Мұражай тағылымы
Адамзат баласы өзінің даму барысында көптеген тарихи-мәдени құнды дүниелерді жасап, кейінгі ұрпаққа мұра етіп келеді. Өркениетті елдердің даму тарихы сол елдің мұражайларының қорларында сақталып, қорғалып насихатталады. Қазақ елінің тарихы көнеден келе жатқан құнды жәдігерлерге толы. Бұл рухани құндылықтар ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, тәрбие, білім көздеріне айналып отыр.
Бүгінде қазақ халқының орта ғасырлық ғылымы мен білімі, мәдениеті мен өнерінің кең тараған өлкесі Отырар даласы тарих жәдігерлерін көздің қарашығындай сақтап келе жатқан ордалы орын.Республикада алғаш құрылған Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайының негізі 1967 жылы мектеп ұстазы, іскер Асантай Әлімовтың басшылығымен «Темір» орта мектебінен бастау алады.Тарихшы, өлкетанушы А.Әлімов мұражай құру, жәдігерлерді жинақтау арқылы жас ұрпақты отаншылдыққа, туған өлкені сүюдің, жастарды тәрбиелеудің үлкен орталығына айналдыра білді. Төл тарихымыздан көп мағлұмат беретін осынау құндылықтар жарыққа шығып, зерттеліп, зерделеніп мұражайлардан орын алып, халық игілігіне айналды. Кейіннен бұл шаңырақ еліміздегі «Таңдаулы мектеп мұражайы» атанды.
Толығырақ: http://egemen.kz/?p=32270
