Мазмұнға өту
ehistory

История Казахстана

@ehistory

Сайтта 2014 ж. 1 шілдеКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

321

пікірлер

10

тіркелуші

52

жазылымдар

0

Алтай тауынан көне түрік тайпасына тиесілі мумия табылды

Мумиядағы киім мен әшекей әйелдің жоғары тап өкілі екенін растайды, ал киіміне кестеленген гүлдер нақты бір халыққа тиесілі өнер қолтаңбасы болып саналады екен Жақында Моңғолияның Алтай тауларында, 2 800 метр биіктіктен мумия табылған. Археолог сарапшылардың пайымдауынша, мумия – біздің заманымыздың алтыншы ғасырында өмір сүрген түрік әйелі, оған кемінде 1 500 жыл болған. Хабарламада жергілікті ауа-райының суықтығы және моланың 3 метр тереңдікте жатуы әйел денесінің жақсы сақталуына себеп болған делінеді. Бұл – теңіз деңгейінен осынша биіктіктен алғаш табылып отырған түріктік мумия болып есептеледі. Кобдо музейінің Б. Сухбаатар есімді ғылыми қызметкері жерленген жерден садақ табылмауына байланысты дененің әйелге тиесілі екенін пайымдауға болады дейді. Сонымен бірге табылған заттардың ішін…

1
1
1660

Қазақстанның алғашқы тәуелсіздік жылдарындағы ТМД елдерімен қатынасының ерекшеліктері (1991-1995 жж.)

Достастық шеңберіндегі елдердегі ұлтаралық келісімді сақтау, халық тұрмысын төмендетпеуге деген бірлескен шараларды іске асыру қажеттілікке айналды КСРО тарағаннан кейін оның құрамында болып келген бұрынғы одақтық дәрежедегі кеңестік социалистік республикалардың көпшілігінің еркіндік тұрғыдағы негіздеген экономикалық одағы – ТМД деген атаумен белгілі болды. ТМД жаңадан өмірге келген тәуелсіз мемлекеттердің саяси, экономикалық, әлеуметтік және ұлтаралық қатынастарда терең қарама-қайшылықтар орын алып, дағдарысқа ұшыраған, тұрғындарының барлық салаларда барынша күйзеліске ұшыраған жағдайында өмірге келді. Бұрынғы Кеңес Одағы кезіндегі орталықтан жоспарланып, басқарылған одақ шеңберіндегі өзара тығыз байланыстардың үзілуі, осының негізіндегі орын алған жаңа күрделі жағдайларды бірлесе шешу ж…

0
0
1635

Семей қасіреті – қазақ қасіреті

«Семей қасіреті» кітабының тарихнамалық және деректемелік арқауы мейлінше шымыр. Дәуірнамалық мәні айрықша. Қазақ қасіретін, жер-судың зар-наласын толыққанды сипаттап жеткізгенЖазушы Медеу Сәрсекенің «Семей қасіреті» дейтін деректі тарихи хикаяты – Қазақ елінің, Жер-суының, Тағдырының қасіретін толғаған кемел туынды. Бұл энциклопедиялық сипаттағы кесек шығармада қисапсыз мол материалдар, айғақ-деректер жинақталып, жүйеленіп нақтылы баяндалған, тарихи-философиялық жинақтаулар мен тұжырымдар жасалған. Мысалы, «Семей қасіреті» кітабының «Жапон халқына қымбат «сыйлық», «АҚШ қырғиларымен тайталаста», «Қазақ сахарасы – сынақ алаңы», «Қыр елінің тарихы шерткен сыр», «Мамыражай жаз еді», «Қорғаушысы жоқ ел жетім», «Мүсәпір елдің тағдырын кім ойлайды», «Мұхамедғали Сужиков не үшін қудаланды?», «Қи…

1
0
2573

Қазақстанның алғашқы тәуелсіздік жылдарындағы ТМД елдерімен қатынасының ерекшеліктері (1991-1995 жж.)

Достастық шеңберіндегі елдердегі ұлтаралық келісімді сақтау, халық тұрмысын төмендетпеуге деген бірлескен шараларды іске асыру қажеттілікке айналдыКСРО тарағаннан кейін оның құрамында болып келген бұрынғы одақтық дәрежедегі кеңестік социалистік республикалардың көпшілігінің еркіндік тұрғыдағы негіздеген экономикалық одағы – ТМД деген атаумен белгілі болды.ТМД жаңадан өмірге келген тәуелсіз мемлекеттердің саяси, экономикалық, әлеуметтік және ұлтаралық қатынастарда терең қарама-қайшылықтар орын алып, дағдарысқа ұшыраған, тұрғындарының барлық салаларда барынша күйзеліске ұшыраған жағдайында өмірге келді. Бұрынғы Кеңес Одағы кезіндегі орталықтан жоспарланып, басқарылған одақ шеңберіндегі өзара тығыз байланыстардың үзілуі, осының негізіндегі орын алған жаңа күрделі жағдайларды бірлесе шешу жаң…

0
0
1157

Әлихан Бөкейхан. Қазақтың тарихы. ІІІ-IV

Тарих кітаптарынан қарап мұны білуге болмайды. Орыстың тарихында топты қазақ деген сөзді жазбайды. «Киргиз» деген бір жаңылыс сөзді малданып, соның менен бүкіл тарихын быдықтырадыІІІГазетаның 3-інші нөмірінде Қазақтың тарихы турасында жаңылыстың екеуін санап едік. Жəне үшінші хате мынау: «Қазақ» деген сөздің мағынасын тарих кітаптарын анық қып айтып бере алмайды. «Қазақ» деген сөз қайдан шығыпты? Тарих кітаптарынан қарап мұны білуге болмайды. Орыстың тарихында топты қазақ деген сөзді жазбайды. «Киргиз» деген бір жаңылыс сөзді малданып, соның менен бүкіл тарихын быдықтырады. Арабша һəм түрікше тарих кітаптарына келсек, онда да анық сөз жоқ, һəр түрлі ұйғарып айтады. Кей біреуі: қазақ – қашақ деген деген сөзден өзгерілген дейді. Жəнібек хан тұсында ханзаданың біреуі хан бола алмайтын болған…

1
0
1451

Наурыз мейрамын жаңаша өткізудің тұжырымдамасынан

Наурызды ежелгі түркілік онекімүшелдік күнтізбеге қатыссыз қарай алмаймыз. Бұл мерекелік рәсім – аталған дүниетанымға негізделген Уақыт пен Кеңісті әмбебап онекімүшелдік жүйеге жіктеудің бір көрінісі3. Наурыз бен түркілік мифЖалпы алғанда, түркілік ғаламдық танымды паш ететін мынадай мифтік көріністен аттап өтуге болмайды. Ол көрініс мифологиялық арқау ретінде түркілік ертегілерге тән болып келеді. Айдалада бәйтерек өсіп тұрады, оның басына ұя салған самұрық құс тұрады екен, бірақ самұрықтың балапандарын жалмайтын айдаһар бәйтеректің түбінде мекендейді. Сөйтіп, айдаһарды өлтіретін асқақ батыр туылмайынша, самұрық бұл тажалдан құтылмайды екен. Батыр туылады, айдаһармен айқас болады, жігіт жеңеді, самұрық оның мұратына жетуге қызмет етеді. Міне, бұл – типтік мифологиялық арқау. Бұл жерде әң…

2
0
3966

Алаштың аналары: Зарина (Біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырдың аяғы – V ғасырдың басында өмір сүрген)

Көшпелі, жауынгер халықтың тіршілік дәстүріне байланысты он үшке толған қыздар «Арулар жасағының» қатарына алынып, садақ атуға, найза лақтыруға, қылыштасуға машықтанатын«Бұл оқиға Мидия патшасы Астибардың тұсында өткен еді. Сақтар мен мидиялықтардың арасында ұзаққа созылған қанкешті соғыс жүріп жатқан. Ол кездегі сақтардың патшасы Зарина атты өжет те сұлу келіншек еді».К. Мойсеев. «Заринаның семсері». 36-бетІӘлқисса, осынау ұрпақтан ұрпаққа жиырма бес ғасыр бойы, яғни екі мың бес жылдан бері аңыз дастан боп келе жатқан сақ тайпасының аруы Зарина (Сара) туралы оқиға да тосыннан басталды. Еркіндігіне ерлігі, серілігіне сұлулығы сай керім келіншек ашық аспан, дарқан даланың аясында серуен құрып, сергіп қайту үшін саятқа шықты. Өзінің «Арулар жасағына» тез арада жиналып, қару-жарағын сайлап,…

0
0
1513

Қазақстандағы ашаршылық зұлматына байланысты қазақтардың Батыс Сібірге босқыншылығы

Кейбір жергілікті тұрғындар, шовинистік пиғылдағылар «қазақтар орыс балаларының етін жейді» деген әңгімелер таратуына байланысты жергілікті тұрғындардың қазақтарды өлтірген оқиғалары да орын алдыҚазақстанда жүргізілген «бай-құлақтармен» күресу, зорлап отырықшылдандыру мен ұжымдастыру саясаты бойынша барлық малды ортақтандыру арқылы етке өткізу науқанының нәтижесінде мал басы күрт азайып, оның аяғы бұрын-соңды болмаған ашаршылыққа соқтырды. Бұл ашаршылықтың ауқымы 1918-1919 және 1921-1922 жылдары болған сұрапыл ашаршылықтан да зор болды. 1931-1933 жылдары болған кезекті ашаршылық кемінде төрт миллион адамның өмірін қиды, олардың басым көпшілігі Қазақстанның аумағында қырғынға ұшырады; олар отырған қараша үйлері мен қыстауларында, бір үзім нан іздеп кезіп жүріп өлді, қалаларға жеткендері кө…

-1
0
948

Мырзағұл Әбдіқұлов: «Өлімнен де күшті!»

Айтатын ой көп. Жеті жылда көргенімді, түрмедегі адамдардың барлығы жаман болмайтындығы, олардың ішінде де рухы биік, жаны таза кісілердің көп екендігі туралы ойларымды әңгімеге сыйғызу мүмкін емесЖелтоқсанның ызғарлы желі талайларды тоңдырды, талай қазақты жұлқып, ұйқысынан оятты, талайлардың намыс отын тұтатты. Сол тоңғандардың, оянғандардың, көкіректегі намыс оты тұтанғандардың бірі – менмін. Тас зынданда болған жеті жыл уақыттың ішінде талай тозақты көрген мен өлімнен де күшті нәрсе бар екенін ұқтым. «Туған жердің намысы бөтен қолда кетпесін!» деп Қайрат інім жырлағандай, оның аты – Намыс. Ар, Ұят, Рух екен. «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы», «Ерді намыс өлтіреді», «Өлімнен ұят күшті» деген халқымның асыл сөздеріне Желтоқсан көтерілісінен бұрын шын мәнінде тереңдеп…

0
0
1581

Көшпенділер өркениетінің жоқшысы

Советтік идеологияның бір ерекшелігі – ұлтты ұлттың өзіне қарсы қою. Міне, соның кесірінен өз тарихын өзі жатсыну, өткеніне де, болашағына да күмәнмен қарау көңіл-күйі қалыптасқанХХ ғасырдың 80-жылдарына дейін әлемдік ақыл-ой кеңістігінде көшпенділер өркениеті деген сөз ауызға алынбайтын. Көшпенділер тарихына еуроцентристік немесе азиялық центристік көзқараспен баға берілді. Еуропа мен Азия тарихын түбірінен өзгерткен ғұндар мен кейінгі түріктердің, монғолдардың тарихы туралы бір жақтылы қасаң көзқарастар ғылымда үстемдік құрып келді. Бақсақ, мейлі ғұн, мейлі түрік, мейлі монғолдар болсын, бәрі де жер бетіне көшпелі өркениеттің ұрығын сепкен, ұлан-ғайыр мәдени кеңістіктерді бір-бірімен жалғаушы, жаңалықтарды жеткізуші болған екен. Онымен қоймай, көшпенділер отырықшы өркениеттер аймағына қ…

0
0
2550