2018 жылы зейнетақы жүйесін елеулі өзгерістер күтіп тұр
Елбасы Н.Назарбаевтың берген тапсырмасына сәйкес, биыл зейнетақы мөлшері 2016 жылмен салыстырғанда 20 пайызға көбейтілгені белгілі. Осылайша мемлекет әлеуметтік міндеттемелер бойынша тиісті шараларды толық орындап отыр. Зейнатақы жүйесіне енгізілетін өзгерістер туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова айтып берді. 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ынтымақты зейнетақы көлемі (еңбектік) 8%, базалық зейнетақы басқа да жәрдемақы түрлері сияқты 6% өседі. Сонымен бірге, базалық зейнетақыны тағайындаудың әдісі өзгереді. Мәселен, бүгінде базалық зейнетақы төлемдері еңбек өтілі есепке алынбай барлығына бірдей беріліп келсе, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап еңбек өтіліне қарай есептеліп бөлінетін болады. Светлана Жақыпованың айтуынша, жинақтаушы зейнетақы қорына жи…