Мазмұнға өту

Жаңа

«Қайрат» — ойыншылар құрамы бойынша Премьер-Лигадағы ең қымбат команда

Алматының «Қайрат» командасы Қазақстан Премьер-Лигасында ойыншылар құрамының трансферлік бағасы бойынша көш басында келеді. Transfermarkt. De сайтының деректеріне сәйкес, «Қайрат» командасындағы трансферлік баға 11 миллион 530 мың еуроны құраған. Ал ең төменгі трансферлік баға Семейдің «Спартагында» тіркелді — бары-жоғы 3 миллион 80 мың еуро. Есесіне Қызылорданың «Қайсар» командасы ойыншыларының саны жөнінен бірінші орынға бір-ақ шықты. Қазір команда құрамында 30 футболшы өнер көрсетеді. Ең аз ойыншы «Ақтөбеде» — 23 футболшы. Жасы ең үлкен ойыншылар «Ақтөбе» мен «Ертісте» — 27,9 жас. Ал ойыншылары ең жас команда — Алматының «Қайраты» — 24,9 жас. Ең көп легионерлер «Атырау» командасында тіркелді — барлығы 13 ойыншы. Ал ең азы «Тараз» бен «Жетісуда» — 7 ойыншыдан. Футболдан ұлттық құрама ко…

0
0
571

Александр Поветкин келесі жекпе-жегін биылғы қазанда өткізеді

Александр Поветкин
Аса ауыр салмақтағы ресейлік боксшы Александр Поветкин өзінің келесі жекпе-жегін биылғы қазан айында өткізеді.

Бұл туралы промоутер Андрей Рябинскидің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ресейлік БАҚ хабарлады.

Алайда бұл осы жекпе-жектің  күні мен болашақ қарсыласы жайында нақты ақпарат жоқ. Айта кетейік, соңғы рет А. Поветкин биылғы мамырда 7 ай үзілістен кейін неміс боксшысы Мануэль Чаррмен жұдырықтасып,  қарсыласын нокаутпен ұтты.

Мәскеуде өткен жекпе-жек  жетінші раундта ресейліктің жеңісімен аяқталды. Ал осыған дейін, 2013 жылдың қазанында  Мәскеуде өткен кездесуде  Кличко Поветкинді төрешілердің шешімі бойынша ұпай санымен жеңген болатын. Айта кетейік, сол жолы орыс боксшысы өз мансабында тұңғыш рет жеңілістің ащы дәмін татқан болатын.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Руслан Ғаббасов
0
0
246

Илья Ильин Астанада қалың жұртқа өз шеберлiгiн көрсеттi

Екi дүркiн Олимпиада жеңiмпазы, қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин бүгiн Астанада worldclass және «Астана» президенттiк кәсiби спорт клубы арасында меморандумға қол қою рәсiмiнен кейiн өткен кiшiгiрiм семинар барысында өз шеберлiгiмен бөлiстi. Күні кеше Лондонда өткен әлем чемпионатында рекордтық салмақты көтеріп, дүйім жұртты асқан шеберлігімен тамсандырған Илья биыл да бабында. Шеберлiк сыныбы барысында толағайымыз жаттығу үдерiсiнде қолданылатын бiрқатар әдiстердi көрсетiп бердi. «Спортпен айналысыңыздар, жүгiрiп, бассейнге жазылсаңыздар да жаман емес. Әрбiрiмiз мықты болсақ, елiмiз де күштi болады», — дейдi чемпион. Осыдан кейiн Илья Ильин жанкүйерлерiне өз қолтаңбасын таратып, естелiк фотоға түстi. Еске сала кетейiк, Лондон Олимпиадасынан кейiн Илья бiлiм алу мақсатында жарыстарға қа…

0
0
212

Шведова Швецияда жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Швецияның Бостад қаласында өтіп жатқан «Collector Swedish Open-2014» турнирінің алғашқы айналымында сүрінді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық спортшы біліктілік бәсекесінен өткен германиялық Лаура Зигмундпен кездесті. 1 сағат 38 минутқа созылған матч 7:5, 6:3 есебімен Германия өкілінің пайдасына шешілді.

   

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
206

«Астана» мен «Хапоэль» матчына билет құны 200 теңге болады

Ертең елордалық «Астана» Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде  израильдік «Хапоэльмен» кездеседі.

- Билеттер матч өтетін күні сатылады, оның құны 200 теңгені құрайды, — деп Sports.kz өз конференциясында құраманың баспасөз-атташесі Дмитрий Нестеренко жазды.

Ойынның басталуы 19:00-ге жоспарланған. Матч «KAZsport» арнасының тікелей эфирінде көрсетіледі.

   

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
219

Қазақстанда жыл басынан бері 3 мыңдай шетелдік жауапкершілікке тартылды.

Қазақстанда жыл басынан бері 3 мыңдай шетелдік жауапкершілікке тартылды.
Жыл басынан бері еліміздің көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1155 шетелдік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар көші-қон заңнамасынан бөлек құқық бұзушылықтар жасаған 1831 шетелдік те әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жарты жылда көші-қон заңнамасын бұзуға қатысты 27 қылмыстық іс қозғалған, оның ішінде 14-і мемлекеттік шекарадан заңсыз өту, 10-ы соттың елден кету жөніндегі шешімін орындамау, 3-і заңсыз көші-қон ұйымдастыруға қатысты.

Сонымен қатар сот шешімімен 20 шетелдік елден қуылды. Биылғы жылдың алғашқы алты айында 10 млн 908 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.

0
0
167

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы

«Аманат» бағдарламасының кезекті саны Астананың төрінде орналасқан, жуырда ғана ашылған ҚР Ұлттық мұражайына арналмақ. Ел тарихына қатысты жәдігерлерге бай мұражайда соңғы үлгідегі технологиялар кеңінен қолданылған.

0
0
1673

Мәңгі өшпес туынды – «Шұғаның белгісі» повесі

Ғ. Мүсіреповтің: «Жазушы үшін кейіпкердің үлкен - кішісі болмайды. Мәселе оны қалай суреттеп шығуында. Бейімбеттің бұл жөнінен төрт құбыласы сай. Кейбір әдебиетшілер осы мәселенің байыбына бара алмай жүр. Бейімбетті тани алмау – ештемені тани алмау...» деген екен. Бейімбет Майлин – қазақ әдебиетінде ойып тұрып орын алатын талантты жазушы. Әсіресе, көркем әңгіме жанрын өркендетуге көп еңбек еткен қаламгер. Ол 1914 жылдары «Шұғаның белгісін» жазып, жариялаған кезде қазақ прозасы жанр ретінде жаңа туып-қалыптаса бастаған. Бейімбеттің қазақ прозасы мен повесінің дамуына тікелей себепкер болған жазушы.
«Шұғаның белгісі» туындысы күні бүгінге дейін қазақ повесінің үлгісі боп қалып отыр.

0
0
1723