Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Туған елге тағзым» экспедициясының алғашқы күні

Еліміздің болашағы жастарымыздың тарихқа көзқарасын арттыру, ғылымға деген сүйіспеншілігін күшейту, еліміздің айшықты Астанасының тарихын терең түсіну мақсатында Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебінің оқушылары, яғни біз Астанаға сапар шектік.

Жаз айының аптап ыстығына қарамастан, біздің білімді жастарымыз Астананы зерттеуге толық дайындықпен нық қадам басқан болатын. 1-шілде күні «Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас» - деп ұрандатып, Астанаға да келіп түстік.Бізді Астана қаласының тұрғындары өте жақсы қарсы алды. Ең алдымен бізге берілген қонақ үйге жол тарттық.

Қонақ үйге келіп орналасып болған соң, таңғы ас ішуге кірістік. Аспаздарының қолынан бал тамған десек те артық емес, тағамдары өте дәмді. Таңғы астан соң біз Астана қаласындағы Халықаралық бакалавриат дәрежесіндегі Назарбаев Зияткерлік Мектебіне ат басын тіредік. Сол мектеп оқушылары мен Атырау қаласының оқушылары көңілді күйде қарсы алды. Көптеген ойындар ойнатып, басқа қала оқушыларымен тез тіл табысып кеттік.

Түскі астан соң Астана қаласындағы енді бой көтеріп, ашылғалы тұрған жаңа оқу орнымен танысуға аттандық. Бұл ғимарат оқушылардың еркін әрі сапалы білім алуы үшін, қазіргі жаңа технологиялармен жабдықталған. Көңіл-күйіміз өте тамаша. Волонтерлар бізді мектеп ішімен толық таныстырып, аралатып өтті.

Осындай көңіл-күймен түстен кейінгі астан соң Астана қаласының символына айналған, әлемдегі ең үлкен шатыр – «Хан-Шатыр» ойын-сауық орталығына бардық. Үлкен сауда орталығын жақсы көңіл-күймен араларап, таныстық. Хан-Шатыр ғимаратына келгенде, барлық шаршағанымызды ұмыттық десе де болады. Алған әсерімізді сөзбен жеткізу мүмкін емес.Тамаша көңіл көтердік. Міне осылай біз елордамыздағы «Туған елге тағзым» өлкетану, зерттеу экспедициясының алғашқы күні өзіндік ерекшеліктерімен есте қалды. Бірінші күніміз осылайша аяқталды. Бүгін біз өзімізге қажетті, қызықты-қызықты мәліметтер алдық деп ойлаймын. Ендігі келесі күндерімізде осындай құлшыныспен жалғасады деп үміттенемін.

3
0
1472

Осы тақырып бойынша