Ағайынды Қосшығұловтардың есіміне берілген Қосшы ауылы

Ағайынды Қосшығұловтар - Елорданың байырғы Қараөткел аталған кезіндегі тарихымен тығыз байланысты есімдер. Олар өздерінің туған шаһарларының өсіп-өркендеуіне үлкен үлес қосты: Қараөткелдегі ескі мешітті қалыпқа келтіру, сол кездегі тұңғыш кәсіпорын, кәмпит-тоқаш фабрикасын ашу, мұсылман жастары мектебін салу сынды көптеген игі бастамалардың басы-қасында жүрді. Бүгінде Қосшығұловтардың есімін еске салатын елді-мекен – Қосшы ауылы болып табылады.
Аталмыш елді-мекеннің тарихымен «Өлкетану» бағдарламасында таныс болыңыздар! Құрманғали Қосшығұлов – Қараөткелдің даңқын алысқа шығарған атақты көпес Баймұқамбет Қосшығұловтың үлкен ұлы.
