Мазмұнға өту

Жаңа

Алматы қаласының ішкі істер департаментінде қоғамдық қабылдау бөлімі жұмыс істей бастады.

Алматы қаласының ішкі істер департаментінде қоғамдық қабылдау бөлімі жұмыс істей бастады. Бұл бөлім ІІД басшылығы және Департамент жанындағы Қоғамық кеңес мүшелерінің бастамасымен құрылды.
Қоғамдық қабылдау бөлімінің жұмысы азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған. Сонымен қатар, аталмыш бөлім тұрғындарға құқықтық тәртіпті қорғау мәселелерін шешуге қатысуға және Алматы полициясының қызметін жетілдіруге қатысты өз ұсыныстарын енгізуге мүмкіндік береді. Бұл бөлімнің іске қосылуы - азаматтармен арада осындай байланыстың қажеттілігін көрсетіп отыр.

Қоғамдық қабылдау бөлімі тұрақты түрде әр аптаның сәрсенбі және жұма күндері күндізгі сағат 12:00-ден 14:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Бөлім ІІД бірінші қабатында орналасқан. Мекенжайы - Масанчи көшесі, 57 «А».

1
0
375

Екі ғасырлық тарихы бар мылтық полицейлерге тапсырылды.

Екі ғасырлық тарихы бар мылтық полицейлерге тапсырылды. «Baq.kz», 17.07.2014ж. Семей тұрғындарының бірі полиция өкілдеріне 1818 жылы жасалған тарихи мылтықты тапсырды. Құнды жәдігердің сыртында «Special-Gtwehr-Lauf Stahl» деген жазуы бар. Естеріңізге сала кетейік, елімізде бірнеше уақыттан бері тұрғындардан қару-жарақ қабылдау акциясы жүріп жатыр. Жүргізілген тексеруден кейін сарапшылар аталған мылтық дайындалған металдың құрамын анықтады. Айтуларынша, дәл мұндай материалдан қазір қару-жарақ жасалмайды екен. Тіпті, қару жасауда мұндай технология да қолданыстан шыққалы көп болған дейді олар. Ал, мылтықтың қапталында үш таңба бар. Мамандардың айтуынша, ол ірі бытырамен атқан. "Қазіргі таңда аталған мылтық ШҚО Ішкі істер департаментінде сақтаулы тұр. Алдағы уақытта оны құнды жәдігер ретінде…

1
0
287

Республиканың жергілікті және басқа да соттарының бос қызмет орындарына конкурс жарияланды

2014 жылдың 17 шілдесінде Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі республиканың жергілікті және басқа да соттарының бос қызмет орындарына конкурс жариялады. Толық ақпаратты «Жоғары Сот Кеңесі» айдарынан білуге болады.

http://sud.gov.kz/kaz/news/respublikanyn-zhergilikti-zhne-baska-da-sottarynyn-bos-kyzmet-oryndaryna-konkurs-zhariyalandy

1
0
337

Қазақтың құмай тазысы

Көшпелі бабамыз жаз жайлауды той-думандатып өткізсе, қысқы күнде ит жүгіртіп, құс салып саятшылық құрған. Сөйтіп, аңға салатын құстарды, мінетін атты — жүйрік ат, қыран бүркіт, алғыр қаршыға, құмай тазы, айлалы сұңқар деп ерекше қасиеттерімен атаған. Осындағы құмай тазының қасиетіне тереңірек тоқталсақ… Тазының ең жүйрігін, аң алғыш, ұшқырын құмай, құмай тазы деп атайды. Халқымыз тазының ең күштісіне, жүйрігіне «нағыз құмай екен, қанатты құмай екен» деген секілді мадақ сөздер айтқан, оның ерекше қабілеттеріне сүйсінген. Өз бойына біткен ептілік, жылдамдық, әдісқойлық, түлкі-қоянды құйын­дай соғатын, тіпті арқарға, қасқыр­ға шабатын қасиеттердің бәрі құмайға тән. Құмай тазы өзінің ізшілдігімен, желмен жарысқан жүйріктігімен, сұлу мүсінімен өз аталастарының ішіндегі сырттаны, төресі деп есе…

1
0
1880

Астанадағы Кубриннің үйі

Астана еліміздің жас астанасы болса да жазылар тарихы көп. Қала тарихында із қалдырған тұлғалар мен ғимараттар саны шахарымызда аз емес. Соның бірегейі қазіргі мемлекет қорғауындағы, 1910 жылы іргетасы қаланған Көпес Кубриннің үйі. Кенесары мен Әуезов көшесінің қиылысында орналасқан ғимарат ары-бері өткен тұрғындар мен қала қонақтарының назарын өзінің керемет архитектурасымен қызықтырары анық. Ғимараттың ауладан түсіргендегі көрінісі Бүгінде ол жерде Украинаның Қазақстандағы елшілігі мен консулдығы қоныс тепкен. 2001 жылдан бері аумағы 533 шаршы метр болатын ғимаратта елшілік орналасқан. Ғимарат тарихын тарқатпас бұрын Кубриндер кім деген сауалға жауап іздесек. Түбі казак Константин Кубрин осы әулеттің негізін салушы, саудагерлікпен айналысқан. Оның әлекедей жаланған ұлдары Андриан мен Ма…

2
0
1950

Атырау облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті 2014 жылдың бірінші жартылдығын қорытындылады

Ағымдағы жылғы 14 шілдеде Атырау облысы бойынша Қаржы полициясы департаментінде 2014 жылдың 1-ші жартыжылдығының қорытындысы бойынша жедел мәжіліс өтті. Жедел мәжіліс Департамент бастығы М.А.Төлеубаевтың төрағалығымен басқарма бастықтарының және жеке құрамының қатысуымен өткізілі. Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрғасының тапсармаларына сәйкес Департаментпен экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес жүргізілді. Міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Департамент 2014 жылдың бірінші жартыжылдығында 177 қылмыс анықтады, оның 105 экономикалық және 84 сыбайлас жемқорлық қылмыстары, оның ішінде 77 қылмыс ауыр және аса ауыр қылмыстарының санатына жатады. Қоса есептегенде 140 іс сотқа жолданды. Келт…

0
0
556

Жоғарғы Сотта электронды сервистерді енгізуге арналған «дөңгелек үстел» өтті

Бүгін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету  департаментінің басшысы І.Испановтың төрағалығымен электронды сервистерді енгізу мәселелеріне арналған «дөңгелек үстел» өтті.

http://sud.gov.kz/kaz/news/zhogargy-sotta-elektrondy-servisterdi-engizuge-arnalgan-dongelek-ustel-otti

0
0
842

«Туған елге тағзым» экспедициясының алғашқы күні

Еліміздің болашағы жастарымыздың тарихқа көзқарасын арттыру, ғылымға деген сүйіспеншілігін күшейту, еліміздің айшықты Астанасының тарихын терең түсіну мақсатында Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебінің оқушылары, яғни біз Астанаға сапар шектік. Жаз айының аптап ыстығына қарамастан, біздің білімді жастарымыз Астананы зерттеуге толық дайындықпен нық қадам басқан болатын. 1-шілде күні «Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас» - деп ұрандатып, Астанаға да келіп түстік.Бізді Астана қаласының тұрғындары өте жақсы қарсы алды. Ең алдымен бізге берілген қонақ үйге жол тарттық. Қонақ үйге келіп орналасып болған соң, таңғы ас ішуге кірістік. Аспаздарының қолынан бал тамған десек те артық емес, тағамдары өте дәмді. Таңғы астан соң біз Астана қаласындағы Халықаралық бакалавриат дә…

3
0
1482

Ағайынды Қосшығұловтардың есіміне берілген Қосшы ауылы

Ағайынды Қосшығұловтар - Елорданың байырғы Қараөткел аталған кезіндегі тарихымен тығыз байланысты есімдер. Олар өздерінің туған шаһарларының өсіп-өркендеуіне үлкен үлес қосты: Қараөткелдегі ескі мешітті қалыпқа келтіру, сол кездегі тұңғыш кәсіпорын, кәмпит-тоқаш фабрикасын ашу, мұсылман жастары мектебін салу сынды көптеген игі бастамалардың басы-қасында жүрді. Бүгінде Қосшығұловтардың есімін еске салатын елді-мекен – Қосшы ауылы болып табылады.
Аталмыш елді-мекеннің тарихымен «Өлкетану» бағдарламасында таныс болыңыздар! Құрманғали Қосшығұлов – Қара­өткелдің даңқын алысқа шы­­ғарған атақты көпес Баймұқамбет Қосшығұловтың үл­кен ұлы.

0
0
1692