Мазмұнға өту

Жаңа

Бүгін республика соттарының 2014 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңес өтті

Бүгін республика соттарының 2014 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысының қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңес өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Мәми, Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы Б.Бекназаров, Президент Әкімшілігі Мемлекеттік-құқық бөлімінің меңгерушісі Ә.Рақышева, Мемлекеттік басқару академиясы Сот төрелігі институтының директоры М.Бейбітов, Судьялар Одағының төрағасы С.Байбатыров, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалаушы сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың судьялары мен қызметкерлері, сондай-ақ республикадағы облыстық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары қатысты.

http://sud.gov.kz/kaz/news/bugin-respublika-sottarynyn-2014-zhyldyn-birinshi-zhartyzhyldygynyn-korytyndysy-boyynsha

 

1
0
333

Солтүстік Қазақстанда қылмыстарды ашуда иісшіл иттердің көмегі орасан.

Солтүстік Қазақстанда қылмыстарды ашуда иісшіл иттердің көмегі орасан. Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері қызметтік иісшіл иттер полицейлерге 24 келі есірткі табуға көмектескен. «Жыл басынан бері облыс аумағында қызметтік иттердің көмегімен жалпы саны 246 қылмыс анықталды. Олардың 182-сі ұрлық, 20-сы тонау және 5-і қарақшылық шабуыл», - делінген хабарламада. Иісшіл иттер есірткі бизнесімен күресте де үлес қосқан. Биылғы жылы тәртіп сақшыларының төрт аяқты серіктестері 21 қылмысты ашуға көмектескен. 23 келі 691 грамм есірткі заты, оның ішінде 2 келі 297 гр героин тәркіленіпті. Бүгінгі күні облыстық ішкі істер департаментінің кинологиялық қызмет орталығында 15 қызметтік ит бар. 7 ит қылмыскерлерді иіс арқылы іздеуге үйретілген, 2-і одорологиялық таңдау желісі, 3-і есірткіні, ал…

0
0
412

Қарағанды учаскелік полицейлері отандық жаңа көліктерге мінді.


Қарағанды облысы полицейлерінің паркі 153 автокөлікпен толықты.Полицейлерге жаңа қызметтік көліктер кілтін облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков табыстады.
Шарада өңір басшысы құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасы нығайып келе жатқанын атап өтті. Биылғы жылы облыстың ішкі істер органдарын жарақтауға 11 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді.
Полиция өкілдеріне берілген отандық автокөліктердің 120-сы «Нива» маркалы болса, 32-сі - «Шкода». Бұдан басқа, «Тойота Хайс» маркалы көлік базасында құрылған «Автоураган» аппараттық-бағдарламалық кешені сатып алынды. Ол жол-патрульдік полициясына арналған.

0
0
311

Көлік полицейлері Астана әуежайында іздеуде жүрген 57 жастағы алаяқты ұстады.

Көлік полицейлері Астана әуежайында іздеуде жүрген 57 жастағы алаяқты ұстады. «BNews.kz», 18.07.2014ж. Көлік полицейлері Астана әуежайында іздеуде жүрген 57 жастағы алаяқты ұстады, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі Көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2014 жылдың 14 шілдесі күні Астана әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері халықаралық Астана әуежайында «Астана-Шереметьево» бағытындағы ұшақтан 1 шілдеден бері алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген 57 жастағы азаматты ұстады. 2013 жылдың 18 маусымында аталмыш азамат Семей қаласы тұрғынының сеніміне кіріп, алдау арқылы қаражатын иемденген. Алаяқ азаматшаға 1,2 миллион теңге көлемінде зардап тигізген. Жедел-алдын алу шаралары барысында ұсталған күдікті Астана қаласындағы тергеу абақтысына қамалды.…

0
0
114

Шәмші әндері немесе шәмшітану

Шәмшіні есімі әр қазаққа жақсы таныс, әр қазаққа жақын. М.Әуезов студенттер алдында сөйлеген әйгілі сөзінде Шәмші саздарын Ақан, Біржан өнерпаздығынан кейінгі бір «жыл келгендей жаңалық» сезіндіретін үздік құбылыс ретінде бағалап, аты алты Алашқа кеңінен тараған композиторды осылай ұлықтаған. Оның «Бүкіл қазақ еліне ән салдырған Шәмші» атануының сыры да да сонда жатыр.
Оның әр туындысы құлаққа жағымды, жүрекке жылы қабылданып, көпшіліктің сүйіспеншілігіне айналды. Жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінде Шәмші әндерінің концерті өтеді. Студия мейманы Шәмші дүниесінің насихатшысы, композитор Қалдыбек Құрманәлі.

0
0
371

Мұражай тағылымы

Адамзат баласы өзінің даму барысында көптеген тарихи-мәдени құнды дүниелерді жасап, кейінгі ұрпаққа мұра етіп келеді. Өркениетті елдердің даму тарихы сол елдің мұражайларының қорларында сақталып, қорғалып насихатталады. Қазақ елінің тарихы көнеден келе жатқан құнды жәдігерлерге толы. Бұл рухани құндылықтар ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, тәрбие, білім көздеріне айналып отыр. Бүгінде қазақ халқының орта ғасырлық ғылымы мен білімі, мәдениеті мен өнерінің кең тараған өлкесі Отырар даласы тарих жәдігерлерін көздің қарашығындай сақтап келе жатқан ордалы орын.Республикада алғаш құрылған Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайының негізі 1967 жылы мектеп ұстазы, іскер Асантай Әлімовтың басшылығымен «Темір» орта мектебінен бастау алады.Тарихшы, өлкетанушы А.Әлімов мұражай құру, жәдігерлерді жинақт…

0
0
423

Армян халқының ұлттық нақыштары мен дәстүр сабақтастығы

Өрік жемісі - Армения мемлекетінің символы саналады. Мемлекет туындағы сары жолақ – өріктің түсімен тікелей байланысты.

Армян жазуының 1600 жылдан астам тарихы бар. Армян халқының ең айтулы ұлттық мерекелерінің бірі – Вардавар деп аталады. Күн жылынып, жадыраған жаздың лебі ескен кезде барлық жастар бір-біріне су шашып, мейрамды ұлықтайды. Неліктен армяндар өздерін әлемдегі ең ақылды халықтың санатына жатқызады? Дәстүрлі армян киімі немен ерекшеленеді? «Нұрлы отау» бағдарламасынан армян халқының ұлттық нақыштары мен дәстүр сабақтастығын тамашалаңыздар!

0
0
5084

«Алжир» мемориалдық-мұражай кешені(«Туған елге тағзым» экспедициясының төртінші күні )

«Туған елге тағзым» экспедициясының төртінші күні Қызылордалық өрендер үшін тарихтың тылсым құпияларына сапар шегіп, өткенімізге шолу жасаған есте қаларлықтай күн болды. Бұл жолы біз сапарымызды таң сәріден Астана қаласынан 17 шақырым жерде орын тепкен саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «Алжир» мемориалдық-мұражай кешенінен бастадық. Қақпадан кіре берісте көз алдымызда «Сталин вагоны», «Қасірет қақпасы монументі», «Еске алу қабырғалары» тұрды. Сталин вагонын көргенде, алғашында көз алдымнан бұрынғы қуғын-сүргін құрбандарының мұңы мен зары, қиналғандары өтті десем артық емес. Бұл вагон іші өте тар болғанына қарамастан, 80-90-дай адамды аяусыз қинап, вагондарға тиеп, әбден қорлық көрсеткен. Қақаған қысты күні бұл вагон ішінде 2 айдан аса жол жүріп, әбден азап шеккен.Енді наз…

3
0
4628

Қазақстанда жалған/контрафактілік медициналық өнімнің айналысының алдын алу жөніндегі шаралар туралы

Қазіргі уақытта, Қазақстанда елімізде жалған дәрілердің пайда болуының белгілі қауіптері бар, ол бірінші кезекте Қазақстанда әлемдік жалған дәрілер айналысын арттыру үрдісіне байланысты.

http://www.mz.gov.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=1663:aza-standa-zhal-an-kontrafaktilik-meditsinaly

0
0
300

Назар салыңыз! Кастинг!

"Нысана" апталық-сараптамалық бағдарламасының жүргізушісіне кастинг жарияланады.

Журналистика саласында кем дегенде бірнеше жыл машықтанған, өз бетінше мәтін жаза алатын адам қажет. Телеарнада тәжірибесі болса тіптен жақсы. Қазақ тілінде таза сөйлеуі шарт.

Барлық сұрақтар бойынша мына мекен-жайға хабарласыңыздар:

+ 7172 54 26 72, + 7 707 528 68 61, + 7 707 533 63 34, эл.пошта: [email protected], [email protected]

0
0
312