштық технологиялар бойынша сапалы өнімдерді таңдауға және дайындап шығаруға, сондай-ақ Марс ғарышкерлерінің сапалық дайындығы мен денсаулықтарының қалыпты жағдайда сақталуы сияқты ауқымды стратегиялық жоспарлардың ұрпақ игілігіне айналуына басты мұрындық болады деген сенімдеміз. 

Аталмыш игі шараға ат салысу мақсатында 2017 жылдың қыркүйек айында Астана қаласы, №76 мектеп-лицей шаңырағында «GEOMARS» оқушылар үйірмесі жұмысын бастады. Ондағы негізгі мақсат аталмыш сала бойынша әлемдік масштабта жинақталған мол тәжірибелерге талдай жасай отыра, қазақстандық модельді айқындау болып табылды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру барысында төмендегідей іс-шаралар атқарылды: 

- үйірме жұмысының ұзақ мерзімді жоспары жасалды; 

- отандық һәм шетелдік ақпарат құралдары мен ғарыш мәселесіне байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстары, инженерлік-конструкторлық, медициналық, техникалық, инновациялық саладағы әлемдік деңгейдегі жетістіктер туралы мағлұматтар сараланды; 

- Марс жобасына қатысты идеялар мен гипотезалар туралы ақпараттар бір жүйеге келтірілді; 

- аталған салаға қатысты библиографиялық еңбектердің каталогы жасалды.  

Екі жылға жуық жүргізген жұмыстарымыздың нәтижесі көпшілік назарына ұсынылып отырған «Марс Планетасын колонизациялаудың қазақстандық моделі жағдайында ғарышкерлердің денсаулығын бақылау мониторингісі» атты зерттеу жұмысымыздың тақырыбын айқындауға негіз болды. 

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: 

- Космостық һәм ғарыштық зерттеулер жөнінде мағлұматтар жинастыру;

- Халықаралық «Google Lunar X PRIZE» жобасына қатысу;

- Әлемдік космостық державалардың стратегиялық жоспарлары мен ғылыми-техникалық жетістіктері туралы базалар қорын құрастыру; 

- Марс Планетасы туралы ақпарат жинақтау; 

-  Марс Планетасын колонизациялаудың қазақстандық моделін жасау және игіліктену; 

- Марсты игеру жағдайындағы ғарышкерлердің денсаулығын бақылау мониторингісін құрастыру;

- Жер мен Марс арасындағы қашықтық, уақыт, физикалық, химиялық элементтер мен басқа дүниелер жөнінде толық ақпарат алмасу; 

- Марсты тек туристік зона ғана емес – адамдар мекеніне айналдыру идеясын орнықтыру; 

- Марс Планетасын колонизациялау жөніндегі мемлекеттік немесе мемлекетаралық Хартия жобасын жасауға ат салысу; 

- Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттiгiне, космонавтар Тоқтар Әубәкіровке, Талғат Мұсабаевқа, Айдын Айымбетовке, Ресей Федерациясы «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясына, космонавт Алексей Леоновке, NASA Агенттігіне, Еуропа Ғарыш Агенттігіне және инженер-конструкторлар Bas Lansdorp пен Ilon Mack аттарына арнайы хат жолдау; 

- Илон Маск жетістіктеріне (SpaceX платформасы бойынша) негізінде Жер мен Марс арасында ұшатын ракеталардың жаңа нұсқасын сұлбалау;

- Марсты игеру – саясат миссиясы емес, қайта адамзат перзентіінің ғылым мен техника жетістіктерінің бейбітшілік жағдайда пайдалануы, өз ретінде әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясының басымдылық сипаттағы өркениетті қадамы ретінде тану жөніндегі «MARSGEO»атты жаңа қоғамда өмір сүретін адамдар қауымдастығын құру; 

- Марстың мұзын ерітіп, топырағына гүл егу арқылы адамға қолайлы оттегі мөлшерін алуға болатын жобаларды игіліктену; 

- Марс және оның спутниктерін, сондай-ақ астероидтар белдеуі мен оттегісі төмен (биосфераның жоқтығы) аймақты кешенді зерттеу – темір, мыс, металл, вольфрам, рений, уран, алтын сияқты минералды ресурстарды аз шығын жұмсап өндіруге жол ашудың маңызын айқындау;

- Марстағы кен орындарын барлау мен пайдаланудатопырақ бетіндегі радиоактивті сәулелердің шағылысу бұрышының белсенді әрекетін термоядролық зарядтар көмегі арқылы пайдалану – жаңа экономикалық қарым-қатынастың дамуы мен жаңа мандардың келуіне түрткі болатынын дәлелдеу.

Зерттеу кезеңдері: 

1-кезең (2016). Ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбына қатысты материалдарға талдау жүргізу: 

2-кезең (2017). Зерттеу тақырыбын айқындау. Зерттеу жұмысының ғылыми аппаратын интерпретациялау.

3-кезең. (2018). Ғылыми-зерттеу материалдарының толық сұлбасын қорытындылау. Қосымша мәліметтер мен басқа ресурстарды жүйеге келтіру.

Марс Планетасына қатысты ғылыми-техникалық ақпараттарға талдау жасалынып, нәтижесінде Марс Планетасын колонизациялаудың қазақстандық моделі жағдайында ғарышкерлердің денсаулығын бақылау мониторингісінің баяндалуызерттеудің ғылыми жаңалығы болып табылды. 

1-тарау. МАРС ПЛАНЕТАСЫ – ӘЛЕМ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ

1.1. Марс планетасы туралы жалпы түсінік

Марс жөнінде бүгінгі таңда көптеген материалдар жинақталған. Планета өз атауын көнегрек мифологиясындағы соғыс Патшасы Арестің құрметіне байланысты алған. 

1-сурет. Марстың космостан түсірілген суреті. https://en.wikipedia.org/wiki/Mars

Ғалымдар зерттеулері мен аталмыш тақырыпқа қатысты материалдарға сүйене отырып біздер Марстың орналасуына байланысты Күннен ұзақтауына байланысты төртінші қатарда болса, көлемі жағынан Күн системасындағы жетінші планета екеніне көз жеткіздік. Марстың «Қызыл Планета» деп аталуы оның бетіндегі маггемит (темір оксиді) минералының көптігіне байланысты. 

Марсты – Жер Планетасының туысы деп атауға болады. Себебі оның бетінде аз мөлшердегі шашыраңқы сипаттағы атмосфераның болуы Жерге ұқсастығын айғақтайды. Оған дәлел ретінде Планета бетіндегі ауа қысымының Жермен салыстырғанда 160 есе кем екенін айтуға болады.

Марстың рельефі де алуан түрлі. Кейде онда Ай Планетасы сияқты кратерлер көптеп кездеседі. Дегенмен, көптеген бөлігі, әсіресе жазықтар мен шөл аймақтар, вулкандық шоқылар, сондай-ақ полярлық мұздық қалқандар мен аласа таулы қыраттар Жер бетіне тым ұқсас келетіні – шынында ғажап ғарыштық құбылыс.

Марс орбитасында айналып жүретін соғыс Құдайы Арестің екі баласы Фобос (қорқыныш) пен Деймос (құбжық) деп аталатын қос спутник бар.

Жер мен Марстың көлемін мына өлшем арқылы байқаймыз. Жердің радиусы 6371 км, марстың радиусы 3389 км. 

Жер мен Марстың арасы 55 млн км болып табылады. Жер мен «Қызыл Планетаның» мұндай қашықтық траекториясына дәл келуі екі планета орбиталарының «оппозиция» шеңбері нүктесіне сәйкес келгендігімен анықталады. Бұл құбылыс әр екі жыл сайын қайталанып отырады. Демек, ғалым-конструкторлар мен ғарыш техникасын сынақтан өткізуді жоспарлаған адамдар осы заңдылықты басты назарда ұстайды. 

Марсты жұлдызды аспан көгінде оңай тауып алуға болады. Алыстан қарағанда ол өте жарық сәуле шашып, қызыл түсті болып жарқырайды. 

Қазіргі таңдағы заманауи ракетаның жылдамдығы сағатына 20 000 км ұшатынын ескерсек, біз Марсқа тігінен ұшатын болсақ, онда 115 күнде оған жетуге болады. Өкінішке орай, Күн системасындағы Планеталардың өз орбитасы бойынша айналып жүретін заңдылығына сай, біздер Марсқа бірден ұшып барып қона алмаймыз. Осылайша, бізге шамаман 150-300 күнге жуық уақыт керек болады. Ракеталардың ұшуы оның салмағы мен жанармай қорына да байланысты. 

Марста магнит өрісі мүлдем жоқ деуге болады. Оның бетінде ерте уақытта магнит өрісі болғаны белгілі болды. Ғалымдардың болжауынша 4 миллиард бұрын Марстың қыртыстарында тектоникалық құбылыстардың салдарынан плиталар қозғалысы байқалған. Қазір оның орнынан магниттік полюс орналасқан. Магниттің өрістің болмауы «Қызыл Планета» бетінің Күн радтациясы сәулесіне еш кедергісіз шағылысуына (астероидтардың емін-еркін соқтығысуына) мүмкіндік туғызып, топырақ бетін күйдіргені, ондағы өсімдік-топырақ жамылғысының жойылуына себебін тигізді. Сол себепті Күн радиациясының қыздыруы әрекеті Жерге қарағанда 2,5 есе жоғары. Мұндай аса зиянды радиациялық жағдай адамдардың Марста тіршілік етуіне зор нұқсанын келтіретіні сөзссіз.

Жалпы магнит өрісінің пайда болуы Планета ядросындағы түрлі металдардың қатты температураның әсерінің ұдайы балқу үрдісін (динамо-эффект әрекеті) қалыптастыруы электр тоғын тудыртатыны белгілі. 

Марстың қызыл түсті болуы оның бетіндегі шаң сияқты болып шашырап жатқан темір тотығы қалдықтары болып табылады. Күн радиациясының кедергісіз түсуі - сәулелердің белсендігін арттырып желдің пайда болуына ұйытқы болады. Желдің арқасында шаң-тозаң Марстың түгелге дерлік бетін жауып қызыл спектрлігі топырақтың жарқылдауына себепкер болады. Сөйтіп, Күн радиациясы мен желдің күші Марс атмосферасындағы су молекулаларын құрғатып, жойып, темірдің тоттануына әсерін тигізеді. 

 Марс жөніндегі әлемдегі ғылыми жаңалықтарға жұтшылықтың назар аудару барысында 1958 жылы Халықаралық астрономия Одағының Х Бас Ассамблеясында «Дүниежүзілік Планеталарды қорғау патрулі» атты ұйым құру жөнінде шешім қабылдайды. Өз қарамағында жеті ауқымды обсерваториясы бар Халықаралық Патрульдің басты миссиясы экватор бойына қатарласа орналасқан телескоптар арқылы Күн системасындағы барлық Планеталарды ұдайы бақылау болып табылды.

1.2. Марс туралы зерттеулер

Вавилон, Грекия және Орта Азия ғалымдарының ғарыш кеңістігі туралы ілімдеріне талдау жасай отыра акқымды зерттеу жүргізген Николай Коперниктің (1473-1543) гелиоцентризм жөніндегі жаңалығы Күн системасындағы планеталарды кешенді зерттеуге мүмкіндік беретін тұңғыш ғылыми революция дәуірінің қалыптасуына ұйытқы болды. Жинақтаған ғылыми болжамдар мен тәжірибелер қайта зерделеніп, өз кезегінде Иоганн Кеплер (1571-1630) тарапынан автордың «Жаңа астрономия» жинағы арқылы жүйеленіп, қайта толықтырылды. Күн системасындағы планеталар шеруіне талдау жасай келе келе Кеплер Марстың өз орбитасында дөңгелек шеңбер емес, эллипс пішіні бойынша айналатыны жөнінде батыл болжам жасаған. 

Иоганн Кеплердің мұндай ғылыми жетістіктерге қол жеткізуі оның ұстазы Тихо Брагенің (1546-1601) астрономия ғылымы саласындағы еңбектеріне тікелей қатысты болды. Ол Еуропа аймағында дәлдік математикалық өлшем бірлігіне сай келетін тұңғыш астрономиялық бақылаулар жүргізіп, жинақтаған материалдарын бір жүйеге келтерген. 

Марс туралы алғаш рет ғылыми тұжырым жасаған ғалым Галилео Галилей болды. Ол 1610 жылы өзі жасаған телескоп арқылы Планета бетінің альбедо жарқылына тән ерекше жарық шығаратын құбылысты байқаған. 

 Американдық ғалым Пе́рсивальЛо́уэлл (1855-1916) Марсты зерттеу барысында оның бетіндегі Аризона астероидын тапқан. 

ХІХ ғасырдың басындағы ғылыми жаңалықтар Марсты бақылайтын оптика мен телескоп құрылғыларының сапалы деңгейге көтерілуіне себеп болды. Нәтижесінде 1840 жылдары Марстың тұңғыш картасы жасалды. 

1920 жылдары Марс бетіндегі температуралық режимнің диапазоны айтарлықтай өзгеріске ұшырағаны белгілі болады. Аталмыш құбылыстың Жер бетіндегі актикалық шөл даладағы табиғат көріністеріне ұқсастығы дәлелденді. Аталған құбылыстарға терең назар аударған голландия ғалымы Дже́рард Пе́тер Ко́йпер (1905-1973) Марс бетіндегі салыстырмалы мөлшердегі көмірқышқыл газының барын дәлелдеді.

Марсты тіршілік нысаны болғаны жөнінде итальян ғалым Джова́нни Вирджи́нио Скиапаре́лли (1835-1910) гипотеза айтқан. Ол өзі жасаған Марс картасына сүйене отырып, ерте заманда марсиандық өркениеттің болғаны және олар ирригациялық жұмыспен белсенді түрде айналысқанын дәлелдеуге тырысты. 

Сербияның атақты ғалымы Никола Тесла (1856-1943) Марс туралы беймәлім радиотолқындар сигналын бірнеше рет естігені (жат планеталықтар баланысы болуы мүмкін) жөнінде 1899 жылы мәлімдеме жасады.

1960 жылдардың басында Марсты АМС (автоматты планетааралық спутник) жүйесі бойынша пилотсыз басқаратын арнайы спутник арқылы СССР империясы әлемде тұңғыш рет іске асыра бастады.
 

Сурет-2. «Луна-1» Автоматты планетааралық спутник. https://ru.wikipedia.org/wiki/%

Спутниктің негізгі нысаны геоцентристік орбитадан басқа ғарыш кеңістігінде пилотсыз технология бойынша түрлі мақсаттардағы күрделі тапсырмаларды орындау болып табылды. 

СССР империясымен қатар Америка Құрама Штаттары өздерінің «Mariner», “Viking”, “Global Surveyor” атты автоматты планетааралық спутниктерін ұшырды. Бүгінде Еуропалық ғарыш Агенттігі «Марс-экспересс» және Индия «Мангальян» спутниктерін ұшыруды жоғарғы деңгейге жеткізген.

Халықаралық НАСА Агенттігінің (АҚШ) «Викинг» жобасы (1959) Марс топырағындағы тіршілік қарекеттері туралы он жылдан астам ақпарат жинастырумен айналысты. Кейін ол жоба «Маринер» бағдарламасы (1964-1972) шеңберінде өзінің миссиясын жалғастырды. НАСА-ның «Mars Pathfinder» атты бағдарламасы (1996) сәтті жобалардың бірі болды. Ондағы «Соджорнер» атты Марсоход құрылғысы ұзақ жылдарға дейін мол ақпараттар алмасуға мұрындық болып келді. 

Халықаралық «ЭкзоМарс» жобасы (2016) Еуропа ғарыш Агенттігі мен «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бірлескен бағдарламасы болып табылады. Соңғы деректер бойынша аталмыш «Trace Gas Orbiter» атты аппарат Халықаралық «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Протон-М» зымыранының көмегімен 14.03.2016 ұшырылып, нәтижесінде 19.10.2016 жылы Марс орбитасына барып қонды. 

Бүгінгі таңда «ЭкзоМарс» бағдарламасының басты мақсаты Марстан 400 км биіктіктен Планета бойындағы асмосфералық құбылыстарды бақылап, ондағы газдардың құрамы мен қалыптасу негіздері туралы ақпараттар жинастыру болып табылады.

1.3. Марс – біздің ортақ үйіміз


 Американдық «Викинг» ғарыштық аппараты 1976 жылдан Марс бетіндегі микроорганизмдер туралы кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келді. Бүгінде қол жеткізген материалдар мен ақпараттарға жасаған талдау негізінде аталмыш топырақтағы тіршілік көзі туралы мағлұмат шындыққа жанаспай отыр. Дегенмен, көпжылдық бақылау нәтижелері Марс Планетасының заманауи топографиялық картасының жасалуына ұйытқы болды. 

3-сурет.Марстың заманауи топографиялық картасы. https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%

НАСА Агенттігінің «Марс Одиссей» спутнигі (2001) осы кезеңге дейін Марстың геологиялық құрамы мен ондағы минералдар туралы толыққанды бақылау жүргізді. Бір қызығы, Марс топырағында 70% жуық мол су қоры мұз күйінде сақталып тұрғаны белгілі болды. Марс бойындағы су құрамы жөнінде арнайы бақылау жүргізетін «Феникс» (2008) ғарыштық спутнигі қазіргі таңда тұрақты жұмыс істеп тұр. 

НАСА-ның «Mars Exploration Program» жобасы бойынша іске асырылып жатқан марсоход ғылыми-зерттеу лабораториялары (станциялары) «Spirit» (2003), «Opportunity» (2004) және «Curiosity» (2011) Марсты жан-жақты зерттеу барысында аса маңызды мағлұматтарды жинастыруда. Аталған жобалардың ішіндегі «Curiosity»лабораториясы бірнеше ай ішінде 20 км жүріп отырып, Марс топырағындағы микроорганизмдер мен топырақ бетіндегі атмосфера қабаты туралы мәліметтерді бір мезгілде қабылдау мен талдауды іске асырады. 

Америка Құрама Штаты мен Еуропалық ғарыш Агенттігінің бірлескен жобасы  Телескоп «Хабл» немесе «Hubble Space Telescop» (1990) – ғарыш кеңістігіндегі түрлі электромагниттік сәулелерді тіркеп отыратын кешенді құрылғы болып табылады. 

Дегенмен, Марс жобасын қолдаушылармен қатар оған қарсы пікір білдіруші жандар бар екенін білгеніміз абзал. АҚШ Планетология институтының ғылыми қызметкері Аманда Хендрикс «Қызыл планета» беті мен оның айналасындағы ауқымды радиациялық жағдай Жерден Марсқа адамдарды трансформациялауда өте үлкен кедергі келтіреді деп жорамалдады. Ғалымның ойынша, Жер Планетасының жақын көршісі Марсқа адамдарды колонизация жасамай-ақ жаңа технологиялық эсперименттер жасайтын ашық алаң ретінде қалғаны дұрыс екенін жеткізді. 

Мигичан университетінің профессоры Атуна Ридли, адамзат перзенті Марсты колонизациялауды жүзеге асырғанымен, ондағы техникалық және инфрақұрылымдық проблемаларды шешу барысында қанша қаражат жұмсалатыны жөнінде нақты мысал жоқ екенін алға тартты. 

NASA Агенттігінің қызметкері Крис Маккей, Марс жоспары бүгінде мол тәжірибе жинақтаған «Антарктика» Келісі бойынша әрекет етіп жатқан бағдарлама мысалында «Қызыл Планетаны» зерттеу тек үкіметаралық келісім негізінде қалғаны тиімді деп топшылады.

Поляк ғалымы философ Конрад Шоцик Марсты колонизациялаушылар ортақ мақсаттары мен мүдделерін «Марс қоғамы» игілігіне айналдыруы үшін ортақ діни конфессия болу керек деп ұсыныс жасады.

Марс бойынша1960 жылдары СССР ғалымдары (Королев С, Мишин В) тарапынан ұзақ жылдарға дейін құпия жағдайда сақталып келген «Царь Ракета- Н-1» жобасының бүгінгі мұрагерлері Ресей Федерациясы бүгінгі таңда ауқымды шараларды қолға алуда [23]. Ресейлік «ЭкзоМарс» жобасы мен жас конструктор Николай Дзись-Войнаровский тарапынан жасалып жатқан игі қадамдар болашақта адамдар үмітін ақтайды деген сенімдеміз [23].

«Царь Ракета» жобасы 1969 жылы басталды. Оның негізгі миссиясы 75 тонналық жүкті ғарыш кеңістігіне алып шығып, өз ретінде ғылыми-техникалық мақсатта кешенді түрде пайдалану болды. Өкінішке орай ракетаның 1969-ақпан, 1969-шілде, 1971 және 1972 жылдардағы Марсқа самғау жөніндегі әрекеттері сәтсіздікке ұшырады. 

Орталық басылымдарда Марс жөніндегі Ресейдің көзқарасы туралы академик Лев Зеленый жас ғалымдар Bas Lansdorp пен Ilon Mack жоспарлаған Марс жобасының «құр мақтан сөз» екенін жеткізді [24]. Өз сөзінде академик Марс айналасындағы радиациялық жағдай туралы толық сипаттама бере келе, адамдар үшін аса қауіпті екенін айтты. Ғалымның ойын дамыта келе, Күн радиациясы мен онымен байланысты басқа галактикалық радиациялық толқындар мен сәулелердің Марсқа және оған қатысты ғарыштық объектілерге осы күнге дейін қаншалықты дәрежеде ықпал ететіні толық болжам жасалмағандығы себеп болды деп жорамалдаймыз. Мұндай жағдайда «марсонавтардың» когнитивтік функцияларының ұшу сапары жағдайында қандай деңгейде болатыны, немесе оған керісінше әсер ететін «төтенше жағдайлардың» болатыны туралы нақты дәлелдер керек екенін атап өтеміз. 

2-тарау. МАРСТЫ ИГЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ҒАРЫШКЕРЛЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН БАҚЫЛАУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛІ

2.1. Марс Планетасы – адамдар мекені 

Марсты колонизациялау туралы идея американдық инженер Роберт Зубриннің «Марс қоғамдастығы» атты халықаралық ұйымын құру жөніндегі идеясымен байланысты [17]. Р.Зубриннің айтуынша адамзат перзенті жарқын болашақта, шамамен 2020 жылдардың ортасында Марсты игеру мен қоныстануда мол жетістіктерге қол жеткізеді. Өз сөзінде инженер Илон Маск жетістіктеріне (SpaceX платформасы бойынша) үлкен баға бере отырып, аталған «ғарыштық революция» негізінде Жер мен Марс арасында ұшатын ракеталардың жаңа нұсқасын ойлап табатын жаңа буын өкілдерінің әлемді таңқалдыратын жобалар ұсынатынын жеткізді.

Голландиялық жас ғалым Bas Lansdorp өзінің жеке қаражаты бойынша дайындаған «Mars One» жобасында (2013) Марсты колонизациялаудың аса тиімді және қауіпсіз бағдарламасын ұсынды. Автордың ойынша, жел энергиясын арнайы қондырғыларға орнатып, нәтижесінде кел келген мақсатқа «генерациялау» арқылы көздеген мақсатқа жететінін дәлелдеді.Bas Lansdorp өз сөзінде: «Адамзат жақын болашақта «Айға ұшу мен Олимпиадалық ойындардан асып түсетін» таңқаларлық медиа-ақпаратты естуі мүмкін. Оны жүзеге асыруға қажетті барлық құрал-жабдықтар мен технологиялар қазіргі уақытта дайын..», деп ресми түрде мәлімдеме жасады [18].

Бүгінгі таңда Bas Lansdorp пен Ilon Mack жоспарлары іс жүзіне асырылу үшін барлық жағдайлар қарастырылған. Атап айтқанда, SpaceX бағдарламасы аясында «Falcon Heavy» ракетасы арқылы 16 тонна жүкті Марсқа жеткізуге болатыны белгілі болды. Рекетамен бірге «Tesla Roadster»автокөлігі тұңғыш колонистер үшін «Қызыл планетада» серуендеу үшін жөнелтілетіні расқа айналды. 

Демек, Марсқа ең алдымен 200 үміткерлер арасынан арнайы тест арқылы таңдалып алынған екі ер адам және екі әйел адам (ерікті түрде) 2032 жылы Марсты мәңгілік мекен етуге аттанады.

Аталған ғалымдар мен инженер-конструкторлар жетістіктері және жоғарыда баяндалып өткен ғылыми-техникалық мағлұматтарға талдай жаса келе мынадай алғышарттарды айқындап кетуге болады. 

1. Марс Планетасын колонизациялау жөніндегі мемлекеттік немесе мемлекетаралық Хартия қабылдау.

2. Марсқа ұшу және онда тіршілік етуге қажетті құрал-жабдықтар мен тұғын-үй кешендерін іске асырудың Бас жоспарын құру.

3. Марсты – адамзаттың Екінші үйі ретінде қабылдау және оған 2030 жылдардың басында адамдарды (ерікті түрде) трансформациялаудың Жоспарын құру. 

4. Илон Маск жетістіктеріне (SpaceX платформасы бойынша)негізінде Жер мен Марс арасында ұшатын ракеталардың жаңа нұсқасын сұлбалау.

5. Жер мен Марс арасындағы жаратылыс тарихының хронологиялық (геомарсохронология) даму кезеңдері (көне эрадан бүгінгі дейін) жөнінде ғылыми-зерттеу орталықтарын ашу.

6. Қос Планетадағы тіршілік көздерінің милиардтаған жылдар бұрын ұқсас болып, кейін өсімдіктер мен атмосфералық ылғал арқылы өзгере бастаған (немесе кері құбылыстардың себебі) формациясы жөнінде ақпарат базасын құру. 

7. Марсты игеру – саясат миссиясы емес, қайта адамзат перзентіінің ғылым мен техника жетістіктерінің бейбітшілік жағдайда пайдалануы, өз ретінде әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясының басымдылық сипаттағы өркениетті қадамы ретінде тану жөніндегі «MARSGEO»атты жаңа қоғамда өмір сүретін адамдар қауымдастығын құру болмақ.

8. Марсты колонизациялау идеясы жаңа буындағы креативті инженерлер мен конструкторларды, биотехнология мен нанотехнология саласындағы жаңа мамандар һәм менеджерлер мен заманауи кәсіби мамандар легінің пайда болуына ықпал ететін қозғаушы күш екеніне баға беру.

9. Марсты колонизациялау жобасы өзінің шарықтау шегіне жеткенде Жер мен Марс арасында фантастикалық коммуникациялық жаңа технология пайда болады, адамзат өркениеті екі қоғамға (тек пен нәсіл өзгереді) бөлінеді, Жер бетіндегі демографиялық проблемалар жойылады (Марста дүниеге келгендер), өз ретінде басқа Планеталарды игеру барысында бұрын-соңды болмаған қадам жасалады.

10. Жердің алғашқы тұрпаты – бүгінгі Марсқа ұқсас екені белгілі болса, онда Марстың топырағындағы мұзды ерітіп өзен-көлге айналдыру, тасындағы гумусты қыздырып, нәр беріп, онда сан алуан өсімдіктердің қаулап өсуіне бағытталған ауқымды жұмыстарды қолға алу. 

11. Марстың мұзын ерітіп, топырағына гүл егу арқылы адамға қолайлы оттегі мөлшерін алуға болатын жобаларды игіліктену. 

12. Жер бетінде бүгінде «кері әсерін» тигізіп жатқан «парниктік эффект» құбылысы бойынша Марсты тез арада «қыздыру» әдісімен оның бетінде өмір сүруге қолайлы табиғи ортаны жасауға болады.

13. Марс қабаты пайдалы қазбаларға бай. Оны игеру мен пайдалану барысында адамзат перзенті бүгінгі технологияларға ұқсамайтын жаңа инфрақұрылымдар нысандарын иеленуіне зор мүмкіндік алады. 

14. Марс және оның спутниктерін, сондай-ақ астероидтар белдеуі мен оттегісі төмен (биосфераның жоқтығы) аймақты кешенді зерттеу – темір, мыс, металл, вольфрам, рений, уран, алтын сияқты минералды ресурстарды аз шығын жұмсап өндіруге жол ашады. 

 15. Марстағы кен орындарын барлау мен пайдалануда топырақ бетіндегі радиоактивті сәулелердің шағылысу бұрышының белсенді әрекетін термоядролық зарядтар көмегі арқылы пайдалану – жаңа экономикалық қарым-қатынастың дамуына жол ашады. 

2.2. Марсты колонизациялаудың қазақстандық моделі

Қазақ Елінде аталмыш саланы зерттеуге ат салысатын құзырлы мемлекеттік орган «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттiгi» (2007) деп аталады. Ол жөнінде орталық ақпарат құралдарында мынадай сипаттама берілген: «.. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттiгi, қысқаша Қазғарыш - ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік реттеуді, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте ғарыш қызметі саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Агенттіктің қызметі аясындағы негізгі міндеттері мыналар болып табылады: ғарыш қызметі саласында бірыңғай мемлекеттік саясат қалыптастыру және оның негізгі бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ету, өз құзыреті шегінде ғарыш саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен үйлестіруді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасында мақсатты ғарыш жүйелерін, жер үсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерін, ғарыштық зерттеулер мен технологияларды, кадр әлеуетін қамтитын ғарыш саласын қалыптастыру және дамыту, ғарыштық технологиялар мен қызметтер нарығын қалыптастыру үшін жағдай жасау, Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін атқарады..», - делінген [19].

Қазіргі таңда аталмыш Агенттіктің негізгі атқарған жұмыстары мен болашақтағы стратегиялық даму жоспары төмендегідей: 

- «Kazsat» спутниктік байланыс және хабар тарату жүйесін құру, оның ішінде «KazSat-2» және «KazSat-3» ҒА, резервтiк жерүстi басқару кешенi (РЖБК); 

- «Байқоңыр» ғарыш айлағында экологиялық қауіпсіз «Бәйтерек» ҒЗК құру;

- ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру; 

- Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру;

 - дәлдігі жоғары спутниктiк навигациялық жүйесінiң жерүсті инфрақұрылымын құру.

Дегенмен, осы құзырлы мемлекеттік органға қарасты «Қазақстан ғарыш сапары» Ұлттық компаниясының қазіргі таңда атқарып жатқан жұмыстары жетерлік екенін байқадық. Атап айтқанда: «Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы», «Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы», «Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» (ҒА ҚСК) жобасы», «Қағаз карталар мен жоспарларды векторлау, топографиялық карталар мен жоспарларды жасау және жаңарту, "5+" және "10+"», «Геоталдау және тақырыптық жобалар», «Фотограмметрия», «Картография» және басқа жүйелі жұмыстарды мақтанышпен жеткізуге болады [20]. 

Жоғарыда баяндап өткен мағлұматтарға жасаған талдауымыз мемлекеттік құзырлы органдар мен Ұлттық компаниялардың міндет-мақсаттары мен Стратегиялық даму жоспарында «Марс планетасын игеру» жобасына қатысты ресми ақпарат болмағанына көз жеткіздік. Мемлекет тарапынан мұндай жоспарлардың назарға алынбауы – Марсты колонизациялау жұмысының аса ауқымды, сонымен қатар мол қаржы қажет ететін халықаралық жоба екендігі себеп болды деген қорытындыға келдік. 

Біздің ойымызша, «Қызыл планетаны» игеру ісіне ат салысуға Қазақстан үкіметінің мүмкіндігі толықтай жетеді деп топшылаймыз. Оған қатысу үшін еліміздің әлемдік деңгейде аталмыш жоба жағдайында бірқатар тәжірибе жинақтаған мемлекеттер және ғарыш саласындағы компаниялар мен агенттіктермен тығыз қарым-қатынас орнатып, өз тарабымыздан мүмкін болатын техникалық, коммуникациялық, білім мен ғылым, экология,  адам ресурсы, әлеуметтік-экономикалық және медициналық көмек пен басқа қызмет көрсету сервистерін ұсынғанымыз абзал. 

Аталып өткен ой-тұжырымдар негізінде төмендегідей қорытынды жасаймыз: 

1.Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттiгi жанынан «Марсты колонизациялау жөніндегі» арнайы Ұлттық компания құру. 

2. Bas Lansdorp пен Ilon Mack жоспарларының іс жүзіне асырылуына ат салысу барысында «Марс қоғамы» мүшесі болуға тілек білдіретін Қазақстан Республикасы азаматтарының тізімін жасау. 

3. «Байқоңыр» ұлттық ғарыш айлағын Марс игеруге қатысты жоспарларды іске асыру барысында бірлескен халықаралық жобалар аймағына айналдыру және мемлекет тарапынан жеңілдіктер жасау шарасын қарастыру. 

4. «Марсты игеру» жөніндегі Қазақстан Республикасының заңын қабылдау.

5. Болашақ «марсонавттарды» дайындау мен «Марс колониясы» идеясын насихаттау барысында еліміздің өңірлерінде балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы орталықтар ашу.

6. Астана қаласы білім басқармасына қарасты №76 мемктеп-лицей базасында 2017 жылдан бері ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысып келе жатқан «GEOMARS» оқушылар үйірмесінің тәжірибесін республикалық деңгейде тарату және іс-шаралар ұйымдастыру.

7. Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттiгiне, космонавтар Тоқтар Әубәкіровке, Талғат Мұсабаевқа, Айдын Айымбетовке, Ресей Федерациясы «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясына, космонавт Алексей Леоновке, НАСА Агенттігіне, Еуропа Ғарыш Агенттігіне және инженер-конструкторлар Bas Lansdorp пен Ilon Mack аттарына арнайы хат жолдау; 

8. Марсты және басқа Планеталарды кешенді зерттеу мен насихаттауға бағытталған ғылыми-техникалық, медиа-анимациялық, әлеуметтік-экономикалық, баспагерлік-ақпараттық іс-шараларды ұрпақ игілігіне айналдыру иақсатын кешенді жұмыс жоспарын құру, халықаралық форумдар мен ғылыми жобалар сайысын ұйымдастыру.

9. Халықаралық «Google Lunar X PRIZE» жобасына қатысу. 

2.3. Марсты игерудің қазақстандық моделін игіліктенуде «марсонавтардың» денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары

Марсты колонизациялау жөніндегі қазақстандық моделді жасау және болашақ «марсонавтардың» қауіпсіздігін қамтамасыз ету идеясының авторы Астана қаласы, № 76 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Аңсар Мұсахан болып табылады.


 Жалпы идеяның іске асырылу кезеңі аталмыш мектепте өткізілетін «Геоақпараттық жүйелер» атты факультатив курсының нәтижесінде мүмкін болды. Дарынды оқушылар бастамасына назар аударған мектеп әкімшілігі мен жас директор Сафура Сейдуалиқызының қамқорлығын ерекше атап өткен жөн. 

4-сурет. «GEOMARS» үйірмесінің мүшелері, Астана, 2017 жыл

Үйірменің ұраны «Марсты тек туристік зона ғана емес – адамдар мекеніне айналдыру» болып табыды. 

Ең алдымен топ белсенділері Аңсар Мұсахан, Бірқаным Қанатова, Алихан Беишев, З. Рахимбекова, Тамерлан Кульбаев, Гүлназ Талғатқызы және басқалар жоғарыда баяндалып өткен материалдар негізінде «ЭкзоМарс-2020», «Царь Ракета» (Н-1), «Марс-5НМ», «Протон-М», «Space Launch System» (SLS, USA) ракеталарының құрылысы мен техникалық-конструкциялық мүмкіндіктерімен жақын танысты.  Нәтижеде, «Байқоңыр» халықаралық ғарыш айлағынан «Бриз-М» модулі көмегімен (қатты жылдамдықпен ракетаны аспанға ұшыратын құрылғы) «Протон-М» ракета-тасымалдаушы ғарыш кемесі арқалы арқылы Марсқа ұшырылатын кешен дайын болады.  Ұшу сапары екі бөлімнен (модулден) тұрады. Біріншісі – ұшуға арналған модулі болса, екіншісі десанттық модуль болып табылады. 

Ұшуға арналған модуль – Жер мен Марс арасындағы ұшу траектория бағытын бақылып, қажет жағдайда Күн энергиясымен толықтырылған жүйе арқылы энергия көзімен қамтамасыз етеді. Марс орбитасына жеткенде ұшуға арналған модуль «Қызыл Планета» атмосферасына кірген соң жанып кетеді. Ал, екінші десанттық модуль Марс бетіне қонуы тиіс.

  
  Енді осы конструкцияны негізге ала отырып өзіміз дайындаған «BIOFAR» ғарыштық кемесінің моделін ұсынамыз.

5-сурет. «GEOMARS» тобы ұсынған «BIOFAR» ғарыштық кемесі.

«BIOFAR» ғарыштық кемесінің техникалық сипаттамасы.

1: Онын 1-ші баспалдағы жерге қонады .

2: Ал 2-ші баспалдағы ғарышта орналасқан станциямен кездеседі.

3: Әрі қарай Марсқа сапар шегеді,содан соң 7 айдан кейін Марс орбитасына жетеді.

4: Содан соң Марсқа қонады,3 айдан кейін жерге қарай кері сапар шегеді.

Біздің ойымызша, ұшудан гөрі Марс бетіне қону аса жауапты іс болып табылады. Бізге қондырудың «қарапайым» және «қолшатырлық» түрі бар екені белгілі. Қону барысында қатты жылдамдықтағы «гипердыбысты» күйден «қарапайым» күйге жеткізуді қамтамасыз ететін жүйені ойластыру – қазіргі заман талабы болып отыр. Марстағы ауа атмосферасының шашыраңқы немесе біркелкі еместігін пайдалана отырып болашақта ракетаның қонуы мен қондыруын қажет ететін «аэродинамикалық тежелгіш» құрылғыларын жасап шығарғанымыз – «марсонавтрдың» денсаулығын бақылау мен олардың ғылыми іс-әрекеттерінің қамтамасыз етілуіне ұйытқы болмақ. 

Кабинадағы ауа арнайы құрылғы бойынша жасанды түрде пайда болады. Ол бүгінде медицинадағы “жасанды ауа” жүйесі арқылы іске асырылады. Ракета Жерден ұшып шығуы үшін алдымен Жерді айналып шығады. Марсқа жеткенде дәл соны қайталайды. 

Марс Планетасындағы ауа қабаты «уланғандықтан» оны тазартатын құрылғылар жасау керек. Марстағы кен орындарын барлау мен пайдалануда топырақ бетіндегі радиоактивті сәулелердің шағылысу бұрышының белсенді әрекетін термоядролық зарядтар көмегі арқылы пайдалануға болатынын біз жоғарыда айтып өттік. Демек, бұл әдісті өзіміз ұсынған «MARSHOMEL» конструкциясы арқылы іске асыруға болады.

6-сурет. «GEOMARS» тобы ұсынған «MARSHOMEL» тұрғын-үй кешені.

Біздің шешіміміз бойынша HOMEL компаниясы дайындаған “АҚЫЛДЫ ҮЙ” жобасы көпшілікке тарту етіледі. Ол 3 қабатты тұрғын үй болып табылады. Оның материалы “А-05” үрмелі және жиналмалы ерекше химиялық заттан жасалады. Марсоход бортына аталмыш үйді жылдам жинап-қайтарып алуға болады.

1-қабат. Зерттеу лабораториясы

2-қабат. Өмір сүруге қажетті арнайы құралдар мен экипаж мүшелері демалатын орын

3-қабат. Арнайы өсімдіктер паркі. Өсімдіктер үстінде Күн батареясы және антенна бар.

        
 Марс ғарышкерлерінің денсаулығын үшу сапарында қамтамасыз ететін негізгі құрылғының бірі – СКАФАНДР болып табылады. 

6-сурет. Марсонавт скафандры мен қосымша құрылғылары. 

Скафандр материалы нейлон, декрон, кеврал және басқа химиялық қоспалардан тұрады. Оның бір ерекшелігі – аса маңызды мағлұматтарды оң (Arm System1) және сол (Arm System2) қолдарда орналасқан «Skarlet» платформасы болып табылады. 

Марс жағдайында ғарышкерлердің тамақтануы жөнінде көптеген пікірлер мен дайын өнімдер бар. Кешегі СССР үкіметі тұсында тамақтану үрдісі арнайы қорапшада сақталған түтікшелерден тұратын сығынды заттар болса, бүгінде оның бірнеше түрлерін дайындайтын арнайы кәсіпорындар ерекше тағам түрлерін ұсынуда. 

Қандай да кәсіпорын болмасын, ол тағамды дайындайтын стандарттарға сай болуы керек. Ол үшін сублимация немесе лиофилизация әдісімен тағам құрамындағы сұйықтарды жою керек. Сублимация әдісі «сүрлеу» әрекетінен бөлек болады. Дайын өнімді -70 градустық температурада қатырып, ішіндегі ауа мен ылғалы жоқ арнайы ваккумге орналастырады. Ваккумдағы тағамды ұзақ мерзізге дейін сақтауға болады.    

ҚОРЫТЫНДЫ

Көпшілік назарына ұсынған аталмыш жобамыз арқылы Марс Планетасы және оның айналасындағы мәселелер төңірегінде мол ақпараттар беріп, толық қамту мүмкін еместігін айтқымыз келеді. Таңдаған тақырыбымызға байланысты оң немесе басқа пікір білдірген адамдар мен ғалымдар көзқарастары мен ұсыныс-тілектерін ескере отырып, біздер алдымызға қойған игі мақсаттарымыздың болашақта адамзат перзентінің игілігіне айналады деген зор сенімімізді бұқара халыққа мақтанышпен жеткізгіміз келеді. 

Алайда, бүгінгі таңда Қазақстан жағдайында ғарыш саласына бағытталған мемлекет саясатының халықаралық стандарттар негізінде жоспарланып, өз кезегінде іске асырылу жүйесінің қолға алынғанын бағалай келе, біз және осы сала бойынша зерттеу жүргізіп жатқан адамдардың ұсыныс-тілегіне үкімет пен құзырлы органдардың Марс Планетасын зерттеу мәселесіне терең назар аудару қажеттігін алға тартамыз. 

Біз өз тарапымыздан Марс жобасының тек қана еліміз ғана емес, сонымен қатар космос зерттеу құрылымдарының ғарыштық зерттеу стратегиясының міндет-мақсаттарымен тұспа-тұс келетініне ерекше сенімдіміз. Демек, алға қойған стратегиялық жоспарларымыздың халық пен жас ұрпақ игілігіне толықтай айналатынына күмән келтірмейміз.

Жоғарыда баяндалған материалдар мен ғалымдар мен инженер-конструкторлар жетістіктері және жоғарыда баяндалып өткен ғылыми-техникалық мағлұматтарға жасаған талдауымыз төмендегідей қорытынды жасауға негіз болды:

1. Марс Планетасын колонизациялау жөніндегі мемлекеттік немесе мемлекетаралық Хартия қабылдау.

2. Марсқа ұшу және онда тіршілік етуге қажетті құрал-жабдықтар мен тұғын-үй кешендерін іске асырудың Бас жоспарын құру.

 3. Марсты – адамзаттың Екінші үйі ретінде қабылдау және оған 2030 жылдардың басында адамдарды (ерікті түрде) трансформациялаудың Жоспарын құру. 

4. Илон Маск жетістіктеріне (SpaceX платформасы бойынша)негізінде Жер мен Марс арасында ұшатын ракеталардың жаңа нұсқасын сұлбалау.

5. Жер мен Марс арасындағы жаратылыс тарихының хронологиялық (геомарсохронология) даму кезеңдері (көне эрадан бүгінгі дейін) жөнінде ғылыми-зерттеу орталықтарын ашу.

6. Қос Планетадағы тіршілік көздерінің милиардтаған жылдар бұрын ұқсас болып, кейін өсімдіктер мен атмосфералық ылғал арқылы өзгере бастаған (немесе кері құбылыстардың себебі) формациясы жөнінде ақпарат базасын құру. 

7. Марсты игеру – саясат миссиясы емес, қайта адамзат перзентіінің ғылым мен техника жетістіктерінің бейбітшілік жағдайда пайдалануы, өз ретінде әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясының басымдылық сипаттағы өркениетті қадамы ретінде тану жөніндегі «MARSGEO»атты жаңа қоғамда өмір сүретін адамдар қауымдастығын құру болмақ.

8. Марсты колонизациялау идеясы жаңа буындағы креативті инженерлер мен конструкторларды, биотехнология мен нанотехнология саласындағы жаңа мамандар һәм менеджерлер мен заманауи кәсіби мамандар легінің пайда болуына ықпал ететін қозғаушы күш екеніне баға беру.

9. Марсты колонизациялау жобасы өзінің шарықтау шегіне жеткенде Жер мен Марс арасында фантастикалық коммуникациялық жаңа технология пайда болады, адамзат өркениеті екі қоғамға (тек пен нәсіл өзгереді) бөлінеді, Жер бетіндегі демографиялық проблемалар жойылады (Марста дүниеге келгендер), өз ретінде басқа Планеталарды игеру барысында бұрын-соңды болмаған қадам жасалады.

10. Жердің алғашқы тұрпаты – бүгінгі Марсқа ұқсас екені белгілі болса, онда Марстың топырағындағы мұзды ерітіп өзен-көлге айналдыру, тасындағы гумусты қыздырып, нәр беріп, онда сан алуан өсімдіктердің қаулап өсуіне бағытталған ауқымды жұмыстарды қолға алу. 

11. Марстың мұзын ерітіп, топырағына гүл егу арқылы адамға қолайлы оттегі мөлшерін алуға болатын жобаларды игіліктену. 

12. Жер бетінде бүгінде «кері әсерін» тигізіп жатқан «парниктік эффект» құбылысы бойынша Марсты тез арада «қыздыру» әдісімен оның бетінде өмір сүруге қолайлы табиғи ортаны жасауға болады.

13. Марс қабаты пайдалы қазбаларға бай. Оны игеру мен пайдалану барысында адамзат перзенті бүгінгі технологияларға ұқсамайтын жаңа инфрақұрылымдар нысандарын иеленуіне зор мүмкіндік алады. 

14. Марс және оның спутниктерін, сондай-ақ астероидтар белдеуі мен оттегісі төмен (биосфераның жоқтығы) аймақты кешенді зерттеу – темір, мыс, металл, вольфрам, рений, уран, алтын сияқты минералды ресурстарды аз шығын жұмсап өндіруге жол ашады. 

 15. Марстағы кен орындарын барлау мен пайдаланудатопырақ бетіндегі радиоактивті сәулелердің шағылысу бұрышының белсенді әрекетін термоядролық зарядтар көмегі арқылы пайдалану – жаңа экономикалық қарым-қатынастың дамуына жол ашады. 

16. Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттiгiне, космонавтар Тоқтар Әубәкіровке, Талғат Мұсабаевқа, Айдын Айымбетовке, Ресей Федерациясы «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясына, космонавт Алексей Леоновке, НАСА Агенттігіне, Еуропа Ғарыш Агенттігіне және инженер-конструкторлар Bas Lansdorp пен Ilon Mack аттарына арнайы хат жолдау;

17. Халықаралық «Google Lunar X PRIZE» жобасына қатысу.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН ИНТЕРНЕТ РЕСУРСТАР

1. NASA's Jet Propulsion Laboratory. Mars: Facts & Figures. Solar System Exploration. NASA. 

2. Williams, David R. Mars Fact Sheet. National Space Science Data Center. NASA (September 1, 2004). 

3. Seidelmann P. K. et al. (2007). «Report of the IAU/IAG Working Group on cartographic coordinates and rotational elements: 2006». 

4. Konopliv A. S. et al. (January 2011). «Mars high resolution gravity fields from MRO, Mars seasonal gravity, and other dynamical parameters». Icarus 211 (1): 401—428. DOI:10.1016/j.icarus.2010.10.004. Bibcode: 2011Icar..211..401K.

5. M. Allison, M. McEwen. A post-Pathfinder evaluation of areocentric solar coordinates with improved timing recipes for Mars seasonal/diurnal climate studies // Planet. Space Sci.. — 2000. — Vol. 48. — P. 215—235. — DOI:10.1016/S0032-0633(99)00092-6.

6. Mars Exploration Rover Mission: Spotlight. mars.nasa.gov 

7. Марс // Большая советская энциклопедия : [в 30 т.] / гл. ред. А. М. Прохоров. — 3-е изд. — М. : Советская энциклопедия, 1969—1978.

8. Bill Keeter. A ‘Super Grand Canyon’ on Pluto’s Moon Charon (23 июня 2016). 

9. Marinova M. M., Aharonson O., Asphaug Е. (2008). «Mega-impact formation of the Mars hemispheric dichotomy». Nature 453 (7199): 1216—1219. 

10. Making a Splash on Mars - Science Mission Directorate. nasa.gov. 

11. Sheehan W. Appendix 1: Oppositions of Mars, 1901–2035. The Planet Mars: A History of Observation and Discovery. University of Arizona Press (February 2, 1997). 

12. Алексей Левин. Тайны Красной планеты // «Популярная механика». — elementy.ru, 2007. — Вып. 12.

13. Planets and Pluto: Physical Characteristics // Jet Propulsion Labaratory, NASA

14. Давыдов В. Д. Глобальные характеристики Марса // Современные представления о Марсе / Под ред. А. Б. Васильева. — 2-е изд. — М.: Знание, 1978. — 64 с.

15. Энциклопедия для детей: Астрономия / Глав. ред. М. Д. Аксёнова. — 2-е. — М.: Аванта+, 1998. — Т. 8. — С. 540. — 688 с. — ISBN 5895010164.

16. Бронштэн В. А. Планета Марс. — М.: Наука, 1977.

17. Зубрин Роберт. Когда люди заселят Марс и смогут ли дышать без скафандров. https://fakty.com.ua/ru/lifestyle/20180911-kogda-lyudy-zaselyat-mars-y-smogut-ly-dyshat-bez-skafandrov/

18. https://en.wikipedia.org/wiki/Bas_Lansdorp

19. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттiгi. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D

20. Қазақстан ғарыш сапары. http://gharysh.kz/

21. Расстояние от Земли до Марса. http://lfly.ru/rasstoyanie-ot-zemli-do-marsa.html

22. Железняков А. Б. «Царь-ракета» Н-1. «Лунная гонка» СССР. — М.: Эксмо, 2016. — 112 с. — ISBN 978-5-699-93116-3.

23. Академик РАН оценил планы Маска по полетам на Марс. https://ria.ru/science/20181004/1529992047.html 

24. Миссия выполнима: России отвели ключевую роль в экспедиции на Марс. 

https://tvzvezda.ru/news/opk/content/201610051000-vsxq.htm  

25. Space Launch System. https://en.wikipedia.org/wiki/Space_Launch_System 

0
0
6809

Академик Серғазы Қалиұлының 85 жылдығына арналған «Ұлы Дала ғұламалары мұрасы» конференциясы

Академик Серғазы Қалиұлының 85 жылдығына арналған  "Ұлы Дала ғұламаларының ғибратнамалық мұралары" Интернет-конференциясы. Астана, 25 маусым 2016 жыл

 

Қазақ Халық Академиясы қоғамдық қоры  2016 жылы маусымның  25 жұлдызында Астана шаһарында Қазақ этнопедагогикасы ғылымының іргетасын қалаушы ғұлама  ғалым,  академик Қалиев Серғазы Қалиұлының 85 жылдығына арналған

«ҰЛЫ ДАЛА ҒҰЛАМАЛАРЫНЫҢ ҒИБРАТНАМАЛЫҚ МҰРАЛАРЫ» атты Hangouts форматында халықаралық Интернет-конференция өткізеді.

Конференция барысында төмендегідей мәселелер талқылану жоспарлануда:

Ұлы Дала ғұламаларының этикалық әфсанналары

Академик Серғазы Қалиұлының ғұмырнамасы

ХХІ ғасыр патриотының моделі

Ғаламдық жаһандану жағдайындағы этнопедагогика һәм этнопсихология ғылымы

Заманауи білім жүйесіндегі инновациялық технологиялар мен сандық ресурстар

Мақалалар (Times New Roman, кегль - 12 форматында 5 парақтан аспауы тиіс) қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде [email protected] поштасына 12.06.2016 дейін жолдануы тиіс. Ғылыми Жинаққа жариялану жарнасы 3000 теңге.

Реквизиттер: АО «Казкоммерцбанк» БИК KZKOKZKX  KZ37926150119R006000

Культурно-образовательный фонд «Казахская Народная Академия» ЧФ

Ақпараттық орталық: Астана. Бөгенбай батыр даңғылы 18, офис 1-9. Тел: 7172 57 64 24, 702 18 207 18, 707 215 1961. Muhamedrahim Kursabaev.

 

Казахская Народная Академия 25 июня 2016 года на формате Hangouts проводит Международную Интернет-конференцию «ГУМАНИСТИЧЕСКИЕ НАСЛЕДИЕ МЫСЛИТЕЛЕЙ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ» посвященную 85 летию основоположника научной школы казахской этнопедагогики академику Сергазы Калиулы.

На конференции планируется обсуждение актуальных вопросов по следующим направлениям:

Философские и этические учения мыслителей Великой Степи

Жизнь и научная деятельность академика Сергазы Калиева

Модель патриота ХХІ века

Этнопедагогическая и этнопсихологическая наука в условиях всеобщей глобализации

Инновационные технологии и цифровые ресурсы в современной системе образования

Научные публикации (Times New Roman, кегль - 12 до 5 стр) на казахском, русском и английском языках принимаются по электронной почте  [email protected] до 12.06.2016 . Организационный взнос 3000 теңге.

Реквизиты: АО «Казкоммерцбанк» БИК KZKOKZKX  KZ37926150119R006000

Культурно-образовательный фонд «Казахская Народная Академия» ЧФ

Информационный центр: Астана. пр.Богенбай батыра 18, офис 1-9. Тел: 7172 57 64 24, 702 18 207 18, 707 215 1961. Muhamedrahim Kursabaev.

   

С. Қалиевтың ғылыми мектебінің ерекшеліктері

Кәкімбек Аюбай- деректанушы

 

Қазақ ғалымдарының ғылыми мектептерінің туу, қалыптасу және олардың өзіндік ерекшелікгері мен бағыттары туралы зерттеу еңбекгері жоқтың қасы. Көптеген зерттеулер белгілі ғалымның еңбекгерін жан-жақты қарастырғанымен, ғалымның ғылыми мектебі жөнінде сөз қозғай қоймайды. Қозғаған күңце ол адамнан оқыған, дәріс алған немесе диссертация қорғаған шәкірттер санын көрсетумен шектелетіні мәлім. Ал шәкірттің бәрін бірдей ғалымның ғылыми мектебіне қоса берудің реті келмейді.

Қазіргі өркениет заманында шығармашылықпен айналысушы тұлғаның “ұжым адамына” айналуы туралы сөз қозғай отырып, белгілі ғалым Ш.Таубаева ғылыми мектептің қалыптасуы жөніндегі теориялық еңбектерге ой жүгіртіп, Қазақстанда жеке ғалымдардың ғылыми-білімдік мектептері мен зерттеу ұжымы мектептері қалыптаса бастағанын көрсетеді.[1]

Біз бұл мәселе жөнінде Ш.Таубаеваның пікірлеріне толық қосыламыз. Әйткенмен, қазақ ғалымдарының ғылыми мектебі туралы зерттеулер жоқтың қасы. Осындай өзіндік ғылыми зерттеу мектебін қалыптастырған ғалымнын бірі – профессор С.Қалиев туралы ой бөлісуді жөн көрдік.

Кезкелген ғалым өз саласы бойынша бүрынғы және өз түсындағы теориялық, практикалық жетістіктерді оқып үйрену, меңгеру және өзіндік тұжырымдар ұсыну кезеңдерінен өтетіні мәлім. Профессор С.Қалиев та осындай жолдардан өтті.

Қазақстанда этнопедагогика ғылымының негізін салушы ғалым профессор С. Қалиевтың ғылыми еңбектері туралы жазылған еңбектер аз емес. Бірақ ол кісінің ғылыми мектебінің қалыптасуы туралы жазыла қоймағаны байқалады. Ең алдымен бұл – ғылыми мектеп. Ғылыми мектептің өзіндік бірнеше ерекшеліктері бар.

Соның біріншісі – авторлық тұлға. Бұл тұрғыда С.Қалиев мектепте бастап,  Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы директорының орыбасары болып, жоғары оқу орындарына дейінгі барлық білім саласынан сатыдан өткен  білікті маман саналады. Сонымен бірге мектепте қарапайым мұғалім болудан бастап, педагогика ғылымының докторы дәрежесін алып, профессор, академик деңгейіне жеткен ғалым. Әрі барлық қызметте ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленген лидер. [2]

Келесі ерекшелік – автор идеяларының жаңашылдығы, ертеңге бағыттылығы. С.Қалиев 1980-жылдарың ортасында халық педагогикасымен тығыз айналыса бастаған кезде оның салт-дәстүр, ауыз әдебиеті туралы зерттеулермен шектелуін байқайды. Енді ұлттың осы ұлы мұрасын мектепке және ғылыми педагогика аясына ендіру идеясы ойға келгенімен, ол кеңестік тәрбие жүйесіне жат еді.  Сондықтан бұл идеясын қазақ халқының тәлімдік ойларын жинақтап, жүйелеу арқылы іске асыру жолдарын қарастырды.

Автор идеясы бойынша ғылыми жоба құру – ғылыми мектептің кезекті ерекшелігі. С.Қалиев Қазақстан мектебі мен педагогикалық ойлары туралы әдебиеттерді жинап, талдап, сұрыптап, олардың қысқаша аннотациясын әзірлеп, баспадан шығару туралы ғылыми жоба жасады.

Жобаны іске асыру үшін өзі жетекшілік ететін уақытша шығармашылық шағын топ құрып, оның құрамына араб тілінің маманы К.Аюбаев пен орыс тілінің маманы С.Қалықованы алды. Сөйтіп, екі бөлімді аннотациялық көрсеткіш жарық көрді. [2]

Осы тұста КСРО Педагогика ғылымдар академиясынан Қазақстанның педагогикалық ойлары антологиясын құрастыру туралы тапсырма келеді.

Ғалым оған да жоба әзірлеп, жұмыс тобын құрды. Шығармашылық жұмыс тобына псхолог профессор Қ.Жарықбаев, К.Аюбаев, С.Қалықова қосылады. Сонымен бірге сырттан тіл, әдебиет, тарих, философия, т.б. салалар бойынша көптеген белгілі ғалымдар мен білікті мамандар тартылды.

Осылай шығармашылық ғалымдар қауымдастығының құрылуы – С.Қалиевтың ғылыми мектебіне ерекшеліктің бірі.

Осы құрамда әзірленген Қазақстан педагогикалық ойлар антологиясы кеңес өкіметі ыдырауына байланысты, Мәскеуден шықпай қалып, Қазақстанда орыс тілінде бір томдық, қазақ тілінде екі томдық болып жарық көрді. [4], [5] Олар содан бері педагогикалық зерттеулер үшін дереккөз ретінде пайдаланып келеді.

Кеңес өкіметі ыдырағаннан соң бұл мектеп және бір келелі мәселеге көңіл аударды. Ол – Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі қазақ тәлімін теориялық тұрғада қайта қарастыру мәселесі еді. Осы кезге байланысты академик К.Нәрібаев: “Одақ құлағаннан кейін, біз білім жүйесінен кеңестік тоталитарлық идеологияны аластағанымызбен, өзіміздікін жасамадық. Вакуумды батыс үлгілерімен толтыра бастадық” — деп жазды. [6]

Аталған вакуумды ұлттық өз идеологиямызбен толтыру үшін қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрін қайта қарап зерделеу міндеті түрды. Соған орай халықтық педагогикаға деген сұраныс шұғыл көтерілді.

Халықтық тәлім-тәрбие сол халықтың өзімен бірге туып, бірге дамитын күрделі қүбылыс. Әрбір ұлттың өзіндік ерекшелігі оның географиялық ортасы, қоғамдық-әлеуметгік болмыс-бітімімен қатар, ең алдымен сол халықтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы арқылы көрініс береді. Яғни ол ұрпақ тәрбиесінің күнделікті тіршілікгегі үзілмес үрдісі болып табылады. Өйткені халықтық педагогиканың негізгі міндеті –қоғамдағы қалыптасқан дәстүрлі тіршілікгі жалғастыру үшін болашақ ұрпақты алдағы тіршілік күресіне әзірлеу. Демек, салт-дәстүрді сақтау ересектер үшін қасиетті парыздың бірі болса, оған үйрену, игі қасиеттерін бойына сіңіру жас ұрпақ үшін ауадай қажеттілік. Олай болмаған күнде жас ұрпақ өзінің ұлттық менталитетінен айырылып, өзге ұлттық меңталитетке сіңісіп кете алмай, аралық күйде қалуының зардабын тартамыз.

Сондықиан ғалым ілгерідегі ұлттық салт-дәстүрді  мектепке және ғылыми педагогика аясына ендіру идеясын жүзеге асыруды қолға алды. Өз басшылығымен бастауыш сыныптан бастап жоғары оқу орындарына дейін түрлі бағытта бірнеше шағын шығармашылық топ құрып, бағдарламалар түзеді. Онда Қ.Жарықбаев, С.Иманбаева, М. Құрсабаев, М.Оразаев, М. Смайылова, З.Әбілова, Ә. Ашайұлы, т.б. болды.

Осындай  жетекші, оның шәкірттері және шәкірттерін қамтыған ұжым ғылыми мектептің үш ғылыми ұрпақтық ерекшелігін көрсетеді.

Осылардың ішінде өз бағдарламаларын құрып, жетекшілік еткендер де бар. Мысалы, М.Құрсабаевтың «Атамекен» бағдарламасы өзінің сан тараптылығымен, қазіргі өмір талабын толық жауап алуымен және жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеу қуатымен ерекшеленіп, бүкіл Қазақстанға кең таралды. [7]

Бұл С.Қалиевтың ғылыми мектебіне тән бірнеше лидердің болу ерекшелігі.

Бағдарлама, әдістемелік әзірленімдерді авторлар өздері мектептерге насихаттап, таратып, әдістемелік кеңестер берді. Нәтижесінде Қазақстан мектептері осы бағдарламаларды басшылыққа алды.

Ғылыми өнімді өздері әзірлеу, оларды насихаттау және тарату С.Қалиевтың ғылыми мектебіне тән және бір ерекшелік болып табылады.

Жоспарланған іс бойынша белгілі ғалымдар мен жетекші мамандарды тартып, бейресми ұүжымдық түрде жұмыс істеу сипатының басымдығымен дараланады.

Бұл С.Қалиевтың ғылыми мектебіне тән бейресмилік пен ашықтықты білдіреді.

Сонымен бірге  С.Қалиевтың ғылыми мектебіне тән түрлі сала ғалымдарының қазақ тәлімі тарихы бойынша идеяластығы мен қүлшыныскерлігі (энтузиазмі) айқын байқалады.

Қазақстанды мекендеуші өзге ұлт диаспораларының қазақ тәлім-тәрбиесінің қалыптасуына белгілі деңгейде ықпалы бар. Осыған орай С.Қалиевтың жетекшілігімен Рсепубликамыздағы бірнеше халықтың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары зерделенді.

Қазақстанды мекендеуші өзге ұлт диаспораларының тәлім-тәрбиесін назарда ұстау да С.Қалиевтың ғылыми мектебіне тән қасиет.

Қазақ тәлім тарихына ежелден қатысы бар ұйғыр, өзбек, әзербайжан, түрік халықтарының әдет-ғұрыптарының ұқсастықтары айқын аңғарылады. Ал, орыс, украин, неміс, поляк халықтарының салт-дәстүрлері еуропалық ерекшеліктерін байқатады. Бірақ, бұлардың барлығына ортақ бір қасиет – жалпы адамзаттық құндылық сипаты.

Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықты ұштастыра қарастыру да –  С.Қалиевтың ғылыми мектебіне тән үрдіс.

Патшалық жөне кеңестік Ресей кезеңдегі бір мемлекет құрамында болған бұл халықтардың кейінгі салт-дәстүрлеріндегі өзгерістер бәрімізге ортақ болып табылады.

С.Қалиевтың ғылыми мектебіне тән және бір ерекшелік – осы ТМД елдері халықтарының салт-дәстүрлеріндегі ортақ сипаттарға назар аудару.

Онда халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі жан-жақты қамтылады. Қазақ тәлім-тәрбиесінің тарихы тереңнен қозғалады. Қазақ халқының салт-дәстүрлері зерттеліп, әр қырынан ашылып, оларды мекепке ендіру жолдары айқындалады.

Мәселені кешенді қарастыру – С.Қалиевтың ғылыми мектебіне тән ерекшелік.

1990 жылдары этностық педагогика және психология ғылымдарын профессорлар С.Қалиев пен Қ.Жарықбаев республикамызда алғашқылардың бірі болып, шығармашылық ынтымақтастықпен зерттеу ісіне кірісті. Бұған қарап, бұрын халықтық педагогика болмаған екен деген үғым тумауы тиіс. Аталған ғалымдар кеңестік тоталитарлық режимнен кейін осы ғылым салаларына қайта оралған буынның алғашқы өкілдері болуымен бағаланады. Олар "халықтық педагогика және психология", "этнопедагогика және этнопсихология" терминдерінің жігін ашып, алдыңғысы практикаға, соңғысы ғылымға тән қолданылатындығын көрсетті. [8]

Энопсихолог профессор Қ.Жарықбаев пен энопедагог С.Қалиевтың ұзақ жұптаса  еңбек етуі – осы ғылыми мектептің басты ерекшелігінің бірі.

С.Қалиев мектебі шетелдермен де ынтымақтастық байланыс жасайды. Ол басқаратын ұжым көп жылдар Монғолиядағы қазақтар мекендейтін Баянөлгий аймағымен, Қырғызстандағы педагогикалық ғылыми-зерттеу институтымен, жоғары оқу орындарымен үзбей байланыс жасап келеді. Қазақ пен қырғыз халқының туысқандығы, тарихи тамырлас халық екендігі белгілі. Олардың дербес ұлт ретінде қалыптасуға дейінгі тарихи және тәлімдік мұралары екі елге де еншілес.

Кезінде жас ғалым С.Қалиев кандидаттық диссертациясын Қырғызстанда қорғаса, кейін профессор С.Қалиев сол елдегі жас ғалымдардың ғылыми еңбектеріне оппонент болумен бірге, Б.Әбдиевке ғылыми жетекші болып, кандидаттық диссертация қорғатты.

Профессор С.Қалиевтың тікелей жетекшілігімен Монғолиядан Қ.Қабдыразақұлы, Ә.Ашайұлы кандидаттық диссертация қорғап, халықтық педагогика бойынша осы мектептің үрдісін өз елдерінде жалғастырып келеді.

Мемлекеаралық ынтымақтастық С.Қалиевтың ғылыми мектебіне тән қасиет.

Профессор С.Қалиев пен К.Аюбайдың құрастыруымен Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясының он томдығы жарық көрді.  Онда қазақ тәлімінің үш мыңжылдық тарихы қайта қарастырылып, оған қатысты дерек көздер жинақталып, зерделеніп, сұрыпталып оқырман қауымға ұсынылды. [9]

Онда халықтық тәлімнің ауыз әдебиетіндегі көріністері тағылымдық тақырыптар бойынша топтастырылып, жыр жөне қарасөз түріне бөлініп, екі томға берілді.

Ежелгі дәуірден - ХІҮғ. рулар мен ұлыстардың әлі ұлтқа бөліне қоймаған кезеңін қамтиды. Сондықтан бұл дәуір ескерткіштері қазіргі көптеген ұлттардың ортақ мұрасы болып табылады. Соңғы уақытқа дейін назарға ілінбей келген сақ, тұран, иран дәуіріндегі ежелгі жазбалар қамтылды. Көне түркі жазба ескерткіпггері — түркі тайпаларынан аса бағалы тарихи-мәдени жазба мұралары болып табылады. Ескерткіштердің қысқаша мазмұны таныстырылып, аудармалардың түрлі нұсқаларынан үзінділер берілді. Түркі халықтарының ислам дінін қабылдауымен байланысты араб және түркі халықтары мәдениетінің кірігуі нәтижесінде қалыптасқан ілкі ортағасырлық мәдени жазба мұралар қамтылды. Қазақ халқы өз алдына хандық құрып, мемлекет болып, өзіндік ерекшелігі, болмыс-бітімі айқындалған тұстағы тәлімдік мұралар берілді. Қазақ халқы Ресей империясының қоластына енгеннен бастап, ұлттық тәлім-тәрбие өзгерістерге түсте бастады. Дәл осы кезеңде қазақ мектептері арасында үш ағым пайда болды: қадим, орыс жөне жадид ағымдары. Осы ағымдарға байланысты педагогикалық ой-пікірлер көрініс берді. Кеңестік кезеңде қазақ тәлім тарихы айтарлықтай ілгері басты. Қазақстанда мектептер ашылып, халық тұтастай сауаттандырылды. Түрлі сатыдағы оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары жұмыс істеді. Педагогка ғылымы қалыптасып, ғылыми-зерттеу жұмыстары үздіксіз жүргізілді. Бұлар жеке томға енгізлді.

Тәуелсіз Қазақстанның 2000-жылдарға дейінгі тәлімдік ойлары жинақталды.

Антологияның дәстүрден тыс өзіндік ерекшеліктері мынадай:

  1. Халықтық тәлімнің ауыз әдебиетіндегі көріністері жыр жөне қарасөз түріне бөлініп, екі томға берілді.
  2. Б.з.б. 1-мыңжылдықтан бергі көне жазба деректер тұтас қамтылды.
  3. Кеңестік дәуірде мансұқ етілген діни мұралар айналымға кіргізілді.
  4. Қазақ мерзімді басылым тағылымдары дербес томға жинақталды.
  5. Шетелдік қазақ диаспорасының тәлімдік ойлары топтастырылды.
  6. Қазақ тәлімі шетелдік зертгеушілердің ой-пікірімен толысты.
  7. Қазақстандық өзге ұлттардың тәлімдік ойлары жеке томда берілді.
  8. Сөйтіп, Антология әрі ұлттық мәдени мұра, әрі тәлімдік дереккөз, әрі оны оқып үйренушілер үшін қосымша әдебиет болып табылады.

Сөйтіп, қазақтың тәлімдік ойларын ежелгі сақ дәуірінен бастап бүгінге дейін жан-жақты, шетелдік қазақ диаспорас мен Қазақстандағы өзге ұлттар диаспорасын қоса тұтас қамту – С.Қалиевтың ғылыми мектебіне тән басты ерекшеліктің бірі.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1 Таубаева Ш. Развитие теории педагогического процйсса научной школой ученого-педагога Н.Д.Хмель. //Вестник Академии педагогических наук Казахстана.-2005, номер 1.- С. 26-34.

2 Сексеннің сеңгіріндегі Серағаң. Құаст.: К.Аюбай, Ғ.Байғұлов.- Алматы: Полиграфия Севис и К.-2006.- 446.

3 Калиев С., Аюбаев К., Каликова С. Краткий аннотированный указатель литературы по истории школы и педагогической мысли Казахстана. На двух языках. часть I; II. — Алматы: Кітап – 1987.- 1990.

4 Қазақтың төлімдік ой-пікір антологиясы. (Құаст: Қ.Жарықбаев, С.Қалиев.) 1, 2 том. -Алматы: Рауан—1996, 1998.- 414 б.

5 Антология педагогической мысли Казахстана (сост. Проф. К.Жарикбаев, С.Калиев). Алматы “Рауан”, 1995.- 512 стр.

6 Нарибаев К. Интеграционная политика в области высшего образования. //Вестник Академии педагогических наук Казахстана.—2005, № 1, С. 14-21.

7 Құрсабаев М.Қ. Атамекен бағдарламасы және Атамекен ұйымы.//Қазақстан мектебi, №7-8/1994

8 Қалиев С., Жарықбаев Қ. Қазақ төлім-төрбиесі-Алматы: Санат- 1995-350 б.

9 Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы. Он томдық. /Құраст.: С.Қалиев, К.Аюбай.-Алматы: Сөздік-Словарь, 2005-2010.

 
0
0
3072

ІС-САПАР ЕСЕБІ (М.Қыдырбайұлы)

"Тұран-Астана" университеті "Туризм және сервис" кафедрасының оқытушысы Мұхамедрахим Құрсабаевтың ІС-САПАР ЕСЕБІ

Үстіміздегі жылдың 17-18 наурыз күні "Манас" қырғыз-түрік университетінің шақыруымен біз Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек шаһарында "Ғаламдық жаһандану жағдайындағы көпсатылы жоғары білім беру жүйесінің бүгіні һәм болашағы"  тақырыбында өтетін жиынға қатыстық.

Аталмыш жиын Түркі әлемі педагогтары ассоциациясының қолдауымен бірнеше жылдан бері өтіп келеді.

Ректор 
Проф. Др. Сeбахаттин Балжы
Первый проректор 
Проф. Др. Асылбек Кулмырзаев

Университет басшылары профессор Себахаттин Балжы және доктор Асылбек Кулмырзаев халықаралық мәртебесі бар білім ордасының жетістіктері туралы әңгімелеп берді.

 

"Манас" университетінің деканы Акматали Алимбеков студенттер мен магистранттардың ғылыми жұмыстары туралы тартымды мағлұматтармен бөлісті.

 

     

 

Жиынға Түркия оқу орындары өкілдері және Орта Азия мемлекеттері ғалымдары қатысты

         

.

   
0
2
5462

ТАРИХ-ГЕОГРАФИЯ ПӘНІН GOOGLE EARTH ФОРМАТЫ АРҚЫЛЫ ТАНУ. М.Қыдырбайұлы

Бүгін ойда жоқта бір қуанышты жағдайға тап болдым.
Əріптесім, Құлсары қаласында (Атырау облысы) тұратын Гүлзия Əбілқайырованың сіңлісі Айсəулені Астана темір жол станциясынан күтіп алуға бардым. 
Олар бір топ оқушылармен "Балдəурен" лагерінде дем алып елге бірге аттанғалы жатыр екен. 
Балалар сондай ақылды һәм инабатты екен. Салған жерден мен өзім дайындап жүрген "Тарих пен география пəнін Google Earth платформасы арқылы меңгеру" жобасы бойынша вокзал ішінде тұрып ашық сабақ өткіздім. 
Қандай ғажап əсер алдым десейші! Əсіре Жұлдыз деген қыз балаға керемет риза болдым. Ол мен айтқан атауларды сол мезетте жаттап алды. 
Мен оған "Жұлдыз! Сен менен де күштісің. Ертең ауылға барғанда осы үйренгеніңді достарың мен ұстаздарыңа сабақ-дəріс формасы ретінде өткіз дедім
Muhamedrahim Kursabaev
Құлсарыдағы Жұлдыз (Жука) қызымнан хабар алып қуанып қалдым. Екеулеп тау қопаратын болдық. Біз ұсынған "Panoramio Google Map" жобасы бойынша бүкіл Қазақстаннан осы бала ғана белсенділік танытты.
Рамазан Тажиев
Сәлеметсіз бе ағай,мені таныдыңыз ба Рамазанмынғо,сіз таныстырған программа маған қала ішінде қандай мейрамханалар бар екенін білуге көп көмектесті.Сізге көп-көп рахмет.
   

Аман ба Рамазан! Қуаныштымын! Енді ол жобаны тоқтатпай одан ары дамыт. Насихатта. Хабар күтем. 8 702 18 207 18
Сәлеметсіз бе,сыныптастарыма бұл программаны таныстырдым.Олардың арасында да қызыққан оқушылар болды.Бұл программа арқылы көптеген географиялық мүкіндіктер бар екенін де түсіндірдім.
Жарайсың Рамазан! Сен нағыз доссың.8 702 18 207 18
Сәлеметсіз бе,қазақтың жаңа жылы-Наурыз құтты болсын.Сізге зор денсаулық,еңбек жолында көптеген жетістіктер тілеймін!
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
Ағай қалай сонда мектептен мысалы клуб немесе топ ашсам,оларға осы программаны қалай жеткізем
Сіздің посттарыңызды оларда көріп,маған "клуб ашайық" деп
жатыр.Мен не істерімді білмей жүрмін
Мен клуб ашар болсам,мектептегі көп бала маған қосылғысы келеді
Маған өте қызық,мектептегі директордың Тəрбие ісі жөніндегі ұйымдастырушы ұстаздары да рұқсат беріп отыр
Бірақ,клуб ашар болсам тек осы жобадан басқа жобаның жоғы ойландырады
"Сені қолдап Сертификат беріп жатқан ешкім де жоқ,клуб ашуыңа қарсы емеспіз əрине,клуб ашсаң бір жобамен ғана жұмыс жасай бермейсің ғой?"-деді ұйымдастыруды ұстаз
Группаны осы ВК-дан аш. Атын "Ттарих және география пәнін Google Map арқылы тану" деп ата. Қажет болса мен сендерге мектепке барайын. Директор, завуч және сынып жетекші телефондарын осында жазып жібер. Ешкімнен қорықпа, ертең кеш қаламыз. профессор Мұхамедрақым Құрсабаев. 8 702 18 207 18
Қадірлі қауым, ұстаздар мен ата-аналар! Мына бастаманы тезірек қолға алу керек. "Panoramio Google Map" жобасы уақытша ғана. Кейін ол ақылы жүйеге өтеді. Электронды кітапхана мен оқулықтар "E-Book" һәм "E-Routledge Library & Information Science Journalsry" һәм "E-Library" сияқты жобалар ескіріп барады. Енді ставка "Цифрлық геоинформация" (Global Digital GIS) форматына өтуде.
Агай салеметсиз бе?Сиз айткан корсеткен жоба мен тапсырган жумыстарды касыма бр бала алып жумыс жасап жатырмын.Бари жаксы.Сыныптастарыммен,достарыма,ообасыма корсеттим.Арасында кызыгыып жумыс жасап жаткандарда бар☺
Сизбен жумыс жасаган маган кызык болып жатыр.
.
0
0
1053

КИІЗ ҮЙ ТАРИХЫ МҰРАЖАЙЫ – ӘЛЕМ ЭТНОСТАРЫ МӘДЕНИАРАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ КӨПІРІ Құрсабаев М.

КИІЗ ҮЙ ТАРИХЫ МҰРАЖАЙЫ – ӘЛЕМ ЭТНОСТАРЫ

МӘДЕНИАРАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ КӨПІРІ

Құрсабаев М.К., «Тұран-Астана» университеті

МУЗЕЙ ИСТОРИИ ЮРТЫ – КАК ЗОЛОТОЙ МОСТ ГЛОБАЛЬНОЙ МЕЖКУЛЬТУРНОЙ ИНТЕГРАЦИИ ЭТНОСОВ МИРА

Казахстан, как родина юрты номадов и коренных этносов мира, должен стать флагманом данного исследовательского ресурса. Юрта, как уникальная конструкция, неразрывно связана с ассоциативными составляющими компонентами: национальной кухни, этномузыкальных инструментов, национальных костюмов и узоров, ювелирных и прикладных искусств, трапезы и доспехов, традиции и обычаев,  устным народным творчеством, которые сопровождают весь процесс реализации данного проекта. Считаем целесообразным продвижение данного проекта в социуме, используя многовековой опыт и этнокультурное наследие кочевых этносов мира (казахов, кыргызов, монголов, узбеков, калмыков, туркмен, афганцев, американских индеецев, африканских племен, эскимосов и  т.д)  и как эффективное решение проблемы  «экологизации общества», с целью внесения достойного вклада в реализацию глобальной программы «зеленой технологии» и развития туристской индустрии в Казахстане.

THE MUSEUM HISTORY YURTS US GOLDEN BRIDGHE GLOBAL CULTURAL INTEGRATION IN THE WORLD INDIGENOUS PEOPLE

Kazakhstan, as the birthplace of yurts of nomads and indigenous ethnic groups of the world, to become the flagship of the research resource. Yurt as unique design, is inextricably linked with associative components components: national cuisine Ethnomusical instruments, traditional costumes and ornaments, jewelery and applied arts, dining and armor, traditions and customs, oral traditions that accompany the whole process of the project. Consider it appropriate to advance the project in society, using centuries-old experience and ethno-cultural heritage of the nomadic ethnic groups of the world (Kazakhs, Kyrgyz, Mongols, Uzbeks, Kalmyks, Turkmen, Afghan, American Indian, African tribes, Eskimos, etc.) and as an effective solution to the problem "greening of society ", with a view to making a decent contribution to the implementation of a global program of" green technology "and the development of the tourist industry in Kazakhstan.

   

Елімізде туризм саласы әлемдік деңгейде қарыштап дамып келеді. Ел экономикасының негізгі тұтқасы болатын аталмыш саланың игерілмей келе жатқан арнасы әлем көшпенділері киіз үйлерінің геоархеологиялық һәм рекреациялық ресурстары екені анық. Осы ретте соңғы жылдары ауқымды зерттеу жүргізіп келе жатқан аталмыш ғылымдар мен зерттеушілердің тырнақалды еңбектерінің алғашқы топтамасының жарық көруі заңды құбылыс. Соңғы жылдары осы тақырып аясында өлкетану, археология, тарихи география һәм экотуризм саласындағы зерттеушілер мен студенттер (магистранттарға) қатысуымен бірқатар жұмыстар атқарылды.

Ежелгі заманнан бері миллиондаған жылдар тізбегінде адамзат перзенті орман мен сайларды, тау үңгірлері мен ағаш үйінділерін паналады. Мұндай табиғаттың қатал күштері мен жаратылыстың сұрапыл құбылыстарын тану мен одан қорғану барысында тас үңгірлер алғашқы пана бола алды. Найзағай отын шебер пайдалана білген алғашқы адамдар, ағаш жағу арқылы тек ас дайындау ғана емес, сонымен өздері мекендеген тас үңгір ішін жылыта алды. Олар Жаратқан Иенің мұндай сыйы мен құдыретіне таңданған көріністерін тас бетіне салған суреттері мен тас құралдары арқылы білдіруге тырысты. Ер адамдар болса, аң аулап, әйелдер ас әзірлеп бала бақты, мал терісін тазалап оны тұрмысқа икемдеді.

Уақыт өте келе тас үңгір айналасындағы ит-құс пен жабайы жеміс-жидектер қоры азайды. Оның үстіне адамдар тобыры күн санап молая түсті. Күнкөріс қамының қиындай түскенін сезген тайпа көсемдері бірнеше тобырға бөлініп, жан-жаққа жер аудару қажеттігін түсінді. Тайпаның бір тобы орманды алқапқа кетсе, келесі тобы өзен-көл мен шалғынды мамыржайға тап болды. Ауа райының жылы мезгілінде адамдар тобырының үдере қоныс аударуы қорек көзі мен шалғынды аймақтың тұрмыс-тіршілікке анағұрлым жайлы болғандғынан байқалмады. Ата мекенінен едәуір ұзап, жайлы жатын, шұрайлы шалғындық пен ит-құсы мен балығы мол алқапқа үйреніп қалған олар артқа қайтуға зауқы соқпады.

Күннің күрт суытуы адамдардың орманды-дала зонасынан суықтан қорғануына барынша мұмкін болатын пана мекендерді іздестіруіне ұйытқы болды. Осылайша, алғаш рет адамдар тас үңгірден тыс дала жағдайында өмір сүруге дағдылана бастады. Алғашында олар өздері аулаған жабай мамонттар мен бұғылардың терісін жамылып, піл сүйегін «күркей» ретінде пана етті. Олар жерге тік шаншылған сүйектерді айқастыра жас шыбықтың қабығымен орап, оның сыртына мал терісін айқара жапты. Бірте-бірте жер-ошақ пайда болған соң, ошақ сыртын ұзын қарағай сырықтарымен айқара бақандап, қадалған ағаштардың бір ұшын байлап, екіншісін жерге қазық ретінде шаншып қапталдады. Кейін ошақ орнын жерге дөңгелене қазылған«жертөленің» ортасына орналастырып, топырақ бетін құрғақ шөптер мен бұта-жапырақтармен жапты. Жертөле айналасына 9-15 ұзын сырықтан тұратын қарағай немесе үйеңкі ағаштарын топырақ бетіне қазық ретінде орналастырып, сыртын мал терісімен қаптады.

Археолог Жакен Таймағамбетовтың айтуынша бұдан 25 мың жыл бұрын Ертіс өзенінің жағасында (Шүлбі қонысы) алғашқы адамдар қазіргі Сібір көшпенділері мен Канада эскимостары күркелеріне  ұқсас (Чумм, Типпи – Chumm, Tippi) ежелгі қоныс орнының табылғаны – қазақ даласының әлем номадтары жұртордалары (киіз үйлері) отаны һәм атажұрты екенін дәлелдейді.

Ботай қонысы (Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары) маңында энеолит дәуірінде (5-5,5 мың жыл) ғұмыр кешкен адамдар тұрмыс-тіршіліктері әлемде тұңғыш рет жылқыны қолға үйретіп, өз кезегінде қымызды ашыту технологиясы мен тұрақордаларын иеленгенін дәлелдеп отыр. Аталмыш сала бойынша зерттеу жүргізген отандық және шетел ғаламдарының тұжырымдары мен ғылыми қағидалары жалпы әлем көшпенділері «күркейлерінің»  даму эволюциясын қалыптастырды деуге болады.

Ботай мәдениеті көшпелі тұрмыстың классикалық үлгісін қалыптастырып шаруашылық әрекет пен экономикалық қарым-қатынастың адам мен табиғаи арасындағы шынайы гамониялық сипатта өрбігенін көрсетті. Бұл жөнінде біздер арнайы тақырып ретінде тоқталып, аталмыш құбылыстардың өміршеңдігі мен қоғамдық қажеттіліне баға беруге талпынбақпыз. Қазақстан, Орта Азия және Еуразия даласына ежелден белгілі болған көшпенділер тұрақордасы эволюциясы өз ретінде тарих, этнология, этнография, тарихи география және археология ғылыми-зерттеу саласы мамандарының еншісі екенін атай отыра, қол жеткізілген мұралар мен құнды заттарға негізделе отырып, көшпенділер (номадтар) тұрақордасы, яғни бүгінгі «киіз үй», «nomads yurt», «юрта» және басқа халық қазынасын ғаламдық деңгейдегі туризм объектісі екенін айқындау, оның рекреациялық мүмкіндіктерін қоғам мен ұрпақ игілігіне айналдыру болып табылады.

Шүлбі қонысында кіндігі кесілген байырғы жұрторданың тым қарапайым болуы көшіп-қону барысында ыңғайлы болғандығынан деуімізге негіз бар. Тау-тас үңгірлерінен алшақтауға мәжбүр болған көне далалықтар шөл мен шөлейт һәм орманды-далалаы алқаптарда жүріп-тұруға өте-мөте ыңғайлы жұртошақты (күркей, лашық, жертөле, абылайша, чумм, типпи) кәдеге жаратуы бекер емес. Оны қажет жағдайда паналау, құрастыру табиғи ортаның қай нүктесінде болмасын ұзақ уақыт дайындықты қажет етпейтін шаруа екенін ескерген жөн. Аталмыш кезең 25-6 мың жылдар арасын қамтып, сайын даладағы тұрмыс-тіршіліктің қайнарына айналды.

Шүлбі мен Ботай мәдениеті арасын жалғаған жұртошақ пен жұрторда эволюциясы адамзат тарихы мен мәдени мұрасының ажырамас қазынасына айналып, қоғамдық формацияның барлық заңдылықтары мен қағидаларын бойына сіңірді.

Ботай мәдениеті тұсында әлемде тұңғыш рет жабайы жылқыларды қолға үйреткен ботайлықтардың «ерлігі» өздері мекен еткен аймақтағы жан-жануарлардың азық қорегі тұрғысынан күрт азайып кетуі немесе табиғат құбылыстары мен катаклизмдері әсерінен басқа территорияға жер ауып (миграциялануы) кетуі салдарынан болуы мүмкін. Уақыт өте келе жабайы жануарларды қолға үйрету тенденциясының тым қарқынды көрініс табуы – азық-түлік қорегінің жетіспеушілігінен екені дау тудырмайды. Малдың қолға үйретілуі оның өсуі мен күрт төмендеу динамикасын бақылап отыруға мүмкіндік берді. Ал, мал өсімі мен өнімінің тұрмыс-тіршілікте маңызды орын алғаны өз алдына жеке мәселе.

Ендігі кезекте жұрторда өзінің жұртошақтық дәрежесінен заманның ағымына қарай едәуір өзгеріске ұшырап, далалық номадтардың сән-салтанаты мен салт-дәстүрлеріне қарай икемделіп, барынша күрделене түсті. Оның сайран құрған салтанатты кезеңін сақтар мен ғұндардың һәм көнетүркі тайпаларының «Алтын дәуірі» деп бағаласақ жаңылмаймыз.

Еуразия құрлығының апайтөс даласын сан ғасырлар бойы атамекені санаған көшпенді-номадтардың соңғы ұрпағы, бүгінде әлемдегі өркениттті мемлекеттермен терезесі тең тәуелсіз мемлекеттті құраушы қазақ жерінде 2017 жылы Бүкіләлемдік «ЕХРО 2017 Astana» бүкіләлемдік көрмесінің өткізілуі ХХІ ғасырдың басындағы адамзат жамиғатындағы аса ерекше оқиғалардың бірі болып қалары анық.

Өткен ғасырлар қойнауында (1465-1821) Қазақ Хандығы (Kazakh Khatate, Kazakhya) деген атаумен әлемге мәшһүр болған еліміз 1991 жылы қайтадан тәуелсіз мемлекет болып қалыптасқанына 20 жылдан асты [1].

Бүгінгі Қазақстан Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың басқаруымен заман талаптарына сай, ұтымды да қарқынды һәм мақсатты да парасатты жаңаша даму жолын ұстануда. Оған еліміздегі болып жатқан ауқымды реформалар мен серпінді бетбұрыстар, инновациялық серпілістер мен ғылыми-техникалық модернизацияландыру жетістіктерін атап өтуге болады. Жалпы Ұлттық туризм жүйесінің қалануына тарихи маңызын тигізген айтулы оқиға Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Испанияға сапары барысында UNWTO-ның штаб-квартирасына бет бұруы (2000) болды.

Аталмыш ірі өзгерістер мен динамикалық қарқынды дамуымыздың бір келбеті туризм индустриясы болып табылады. Астананың бельгиялық Льеж шаһарынан (Халықаралық Көрме бюросының 152-Ассамблеясы) басым түсуі бекер емес. Атап айтқанда, соңғы 5-10 жыл ішіндегі Қазақ Елінің әлемдік деңгейдегі позитивті көрсеткіштері мен айтулы жетістіктері (Олимпиада ойындарындағы ірі жетістіктер, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (OSSE), Ислам конференциясы ұйымы (OIC), Бүкіләлемдік туристік ұйымға мүшелікке қабылдану UNWTO, 45 Еуропалық Кеңес отырысының Алматыда өтуі, заман талабына сай бәсекеге қабілетті жаңа кәсіпорындардың ашылуы, Қазақстан-2050 Стратегиялық бағдарламасының қабылдануы, Қазақстан аймағында халықаралық стандарт негізінде 5 туристік кластер орталығын салу Жүйелілік жоспарының игіліктенуі т.б) ел болашағының заңғар биіктерге самғауына ұйытқы болуда.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы (2014) «Қазақстан 2050» Стратегиясы мен «Мәңгілік ел» Ұлттық идеясы іргетасының қалануы – Қазақ Елінің планетарлық масштабта қарыштап дамуына жол сілтейтін даңғыл арна болары анық.

Демек, ұрпақ болашағының жарқын белестерін көксейтін, өз кезегінде ел экономикасының дамуына түбегейлі оң ықпал ететін туристік кластер орталықтары (Жаңа Іле, Бурабай, Шығыс Қазақстан, Кендірлі және Қасқарасу) қоғам игілігіне айналу барысында, аймақтық масштабтағы ұлттық туризм индустриясының ерекше сипат алуына мұрындық болатынын ескерген абзал.

Соңғы уақытта «Қазақ жеріндегі ежелгі аңыздар» атты Министрлік тарапынан ұйымдастырылып жатқан іс-шараның дер кезінде қолға алынған ғибратты шаруа екенін айтуға болады. Ұлттық туризм мәселесін ғаламдық масштабта қамту және оны ақпараттық технологиялар жетістіктері негізінде қайта құру мен моделдеу мәселелері жас зерттеушілердің де назарына іліккені – жақсылықтың нышаны деп білеміз. Айтар ойымызға  тиек болатын еңбектің қатарына Абай атындағы ҚазҰПУ магистранты Г.Н Мыркасымованың ой-пікірі жаңа толқындағы жас ғаламдардың жаһандық идеяларының көшіне жатқызуға болады[9].

Жалпы Ұлттық туризм кластерін қалыптастыру идеясы көпшілік қауымның назарын өзіне аударып, шет елдік туристердің Қазақстанға келу тенденциясын одан ары дамыту мен арттыруға деген жан қуантарлық сезімнің қалыптасуына ұйытқы болғаны жаңсақ емес. Атап айтқанда Германиядан келген сарапшы Rudolf  Vienands жасаған баяндамада Ертіс өзені жағалауындағы «Песчанка» туристік орталығы инфрақұрылымында «монғолиялық үлгідегі» киіз үйлердің орын тепкені туралы архитектуралық шешімі біздің назарымызды аударды[5].

Пікіралмасу барысында біздер «қазақтың киіз үйі» мен «монғол киіз үйі» арасында, әр халықтың мыңдаған ғасырлар бойы өзі қоныстанған тұрғылықты жердің тарихи-мәдени құндылықтарының табиғи ортамен климаттық ерекшеліктерге байланысты көптеген ерекшеліктері барекені, атап айтқанда киіз үйді дайындау технологиясымен оның ассоциациялық құрамдас бөлігі саналатын (ошақ, төрт түлікмал, той-томалақ, халықтық һәм діни мейрамдар, салтанат киіз үйі, Хан ордасы, монша, азық-түлік сақтау, арбаға жегілген киізүйлер, қару-жарақтар, этномузыкалық аспаптар, ұлттық тағамдар, зергерлік бүйымдар мен ыдыс-аяқтар, ерлер мен әйелдер ұлттық киімі, кілім мен текемет түрлері, батырлар қару-жарақтары, тұрман-әбзелдер т.б) тұстары һақында кең тұрғыда ақпарат алмасу мүмкіндігі туды [6].

Ертістің жағасындағы «Песчанка» саяжайының шет елдік мамандар тарапынан таңдалынып алынғаны аз уақыттың ішінде қабылданған шешім емес. Дегенмен, ол мекенде әлемдік стандарттағы ХХІ ғасырдың жаңа үлгідегі құрылыс нысандарын салу барысында, киіз үйлердің орналасу қажеттігіне баға бере отырып, өз кезегінде киелі  қара шаңырақтың «атамыздың қаны мен анамыздың сүтінен»  жаралғанын, сондай-ақ әлем көшпенділері мұрасының бірі болып табылатын адамзат мәдениетінің алтын ошағы қазақ киіз үйінің ұлттық ерекшеліктері негізінеде айшықталынуы керек деп санаймыз.

Көптеген отандық зерттеушілер мен қайраткерлер, атап айтқанда Ә.Марғұлан, М.Әуезов,Қ.Сатпаев,  Б.Момышұлы, К.Ақышев, Х.Арғынбаев, Ө.Жәнібеков, Ж.Бабалықұлы, К.Байпақов, С.Кенжеахметов, Ф.Оңғарсынова, С.Ақатаев, А.Сейдімбеков, С.Қалиев, С.Л.Сауытбеков,Т.Жұртбай, С.Тұрғынбек, Ғ.Ақпанбет, Д.Шоқпаров, Қ.Ж.Әмірғазин және басқа ғалымдар мен қаламгерлер еңбектерінде киіз үйдің жұмбақ жаратылысы мен ұлттық қазынамызбен ғажап ұштасқан ғасырлық сабақтастығы һақында салиқалы һәм сындарлы ой әфсанналары көрініс табады. Шынтуайтқа келгенде, зерттеу жұмысымыздың аталмыш бөлігі (зерттеу жұмысымыздың аясына сыймайтын ауқымды проблема болғандықтан) өз алдына археологиялық-этнографиялық, этнологиялық, тарихи-мәдени және әлеуметтік-экономикалық тұрғыда терең талдауды қажет ететін арнайы зерттеу тақырыбы екенін баса айтамыз.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, жалпы киіз үйдің конструкциясы бір жағынан «қазақ киіз үйі» немесе бізге ұқсас «қырғыз боз үйі», «түрікмен киіз үйі», «ауған киіз үйі», «қалмақ киіз үйі» сияқты дала көшпенділері көне замандарда тұрмыс-тіршілік пен табиғи ортаның ерекшеліктеріне мән берген бұл құнды дүниелерді  адамзат перзентінің асыл қазыналарына жатқызуға болады деп болжаған тұжырымымыз «Тұран-Астана» университеті жанынан «Әлем көшпенділері киіз үйлері мен тұрақордалары тарихы» музейінің (мұражайының) ашылуына және «Қазақ даласы әлем номадтары киіз үйлері мен тұрақордаларының атамекені - The Kazakh High Land (Steppe) – the native land of felt dwellings Nomad of the world» тақырыбы бойынша Халықаралық Интернет-конференциясын (Your Vision.kz порталы, 29.01.2013 ) өткізуге мұрындық болды [10]

Қазақтың киіз үйі туралы ғаламдық деңгейде ауқымды зерттеу жүргізген іргелі зерттеушілердің бірі Әлкей Марғұлан болды. Ғұлама бабамыз Мәскеуде басылып шыққан «Казахская юрта и ее убранство» еңбегінде «атамыздың қанымен һәм анамыздың сүтінен» жаралған қазақ киіз үйінің философиясы, мифологиясы, құрылысы мен әлеуметтік-экономикалық маңызы һақында ой таратып, өскелең ұрпағына бағасы жоқ мол мұра қалдырды[7].

Аталмыш уақыттың ішіндегі жинақталған ғылыми-зерттеу, әдеби-шығармашылық және электронды ресурстарға жасаған талдауымыз жалпы киіз үйдің генезисін анықтау, сараптау және салыстырмалы талдау жасау керектігін алға тартып, мынадай алғышарттарды айқындауға ұйытқы болды:

1. Әлем көшпенділері киіз үйлерінің дамуы мен қалыптасуының тарихи-мәдени әфсанналары.

2. Ботай мәдениеті (Қазақстан) әлем номадтары киіз үйлері мен тұрақордаларының (the nomad’s yurt) геомәдени эпицентрі.

3. Көшпенділер киіз үйлері конструкциясының философиялық ғақлияты һәм архитектуралық моделі.

4. Қазақ даласы адамзаттың көне мәдениеті мен өркениеті интеграциясының «Алтын көпірі».

5. Дәстүрлі қазақ киіз үйі және оның сән-салтанаты һәм әбзелдері.

6. Бесік жыры – ұлт рухы мен зерде-танымының бастауы. Киіз үй Ассоциациялары (жылқы, домбыра, алтыбақан, адалбақан, ішік, шоқпар, кілем, жайлау,ошақ, қамшы, сәукеле, отбасы, ұлттық тағам т.б)

7. Киізүйтану пәні – ұлттық тәлім һәм тағылым шамшырағы.

8. Отандық және шет елдік ғалымдар еңбектеріндегі киізүйтану (yurtology) мәселелері.

9. Әлем көшпенділері киіз үйлері мен тұрақордалары тарихы Музейі – халықаралық туристік бизнес және өлкетану объектісі.

10. Көшпенділер киіз үйі – жасыл технология эталоны.

11. Әлем номадтары киіз үйлерінің түрлері мен конструкциясы (қазақ, қырғыз, монғол,өзбек, түрікмен, ауған, тәжік, венгр, үнді, қытай, Америка үндістері, қалмақ, бурят, башқұрт, ноғай, татар, ұйғыр, эскимос, гурон, ацтек, курайш т.б).

12. «Yurt» терминінің зерттеу объектісі ретінде әлемдік глобальдік ғылыми-техникалық ақпарат ресурстарындағы қолданыс аясы мен проблемалары.

13. Әлем көшпенділері киіз үйлері һақында аңыздар, мифологиялар, ертегілер, өлеңдер, жырлар, мақал-мәтелдер һәм фольклорлық мұралар.

14. «Әлем номадтары киіз үйлері» Энциклопедиясы – көне данышпандық арнасының алтын діңгегі.

15.Еуразия даласы – жаһандық киіз үй туризмі индустриясының алтын бесігі.

16. Киіз үйдің дүниежүзі құрлықтарында таралуының (Еуразия, Америка, Африка, Австралия) географиялық ареалдары.

17. Киіз үй жөнінде заңнамалық құжаттардың реттелуі және халықаралық келісімдер.

18. Әлем көшпенділері киіз үйлері мен тұрақордалары – халықаралық туристік бизнес объектісі.

19. Киіз үй туризмін дамыту барысындағы бизнес-жоспар.

20. Киіз үй және тұрақордалар конструкциясының биологиялық һәм эргономикалық ерекшеліктері.

Конференция жұмысының тақырыпқа  және халықаралық талапқа сай таңдап алу көпшілік тарапынан сын-пікірлер мен ұсыныстар жинастыру жұмысын жүргізуді қажет етті. Бұл жағдайда «Facebook» сайты арқылы  «Kazakh yurt» атты арнайы коммуникациялық парақ ашылды. Бұл үрдісті мемлекеттік деңгейде іске асырылып жатқан «E-Learning» бағдарламасы аясында ұйымдастыруға болады [16].

Енді жалпы киіз үйдің мәдени-тарихнамалық рухани-философиялық, әлеуметтік-экономикалық һәм туристік-археологиялық мәселелеріне келсек, қуантарлығы Wikipedia ғаламдық ғылыми-техникалық ашық энциклопедиялық торабы киіз тақырыбы бойынша осы уақытқа дейін іргелі зерттеулер жинағына кіретін оқулықтарға кітаптарға назар аудара отырып баяндағаны өте дұрыс бастама деуге саяды [11], [12], [13].

Киіз үйдің Ұлы дала көшпенділерінің әлемде теңдесі жоқ адамзат перзентінің материалдық мұрасы екені және оның адам мен табиғаи арасындағы ерекше байланысы негізінде гармониялық сипатта табиғи тұрғыда пайда болған «ғажайып үйдің» қайталанбас үлгісін 1960 жылдары Еуропа және Америка құрлығына таратушы түңғыш энтузиаст-саяхатшылар William Coperthwaite пен  William O Douglas мырзалардың Орта Азия мен Моңғолия территорияларына «National Geographic» жобасы құрамында  қағазға түсіріп, кейін қалың жұртшылыққа таратқаны киіз жөніндегі көзқарастың ғаламдық масштабта өрбуіне ұйытқы болды [15].

Аталмыш кезең «киіз үй туризмі» идеясының әлемдік деңгейдегі бастауы болды десе болады. Көне дәуірден бері көшпенділер ғұмырының нәрі мен сәні, қорғаны мен киелі шаңырағы, дәстүрі мен тотемдік тұғыры, салтанаты мен таным жауһары болып келген асыл мұраның алыс және жақын шет елдерге таралуы барысында, өкінішке орай дәл өзінің табиғи қайталанбас сұлулығы мен жасампаздық қасиеті мен бояуын сақтай алмай, көп жағдайда бұрмаланып, өзгеше үлгіде таралды және пайдаланылды. Осы тұс бөлек зерттеуді қажет етеді.

Киіз үй туризмін дамыту – осы сала бойынша толыққанды ғылыми-зерттеу жұмыстары һаһында мол мағлұматтар жинастыруды, оны жүйелі тұрғыда саралауды қажет етеді. Бұл орайда «Yurt forum» тақырыбы бойынша бірқатар ауқымды зерттеулер жүргізіліп, оның Ұлы Дала көшпенділерінің (номадтары) әлемде теңдесі жоқ материалдық мәдениет қазынасы екені айтылып, өз кезегінде Еуропа және басқа құрлықтарда таралуы, туризм индустриясы саласында қолданылуы жөнінде мағлұматтар жинастырылған.

Десе де, көптеген елдерде (Америка, Канада, Австралия, Ұлыбритания т.б) киіз үй конструкциясы негізінде оның уықтары мен керегелерін, шаңырағы мен киізінің орнына темірден құрастырылып, су өтпейтін брезент материалмен қапталып, көп мөлшерде шығарылатын  арнайы кәсіпорындардың салынуы туралы мағлұматтар көбірек қамтылғанын байқаймыз. Бұл орайда киіз үйдің барлық элементтері жоғарыда аталып өткендей тек қана ағаш пен киіз бөліктерінен құастырылатын ескерсек, біздің шет елдік әріптестеріміз ата-бабамыздың асыл мұрасын қаншалықты қиянат келтіріп отырғанын сезінеміз.

Киіз үйдің керегесі адам клеткаларына, шаңырақтың күнге, уықтардың күн сәулесіне ұқсайтыны өз алдына күрделі философиялық ұғым екенін жадымызда ұстап, өз кезегінде ағаш бөлігінің күн сәулесінен нұрланып, су мен киелі топырақтың нәрінен нұрланып, Жер, Адам және Ғарыш тұтастығын бір шаңырақтың ішінде бейнелей білген адамзат перзентінің ғажап туындысы деп бағалауымыз басқа айтарымыз жоқ. Тек осындай технология негізінде жасалған киіз үйдің ішінде адам жанын масайратар, шөлін басып, шаршағанын ұмыттыратын рекреациялық тұтастықты адам игілігіне жұмсау жаратылыс заңдылықтарымен ұштаспақ. Киіз үй немесе көшпенділер тұрақордасы мүмкіндіктерін қол жеткізілген зерттеу жұмыстары негізінде жан-жақты (математикалық моделдеу, сандық технология графикасы, компьютерлік жобалау, геоақпарттық талдау, тарихи-мәдение тұрғыда саралау және архитектуралық тұрғыда қайта зерделеу т.б) талдау жасап, бүгінгі таңдағы қолжетімді мағлұматтар арқылы әлем жұртшылығына объективті тұрғыда ғылыми бағасын беру ісін қолға алу керек.

Еуразия даласын мекендеген ата-бабаларымыз алуан түрлі табиғат құбылыстары мен жер бедері, қоршаған ортадағы биологиялық және геологиялық құндылықтарды қорғау мен сақтауда мыңдаған ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесінің ғажайып үлгісі киіз үйдің аэродинамикалық өлшемдер талабына да сай сұлбаланғаны әлемдік деңгейдегі ғылыми жаңалық деп атауға болады. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтың пайымдауынша, киіз үйдің басқа этностар ойлап тапқан (ағаштардың айқастырыла орналасуы, орта тұста діңгектің орналасуы, ағаш тіреуіштер т.б) тұрақордалардан ерекшелігі қатты дауыл немесе жоғарғы балдық горизонталь бағыттағы жел күшіне төтеп беруі – жалпыкиіз үй конструкциясындағы аэродинамикалық өлшемдердің дәлме-дәл орын алғанынан деп топшылайды.

Қалай десек те, біздер қазақ даласының әлемдегі киіз конструкциясын тұңғыш сұлбалаған «Алтын мекен» деп айтуымызға болатын жәдігерлер табылуда. Ең қуаныштысы, бұл мәселеге 1961-1971 жылдары ұлы ғалымдарымыз  академиктер Қаныш Сатпаев пен Әлкей  Марғұлан аса зор назар аударғаны байқалады. Демек, қазақ даласы – әлемдегі көшпенді халықтар киіз үйлерінің (тұрақордаларының) мекені екеніне дау жоқ. Бұл жерде Ботай мәдениеті мен Беғазы-Дәндібай мәдениеті арасындағы тарихи сабақтастықты қайыра зерделеу болашақ зерттеушілер тарапынан тиісті бағасын алғаны абзал демекпіз.

Таң қаларлық жағдай. Киіз үйдің қоғамдық формацияның қай кезеңінде болмасын өзінің практикалық мәнділігін, тарихи-мәдени құндылығын және дәстүрлік сабақтастығын (табиғат пен адам арасындағы изгілік байланыс) сол қалпында сақтай білуі керемет дүние. Киіз үйдің қыста жылы, жазда салқын болуы, жаугершілік қорған қамалы, сондай-ақ әлеуметтік ортадағы салт-сана мен қауымдастық ерекшеліктеріне қарай бірнеше категорияға бөлінуі (Ақ орда, Хан орда, 60 қанат, 6 қанат, лашық, жертөле), тұрмыс мәдениеті мен әдет-ғұрыптарға, діни дәстүрлер мен ырым-тыйымдарға байланысты (құдайы қонаққа, моншаға, дәлізге, ас-тағам, сауыт-сайман, жөн-жоралғы, өлім-жітім, құда-жекжат, дос-жаран, ойын-сауық, әйелдер мен ерлерге арналған Киіз үйлер т.б) әр түрлі болуы адам мен қоршаған орта арасындағы шынайы гуманизм миссиясын атқарып келгенін көрсетеді.

Киіз үй Отаны туралы мәселеге тек қазақ, монғол, қырғыз, өзбек, ауған, тәжік, пәкістан (урду, хинди), түркімен, бурят, тыва, қалмақ этностарымен қатар Солтүстік Америка және Канада эскимостары мен Ресей территориясындағы якуттардың тікелей қатысы бар. Екі этнос және оған дәстүрі мен мәдениеті жағынан туыс болып келетін басқа көшпенді және жартылай көшпенді халықтар ұзақ ғасырлар бойы қоршаған ортаның ерекшеліктері мен климатына назар аударып, тұрмыс салт пен қоғамдық қажетіліктерді жаратылыстану қағидасы негізінде қалыптастыруды көздеді.

Солтүстік Америка және Канада эскимостарының арғы ата-бабалары Аппачи тайпалары ерте заманда Беринг бұғазы арқылы  (мұз ерімей тұрғанда) бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болған. Оның жарқын көрністерінің бірі – олардың тұрақордаларының (шалаш. Күрке, шатыр, Shelter) ұқсастығы. Сол себепті, түркітектес этностарға жататын Саха-Якут халқы да әлем көшпенділері киіз үйлерінің конструкциясын алғаш жасаған жәнеойлап тапқан этностар болып табылуы әбден мүмкін. Бұл жердегі мақсатымыз қай халықтың киіз үйді ең алғаш ойлап тапқаны һақында ой-пікірді бір-біріне қарсы қойып таластыру емес, керісінше қай этнос аталмыш ұлы қазынаны қиын да сұрапыл ұзақ ғасырлар тезінен қалай аман сақтап қалғаны, оның Ұлы Дала мәдениетінің әлемдік өркениетке қосқан зор үлесінің қалың жұртшылық тарапынан оң бағасын алуына мүмкіндік жасағаны және басқа да айтулы жетістіктері мен ерліктері жайында паш ету екенін жеткіземіз.

Кез келген киіз үйдің орналасуы мен халық игілігіне айналуы – аса күрделі құбылыс. Оның ішінде аса маңызды орын алатын дүние жалпы Киіз үйдің Ассоциативтік (кешендік) қасиеті. Оның негізгі белгілеріне ұлттық қолөнер, төрт түлік мал, салт-дәстүр, ұлттық тағам, зергерлік және әшекейлік бұйымдар, ұлттық киім, ас беру рәсімі, той-томалақ, өлім-жітім, ойын-сауық, Наурыз мейрамы, батырлар қару-жарақтары мен тұрман-әбзелдері, әйелдерге арналған заттар және басқа тарихи-мәдениғ діни-рухани, әлеуметтік-экономикалық, аңшылық-саятшылық, этнопедагогикалық және этнопсихологиялық құндылытарды жатқызуға болады. Аталған көріністер киіз үй туризмін қай мемлекетте, қай құрлықта болмасын ұйымдастыру барысында,  аталмыш Ассоциативтік ерекшеліктерге назар аударған жөн. Мысалы, киіз үйге дейін қонақты аттың немесе түйенің үстіне отырғызып, жеткізіп, оны күтіп алу барысында ұлттық тағамдардан дәм татуына, зергерлік бұйымдарды тамашалауға және бүркітті баулу өнерімен қанық болуына барынша жағдай туғызған абзал.

Киіз Ассоциациясының ішінде ерекше атап өтетін көрініс – ол қонақтарға ас беру рәсімі. Қазандық киіз үйдің дәл ортасында орналасуы, ас мәзірін дайындау кезінде «мал тезегін» қауірсіз және қалдықсыз отын энергиясы ретінде пайдалануы біріншіден астың дәмін келтірсе, екіншіден үйдің ішін жылытады. Мал тезегі «қалдықсыз технология» нысаны ретінде көрініс тапса, оның қуатынан қайнаған судың құрамы, еттің дәмі де адам денсаулығын марқайтар өзгеше болып келетіні ақиқат. Қонақтарды немесе туристерді күту барысында халқымыздың «қонақжайлылық» дәстүрін естен шығармаған жөн.

Қонақтарды (туристерді) қарсы алу барысында жоғарыда айтылған Солтүстік Америка, Австралия т.б жерлерде арнайы кәсіпорын дайындап шығарған (киіз орнына брезент материал, шаңырық пен керегелер орнына темір сырықтар т.б) шаңырақта емес, мына суретте көрсетілген (қайың мен сәмбі талынан жасалған) шынайы қазақи киіз үйдің ішінде, ата-баба салтымен ерекше жағдайда қызмет еткен жөн.

Адам денсаулығына киіз үйдің зиянды әсері бар деген пікір кездеспейді. Ендеше, оның мұндай ғажайып ерекшеліктері мен жасалу технологиясын сақтай отыра жастар арасында арнайы жиындар, ғылыми жобалар сайысы және басқа тарихи-мәдени маңызы бар шараларды қолға алған абзал. Бұл ретте, киіз үйдің ішінде тынығуды, дем алып денсаулығын шыңдауды мақсат еткен қонақтарға жалпы киіз үйдің пайда болу тарихы мен мыңғасырлық кереметі жөнінде танымдық-тағылымдық шаралар (оқулықтар мен ғылыми зерттеулермен танысу, конференция, элетрондық оқу құралдары, анимациялық фильмдер мен деректі видеоматериалдарды пайдалану, мұражай ашу т.б) ұдайы өткізіп отырған жөн.

Киіз үй тарихы жөнінде шет елдік қонақтарға мағлұматтар беру барысында «Әлем көшпенділері тұрақордаларының мұражайы» тақырыбында арнайы ғылыми-шығармашылық жұмыстра жүргізу керек.

Қазақ киіз үйінің әлемде теңдесі жоқ ерекшелігі ХХІ ғасыр жастарының назарынан тыс қалған емес.оған  «EXPO 2017 Astana» Көрмесінің ғимаратын сұлбалау барысында жалпы кешеннің архитектуралық шешімі «Көшпенділер киіз үйі идеологиясы» тұрғысынан сомдалғаны байқалады. Бұл өте жақсы ырым және болашағы зор бастама. Сонымен қатар киіз үйдің кереметін тамашалаушы қонақтар ата-баба тұрақордасының бүгінгі таңда қандай өзгерістер мен толықтыруларға ие болғаны турасында мағлұматтар алуына және алмасуларына мүмкіндік жасау керек. Мұндай өзгерістер жөніндегі жетістіктер мен ұсыныстар жоғарыда айтылған материалдарға сүйене отырып,бір жағынан еліміздегі туризм индустриясының дамуына ұйытқы болатын шаралардың көптеп ұйымдастырылуына, екіншіден аталмыш сала бойынша перспективалық және стратегиялық жоспар құру және ғылыми-зерттеу мен сараптамалық-ақпараттық жұмыстардың кешенді жүргізілуіне мемлекет тарапынан қолдау көрсетілу жақтарына мән берілгені ғанибет.

Киіз үй туризмі «киізүйтану» ғылыми-зерттеу және танымдық-шығармашылық жұмыстарымен тығыз байланысты.  Киіз үйдің Ассоциациялық кешенді ерекшелігінің бір саласына ұлттық ою-өрнектер жатады. Киізді басу кезінде (қойдың жүнін түту және сабау, оны қаптау, ыстық су құйып таптау технологиялары бөлек зерттеу тақырыбы) оның түсі мен өрнегіне сай халық шеберлері ою-өрнекті мәні мен сәніне және дүниетанымдық құндылығына сйкестендіре отырып киізге орналастыру өнерін ғасырлар көшінен дамытып келеді. Оған қоса кілем мен текемет, сырмақ пен көрпе түстеу, тұскиіз бен қалы кілем сияқты ұлттық өнер туындылары мен ғажайып дүниелер тек шаңырақтың сәнін ғана келтіріп қоймай, халқымыздың әлем этностарынан ерекшелігі мен даралығын танытатын керемет көрініс табатыны да үлкен әңгіме.

Қазақ халқының ою-өрнегі тек ішкі жандүние иірімдерінен ғана бастау алмай, қоршаған орта мен аспан денелері арасындағы байланыс пен табиғат факторларымен тығыз байланыста ұзақ ғасырлар дамып келеді. Ою-өрнектің геоморфты, фитоморфты, орнитоморфты, зооморфты, ихтиоморфты, петроморфты т.б тылсым табиғат құбылыстары мен геологиялық-петроглифтік ескерткіштер әлемімен тоғысуы ғажап дүние. Атап айтқанда, халықтың қолөнер және зергерлік бұйымдар туындыларында «архар-мүйіз», «аққу қанаты», «өсімдік әлемі» және «төрт құбыла» жанрларының көптен кездесуі кездейсоқ дүние деп айта алмайсың.

Қоршаған ортадағы жердің географиялық орны мен рельефі көшпенділер өмірі һәм тұрмысына айтарлықтай ықпал етеді. Одан киіз үйге ұқсайтын ұсақ шоқылар мен аласа төбелер тек тұрмыс-тіршілік қамы ғана емес, тұрақорда жұртын салу мен құрастырудың негізгі элементі болуы мүмкін деген жорамал жасауға болады. Қалай дегенмен, киіз үй конструкциясын жасамастан бұрын, ата-бабаларымыз ата жұрт тұрақордасының киелі жер топырағы мен тау-тасы һәм өзен-көлі мен ит-құсы ерекшеліктеріне назар аудара отырып игіліктенуді мақсұт еткені анық байқалады.

Ата жұрт тұрақордасының киіз үй формасында көрініс табуы табиғи ортадағы рельеф, ландшафт және климаттық ықпалдарға ұшырауы, өз кезегінде ата-баба философиясында ұлттық құндылық ретінде бағалануы арқылы саналы тұрғыда қоғам мен халық игілігіне айналуы ғажап құбылыс. Міне, осы  әр адам терең бойлай бермейтін аталмыш танымдық һәм тағылымдық үйлесімділік киіз үйдің тарихын білуге құштар қонақтар мен ғалымдардың назарын өзіне аударғаны абзал. Мәселе, табиғаттың сұрапыл құбылыстары немесе жал-жанды сақтауға арналған күйбің тіршілік пен қызығынан қиыны көп тұрмыс-салттың жетегіне бой ұсынған Ұлы дала перзентінің  бір ғана бағытта ғұмыр кешті деп қалай айтуға болады?

Виктор Зайберт реконструкциясы бойынша жасалған Ботай қонысындағы алғашқы адамдардың «жұрт панасы» мына суретте бейнеленгендей ғажап бір ұқсастық пен тылсым үйлесімділікті паш етіп тұр.

Ботайлықтар дүние жүзінде жылқыны қолға үйретіп, қымызды ашыту технологиясын жасай отыра, ендігі жерде олар әлемде тұңғыш рет Ұлы Дала кеңістігіне сай келетін көшпенділер тұрақордасының тұңғыш архитектуралық моделін жасады деуге негіз бар. Мұны тағыда бір сенсациялық ғылыми жаңалық деп бағалауға болады [21].

Киіз үй Ассоциациясының жарқын үлгісінің бірі түйе өркешінің ата-бабалар тұрақордаларына ұқсастығы. Мұндай ғажап құбылыстар мен теңеулер қонақтар мен туристердің аса қызыға назар аударатын маршрут нұсқаулары мен ақпарат құралына айнадуы керек. Бұл жөнінде біз жоғарыда киіз үйді тамашалауға келген қонақтарды түйенің үстіне отырғызып алып келу дәстүрінде толық сипаттама бердік. Осы бағытта туристерге ұлттық тағам түрлері, зергерлік бұйымдар, кілем мен текемет тарихы, жауынгерлік дәстүр, қыран бүркітті баулу, дастархан мәзірі ұлттық киім үлгілері, аңшылық һәм саятшылық дәстүрлері қоса насихаттаған жөн.

Нәтижесінде мына суретте бейнеленгендей «Global yurt tourism» жобасын кешенді тұрғыда іске асыруға барша халық болып кірскен абзал.

Қол жеткізілген ғылыми еңбектер мен ғаламдық ғылыми-техникалық ақпарат ресурстарын пайдалана отырып, жалпы көшпенді-номадтар киіз үйлерінің генезисін анықтау, оның әлем номадтары (эскимос, аппачи, кураиш, ацтек, гуайкуру, араукан, бербер, аушит, пуштун, күрді, памир, алтай, ноғай, құмық, туцзэ, ся, хот,хэт, папуас, андаман, якут, ямал, ительмен т.б) табиғат жағдайына сәйкестендіре отырып, сан ғасырлар бойы дамытып, толықтырып және тұрмысқа ыңғайластырып келген аталмыш қазыналарды сақтау мен қорғау һәм әлемдік мәдениеттің алтын мұрасы ретінде танылуын ізгілендіру мақсатында төмендегідей  қорытынды жасауды ұйғардық:

1.Қазақ даласы – әлемдегі көшпенді ұлттар мен ұлыстар киіз үйлерінің (тұрақорда) Отаны екені жоғарыда келтірілген материалдар арқылы болашақта одан ары ғылыми тұрғыда терең таразылану керек.

2. Қазақ киіз үйі үлгісі ретінде «The Global Yurt tourism» жобасын (Ғаламдық киіз үй туризмі) іске асыру.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Мұражайы жанынан  «Әлем көшпенділері киіз үйлері (тұрақордалары) тарихы» атты бөлім ашқан абзал.

4. Ғаламдық масштабта іске асырылп жатқан «Yurt forum»  (Lloyd Khan), «Tatforuminfo» және  «http://mr_kursabaev.yvision.kz/post/317126» және басқа ресурстар материалдары негізінде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру.

5. Әр жерде, әсіресе оқу-тәжірибе, мектеп, жоғары және арнаулы оқу орындарында, туристік орталықтар мен тарихи-өлкетану мекемелерінде «Әлем көшпенділері киіз үйлері тарихы» музейін ашу.

6.Дүние жүзінде тұңғыш рет жылқыны қолға үйретіп, қымызды дайындау технологиясын меңгерген Қазақ даласындағы көшпенділер (Ботай мәдениеті) мәдениетін ескере отырып, киіз үйдің конструкциясы тұңғыш (жертөле) киелі ата-бабаларымыздың жұртында негізі қаланғанын әлем жұртшылығына таныту мақсатында «Қазақ даласы – әлем номадтары киіз үйлерінің Отаны - «The Kazakh High Land (Steppe) – the native land of felt dwellings Nomad of the world»» тақырыбында халықаралық симпозиум өткізу.

7. Қазақтың киіз үйінің «атамыздың қанынан һәм анамыздың сүтінен» жаратылғаны һақында әфсаннаны (қағиданы) жаңа заман ұрпақтары санасына сіңіру.

8. Ұлттық мүзейлер (мұражайлар), «Назарбаев Орталығы». аймақтық тарихи-өлкетану, мәдени-шығармашылық, туристік кластерлік орталықтарда, оқу орындары мен әкімшілік мекемелерде, туристік-археологиялық кешендер мен көрме инфрақұрылымдарында, өнер, спорт, бизнес ғимараттарында «Әлем көшпенділері киіз үйлері тарихы» музейін ашу.

9. Мектептер мен оқу орындарында соңғы 20 жыл ішінде мол тәжірибе жинақтап келе жатқан «Атамекен» ұлттық тәрбие бағдарламасы және туристік-өлкетану экспедияциясының Негізгі 40 Бағыттары аясында, жас ұрпақтың бойына патриоттық, азаматтық, экологиялық, ұлтжандылық һәм имандылық ұлы сезімдерді қалыптастыру мақсатында «Киізүйтану-Nomad’s Yurtology» оқу құралын шығару, ғылыми-зерттеу орталықтары мен лабораториялар ашу, анимациялық фильмдер мен электронды оқулықтар, виртуальді ойын бағдарламаларын шығару, жыл сайын танымдық-интеллектуальдік сайыстар өткізу.

10. Қазақ киіз үйінің тарихы мен генезисін терең зерттеу мен сараптау барысында киіз үй конструкциясы мен философиясына қатысы бар әлем этностары (соғды, сақ-скиф, хорезмдік, маратхи, хет, палай, лувия, лидия, ауған, нуристан, , урду, бенгали, маратхи, панджаби, раджастхани, тәжік, күрділер, белуджа, тат, талыш, пушту, галийялық, ретороман, сардиния, бербер, кушит, сомали, чад, хауса, бацбий, авар, андий, даргин, лак, ассирия, баски, ханты, угор, остяц, мансий, вогульдік, венгр) және басқа ұлттар мен ұлыстар тұрақордаларының пайда болу тарихы мен мәдениеті, археологиялық, сәндік-қолданбалық, техникалық, графикалық және басқа материалдарын жинастыру, зерттеу және халық арасында насихаттау.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН ИНТЕРНЕТ РЕСУРСТАР

1.http://en.wikipedia.org/wiki/History_of_Kazakhstan

2.http://www.facebook.com/groups/tourizmkz/

3. «Roger Jones Golf & Leisure Ltd» (USA), Innovative Tourisn Advisors (THR),  «Системный план развития туризма зоны Кендерли», Презентация окончательного отчета, System Plan for Tourism Development in the Kenderli Area,SKS Studio+SB Architects+Roger Jones Golf & Leisure Ltd, 16.11.2012

4.«Системный план развития туризма зоны Кендерли», Презентация окончательного отчета, System Plan for Tourism Development in the Kenderli Area,SKS Studio+SB Architects+Roger Jones Golf & Leisure Ltd, 16.11.2012)

5. «Мастер план кластерной программы развития туризма Восточно-Казахстанской области, Presentation East Kazakhstan Report part, Iter Persona Kosmos (IPK) Barbara Postel, Rudolf Viеnands (Germany),

6. http://www.ar.tum.de/en/faculty/persons/former-professors/rudolf-wienands/

7. http://mr_kursabaev.yvision.kz/post/338852#

8.http://www.facebook.com/pages

9. Туристік сфера және Интернет жүйесі. Мыркасымова Г.Н. магистр, Абай атындағы ҚазҰПУ, І Республикалық «ЕХРО 2017 және балалар» оқушылар мен студенттердің ғылыми жобалар сайысының материалдары. Астана, 2013, 325 бет.http://www.facebook.com/pages

10. http://mr_kursabaev.yvision.kz/post/317126. The Kazakh High Land (Steppe) – the native land of felt dwellings Nomad of the world.Модераторы Аяпбекова А.Е, Габдуллина М.Х, Курсабаев М.К, Университет «Туран-Астана»(29.01.2013).

11. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9

12. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар : «ЭКО»ҒӨФ. 2007.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0

13. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2

14. http://www.bal-turan.kz/content/kiiz-yi

15. http://kk.wikipedia.org/wiki Киіз үй

16. http://www.edu.gov.kz/ru/

17. Маргулан А.Х. Казахская юрта и ее убранство, М: 1970

18. Курсабаев М.К. Астана көнеарий тайпалары мекені.Казах-нама.Qazaq-nama. Шығармалар жинағы, 314-323 бет, Астана, 2008, 506 бет, http://doc.nlrk.kz/result/ebook_90/index.html#ps.

19."The exploitation of horses at Botai, Kazakhstan". In Levine, Marsha; Renfrew, Colin; Boyle, Katie. Prehistoric Steppe Adaptation and the Horse. Cambridge: McDonald Institute. pp. 83–104. ISBN 1-902937-09-0.

20.Bendry, Robin (2007). "New methods for the identification of evidence for bitting on horse remains from archaeological sites". Journal of Archaeological Science 34 (7): 1036–1050.

21.The Earliest Horse Harnessing and Milking. Alan K. Outram,Natalie A. Stear,Robin Bendrey,Sandra Olsen,Alexei Kasparov,Victor Zaibert, Nick Thorpe, Richard P. Evershed. http://www.reading.ac.uk/archaeology/about/staff/r-bendrey.aspx

22.http://en.wikipedia.org/wiki/File:A_Treatise_on_Koumiss.jpg .Scan of the title page of 1877 book A Treaty on Koumiss' or, Milk Champagne: The great Russian remedy for wasting, debilitating, and nervous diseases. Written by A. Meyers, published in San Francisco, U.S.A.

23. http://www.expo2017astana.com/

24.http://www.amazon.com/gp/product/0936070110/ref=s9_simh_bw_p14_d0_i2?pf_rd_m=ATVPDKIKX0DER&pf_rd_s=merchandised-search-4&pf_rd_r=8

25. http://www.hearthworks.co.uk/yurts.html

26.http://www.facebook.com/AAAS.Science

27.http://www.facebook.com/muhamedrahim.kursabaev

28. http://www.123rf.com/photo_12068371_traditional-housing-from-the-bark-of-the-indigenous-populations-of-asia-and-america.html

 
0
2
3729

ЭТНОПЕДАГОГИКА МҰРАЛАРЫНЫҢ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНДЕГІ ОРНЫ. М.қыдырбайұлы

   

 

ЭТНОПЕДАГОГИКА МҰРАЛАРЫНЫҢ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНДЕГІ ОРНЫ

 

Мұхамедрахим Қыдырбайұлы, педагогика ғылымдарының кандидаты, Астана, [email protected]

 

Данный материал представляет собой выявление эффективного направления систематизации и практического применения материалов этнической педагогики с использованием Интернет ресурсов в условиях современной системы образования в Казахстане

 

This materials is the identification of the effective direction of systematization and application value  ethnic pedagogy using Internet resources in a modern system of education in Rebublic of Kazakhstan

 

Этнопедагогика ғылымының бүгінгі зерттелу барысын ғаламдық ғылыми-техникалық ақпарат ресурстары мен медиа құралдарынсыз елестету мүмкін емес. Ғылым мен техника жетістіктерінің уақыт өткен сайын қолжетімді болуы, осы бағыт бойынша зерттелген жұмыстардың болашақтағы зерттеу объектісін нақтылауды қажет етуде. Бүгінгі қоғамның қозғаушы күші болып табылатын жас ұрпақ өкілдері - кешегі ұлттық тәрбие қайнарын бойына дарытқан ұстаздар мен ғалымдардың орасан еңбектерінің жемісі. Ұлт құндылықтарын қастерлей  отыра, олар заманауи жетістіктер ықпалына ұшырай келе, өз кезегінде елдің тағдырына алаңдайтын саналы азамат һәм бәсекеге қабілетті тұлға болуға талпынуда.

Демек, білім жүйесінің ғаламдық ақпарат кеңістігіне ену үдерісіне болжам жасай отыра, жоғарғы технология жаңалықтарына барынша бейімделудің өркениетті жолдарын ісдестіру біз қарастырып отырған саланың өзекті мәселесі болып отыр.

http://pedlib.ru/Books/1/0078/1_0078-1.shtml

Осы орайда этнопедагогиканың атасы саналатын Г.Н.Волковтың еңбегі алғашқы Интернет-оқулық ретінде көпшілік назарына ұсынылғанын атап өтеміз. Online форматындағы бұл еңбек заманауи талаптарды қанағаттандыру мақсатында ақпараттық технология әлемінде өзінің лайықты орнын алды. Бұл жөнінде қазақстандық мазмұнға келетін болсақ, өкінішке орай Жарықбаев Қ.Б, Қалиев С.Қ, Қожахметова К.Ж, Табылдиев Ә, Бөлеев Қ, Наурызбай Ж, Ұзақбаева С.А, Дүйсембінова Р.Қ, Асанов Ж, Ә.Садуақасұлы, С.Әбілдина, Сайдахметов Б, Сырымбетова Л, Қоңырбаева С, Шүйіншина Ш.М және ғалымдар еңбектерін заманауи талапқа сай цифрлық web-ресурстар арқылы локализациялау аса қажет.

http://doc.nlrk.kz/result/ebook_90/

Этнопедагогика материалдарын пән ретінде оқыту мәселесі болашақта осы шағын жинақтардан бастау алатыны заңды құбылыс. Әзірше, уақытты өткізе бермей әлеуметтік желілер мен ғылыми-ақпараттық білім ресурстары қорын молайта түскеніміз аьзал. Мысал ретінде «Facebook» порталынан «Қазақ этнопедагогикасы һәм ұлттық тәрбие негіздері» Интернет-парақшасын ашуға болады. Алдымен дәрісті немесе оған қатысы бар материалдарды (дидактикалық жинақ, тест, кестелер) парақ бетіне жеке тақырыбы бойынша жүктеу керек.

http://psyholog.ucoz.kz/load/5-1-0-16

 

Бұл үрдіс көп қиындық тудыртпайды. Тапсырманың екінші кезеңі таңдап алынған бір тақырып бойынша электронды адрестер сілтемесін (ЭАС) жинақтау қажет. Дәлел ретінде жоғарыда аталған кітабымыздағы  «Ұлы ағартушылардың этнопедагогикалық ой-пікірлері» тақырыбы бойынша дәрісті толық жүктеп болған соң, оншақты мағынасы кең «key words» кілт сөздерді есте сақтаймыз.

https://www.facebook.com/%D0%AD%D1%

https://www.facebook.com/%D0%AD%D1%

Нәтижесінде Сократ, Қорқыт, Әл Фараби және Коменский есімдерін теріп алдық. Келесіде «Comment» пернесі бойынша ол атаулады бөлек жазып, өзімізге қажетті толық мағлұматтарды «Wikipedia»,  «Britanica», «Ciberleninka» және басқа электронды кітапханасынан іздеуге кірісеміз. Монитордағы интерфейс қосымшалары арқылы әр электронды ақпарат парақшаларын (кесте, диаграмма, скрингшот, фотосюжет, фототекст, слайд, сөйлем мәтіндері т.б) қарапайым формада бейнелейміз. Оған қол жеткізу үшін сілтеме тапсырмаларын «гипперссылка» форматы бойынша орындайымыз.

Енді студенттерге берілген тапсырмаларды тиімді нәтижелендіру үшін біздер «Chat online» қосымшасы арқылы өзіміз қалаған мағлұматты сілтеме ретінде аталмыш Интернет парақшамызға орналастырамыз. Айталық мен Қорқыт Ата туралы студентім Нұрлыбек Раушановқа тапсырманы SMS желісі арқылы жіберіп, аз уақыт ішінде маған және менің шәкіртіме тиімді ақпаратты қолжетімді қылуға мүмкіндік аламыз. Келесі тапсырманы топтағы әр студентке жеке «key words» әдісі бойынша таратуға болады. Сілтемелер бір жағынан слайд форматы ретінде дидактикалық қосымша бола алады.

https://www.facebook.com/%D0%AD%D1%

Қазіргі таңда дәстүрлі ғылыми жинақтар һәм қолжазбалармен қатар Online Journal топтамалары ғылыми көпшілік қауымның жаңаша келбеті мен ұмтылысын қалыптастыруда. Басқа да қоғамдық және әлеуметтік ғылымдар сияқты этнопедагогика саласында кейінгі жылдары көптеген жаңа бағыттағы өзгерістер мен жобалар заманауи талап тілектердің ішкі ойы мен түпкілікті міндеттерін айқындап отыр.

https://www.researchgate.net/publication/274717048_NATURE_AND_C

 

Байқап отырғанымыздай «Google» порталы арқылы «этнопедагогика» тақырыбына қажеттті соңғы бес жыл ішіндегі баға жетпес мол электронды нұсқадағы түрле слайдтар мен фотошежірелер, мәтіндер мен кестелердің басқа да дидактикалық-практикалық материалдар қорының мол екеніне көз жеткіземіз. Демек, осы уақытқа дейін мектеп, балабақша һәм оқу орындары практикасында түрлі жағдайда қолданылып келген (семинар, сынып сағаты, тәлім-тәрбиелік іс-шаралар, әдістемелік нұсқаулар, авторлық жобалар, шығармашылық топтар жинақтары, эссе, реферат, конференция материалдары т.б) педагогикалық-психологиялық әрекеттер нәтижесінің тек дәстүрлі форматта қалып қалмай (сынып журналы, жылдық есеп күнделігі, оқулықтар, әдістемелік оқу құралы) көп жағдайда сандық технология форматында баяндалғанын жеткіземіз.

https://www.google.ru/search?q=%D1%8D%D1%82%D0

 

 

Этнопедагогика ғылымына қатысты бізде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасындағы электронды кітаптар айдары болса, Ресейде «Ciberleninka» электронды ғылыми-техникалық ақпарат порталы өз жұмысын бастап кеткеніне көп уақыт болған жоқ. Бұл орайда ғылыми тұрғыда толық аяқталған іргелі Online форматтағы іргелі еңбектердің біріне Хакимов Э.Р зерттеу жұмысын алумызға болады [6].

http://cyberleninka.ru/article/n/etnopedagogika-kak-nauka-predmet-funktsii-osnovnye-kat

Сондай-ақ аталмыш зерттеулердің қатарына Нездемковская Г.В, Мусханова И.В, Давыдова О.И, Мамлеева Д.М, Петрова Л.А, Екеева Э.В, Сокольникова Э.И,  еңбектерін жатқызамыз[7]. Ресей сарапшыларының піірінше аталмыш ғылыми топтамалар РИНЦ индексі бойынша жоғары бағаланып, болашақта «Thomson Reuters», «Springer», «Elsevier», «Scoups», «AAAS» ғаламдық ғылыми-техникалық ақпарат ресурстары (ҒҒТАР) дәрежесіне көтерілу мүмкідігі бар екенін  жоққа шығармайды.

http://cyberleninka.ru/article/n/etnopedagogika-kak-nauka-predmet-funktsii-osnovnye-kat

Қазақстандық немесе ТДМ елдеріндегі ғалымдар еңбектері аталмыш ресурстарды сараптау барысында біздің назарымызға ілінбеді. Сол себепті жоғарыда есімдері аталған ғалымдар еңбектері болашақта осы порталдан орын алу жағын қарастырғанымыз абзал.

http://cyberleninka.ru/article/n/etnopedagogika-kak-nauka-predmet-funktsii-osnovnye-kat

«Scoups» тобындағы «Mediterranean Journal of Social Sciences» Интернет журналында Қожахметова К.Ж жетекшілігімен этнопедагогика тақырыбына қатысты ғылыми мақалаға оң баға беруге болады. Осы формат бойынша профессор Adnan Tufekčić зерттеуі де заманауи жағдайдағы ұлттық тәрбие мәселеріне қоғамның жіті назар аудару қажеттігін меңзейді[8].

Дегенмен «Thomson Reuters», «Springer», «Elsevier» ҒТАР этнопедагогика тақырыбындағы ғылыми тезистердің жариялануы деңгейі жағынан халықаралық мәртебесі жоғары екені байқалады.

http://www.mcser.org/journal/index.php/mjss

«Elsevier» тобына жататын «Sciencedirect» ғылыми жинағы соңғы жылдары жекелей этнопедагогика ғылымының қалыптасуына ерекше мән бермегенімен онда «балалар фольклоры», «этникалық һәм мәдени құндылықтар», «халық дәстүрлері», «әлем халықтарының ұлттық ойындары» тақырыбы бойынша зерттеу жұмыстарын тұрақты жариялап отырғаны белгілі [10].

http://www.sciencedirect.com/science/article/pii/S1877042814047818

Қазақстандық ғалымдар Ұзақбаева С.А және Жолдасбеков С «The Main Problems of System's Modernization of Vocational Training of Pedagogical Shots in The Republic of Kazakhstan» тақырыбындағы аталмыш ғылыми мақала біздер көтеріп отырған мәселеміздің шешуін табуға зор мүмкіндік тудыртып отыр[9].

Қорыта айтқанда бүгінгі ғаламдық ғылыми-техникалық ақпарат ресурстарын ғылыми-зерттеу жұмыстары мен жастардың шығармашылық һәм интеллектуалдық мүмкіндіктерінің ашылуына айырықша жағдай туғызуына себепші болатынын айта келе, өз кезегінде алға қойған мақсатқа жетудің тиімді жолын табуға мұрындық болады деп есептейміз.

Бұл орайда «Ciberleninka» электронды ғылыми-техникалық ақпарат порталы немесе «Procedia» үлгісінде Қазақстандық форматтағы электрондық ғылыми орталықты ашу мәселесін шешу қажет.

Этнопедагогика мәселесі бойынша осы кезеңге дейінгі электрондық материалдарды бір жүйеге келтіріп, жас ерекшелік категориясына лайықтай отырып арнайы дидактикалық порталдың молая түсуіне жағдай туғызу керек.

http://www.sciencedirect.com/science/article/pii/S1877042815021850

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН ИНТЕРНЕТ РЕСУРСТАР

1. Әбілова З., Қалиев С.Қ. Этнопедагогика оқулығы, Алматы, 1996, 265 бет

2. Kozhakhmetova Klara, Ortayev Baktiyar, Kaliyeva Sandygul, Utaliyeva Raikhan, Jonissova Gulzhiyan. Ethnic Pedagogy as an Integrative, Developing Branch of Pedagogy. Mediterranean Journal of Social Sciences, Vol 6, No 1 S1 (2015).DOI:10.5901/mjss.2015.v6n1s1p612.  http://www.mcser.org/journal/index.php/mjss/rt/printerFriendly/5581/0

3.Құрсабаев М.Қ. Қазақ нама. Шығармалар жинағы. Астана, 2008, 506 бет

4. http://doc.nlrk.kz/result/ebook_90/

5. http://cyberleninka.ru/article/n/etnopedagogika-kak-nauka-predmet-funktsii-osnovnye-kat

6. Хакимов Э.Р. Этнопедагогика как наука: предмет, функции, основные категории. Вестник Урмуртского университета. №9, 2007.

7. Нездемковская Г.В. Становление этнопедагогики в России. ТомГУ, 2009.

8. Adnan Tufekčić. Ethnopedagogical review of traditional children's games from Majevica. The Faculty of Philosophy in Tuzla, Tuzla, Bosnia and Herzegovina. http://hrcak.srce.hr/index.php?show=clanak&id_clanak_jezik=122490&lang=en

9. S.A.Uzakbaeva, S.Zholdasbekova. The Main Problems of System's Modernization of Vocational Training of Pedagogical Shots in The Republic of Kazakhstan. http://www.sciencedirect.com/science/article/pii/S1877042815021850

10. Alevtina Nikolaeva, Lyudmila Popova. Тo the Problem of the Spiritual and Moral Values Formation in Senior Pre-school Children. Procedia - Social and Behavioral Sciences. Volume 146, 25 August 2014, Pages 271–274. Third Annual International Conference «Early Childhood Care and Education». http://www.sciencedirect.com/science/article/pii/S1877042814047818

 

             

ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНЫҢ КӨНЕАТБЕГІЛЕРІ – ЕУРАЗИЯ ЖАЗИРАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ТУРИСТЕРІ . М.Қыдырбайұлы т.б

ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНЫҢ КӨНЕАТБЕГІЛЕРІ – ЕУРАЗИЯ ЖАЗИРАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ТУРИСТЕРІ

 

Мұхамедрахим Қыдырбайұлы, профессор. «Qazaq Folk Academy» қорының Президенті, Әлия Ескермесқызы, география ғылымдарының кандидаты, доцент «Тұран-Астана» университеті «Туризм және сервис» кафедрасының меңгерушісі, [email protected]

   

Қазақ Хандығының құрылғанына 550 жыл толған Ұлы мерейтой жиынында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұдан былай Қазақстанды бүкіл әлем жұртшылығы «Ұлы Дала Елі» деп тануы тиіс деп атап өтті.

Тарих қойнауына үңілсек, ерте уақытта, әсіресе Парсы империясы, Ұлы Араб Халифаты,  Рим империясы және оның мұрагері Византия дәуірлерінде тарихи, мәдени, саяси һәм діни маңызы бар мемлекеттік ақпараттарды жан-жаққа таратуда «Жібек Патшалығы» (Қытай), «Пілдер Патшалығы» (Үндістан) және «Сәйгүліктер патшалығы» мәртебесі болғаны белгілі [1,67].

Адамзат тарихнамасы бойынша зерделесек, алғашқы адамдар легі (мысал ретінде экваторлық белдеудегі) өздері тіршілік еткен ортаны ұзақ уақыт мекен ете отырып, қажет жағдайда беймағлұм аймақтарға қоныс аудару үшін «геоэкспанция» жасап отырды[2]. Олардың мұндай әрекеттерге баруы ру-тайпа мүшелері санының өсуі және қорек көздерінің жетіспеушілігі түрті болды деуге негіз бар[3].

Ежелгі заманнан бері миллиондаған жылдар тізбегінде адамзат перзенті орман мен сайларды, тау үңгірлері мен ағаш үйінділерін паналады. Мұндай табиғаттың қатал күштері мен жаратылыстың сұрапыл құбылыстарын тану мен одан қорғану барысында тас үңгірлер алғашқы пана бола алды. Найзағай отын шебер пайдалана білген алғашқы адамдар, ағаш жағу арқылы тек ас дайындау ғана емес, сонымен өздері мекендеген тас үңгір ішін жылыта алды. Олар Жаратқан Иенің мұндай сыйы мен құдыретіне таңданған көріністерін тас бетіне салған суреттері мен тас құралдары арқылы білдіруге тырысты. Ер адамдар болса, аң аулап, әйелдер ас әзірлеп бала бақты, мал терісін тазалап оны тұрмысқа икемдеді.

Уақыт өте келе тас үңгір айналасындағы ит-құс пен жабайы жеміс-жидектер қоры азайды. Оның үстіне адамдар тобыры күн санап молая түсті. Күнкөріс қамының қиындай түскенін сезген тайпа көсемдері бірнеше тобырға бөлініп, жан-жаққа жер аудару қажеттігін түсінді. Тайпаның бір тобы орманды алқапқа кетсе, келесі тобы өзен-көл мен шалғынды мамыржайға тап болды. Ауа райының жылы мезгілінде адамдар тобырының үдере қоныс аударуы қорек көзі мен шалғынды аймақтың тұрмыс-тіршілікке анағұрлым жайлы болғандғынан байқалмады. Ата мекенінен едәуір ұзап, жайлы жатын, шұрайлы шалғындық пен ит-құсы мен балығы мол алқапқа үйреніп қалған олар артқа қайтуға зауқы соқпады.

Күннің күрт суытуы адамдардың орманды-дала зонасынан суықтан қорғануына барынша мұмкін болатын пана мекендерді іздестіруіне ұйытқы болды. Осылайша, алғаш рет адамдар тас үңгірден тыс дала жағдайында өмір сүруге дағдылана бастады. Алғашында олар өздері аулаған жабай мамонттар мен бұғылардың терісін жамылып, піл сүйегін «күркей» ретінде пана етті. Олар жерге тік шаншылған сүйектерді айқастыра жас шыбықтың қабығымен орап, оның сыртына мал терісін айқара жапты. Бірте-бірте жер-ошақ пайда болған соң, ошақ сыртын ұзын қарағай сырықтарымен айқара бақандап, қадалған ағаштардың бір ұшын байлап, екіншісін жерге қазық ретінде шаншып қапталдады. Кейін ошақ орнын жерге дөңгелене қазылған«жертөленің» ортасына орналастырып, топырақ бетін құрғақ шөптер мен бұта-жапырақтармен жапты. Жертөле айналасына 9-15 ұзын сырықтан тұратын қарағай немесе үйеңкі ағаштарын топырақ бетіне қазық ретінде орналастырып, сыртын мал терісімен қаптады.

Аталмыш үрдістің Жер шарының экваторлық белдеуіне жақын орналасқан аймақтарда ұзақ уақыт бір қалыпта дамып, қалыптасып келген дәуірін шартты түрде «First Human Tropical dwelling» (тропикалық аймақтағы алғашқы адамдардың қонысы) деген тұжырымды одан ары нығайта түсу керек деп есептейміз[4].

Рулық қауымдастықтың қарқынды дамуы қоныс аудар тенденциясын одан ары жеделдетті. Аталмыш үрдіс адамдардың өмір тіршілігіне тәуелді жайлы қорек көздерін қамтамасыз ететін табиғи ортаны іздестіру қамына айналды. Оның басты мәселесі – жылқы малы еді. Ежелгі адамдардың жылқы малын (басқа да жануарлар) алдап қолға түсіру үшін терең ор қазып, нәтижесінде үркіген үйірлердің бас сауғалай келе, қазылған шұңқырға құлауы арқылы көп мөлшерде опат болуы жануарлар бойында табиғи инстинкттен туындаған «қорғаныс иммуниетін» қалыптастырды. Соның нәтижесінде, жабайы жылқылар үйірі бір мезгілде солтүстікке қарай үдере көшті. Жылқы көші олардың артынан басқа жабайы аңдар мен жануарлардың қоса көшуіне ұйытқы болды. Бұл кезең 1,5 млн жыл бұрын басталды.

Асау жылқылар солтүстіктің қатал табиғаты мен құрғақ (аридті) жазирасына жылдам бейімделіп кетті. Ежелгі адамдардың басқа жануарлардан гөрі, жылқы малына деген ерекше назары, сәйгүліктің бойындағы көп қасиеттеріне (тазалығы, жылдамдығы, төзімділігі, күштілігі және сұлулығы)  байланысты болғаны шындық. Жылқыны қолға үйрету ұзақ уақытты қамтыды. Үйір соңынан ерген ежелгі адамдар олардың соңынан ере отырып, жануардың психологиялық ерекшеліктеріне қанық болды, ең негізгісі үйірге жақын орналасқан бүгінгі киіз үйдің алғашқы нұсқасы болып табылатын «жылқышы үйінің» (Horsemens dwelling) пайда болуына тарихи-мәдени һәм діни-философиялық маңызын тигізді. Осылайша солтүстіктің табиғатына барынша адаптацияланған Арктикалық қоныс (Arctical dwelling) пайда болғанын әлемдік деңгейдегі сенсациялық ғылыми жаңалық ретінде қабылдауға болады. Халқымызда «Атың болса жортып жүріп жер таны, асың болса беріп жүріп ел таны» деген мақал тегін айтылмаса керек. Демек, Арктикалық аймақтарды (Еуразия даласы) иеленуде мыңдаған жылдар бойы «геоэкспанция» жасаған көне ата-бабаларымызды Ұлы даланың тұңғыш туристері депатауымызға болады.

Археолог Жакен Таймағамбетовтың айтуынша бұдан 25 мың жыл бұрын Ертіс өзенінің жағасында (Шүлбі қонысы) алғашқы адамдар қазіргі Сібір көшпенділері мен Канада эскимостары күркелеріне  ұқсас (Чумм, Типпи – Chumm, Tippi) ежелгі қоныс орнының табылғаны – қазақ даласының әлем номадтары жұртордалары (киіз үйлері) отаны һәм атажұрты екенін дәлелдейді[5].

Ботай қонысы (Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары) маңында энеолит дәуірінде (5-5,5 мың жыл) ғұмыр кешкен адамдар тұрмыс-тіршіліктері әлемде тұңғыш рет жылқыны қолға үйретіп, өз кезегінде қымызды ашыту технологиясы мен тұрақордаларын иеленгенін дәлелдеп отыр. Аталмыш сала бойынша зерттеу жүргізген отандық және шетел ғаламдарының тұжырымдары мен ғылыми қағидалары жалпы әлем көшпенділері «күркейлерінің»  даму эволюциясын қалыптастырды деуге болады.

Ботай мәдениеті көшпелі тұрмыстың классикалық үлгісін қалыптастырып шаруашылық әрекет пен экономикалық қарым-қатынастың адам мен табиғаи арасындағы шынайы гамониялық сипатта өрбігенін көрсетті. Бұл жөнінде біздер арнайы тақырып ретінде тоқталып, аталмыш құбылыстардың өміршеңдігі мен қоғамдық қажеттіліне баға беруге талпынбақпыз. Қазақстан, Орта Азия және Еуразия даласына ежелден белгілі болған көшпенділер тұрақордасы эволюциясы өз ретінде тарих, этнология, этнография, тарихи география және археология ғылыми-зерттеу саласы мамандарының еншісі екенін атай отыра, қол жеткізілген мұралар мен құнды заттарға негізделе отырып, көшпенділер (номадтар) тұрақордасы, яғни бүгінгі «киіз үй», «nomads yurt», «юрта» және басқа халық қазынасын ғаламдық деңгейдегі туризм объектісі екенін айқындау, оның рекреациялық мүмкіндіктерін қоғам мен ұрпақ игілігіне айналдыру болып табылады [6],[7],[8].

Шүлбі қонысында кіндігі кесілген байырғы жұрторданың тым қарапайым болуы көшіп-қону барысында ыңғайлы болғандығынан деуімізге негіз бар. Тау-тас үңгірлерінен алшақтауға мәжбүр болған көне далалықтар шөл мен шөлейт һәм орманды-далалаы алқаптарда жүріп-тұруға өте-мөте ыңғайлы жұртошақты (күркей, лашық, жертөле, абылайша, чумм, типпи) кәдеге жаратуы бекер емес. Оны қажет жағдайда паналау, құрастыру табиғи ортаның қай нүктесінде болмасын ұзақ уақыт дайындықты қажет етпейтін шаруа екенін ескерген жөн. Аталмыш кезең 25-6 мың жылдар арасын қамтып, сайын даладағы тұрмыс-тіршіліктің қайнарына айналды.

Шүлбі мен Ботай мәдениеті арасын жалғаған жұртошақ пен жұрторда эволюциясы адамзат тарихы мен мәдени мұрасының ажырамас қазынасына айналып, қоғамдық формацияның барлық заңдылықтары мен қағидаларын бойына сіңірді.

Ботай мәдениеті тұсында әлемде тұңғыш рет жабайы жылқыларды қолға үйреткен ботайлықтардың «ерлігі» өздері мекен еткен аймақтағы жан-жануарлардың азық қорегі тұрғысынан күрт азайып кетуі немесе табиғат құбылыстары мен катаклизмдері әсерінен басқа территорияға жер ауып (миграциялануы) кетуі салдарынан болуы мүмкін. Уақыт өте келе жабайы жануарларды қолға үйрету тенденциясының тым қарқынды көрініс табуы – азық-түлік қорегінің жетіспеушілігінен екені дау тудырмайды. Малдың қолға үйретілуі оның өсуі мен күрт төмендеу динамикасын бақылап отыруға мүмкіндік берді. Ал, мал өсімі мен өнімінің тұрмыс-тіршілікте маңызды орын алғаны өз алдына жеке мәселе.

Ендігі кезекте жұрторда өзінің жұртошақтық дәрежесінен заманның ағымына қарай едәуір өзгеріске ұшырап, далалық номадтардың сән-салтанаты мен салт-дәстүрлеріне қарай икемделіп, барынша күрделене түсті. Оның сайран құрған салтанатты кезеңін сақтар мен ғұндардың һәм көнетүркі тайпаларының «Алтын дәуірі» деп бағаласақ жаңылмаймыз.

Қазақ халқының ою-өрнегі тек ішкі жандүние иірімдерінен ғана бастау алмай, қоршаған орта мен аспан денелері арасындағы байланыс пен табиғат факторларымен тығыз байланыста ұзақ ғасырлар дамып келеді. Ою-өрнектің геоморфты, фитоморфты, орнитоморфты, зооморфты, ихтиоморфты, петроморфты т.б тылсым табиғат құбылыстары мен геологиялық-петроглифтік ескерткіштер әлемімен тоғысуы ғажап дүние. Атап айтқанда, халықтың қолөнер және зергерлік бұйымдар туындыларында «архар-мүйіз», «аққу қанаты», «өсімдік әлемі» және «төрт құбыла» жанрларының көптен кездесуі кездейсоқ дүние деп айта алмайсың.

Қазақстанның таулы аймақтарында, мәселен күні бүгінге дейін Ұлттық Археологиялық картаға ілікпеген «Таскескен петроглифтері» таңбаларында таутеке, архар, түйеғ салтатты тас суреттердің 3мың жыл бұрын қашалып, бейнеленген себептерінің бірі «аштықта қорек болған», «суықта пана болған», «кисе киім, жесе тамақ болған» жан-жануар әлеміне деген алғашқы адамдардың ерекше сезімдерінен туындаған мифологиялық-философиялық ой-танымдары десек қателеспейтін шығармыз.

Қоршаған ортадағы жердің географиялық орны мен рельефі көшпенділер өмірі һәм тұрмысына айтарлықтай ықпал етеді. Одан киіз үйге ұқсайтын ұсақ шоқылар мен аласа төбелер тек тұрмыс-тіршілік қамы ғана емес, тұрақорда жұртын салу мен құрастырудың негізгі элементі болуы мүмкін деген жорамал жасауға болады. Қалай дегенмен, киіз үй конструкциясын жасамастан бұрын, ата-бабаларымыз ата жұрт тұрақордасының киелі жер топырағы мен тау-тасы һәм өзен-көлі мен ит-құсы ерекшеліктеріне назар аудара отырып игіліктенуді мақсұт еткені анық байқалады.

Ата жұрт тұрақордасының киіз үй формасында көрініс табуы табиғи ортадағы рельеф, ландшафт және климаттық ықпалдарға ұшырауы, өз кезегінде ата-баба философиясында ұлттық құндылық ретінде бағалануы арқылы саналы тұрғыда қоғам мен халық игілігіне айналуы ғажап құбылыс. Міне, осы  әр адам терең бойлай бермейтін аталмыш танымдық һәм тағылымдық үйлесімділік киіз үйдің тарихын білуге құштар қонақтар мен ғалымдардың назарын өзіне аударғаны абзал. Мәселе, табиғаттың сұрапыл құбылыстары немесе жал-жанды сақтауға арналған күйбің тіршілік пен қызығынан қиыны көп тұрмыс-салттың жетегіне бой ұсынған Ұлы дала перзентінің  бір ғана бағытта ғұмыр кешті деп қалай айтуға болады? Жоғарыда профессор Виктор Зайберт реконструкциясы бойынша жасалған Ботай қонысындағы алғашқы адамдардың «жұрт панасы» мына суретте бейнеленгендей ғажап бір ұқсастық пен тылсым үйлесімділікті паш етіп тұр.

Ботайлықтар дүние жүзінде жылқыны қолға үйретіп, қымызды ашыту технологиясын жасай отыра, ендігі жерде олар әлемде тұңғыш рет Ұлы Дала кеңістігіне сай келетін көшпенділер тұрақордасының тұңғыш архитектуралық моделін жасады деуге негіз бар. Мұны  ғылыми жаңалық деп бағалауға болады.

Киіз үй Ассоциациясының жарқын үлгісінің бірі түйе өркешінің ата-бабалар тұрақордаларына ұқсастығы. Мұндай ғажап құбылыстар мен теңеулер қонақтар мен туристердің аса қызыға назар аударатын маршрут нұсқаулары мен ақпарат құралына айнадуы керек. Бұл жөнінде біз жоғарыда киіз үйді тамашалауға келген қонақтарды түйенің үстіне отырғызып алып келу дәстүрінде толық сипаттама бердік. Осы бағытта туристерге ұлттық тағам түрлері, зергерлік бұйымдар, кілем мен текемет тарихы, жауынгерлік дәстүр, қыран бүркітті баулу, дастархан мәзірі ұлттық киім үлгілері, аңшылық һәм саятшылық дәстүрлері қоса насихаттаған жөн.

Еуразия құрлығының апайтөс даласын сан ғасырлар бойы атамекені санаған көшпенді-номадтардың соңғы ұрпағы, бүгінде әлемдегі өркениттті мемлекеттермен терезесі тең тәуелсіз мемлекеттті құраушы қазақ жерінде 2017 жылы Бүкіләлемдік «ЕХРО 2017 Astana» бүкіләлемдік көрмесінің өткізілуі ХХІ ғасырдың басындағы адамзат жамиғатындағы аса ерекше оқиғалардың бірі болып қалары анық.

Өткен ғасырлар қойнауында (1465-1821) Қазақ Хандығы (Kazakh Khatate, Kazakhya) деген атаумен әлемге мәшһүр болған еліміз 1991 жылы қайтадан тәуелсіз мемлекет болып қалыптасқанына 20 жылдан асты. Бүгінгі Қазақстан Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың басқаруымен заман талаптарына сай, ұтымды да қарқынды һәм мақсатты да парасатты жаңаша даму жолын ұстануда. Оған еліміздегі болып жатқан ауқымды реформалар мен серпінді бетбұрыстар, инновациялық серпілістер мен ғылыми-техникалық модернизацияландыру жетістіктерін атап өтуге болады. Жалпы Ұлттық туризм жүйесінің қалануына тарихи маңызын тигізген айтулы оқиға Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Испанияға сапары барысында UNWTO-ның штаб-квартирасына бет бұруы (2000) болды. Аталмыш ірі өзгерістер мен динамикалық қарқынды дамуымыздың бір келбеті туризм индустриясы болып табылады. Астананың бельгиялық Льеж шаһарынан (Халықаралық Көрме бюросының 152-Ассамблеясы) басым түсуі бекер емес. Атап айтқанда, соңғы 5-10 жыл ішіндегі Қазақ Елінің әлемдік деңгейдегі позитивті көрсеткіштері мен айтулы жетістіктері (Олимпиада ойындарындағы ірі жетістіктер, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (OSSE), Ислам конференциясы ұйымы (OIC), Бүкіләлемдік туристік ұйымға мүшелікке қабылдану UNWTO, 45 Еуропалық Кеңес отырысының Алматыда өтуі, заман талабына сай бәсекеге қабілетті жаңа кәсіпорындардың ашылуы, Қазақстан-2050 Стратегиялық бағдарламасының қабылдануы, Қазақстан аймағында халықаралық стандарт негізінде 5 туристік кластер орталығын салу Жүйелілік жоспарының игіліктенуі т.б) ел болашағының заңғар биіктерге самғауына ұйытқы болуда. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы (2014) «Қазақстан 2050» Стратегиясы мен «Мәңгілік ел» Ұлттық идеясы іргетасының қалануы – Қазақ Елінің планетарлық масштабта қарыштап дамуына жол сілтейтін даңғыл арна болары анық.

Пайдаланылған әдебиеттер мен ақпараттық ресурстар

1.Қазақстан тарихы. 1 том. Алматы, «Атамұра» баспасы, 1998

2. Соколова В.М. История туризма. М: «Мастерство», С_3527, 2002. http://www.gumer.info/Travel/sokol/index.php

3.Курсабаев М.К., Мазбаев О.Б., Аяпбекова А.Е., Баймолдаева А.Т., Айтжанова А.Е. Музей истории номадов мира – объект международного туризма и краеведения. Материалы Международной научно-практической конференции «Тенденции, проблемы, преспективы идустриально-инновационного и устойчивого развития туризма», Астана, 26 сентября 2013 года. С.: 42-48

4. Muhamedrahim Kursabaev, Serik Isabekov, Alyia Ayapbekova, Beisenbek Temirzhanov, Geoarchaeological and tourist heritage dwellings (yurts) nomads and indigenous ethnic groups in the world, University of Turan-Astana, Kazakhstan.The Online journal tangible and intangible culture. http://mykursabaev.blogspot.com

5. Kursabaev M, Auapbekova A, Mazbaev OThe ancient history of Kazakh-Nomads yurt.

http://www.slideshare.net/muhamedrahimkursabae/the-ancient-history-of-kazakh-nomads-yurt

6.The exploitation of horses at Botai, Kazakhstan". In Levine, Marsha; Renfrew, Colin; Boyle, Katie. Prehistoric Steppe Adaptation and the Horse. Cambridge: McDonald Institute. pp. 83–104. ISBN 1-902937-09-0.

7.Bendry, Robin (2007). "New methods for the identification of evidence for bitting on horse remains from archaeological sites". Journal of Archaeological Science 34 (7): 1036–1050.

8.The Earliest Horse Harnessing and Milking. Alan K. Outram,Natalie A. Stear,Robin Bendrey,Sandra Olsen,Alexei Kasparov,Victor Zaibert, Nick Thorpe, Richard P. Evershed. http://www.reading.ac.uk/archaeology/about/staff/r-bendrey.aspx

9. Всеобщая история архитектуры, Том 1. Москва, 1973 год. с.17-36

10. http://www.lah.ru/text/yanovich/g13.htm. В.Янович.Аборигены Европы

11. http://edapskov.narod.ru/arh/arh9.htm. Доисторические жилища.

12.Shelter By Lloyd Kahn. Shelter Publications, Inc., May 1, 2000.

13.American Shelter: An Illustrated Encyclopedia of the American Home By Les

14.Hill, Jonathan, “Immaterial Architecture”, New York: Routledge, 2006.

Published in Jonathan Hill, editor, Occupying Architecture: Between the Architect and the User.

15.Evans, Robin “Translations from Drawing to Building: Figures, Doors and Passages” London: Architectural Associations Publications 2005

16.Summerson, John “The Book Of Architecture of John Thorpe in Sit John Soan's museum: 40th Volume of the Walpole Society” England: The Society 1964

17. Evolution of the ger © Paul King 2001. http://www.woodlandyurts.co.uk/Yurt_Facts/YurtFacts.html

18. Курсабаев М.К., Аяпбекова А.Е., Габдуллина М.Х. Индустрия туризма: поиск, мотивации, проблемы. Сборник материалов Международной научно-практической конференции «Валихановские чтения-17». – Кокшетау, 24-26 апреля 2013., 220 стр., Т.10, С.:  165-169.

19. Курсабаев М.К, Джапарова Г.А, Шайжанов М.К, Исабаеков С.Б, Аяпбекова А.Е, Мазбаев  О.Б и др. Геоархеологический и туристический потенциал конструкции древних жилищ (юрты) номадов и коренных этносов мира. Сб.материалов международной научно-практической конференции «Қазақстантану-9».- Астана, 13-14 ноября 2014.

20. Native American- Turanian Brotherhood: FIRST NATIONS First.  https://www.facebook.com/pages/Native-American-Turanian-Brotherhood-FIRST-NATIONS-First/254587994552741?fref=photo

21. Rubtcova E.http://www.newworldencyclopedia.org/entry/Yurt

     
0
0
1974