Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Екі ғасырлық тарихы бар мылтық полицейлерге тапсырылды.

Екі ғасырлық тарихы бар мылтық полицейлерге тапсырылды. «Baq.kz», 17.07.2014ж.
Семей тұрғындарының бірі полиция өкілдеріне 1818 жылы жасалған тарихи мылтықты тапсырды. Құнды жәдігердің сыртында «Special-Gtwehr-Lauf Stahl» деген жазуы бар. Естеріңізге сала кетейік, елімізде бірнеше уақыттан бері тұрғындардан қару-жарақ қабылдау акциясы жүріп жатыр.

 

Жүргізілген тексеруден кейін сарапшылар аталған мылтық дайындалған металдың құрамын анықтады. Айтуларынша, дәл мұндай материалдан қазір қару-жарақ жасалмайды екен. Тіпті, қару жасауда мұндай технология да қолданыстан шыққалы көп болған дейді олар.

Ал, мылтықтың қапталында үш таңба бар. Мамандардың айтуынша, ол ірі бытырамен атқан.

"Қазіргі таңда аталған мылтық ШҚО Ішкі істер департаментінде сақтаулы тұр. Алдағы уақытта оны құнды жәдігер ретінде мұражайға өткізу мәселесі иалқылануда" деді полиция капитаны Талғат Дюсупов.

1
0
277

Осы тақырып бойынша