Атырау облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті 2014 жылдың бірінші жартылдығын қорытындылады
Ағымдағы жылғы 14 шілдеде Атырау облысы бойынша Қаржы полициясы департаментінде 2014 жылдың 1-ші жартыжылдығының қорытындысы бойынша жедел мәжіліс өтті.
Жедел мәжіліс Департамент бастығы М.А.Төлеубаевтың төрағалығымен басқарма бастықтарының және жеке құрамының қатысуымен өткізілі.
Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрғасының тапсармаларына сәйкес Департаментпен экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес жүргізілді.
Міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Департамент 2014 жылдың бірінші жартыжылдығында 177 қылмыс анықтады, оның 105 экономикалық және 84 сыбайлас жемқорлық қылмыстары, оның ішінде 77 қылмыс ауыр және аса ауыр қылмыстарының санатына жатады. Қоса есептегенде 140 іс сотқа жолданды.
Келтірілген залал мөлшері 76,8 млн.теңгені құрады, оның қабылданған шара бойынша мемлекетке және азаматтарға 67,8 млн.теңгеден астамы қайтарылды.
Мәжілісті қорытындылай келе, Департамент бастығы М.А.Төлеубаев а.ж. бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша алқа отырысында айтылған Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы мен төраға орынбасарларының тапсырмаларын есепке ала отырып Департамент қызметкерлерінің алдына міндеттер қойды.
Биыл алғаш рет атап өтілген Мемлекеттік қызметшілер күнін тойлауға байланысты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алғыс хаттарымен бақылау және құжат айналымы бөлімінің басшысы З.Г.Амирова, қаржы шаруашылық бөлімінің басшысы Э.С.Қалиева, сондай-ақ бас маманы М.Е.Қошқаровты марапаттаумен мәжіліс аяқталды.
