Мазмұнға өту
channel7

Седьмой Канал

@channel7

Сайтта 2012 ж. 5 қыркүйекКазахстан, Астана

Официальный блог Седьмого канала: https://www.facebook.com/tv7kz https://vk.com/tv7_kz https://twitter.com/tv7_kz http://instagram.com/tv7_kz

рейтинг

100

жазбалар

155

пікірлер

41

тіркелуші

69

жазылымдар

16

«Сәлем, Ұлы Дала» - «Жетінші арнаның» жаңа  музыкалық интерактивті шоуы.

«Жетінші арна» өзінің көрерменін қызықты музыкалық ойын-сауық контентімен  таңғалдыруды  жалғастырады. «Сәлем, Ұлы Дала» жаңа музыкалық шоуы қазақстандық белгілі продюсер Жан Мұқановтың жаңа төл туындысы, осы жылдағы продюсердің жетістігі ретінде телевизиялық «Тұмар» жүлдесінің «Жылдың ең үздік шарасы» аталымы бойынша жеңімпаз атануы. Жоба «Бізбен бірге болған жақсы» «Жетінші арнаның» ұранымен толықтай сәйкес келеді және белгілі қазақстандық орындаушылардың музыкалық бағдарламасын ұсынады.

Бірінші эфирдің хедлайнері елімізге танымал жұлдыз Айқын Төлепбереген, сонымен қатар бірінші түсірілім кезінде танымал әншілер Дастан Оразбеков, Луина, Ғазизхан Шекербековтың өнерін тамашалай аласыздар. «Сәлем, Ұлы Дала» жобасы барлық Астана қаласының тұрғындарымен қонақтарына танымал «Хан шатыр» ойын-сауық орталығында әр жексенбі сағат  19:00 ден 21:00 аралығында өтетін болады. Шоу тікелей эфирде көрсетіледі, ойын-сауық орталығының барлық қонақтары шоу көрермені атануына мүмкіндігі бар. Кештің жүргізушілері елімізге танымал жұлдыздар, актер Тауекел Мүсілім және Гүлназ Жоланова. Ал келесі бағдарламаларда біз Қазақстан шоу-бизнесінің жарық жұлдыздары мен жас таланттарын шақыратын боламыз.

Жаңа бағдарламаның  кішкентай құпиясымен бөліссек. Мысалы, телешоу көрермендері арнайы «Impressario Live” рубрикасын көре алады, әртістер бұл айдарда эксклюзивті және ең өзекті жаңалықтармен, алдағы жаңа жоспарларымен, сонымен қатар  осы маусымның ең үздік жеті әнін анықтайтын болады. Өз кезегінде, интерактивті дауыс беру арқылы ойын сауық орталығына келген қонақтар концертте өздерінің хит-парадын жасайды. Нәтижелерді бағдарламаның финалында және күнделікті арнайы бағдарламаларда көрсетіледі. Аталмыш жоба «Жетінші арнаның ойын-сауық шоу бағдарламаларында жаңа бағдар белгілейтінін аса сенімділікпен айта аламыз, өйткені бұндай жоба Қазақстан телевидениясында бұрын соңды болмаған. Сапалы және жаңашыл музыканы ұнататын ән сүйер ағайын 8 сәуір «Хан Шатыр» ойын сауық орталында өтетін жаңа музыкалық шоу «Сәлем, Ұлы Дала» бағдарламасына шақырамыз!

0
0
242

Ләйлә Сұлтанқызы елге бұрын-соңды болмаған жобасын ұсынбақ

Бірі – көрікті, қылықты, ақылды келіншек. Енді бірі – сымбатты, қызба мінез, әзілкеш жігіт.

Қазақстандық телевизияда бұрын-соңды болмаған форматтағы ток-шоуды ұсынатын жүргізушілер дуэті кімдер дейсіз бе?

Тікелей эфир ханшайымы Ләйлә Сұлтанқызы көрерменін сағындырып, студия төріне қайта шығуға дайындалып жүр.

Айта кетейік, жақында ол осы арнаның директорлар кеңесіне мүше болды. Ал оның әріптесінің есімі әзірге жұмбақ. Бірақ ол да өзінің айтары бар, сұрақты төтесінен қоятын тележүргізуші екені белгілі.

Жобаның түпкі мақсаты – отбасы құндылықтарын насихаттау. Ал бұл жолда кездесетін басты кедергі қандай?

Өмірлік серігімізді тыңдап, оның ойын қабылдай алмай жатамыз. Сол себепті авторлар ток-шоудың атын «Өз ойым» деп қойған екен. Бағдарлама қонақтары – сіз бен біз секілді қарапайым адамдар.

Әркімнің көкейінде жүрген мәселелер, шешімі табылмай келген сұрақтарға сарапшылар, қоғам қайраткерлері мен танымал адамдар жауап беретін болады.

Дегенмен, бұл жобаның тақырыптарына шек қойылмаған – спорт пен шоу-бизнестегі жаңалықтардан бастан отбасылық жанжалдарға дейін талқыға салынатын болады.

Продюсерлердің айтуынша, бұл жобаның басты өзгешелігі – жүргізушілердің жұбында. Осыған дейін ер азамат пен әйел бірігіп жүргізген ток-шоу қазақстандық телевизияда болған емес.

Бұл қадам қаншалықты қызықты болса, соншалықты қиын болары сөзсіз. Себебі Ләйлә Сұлтанқызы да, оның әріптесі де осыған дейінгі жобалардың тізгінін өздері ұстап келген болатын. Енді серігіңнің пікіріне құлақ асып, оның мінез-құлқымен санасуға тура келеді.

Бұл жобаның қызықты болуына студиядағы көрермендер де атсалысады. Оның үстіне кесіп-пішуге мүмкіндігі жоқ тікелей эфир болғандықтан, келген әр қонақ жауаптан жалтара алмайды. Талқыланатын тақырыптар аясының кең, көзбе-көз ғана емес, сұрақтарды онлайн жолдауға да болады. Бұл көрермен аудиториясын кеңейтеді.

Сонымен, сейсенбі мен жұма аралығында «Жетінші арнаның» тікелей эфирінен жаңа тележобаны тамашалуға асығыңыздар!«Өз ойым» ток-шоуында әр адам өз ойын айтуға құқылы!

0
0
773

Дархан Сәркенов «Nya Nya аға» комедиялық хикаясы жайында

 

1508153744p63fi-725x

Алматыда «Nya Nya аға» хикаясының түсірілімі жалғасып жатыр. Картинаның қоюшы-режиссері - Дархан Сәркенов, ол «Қыз жолы 2», «Қазақ аруы» (екінші режиссер) және «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» жобаларымен жұмыс істеген.

Көпсериялы фильмдегі оқиға Мақсат есімді кейіпкер аясында өрбиді. Ол жұмыс іздеп жүріп, Жания Серікбаеваның сән басылымына орналасады. Бір күні әйел шұғыл түрде Астанаға ұшу керектігін айтады да, қызметкерлерінен балаларына қарай тұруын өтінеді. Оң қолы Алтынға үй тазалығына, ал Мақсатқа балаларға қарауды тапсырады. Содан бастап кейіпкерлердің қызықты оқиғалары басталады.

«Alma pictures-тің продюсері Алмагүл Тілеухановамен алғаш рет «Бойжеткен» фильмінің түсірілімінде жолықтық. Бізді ортақ досымыз таныстырды. Продюсермен бірден тіл табысып кеттік. Содан бастап серіктестік орнатуды жөн көрдік. Хикаяның сценарийін жас автор Рустам Мұхит жазды. Сценарийдің алғашқы нұсқасы хронометраж жағынан сай келмеген еді, себебі бір бөлім 30 минутты құрауы тиіс болатын, сондықтан скриптті қысқартуға тура келді. Сценарийді тағы бір рет оқып шығып, қосалқы кейіпкерлердің де образын ашу керектігін түсіндік, көремендер экрандағы оқиғадан ерекше әсер алу қажет қой. Қосымша жұмыстарға 20 күндей уақыт кетті»,-дейді жоба жөнінде Дархан Сәркенов.

Басты кейіпкерлер Алтын мен Мақсатты Динара Бақтыбаева және Қуаныш Жылжақсынов сомдайды. Аталмыш дуэт көрермендерге «Нархоз» жастар хикаясы арқылы таныс. Режиссердің айтуынша, бұл актерлармен былтырғы жылы жұмыс істеуі тиіс болған екен.

«Бір қызығы, Динара мен Қуанышты былтырғы жылы түсірген «Екеуге арналған заң» атты дебютті жобама шақыруды жоспарлаған едім. Бірақ, мен ойлағандай болмады. Мен Қуанышты Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-да оқып жүргеннен бері білемін. Екеуі де камераны сезіне алатын дарынды актерлар. Әрдайым өздерінің пікірін білдіріп, идеяларымен бөлісіп отырады. Түсірілімге Жанболат Еділбаевтың операторлық тобы қатысады. Актерларды санағанда, түсірілім алаңында барлығы 50 адам жұмыс істейді»,-деп қосты Дархан.

UYm4n_UaX24(1)(1)

Сондай-ақ, картинадағы Жания Серікбаеваның рөлін Әсел Акбарова, оның жарын Қасымхан Бұғыбай, Мақсаттың досы Ермекті Рысқұл Қонақбаев, ал Алтынның құрбысы Әселді Марина Сүлейменова сомдайды.

Авторлар түсірілімге қазан айының басында кіріскен. Түсірілімді осы айдың соңында аяқтауды жоспарлап отыр. Көрермен назарына барлығы 12 бөлім ұсынылмақ.

«Nya Nya аға» хикаясы «Жетінші арнаның» тапсырысы бойынша түсіріліп жатыр.

Благодарим Кинопортал Бродвей (brod.kz) за статью.

 
0
0
1364

Alma pictures снимает комедийный сериал по заказу «Седьмого канала» «Nya Nya аға»

Продюсерская компания Alma pictures приступила к съемкам сериала с интересным названием «Nya Nya аға». Снимается многосерийная комедия по заказу «Седьмого канала».

Главный герой сериала «Nya Nya аға» - аниматор Макс, который в поисках стабильной работы устраивается в fashion-издание. Руководитель издания Жания Серикбаева вынуждена срочно вылететь в Астану, но оставить троих детей ей не на кого. Муж в командировке, а правая рука Алтын по горло загружена работой. Единственный, кто мог бы присмотреть за детьми это Макс. Героя ждут веселые и уморительные ситуации, выкрутиться из которых ему поможет смекалка и верные друзья.

6Pwo1zDNv7U

Режиссерское кресло занял Дархан Саркенов. В его фильмографии полный метр «Статья на двоих», сериалы «Қыз жолы 2» и «Қазақ аруы». В прошлом месяце режиссер завершил съемки другого сериала «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу». В качестве оператора-постановщика на проект приглашен Жанболат Едильбаев. В минувшем году он выступил режиссером скетчкома «Отбасы».

Съемки картины проходят в Алматинской области. В них принимают участие Динара Бактыбаева, Куаныш Жылжаксынов, Ерболат Тогузаков, Асель Акбарова и юные актрисы: Диана Холловей, Амина и Адина Малгаждар.

A17UrslhAK0

Благодарим Кинопортал Бродвей (brod.kz) за статью.

0
0
1076

«Жетінші арнада» телехикаялар қалай дыбысталады?

Уәде еткеніміздей, көрермендердің көптеген өтініштері бойынша, арнамыздың бір құпиясын ашамыз! Ол кісілерді көпшілік біле бермейді, бірақ дауыстарын бір сәтте-ақ тани қоясыздар! Сонымен, дубляж бөлімінде табанды әрі өнімді еңбек ететін мамандармен жақынырақ таныстырамыз...

Нартай Сауданбекұлы – Әли Рза бей, Митхат бей, Яман бей, Әмір, Улуч, Кемаль бей, түрмедегі кейіпкерлер, адвокаттарды дыбыстайды.

 

Гүлнәр Рысбайдың дауысымен - Ферхунде, Фикрет (бала кезі), Неийр, Мехмет, Джанер, Айша сөйлейді.

 

Айым Жетпісова – Неджла, Джейда, Седеф, Райхан, Джеврие, Нұрданды дыбыстайды.

 

Олжас Жақыпбек – Шевкет (жас кезі), Тахсин, Ахмет бей, Джем, Әли, Консул, судьялар, түрмедегі кейіпкерлер, адвокаттар.

 

«Жетінші арнаның» дубляж студиясы кәсіби және заманауи жабдықтармен қамтылған. Шетелдік фильмдерді қазақ тілінде сөйлету бойынша ынтымағы жарасқан шығармашылық ұжымымыз еліміздегі ең үздік кәсіпқойлардың бірі саналады. Студиямызда кейіпкерлерді қазақша сөйлететін театр әртістерінен басқа, кәсіби аудармашылар, редакторлар, дубляждың режиссерлері, дыбыс режиссері, бейнеинженерлер мен үйлестіруші (координатор) маман бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып қажырлы еңбек етеді. Барлық уақытта экранның арғы жағында көрінбей қалатын қызметкерлеріміз бен олардың атқаратын істерімен таныс болыңыздар...

 

Аудармашылар шет тіліндегі фильмді көріп отырып, тікелей аударма жасайды. Бұл тәсіл сөздердің кадрдегі әртістердің сөйлеуі мен іс-қимыл, мимикаларымен дұрыс сәйкес келуіне көмектеседі.

Аудармашылар:

Аяужан Бүркітбаева

 


Назгүл Балабекова

 

Баян Нұғман

 

Анаргүл Сайекешова

 

Тиісті серияны қазақ тіліне аударғаннан соң, редакторлар аударманың түпнұсқадағы сөздермен дәлме-дәл сейкес келуін тексеріп, мәтінді түзетеді.

Редакторлар:


Еркебұлан Абдрахманов

 

Зухра Борантаева

 

Мәтінді редакциялау аяқталғаннан кейін, әртістер дубляж режиссерімен бірге сериалға қазақша тіл бітіруге кіріседі.

Дубляждың режиссерлері:


Қуаныш Қолдауов

 


Арай Амантауова

 

Серияларды қазақшалау аяқталғаннан кейін, барлық шығармашылық еңбекті монтаж бөліміне жібереді.

Бейнеинженерлер:

Арман Үсенов

 


Жанат Шарапиденов

 


Қуаныш Әлмұханов

 

Монтаждау біткеннен кейін, дыбыс инженері барлығын тексеріп, қабылдап алады.

Дыбыс режиссері:


Абылай Энгельс

 

Көрермен қауымды бір дерлікте субтитрлік мәтінмен қамтамасыз ету үшін қазақша мәтіндерді орыс тіліне аударуға жібереді. Осыдан кейін орыс тіліндегі субтитрды серияға қосады.

Бір серияны сапалы түрде толық дыбыстап шығу үшін кейде үш-төрт күн жұмсалады. Мәселен, 174 бөлімнен тұратын «Үзілген жапырақтар» телехикаясына қанша еңбек сіңірілгенін енді білген боларсыздар. Кейде ойдағыдай шықпаған дубляжды (еріннің қимылына сөздер сәйкес келмегенде) басынан бастап қайта дыбыстауға тура келеді. Ал үйлестіруші Светлана Кусаинова осы жұмыстардың барлығын бақылап және бағыттап отырады. Осылайша дубляжды бір адам, екі адам емес, үлкен ұжым жұмыла жүріп жасайды.

Үйлестіруші:

Светлана Кусаинова

 

«Жетінші арнаның» кәсіби дубляж студиясы телехикаяларды қазақ тілінде сөйлетіп, көрерменнің көңіліне қонатын сапалы фильмдер жасайды. Аударма мәтінін тек аударып қана қоймай, фильмдегі әрбір сәтті (монолог, диалог) сезіну және керекті эмоцияны көрсету үлкен еңбек пен шеберлікті қажет етеді. Телехикаялар мен фильмдердегі кейіпкерлерді тек кәсіби театр әртістері дыбыстандырады. Фильмдердің қазақша атауын шығармашылық ұжым ұзақ талқылап, ақылдаса отырып қояды. Арнамыздың дубляж студиясына жұмысқа тұру барысында үміткерлер қатал іріктеуден өтеді.

Біз өз фоторепортажымызды дубляж бөлімінің көркемдік жетекшісі Кенжемұрат Көшеровтың «біз «қызыл кілем» үстімен шайқатыла жүріп, мадақ жинайтын мамандар емеспіз. Біздің қажырлы жұмысымыз әрқашанда көпшіліктің назарынан тыс қалады» деген сөзімен аяқтағымыз келеді.

Арнамен бірге құрылып, бірге қалыптасқан дубляж бөлімінің көркемдік жетекшісі: Кенжемұрат Көшеров.

 

Күнде тамашалайтын телехикаялардың дубляжы қалай жасалатынын енді білген боларсыз деп ойлаймыз. Ендеше көрінбейтін майданның осы бір майталмандарына шын жүректен шығармашылық шабыт тілейік!

 

Жұмыс барысынан бірнеше фото:

Дәл қазіргі уақытта "1001 түн" телехикаясын қазақ тілінде сөйлету қызу жүріп жатыр. Дубляж бөлімінің мамандарына сәттілік тілейміз!

1
0
2535

Назар салыңыз! Кастинг!

"Нысана" апталық-сараптамалық бағдарламасының жүргізушісіне кастинг жарияланады.

Журналистика саласында кем дегенде бірнеше жыл машықтанған, өз бетінше мәтін жаза алатын адам қажет. Телеарнада тәжірибесі болса тіптен жақсы. Қазақ тілінде таза сөйлеуі шарт.

Барлық сұрақтар бойынша мына мекен-жайға хабарласыңыздар:

+ 7172 54 26 72, + 7 707 528 68 61, + 7 707 533 63 34, эл.пошта: [email protected], [email protected]

0
0
356

Как эффективно выучить казахские слова? Премьера «АйнаСөздік» на «Седьмом канале»!

Когда мы чем-то увлечены, время летит не заметно. Мы можем «подсесть» на любимый сериал, «зависнуть» в интернете, даже безобидная привычка листать ленту в соцсетях крутит стрелки часов не в нашу пользу. Когда же дело касается учебников, то приходится дисциплинировать себя, во основном, заставлять :).

Между тем, почти у каждого 10-го, если не 5-го, в списке дел есть пункт «выучить язык». Люди стараются ходить на курсы носителя языка, попасть в эту страну, читают книжки, смотрят фильмы и т.п.

Одним словом, стремление к изучению нового заложено в каждом из нас, только дело не всегда доходит до реализации :).

*Бегущие часы

Многие знают, что изучение любого языка начинается с расширения словарного запаса. Поэтому, на "Седьмом" решили запустить программу по изучению казахских СЛОВ "АйнаСөздік".

Что вы получаете?

Словарный запас

«АйнаСөздік» -  доступным языком и методом ассоциации помогает выучить казахские слова, например, не все знают, что «бегемот» на казахском «сусиыр». Су – вода, сиыр – корова, довольно логично:).

Экономия времени и финансов

«АйнаСөздік» позволяет изучать новые слова не поднимаясь с дивана, стоит лишь щелкнуть пультом на "Седьмой канал" в 15:15 с вторника по пятницу.

Эффективно и смешно

Маленький ребёнок легко овладевает родным языком в процессе игры, общения, познания мира.  Ведь любые положительные эмоции активизируют нашу способность обучаться. Поэтому новые слова будем запоминать ассоциациями, заводными песнями и шутками.

Например, аспансерік - стюардесса. Смотрим на картинку ниже, Аспан + Cерик, как не запомнить?)

Закрепляем новое слово песней:

Ну и знаменитая фраза адайцев в новой интерпретации:

Аспанда құдай, жерде адай, а между ними аспансерік.

В роли учителя Жасын Уалиханұлы, просит называть его по имени и отчеству, а не «Жаке» или «Ағай». Почему-то в Казахстане многим не нравится быть «Апай» или «Ағай», а вот «Ағашки» пользуются спросом:)  С помощью образа строгого, странноватого, но очень смешного учителя вы будете узнавать новые слова и смеяться на «уроках», но здесь за это не накажут.

Со вторника по пятницу в 15:15 "АйнаСөздік" на "Седьмом канале"!

0
0
765

«SUPER әжелер» — 22 марта на «Седьмом канале» большая премьера!

В глазах внуков - это образцовые и степенные бабушки, которые пекут пирожки, жарят баурсаки и вышивают крестиком. Но именно сейчас и только на «Седьмом канале» - молодые душой, открытые и талантливые бабушки готовы к крутому повороту в своей жизни.

И так, если вас посещает мысль, что у пенсионеров славные года за спиной, а в душе память о вчерашнем дне, то готовьтесь к неожиданностям. Для участников наш проект, возможно, самое рискованное, неординарное и смелое событие за последние несколько десятков лет в их жизни!

А все потому, что современные бабушки наравне, а иногда и обставляя молодых, будут проходить face-control в фешенебельных клубах, ужинать в суши барах,  танцевать под транс, и водить спортивные автомобили – да, что тут рассказывать, лучше один раз увидеть.

В кастинге учавствовало более тысячи бабушек со всего Казахстана: учителя, бизнес-леди, врачи, инженеры, и просто домохозяйки.

В жюри народная артистка и певица Майра Илиясова, актер театра и кино Нуржан Тутов, кроме этого в каждом выпуске новый независимый эксперт. Ведущий проекта Рахман Омар.

Узнайте первыми все подробности 22 марта в 20:00 на "Седьмом канале".

А пока знакомим вас с одной из участниц:

Борыкпаева Кулимхан Каирбаевна родилась в 1955 году в Карасайском районе. С супругом живут вместе 35 лет, у них двое сыновей, одна невестка и три внука.

Принимала  участие в шоу «Экстремалы» на «Седьмом канале», которые проходили  в Аргентине в 2013 году. Пишет стихи, танцует, увлекается дайвингом, играет в футбол. Кулимхан считает себя современной женщиной, активно пользуется интернетом, водит автомобиль, часто путешествует. Она два раза попадала в аварию, и перенесла пять операций, были сломаны и руки и поясница. По ее словам, если в человеке живет вера, он способен на все! Свой выигрыш потратит на внуков, свадьбу сына, и на уход за кожей лица.

А на фото ниже Кулимхан уже изменилась, правда ? :)

Не пропустите премьеру «SUPER әжелер» на «Седьмом канале»!

 
0
2
1167

Кто готовит наш "Қуырдақ"?

Прошло не так много времени с того момента, когда "Седьмой канал" представил своим телезрителям первый выпуск нового юмористического скетч-шоу "Қуырдақ", которое уже успело завоевать сердца поклонников. 

Как и в любом успешном телепроекте, здесь не обошлось без талантливых и харизматичных ребят,  работающих над одним из самых успешных скетч-шоу.

Шарапов Нурболхан Ерболханулы родился 24 декабря  1989 года.

С 2008 года участвует  в  играх "Жайдарман (КВН)", считает, что именно на этих играх его талант и заметил президент КВН, продюсер данного проекта Есен Елеукен, который его и пригласил в качестве актера в данный проект. Кроме шоу "Қуырдақ", Нурболхан сейчас играет в составе команды города Астаны «Демеушіміз Болашақ». Говорит, что особых трудностей во время съемок у него не было, так как его работа ему в удовольствие. Хобби – пение.

Искендиров Акылбек Пазылбекулы родился 1 мая 1989 года.

С 2009  года  начал участвовать в играх  "Жайдарман". После победы  в 2011 году  в Республиканской высшей лиге, получил предложение  от Есен Елеукен участвовать в данном проекте. Для него работа в проекте "Қуырдақ" приносит творческое удовлетворение, особых трудностей во время съемок не заметил, в работу уходит с головой. В свободное время любит поиграть в футбол.

Махамбетов  Галым Бауыржанулы родился 31 марта 1990 года.

Играл в команде чемпионов высшей лиги игр КВН. Дальше получил приглашение от организатора Союза казахстанского КВН Есен Елеукена и вот участвует в проекте. Галым с детства мечтал стать актером, и его мечта реализуется именно в этом проекте.

В свободное время от съемок много читает.

Бекжанов Данияр Бакытбекулы родился 10 ноября 1989 года.

До проекта участвовал в играх "Жайдарман", там и привлек себе внимание Есен Елеукена. Данияр отмечает, что во время съемок бывали трудности с запоминанием сценария и случались моменты, когда путались слова, и это немного расстраивало. В свободное время с друзьями играет футбол.

Елжанов Рустем Батырханулы – руководитель проекта "Қуырдақ", в котором он с самого начала.

Идея создать качественно новое шоу родилась еще год назад, с 2011 года Рустем со своей командой начали снимать пилотку проекта. В 2012 году "Седьмой канал" выбрал именно их, и сегодня мы можем видеть плод их труда. Рустем отметил, что и у них бывают незначительные трудности, которые они вместе с командой с легкостью преодолевают. По словам Рустема, у него нет хобби, так как все свое время он посвящает работе.

Байкен Айжан Аманжолкызы родилась 20 сентября 1997 года.

Самая молодая участница шоу.  В 2012 году принимала участие в высшей лиге в команде "Демеушіміз Болашақ", там и привлекла к себе внимание, получила приглашение работать в проекте «Куырдак». Для Айжан "Қуырдақ" это прежде всего интересный и веселый проект. В свободное время любит петь и гулять на свежем воздухе.

Сарманова Айдана Талгатовна родилась 26 июля 1991 года. В проекте играет самые разные роли. Участница команды КВН "Нұр" Евразийского университета им. Л.Н.Гумилева. Солистка Астанинского городского шоу-балета "Самұрық". По окончанию проекта хочет заниматься творчеством, оттачивать свои актерские способности. А в данный момент основным приоритетом для Айданы является удачное окончание универститета. В свободное время занимается фитнесом, любит слушать музыку и интересоваться всем, что касается творчества.

Новое скетч-шоу можете смотреть с понедельника по четверг в 18:45 на "Седьмом". А также, все выпуски доступны к просмотру на нашем официальном Youtube-канале.

1
8
3947

Қуырдақ. Мы начинаем

Доброго времени суток, друзья!

Как мы сообщали раньше, 10-го сентября стартовало новое юмористическое скетч-шоу «Қуырдақ». Перед запуском каждого проекта мы волнуемся, так как очень хотим, чтобы даже самым заядлым гурманам понравилось. От волнения даже занялись обновлением дизайна наших сообществ Facebook, В контакте и даже twitter.

"Қуырдақ" можно готовить из говядины, баранины или конины. Но наш "Қуырдақ" состоит только из качественного юмора. Обычные жизненные ситуации нарезают мелкими кубиками, солят и обжаривают вместе с яркими талантами до образования качественного продукта, добавляют национальный колорит и щепотку иронии. Блюдо подается на ужин с понедельника по четверг.

Если у вас нет возможности смотреть шоу с понедельника по четверг в 18:45, нет телевизора и т.д., то вы можете просматривать все выпуски на нашем официальном Youtube-канале, где уже готовы к просмотру 3 выпуска "Қуырдақ".

Актеры: известные участники казахстанских команд КВН.

Места съемок: улицы, супермаркеты, клубы, университеты, рестораны, кинотеатры и т.д.

Продолжительность: ~13 мин.

 
2
4
678