Алматы қаласының ішкі істер департаментінде қоғамдық қабылдау бөлімі жұмыс істей бастады.
Алматы қаласының ішкі істер департаментінде қоғамдық қабылдау бөлімі жұмыс істей бастады. Бұл бөлім ІІД басшылығы және Департамент жанындағы Қоғамық кеңес мүшелерінің бастамасымен құрылды.
Қоғамдық қабылдау бөлімінің жұмысы азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған. Сонымен қатар, аталмыш бөлім тұрғындарға құқықтық тәртіпті қорғау мәселелерін шешуге қатысуға және Алматы полициясының қызметін жетілдіруге қатысты өз ұсыныстарын енгізуге мүмкіндік береді. Бұл бөлімнің іске қосылуы - азаматтармен арада осындай байланыстың қажеттілігін көрсетіп отыр.
Қоғамдық қабылдау бөлімі тұрақты түрде әр аптаның сәрсенбі және жұма күндері күндізгі сағат 12:00-ден 14:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Бөлім ІІД бірінші қабатында орналасқан. Мекенжайы - Масанчи көшесі, 57 «А».
