Солтүстік Қазақстанда қылмыстарды ашуда иісшіл иттердің көмегі орасан.
Солтүстік Қазақстанда қылмыстарды ашуда иісшіл иттердің көмегі орасан.
Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері қызметтік иісшіл иттер полицейлерге 24 келі есірткі табуға көмектескен.
«Жыл басынан бері облыс аумағында қызметтік иттердің көмегімен жалпы саны 246 қылмыс анықталды. Олардың 182-сі ұрлық, 20-сы тонау және 5-і қарақшылық шабуыл», - делінген хабарламада.
Иісшіл иттер есірткі бизнесімен күресте де үлес қосқан. Биылғы жылы тәртіп сақшыларының төрт аяқты серіктестері 21 қылмысты ашуға көмектескен. 23 келі 691 грамм есірткі заты, оның ішінде 2 келі 297 гр героин тәркіленіпті.
Бүгінгі күні облыстық ішкі істер департаментінің кинологиялық қызмет орталығында 15 қызметтік ит бар. 7 ит қылмыскерлерді иіс арқылы іздеуге үйретілген, 2-і одорологиялық таңдау желісі, 3-і есірткіні, ал өзге иісшіл иттер жарылғыш заттарды табуға машықтанған. Сонымен қатар, қызметтік иттер ішкі істер органдарының барлық аудандық құрылымдарында түрлі қылмыстарды ашуға көмектеседі.
