«Жақсылығыңыз Жаратушыдан қайтсын!»
Осыдан бірнеше күн бұрын "Қазақстан" арнасының кешкі жаңалықтарынан көрдік. Екі ұл тәрбиелеп отырған бізді бұл сюжет бей-жай қалдырмады. Астана қаласында жалғысбасты ана тұрады. Есімі - Зухра. Оның Ерасыл (4 жаста) және Еркін (3жаста) деген екі ұлы бар. Бірақ Ерасыл Қабанбайдай алып болмай қалды, Еркін де еркін жүре алмады... Тағдыры шығар, анадан аман-сау туған екі балақай да сал болып қалған. Зухраның айтуынша, дәрігерлердің кінәсі. Екеуінің де диагнозы - "ДЦП двойная гемиплегия". Ұлдарының осы дертке шалдыққанын білген әке өз обасынан іргесін аулақ салған. Қазір Зухраға Пайғамбар жасынан асқан анасы көмектесіп отыр екен. "Тараз жақта да немерелім бар, қызымды жылатып қойып, жата алмадым" дейді кейуана. Жүрегі жұмсақ жандар көмектесіп тұратын көрінеді. Сал балаларға арналған арнайы орын…


