Мазмұнға өту

Жаңа

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында

Қызылорда облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінде Қызылорда облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті қызметкерлері және «Нұр Отан» партиясы өкілдерінің қатысуымен «Әр ісіңе адал бол: сыбайлас жемқорлықпен күресейік!» тақырыбында семинар өтті. Семинарда Қызылорда облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті ақпараттық талдау бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға инспекторы Б.Жамантаев «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың салдары және оның алдын алу» тақырыбында баяндама жасады. Өз баяндамасында қаржы полициясы қызметкері сыбайлас жемқорлықпен күрес жүйелі және кешенді сипат алғандығын атап өтіп, Қызылорда облысы бойынша Қаржы полициясы департаментімен қозғалған қылмыстық істер бойынша мысалдар келтірді. Сонымен қатар, семинарды өткізу барысында сыбайлас жемқорлық қылмыстар…

0
0
500

«Көркем фильм» кинокомпаниясы «Жұлдызды кездесу» атты байқау жариялайды.

Назар аударыңыздар! «Көркем фильм» кинокомпаниясы «Жұлдызды кездесу» атты байқау жариялайды. Аталған шара «Сырғалым» телехикаясын үзбей көретіндер үшін. Отандық «жұлдыздар» өміріндегі жаңалықтардан хабардар жандар үшін. Және де киноға жаны құмар талғампаздар үшін. Бар болғаны төмендегі үш сауалға жауап беру керек: 1. «Сырғалым» телехикаясындағы әртістердің басым көпшілігі қандай спорт түрімен шұғылданады? (ер адамдар ұжымы) 2. Қазақстан Ұлттық арнасында көрсетілген Сырғалым телехикаясының бірінші маусымын, бір күн ішінде, ең көп дегенде қанша көрермен тамашалаған. 3. «Көркем фильм» кинокомпаниясының құрылғанына қанша жыл? Байқаудың жеңімпазы, «Сырғалым» телехикаясының екінші маусымының түсірілу алаңында болып қайту құқығына ие болады. Сондай-ақ, көрермендерге Шер Әлі есімімен танымал, ата…

0
0
552

«Ақтөбе» тбилисилік «Динамодан» басым түсті

«Ақтөбе» тбилисилік «Динамодан» басым түсті
Қазақстандық «Ақтөбе» футбол клубы Чемпиондар Лигасындағы біліктілік кезеңінде сырт алаңда Грузияның «Динамо» командасымен кездесу өткізді.

Бұл ойында қонақтар өз қарсыластарын 1:0 есебімен тізе бүктірді. Ойындағы жалғыз голдың авторы — «Ақтөбенің» бразилиялық футболшысы Неку. Ол ойынның 51-минутында қапталдан Хайруллиннің әуеден берген пасын ұтымды қабылдап, допты қақпаға баспен салды.

Айта кетейік, бұл қазақстандық клубтың биылғы маусымдағы Чемпиондар Лигасы аясындағы алғашқы матчы. Қарымта кездесу 23 шілде күні Ақтөбе қаласында өтпек.

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Автор: Жасұлан Жолдыбаев
0
0
195

Тони Галлопен «Тур де Франстың» 11-кезеңінде мәреге бірінші келді

Astana клубының капитаны Винченцо Нибали
Франциялық спортшы Тони Галлопен «Тур де Франстың» 11-кезеңінде мәреге бірінші келді. Lotto-Belisol командасының өкілінен сәл ғана қалып қойған Giant-Shimano кулбының велошабандозы Джон Дегенкольб екінші, OPQS командасының мүшесі Маттео Трентина үшінші орындарға ие болды.

Astana клубының капитаны Винченцо Нибали жалпы есептегі көшбасшыға берілетін «сары жейдені» өзінде сақтап қалды.

Ол екінші орында келе жатқан аустралиялық Ричи Порттан (Sky) 2 минут 23 секундқа, үздік үштікті түйіндеп тұрған испандық Алехандро Вальвердеден (Movistar) 2 минут 47 секундқа озып тұр.

Жалпы есеп.

1. Нибали (Италия, «Астана») — 46:59.23.

2. Порт (Аустралия, Sky) — 2.23.

3. Вальверде (Испания, Movistar) — 2.47

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Жасұлан Жолдыбаев
0
0
236

Месут Өзіл 23 баланың отасына қаржы бөлмек

Месут Өзіл

Дертке шалдыққан 23 бразилиялық балаға Месут Өзілдің қаражатынан ота жасалады, деп жазады шетелдік  БАҚ.

«Құрметті жанкүйерлер, мен Әлем Кубогы қарсаңында 11 балаға ота жасалуына демеушілік көрсеттім.  Әлем чемпионатындағы толық құрамамыздың жеңіске қол жеткізгеннен кейін 23 балаға  көмек көрсеткім келеді. Бұл — менің бразилиялықтардың қонақжайлылығына деген алғысым», - деді Өзіл «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында.

25 жастағы жартылай қорғаушы мундиальда жеті ойын өткізіп, бір гол соққан. Ол Германия құрамасымен бірге ақтық сында Аргентина құрамасын артта қалдырып (1:0, қосымша уақытта), алтын медальға ие болды.

   

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
405

Мадридтік «Реал» әлемдегі ең қымбат спорт клубы атанды

Мадридтік «Реал» Forbes журналының бағалауынша әлемдегі қымбат спорт клубтары тізімінде әлі де көш бастап тұр, деп хабарланды басылым сайтында. Мәліметтер бойынша, «Корольдік клубтың» құны 3,44 миллиард долларды құрайды. Бұл тізімде екінші орынды $3,2 миллиардқа бағаланған «Барселона» еншілеп тұр. Үздік үштікті 2,81 миллиард доллар тұратын «Манчестер Юнайтед» командасы түйіндейді. Алғашқы ондыққа кіретін командалар мыналар: 4. «Нью-Йорк Янкиз» ($2,5 миллиард ) — АҚШ жоғары бейсбол лигасында (MLB) ойнайды; 5. «Даллас Ковбойз»($2,3 миллиард) — АҚШ Ұлттық футбол лигасының командасы; 6. «Лос-Анджелес Доджерс» (MLB, $2 млрд); 7. «Бавария», Мюнхен (футбол, $1,85 млрд); 8. «Нью-Ингленд Пэтриотс» (NFL, $1,8 млрд); 9. «Вашингтон Редскинз» (NFL, $1,7 млрд); 10. «Нью-Йорк Джайентс» (NFL, $1,55 млрд)…

0
0
351

Д.Сәдуақасова Испаниядағы шахмат турнирінде екі кубокты жеңіп алды

гроссмейстер Динара Сәдуақасова

Х.С.Омаров атындағы елордалық шахмат клубының тәрбиеленушісі, әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасова Испаниядағы ірі «XXXIV Open Internacional Villa de Benasque» опен-турнирінде әйелдер арасында және жасөспірімдер арасында бірінші орындарды жеңіп алып, екі кубокпен оралды.

Белгілі гроссмейстер Властимил Янсаны жеңіп, халықаралық гроссмейстер Гита Гопалмен  және халықаралық шебер Эстебан Форсендпен  тең ойнап, перфоманста 2483 нәтиже көрсетті.

Турнирге 38 елден шахматшылар қатысты, олардың арасында 37 халықаралық гроссмейстер және 33 халықаралық шебер болды.

   

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
351

Кетбұғадай билерден кеңес сұрар күн қайда?!

Шыңғыс ханға ұлы Жошының қайтыс болуын жеткізген Кетбұға би екенін көбі біле бермейді. Алайда тарихтағы аңызды білмейтін адам жоқ. Кетбұға – жырау, күйші, аңыз кейіпкері. Ол Шыңғыс хан заманының тұсында өмір сүрген. Өз кезінде шығармалары халық арасында кең тараған. Көшпелілер арасында сөз өнерінің дамуына ерекше ықпал еткен көрнекті тұлға.

1
0
3223

Алматы қаласының ішкі істер департаментінде қоғамдық қабылдау бөлімі жұмыс істей бастады.

Алматы қаласының ішкі істер департаментінде қоғамдық қабылдау бөлімі жұмыс істей бастады. Бұл бөлім ІІД басшылығы және Департамент жанындағы Қоғамық кеңес мүшелерінің бастамасымен құрылды.
Қоғамдық қабылдау бөлімінің жұмысы азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған. Сонымен қатар, аталмыш бөлім тұрғындарға құқықтық тәртіпті қорғау мәселелерін шешуге қатысуға және Алматы полициясының қызметін жетілдіруге қатысты өз ұсыныстарын енгізуге мүмкіндік береді. Бұл бөлімнің іске қосылуы - азаматтармен арада осындай байланыстың қажеттілігін көрсетіп отыр.

Қоғамдық қабылдау бөлімі тұрақты түрде әр аптаның сәрсенбі және жұма күндері күндізгі сағат 12:00-ден 14:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Бөлім ІІД бірінші қабатында орналасқан. Мекенжайы - Масанчи көшесі, 57 «А».

1
0
374