Мазмұнға өту
Egemen

Egemen

Сайтта 2014 ж. 27 сәуір

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

44

пікірлер

0

тіркелуші

1

жазылымдар

0

Айманның асқақ аспаны

Бұлдырықтай ғана бүлдіршін қыздың ғаламат ойынына ерекше разы болған ұлы музыкант өз концерті партитурасына: «Айман, сен ұлы скрипкашы боласың, бірақ мынаны ұмытпа: еңбек, шыдам және төзімділік – осы жолдағы сен ұстанатын басты нәрсе», деп жазды. XX ғасырдың аса көрнекті композиторларының бірі Арам Хачатурянның нота қағазының шетіне иректетіп қалдырған осынау жолдары кейін бұл әулеттің тұмардай қастерлейтін бағалы бұйымына ғана айналып қойған жоқ, ол шын мәнінде де үлкен көрегендікпен айтылған болжам болып шықты.

Толығымен...

0
0
516

Оның қарлығашқа айналғысы келеді

Тымырсық түн. Жалғыздық. Тықыр еткен дыбысқа елең етемін. Осындайда басыма небір ойлар оралады. Қорқамын. Сосын қайта көз ілемін. Бірақ, көңілім ояу. Кейде сәл нәрсеге бола жүрек ауыртып жатқандай сезінемін өзімді. Бәлкім, ол менің шыдамсыз, күйгелек мінезімнен шығар. Тіпті, түн ортасына дейін ұйқымды «шақыра» алмай мазасызданамын. Есіме ақиық ақын Мұқағалидың: «Бөрі ұлып жатады, құзғын шулап, құлазыған көңілдің бақтарында…» деген өлең жолдары түседі. Осыны ішімнен бірнеше рет қайталаған...

Толығымен...

0
0
647

Электронды мүмкіндіктер

Ол – уақыт үнемдеудің таптырмас тәсілі

Байланыс технологиясы дамыған сайын адамның жеке бас өміріне, кеңістігіне дендей еніп келе жатыр. Ойыңның өзі жалпақ жұртқа жария болар уақыт алыс емес сияқты болады кейде. Өйткені, ақпараттық технологиялар бұрынғыдай сымдармен байланысқан ауыр компьютерлер емес, сымсыз байланыс арқылы жүзеге асатын болды. Лазермен, саусақ ұшымен пайдала­нылатын гаджеттер қаншама?! Жақын болашақта оймен бұйрық берілетін бай­ланыс түрлері шығып жатса, таңғалудың жөні болмас.

Толығымен...

0
0
466

Танымал Талғат Теменов

Қанаты берік қырандай болып, қазақ өнеріне өзіндік қолтаң­басымен келген талант иесі – Тал­ғат Теменов абыз қарт секілді ақ­бас­ Алатаудың бір сілемі саналатын­ Бақай тауының баурайындағы Ма­лы­бай ауылын­да, өмірге келген екен. Әке­сі Досымғали – соғыс ардагері, ше­ше­сі Күл­шәрия – ­омырауына ор­ден таққан санаулы ұс­таз­дар­дың бірі еді.

Табиғатқа тартып туған Талғат мектепте оқып жүргенде әдемі өлеңдер жазды. Дәріш Болатбеков ағай: «Әй, осы қара бала түптің түбінде болатын бала», дегені...

Толығымен...

0
0
607

Еуроодақтан кімнің шыққысы келеді?

Еуроодақты жамандайтындар жоқ емес, бар. Бірақ көп емес. Сөйтсе де сол аздың өзін бізге айқайлап жеткізетін ақпарат құралдары жеткілікті. Біреулер Еуроодақты ғайбаттаған пікір айтса, дереу оны жария етіп, мұны көпшіліктің пікіріндей етіп көрсетуге құмар-ақ.

Жақында біраз ақпарат құрал­дары: «Франция мен Ұлыбри­танияның Еуроодақтан шығуы мүмкін», деп шу ете қалды. Ра­сында да осынау одақтың негі­зін қалағандай екі держава кететін болса, бұл одақтың қауқары кемитіні өз алдына, бедел-абыройына да үлкен нұқ­сан. Бұл хабарға естіген жұрт­тың...

Толығымен...

0
0
289

Әкемтеатрдың анасы

Қазақ ұлттық сахна өнерінің сирек құбылысы – Сәбира апа­мыздың 100 жылдық мерейтойы Қазақстанның барлық өңірінде кеңінен аталып өткені мәлім. Бір жыл бойына мерейтойы тоқтамай тойланған қазақта бір актриса болса, ол сахнадағы аналар образының ақ желкені, М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық қазақ драма театрында небір шуақты бейнелер...

Толығымен...

0
0
456

Неге ұялмаймыз?

«Астана ақшамы» газетінің өткен сандарының бірінен Еркежан есімді әріптесімнің «Қызмет көрсету көңіл көншіте ме?» атты мақаласын оқыдым. Жанын жегідей жеген жағдайды қағаз бетіне түсірген екен. Сату­шылардың әлі салғырттығына куә болмасам да, жазған дүние­сінен іліп алар жанды тұсын таптым. Яғни, мақаланың негізгі тақы­рыбы астаналықтардың болмысын ашуға негізделген сияқты. Әсіресе, «астаналықтардың Аста­наға...

Толығымен...

0
0
360

Өнер өлшемі

Атақты композитор Сыдық Мұхамеджанов туралы сыр

Балалық шағы ауылдық жерде өткендіктен Арқадан шыққан дарынды тұлғалар Ақан, Біржан, Мәди, Естай, Үкілі Ыбырай, Тәттімбет, Сайдалы сары Тоқа, Әбди, Қыздарбек, Сембек, Әбікен Хасенов әндері мен күйлерін бойына сіңіріп өсті. Композитор музыкаға бірден келген жоқ, орта мектепті бітіргеннен кейін 1947 жылы киноактерлік мектепті тәмамдап, одан соң музыка училищесінің тарихи-теориялық...

Толығымен...

0
0
732

Отырарлық әл-Фарабилердің саны 33-ке жетті

Жиында Шығыстану инсти­тутының директоры: «Менің осы салада зерттеу жұмыстарын жүргізіп келе жатқаныма 40 жылға таяды. Бір қызығы, сонау Х ғасырдан бері қарай, шамамен XIV ғасырға дейін Отырардан шыққан ғұламалар әл-Фараби болып аталып келген. Арабтар ол кезде Отырар шаhарын Фараб деп атаған. Бертін келе, оларды әл-Отырари деп атай бастаған. Неге? Білмеймін. Дегенмен, араб деректерінде Отырар қаласының атауы VIII ғасырдан бастап кездеседі», – деп атап өтті...

Толығымен...

0
0
464

Оберон құпиясы. Ол не жұмбақ?

Отандық киноөндірушілердің сан емес, сапаға да үлкен мән беріп, соған сай жұмыс жасалып жат­қандығына да көз жеткізе бастадық. Фильмдеріміздің та­қы­рыбы мен пішімі де әртүрлі. Негізінен, ұлттық құндылық­тарымызды дәріптейтін, ұлттық сана қалыптастырып, елге деген патриоттық сезімін оятатын кинотуындылар. Олардың бір­қатары жанрлық негізде түсіріл­ген  заманауи фильмдер тобы. Бұған соңғы жылдары шыққан «Қазақфильм» кинотуындылары арқылы көз жеткізе аламыз. Мәселен: «Сіз кімсіз, Ка мырза?», «Ликвидатор»,«001-ші жүк», «Елес қуған сайыпқыран» сын­ды  соңғы жылдары жарық...

Толығымен...

0
0
1156