Мазмұнға өту
KarakozT

Қаракөз Тасболат

@KarakozT

Сайтта 2014 ж. 23 маусымКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

143

пікірлер

0

тіркелуші

10

жазылымдар

0

«Адай» Құрманғазының күйі ме?

«Адай» күйінің шығу тарихының бірнеше нұсқасы бар. Бірде Құрманғазы Сағырбайұлы патша үкіметінен қашып жүріп, бір ауылға тап болады. Түскен үйінде ілулі тұрған домбыраны шертіп, қайта орнына қойыпты. Сәлден соң бір қыз бала келіп, домбырасын біреудің ұстағанына наразы бола отырып, күй тартады. Өзін танытпай тұрған Құрманғазы сол сәтте: «Шырағым, күйдің әсемін тарта ма десем, есерін тарттың ғой», - деп домбырасын сұрап алып, күйдің тарту үлгісін көрсетеді. Ақмаңдай есімді әлгі қыздың тартқан күйі «Адай», ал Құрманғазының орындағаны «Серпер» екен. Күй тарихының өзге де нұсқалары жайында не білеміз?

Бағдарлама көрсетілімінде Құрманғазы Сағырбайұлының әйгілі «Адай» күйінің орындалуы,  оның күй өнеріне әкелген қағыстары, жанрлары кеңінен түсіндіріледі.

0
0
11246

Мұхиттың «Ақиіс» әні кімге арналған?

Мұхит Мералыұлының көпшілік әндері арнау ретінде дүниеге келген. «Ақиіс» әні де солардың қатарында.

Мұхиттың ауылындағы дәурені жүріп тұрған Мұхтар байдың Қырмызы деген бәйбішесі болады. Ауыл-аймаққа жомарттығымен, кеңпейілділігімен қадірлі болған ол тұрмысы нашар отбасыларына қарайласып тұрған деседі. Бір күні Мұхтар бай екінші әйел алады. Әрине, күннен-күнге Мұхтар байдың назары жас әйеліне қарай ауа береді. Бұл бәйбішесінің мазасын алып, дегбірін қашырады. Міне, осы кезде жоқтықты басынан кешіп отырған Мұхиттың үй ішіне Қырмызы бәйбіше аздаған азық жәрдемін тыйып тастайды. Жас та болса, екінші әйелі Иіс шамасы келгенше әншінің қадірін біліп, қол ұшын беріп тұрыпты.

Кәсіби ұстаз, әнші Айгүл Қосанова шәкірттерге Мұхиттың жас тоқал Иіске арнаған «Ақиіс» әнін үйретеді.

 
0
0
1855

Ұлт тағдыры туралы толғаныс немесе Алаш идеясы

XX ғасырдың басында елеулі құбылыстың бірі – Алаш қозғалысы еді. Қазақ халқы ұлт азаттық қозғалысының елдік мүддені қорғау жолында ұлттық саяси партия құрып, Алаш арыстарының алдына қойған маңызды міндеттерінің бірі – түрлі тарихи оқиғалардың салдарынан сырт елдерде қалған қазақтардың мәселесі болатын. Сондай-ақ, босқыншылықта жүрген қазақ халқының басын біріктіру, бір шаңыраққа жинау мақсатында жеке автономиялы ел болу еді. 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында II бүкіл қазақ-қырғыз съезі өтеді. Басқосуда съез делегаттары автономия құру керектігі жөнінде қаулы қабылдайды. Қаулыдағы мәселелердің бірінде «қазақ-қырғыз автономиясы – «Алаш» деп аталсын» деген жолдар кездеседі. «Алаш» автономиясын құру кімдердің идеясы еді? Түркістан автономиясының жұмысын лезде тоқтатуға не себеп болд…

1
1
1449

Кімдер ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі бола алады?

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы – еліміздің маңдайалды оқу орындарының бірі. Академия ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық Жоғары Мемлекеттік басқару мектебі мен ҚР Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру институтының бірігуі нәтижесінде құрылған. Оқу орнында бүгінгі мемлекетімізді басқаруда көп еңбек сіңіріп жүрген азаматтардың біліктілігін көтеруге ден қойылған. Аталмыш оқу орнын бітірушілірге қандай кепілдіктер беріліп, жеңілдіктер жасалады? Жалпы академия не береді, не үйретеді? Түлектері кімдер? Маңызды сұрақтардың толыққанды жауабын ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Әбдірәсілов әңгімелеп бермек.

 
0
0
1485

Сүндет Байғожин: Қазақ операсын қазақтан артық ешкім шырқай алмас

Мектеп қабырғасында оқып жүріп-ақ, ән айтуды ұнатқан әнші бүгінде еліміздің «Астана Опера» театрының жетекші солисіне айналды.

2013 жылы ол Италияда өткен Опера әншілерінің халықаралық конкурсына қатысып, өз номинациясы бойынша 1 орынды иеленген. Опера әншісі «Arena di Verona» беделді театрында тыңдаудан өтті. Енді Сүндет Байғожин әлемдік сахнаға шығатын тұңғыш қазақстандық опера әншісі болмақ.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі опера әншісі Сүндет Байғожинмен болған сұхбатта шығармашылығындағы жаңалықтарымен таныс бола аласыздар.

0
0
2451

Қ.Аманжоловтың «Көкшетау» өлеңі

Құрметті жырсүйер қауым! Назарларыңвға «Сезім тербеткен өлке» атты жобамызды ұсынамыз. Азамат Сатыбалдының орындауында Қ.Аманжоловтың «Көкшетау» өлеңі. <span style="color:#141823;font-family:Helvetica, Arial, "lucida grande", tahoma, verdana, arial, sans-serif;font-size:13.63636302947998px;line-height:17.27272605895996px;" _mce_style="color: #141823; font-family: Helvetica, Arial, "lucida grande", tahoma, verdana, arial, sans-serif; font-size: 13.63636302947998px; line-height: 17.27272605895996px;"><span style="color:#141823;font-family:Helvetica, Arial, "lucida grande", tahoma, verdana, arial, sans-serif;font-size:13.63636302947998px;line-height:17.27272605895996px;" _mce_style="color: #141823; font-family: Helvet…

0
0
1192

Әлемнің 25 кинотуындысын жарыққа әкелген әйгілі роман

Роман жанрында логикалық нақтылық пен қарапайымдылықты негіз етіп, табиғаттың өзара үйлесімділігін тіл байлығы арқылы жеткізе білген қаламгерлердің бірі – Оскар Уайльд. Оның қаламынан туған «Дориан Грейдің портреті» романы – әлемдік классикадан ойып тұрып орын алатын үздік шығарма. «Әдебиет әлемі» бағдарламасының бөгінгі бөлімі Оскар Уайльдтің шығармашылығына арналады.

1
0
438

Ж. Доғалова, әнші: «Алдағы уақытта өзімді режиссер ретінде танытқым келеді»

21 қараша күні Қазақстан әншісі Жанар Доғалова Қазанда (Татарстан) өткен Turkvizyon-2014 байқауының жеңімпазы атанды. Ол "Ізін көрем" әнімен өнер көрсетіп, 225 ұпай жинаған болатын.
«Сахна құдіретін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сондықтан да, мен әркез өнер көрсеткенде қобалжимын. Бұл сайыста да толқыныс үстінде болдым. Бірақ, мені қанаттандырған асыл анамның «тек өзіңнің емес, еліңнің абыройын ойла» деген бір ауыз сөзі, қазақ елінің маған артқан үміті, жанымдағы қолдаушыларым, әрбір теледидар алдында отырған тілектестерім мен жанкүйерлерімнің сенімі маған жеңіс сыйлады. Болашақта өз тыңдармандарыма рухани азық болатын, жан тебірентер туындылар сыйлау. Сонымен қатар, өзімді режиссер ретінде таныту», - дейді Ж.Доғалова.

0
0
449

«Шал» фильміндегі көкбөрілердің рөлі.

Көне түркі мифологиясында түркілердің түп негізі көк бөрілермен байланысты екені баяндалады. Ежелден дала тағысының өрмінезділігі мен қайтпас қайсарлығы қазақтың мінезіне теңеледі. Сондықтан да болар, дала еркелері көптеген отандық фильмдердің арқауына айналып, адам мен табиғат арасындағы тылсым байланыстың айқын үлгісіне ұласып келеді.

http://www.bmtv.kz/kz/telezhoabalar/2014-10-08-09-08-11/aza-film-keshe-b-gin-erte/item/3852-shal-filmindegi-k-kb-rilerdi-r-li

0
0
433

Как снимался фильм «Жаужурек мың бала»?

Эпический блокбастер «Жаужурек мын бала» стал сенсацией еще до начала съемок. Это самая кассовая картина, снятая киностудией «Казахфильм» за всю историю кинематографа независимого Казахстана. Фильм основан на легенде о тысяче юношей и девушек, вставших на защиту родной земли от джунгарских оккупантов. В очередном выпуске программы «Казахфильм: вчера, сегодня, завтра» зрители совершат путешествие за пределы съемочной площадки, узнают о том, как снималась эпическая картина и услышат массу баек.

http://www.bmtv.kz/ru/component/k2/item/4069-kak-snimalsya-film-zhauzhurek-my-bala

0
0
2794