Көлік полицейлері Астана әуежайында іздеуде жүрген 57 жастағы алаяқты ұстады.
Көлік полицейлері Астана әуежайында іздеуде жүрген 57 жастағы алаяқты ұстады. «BNews.kz», 18.07.2014ж.
Көлік полицейлері Астана әуежайында іздеуде жүрген 57 жастағы алаяқты ұстады, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі Көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2014 жылдың 14 шілдесі күні Астана әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері халықаралық Астана әуежайында «Астана-Шереметьево» бағытындағы ұшақтан 1 шілдеден бері алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген 57 жастағы азаматты ұстады.
2013 жылдың 18 маусымында аталмыш азамат Семей қаласы тұрғынының сеніміне кіріп, алдау арқылы қаражатын иемденген. Алаяқ азаматшаға 1,2 миллион теңге көлемінде зардап тигізген.
Жедел-алдын алу шаралары барысында ұсталған күдікті Астана қаласындағы тергеу абақтысына қамалды. Қазір тексеру амалдары жүргізілуде.
Еске сала кетейік, ірі көлемдегі алаяқтық үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру және бар жеке мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған.
