Мазмұнға өту

Жаңа

Ләззат Жүнісова: «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының жаңа маусымы жарқын әрі ұмытылмас әсер қалдыратындай болады

Тамыздың соңында «Сенбілік кездесу», «Әйел бақыты», «Түнгі студияда», «Қазақстан дауысы» мега-жобасы, «Намыс дода» спорттық-ойын-сауық шоуы сияқты рейтингтік жобалар эфирге шыға бастайды,-дейді «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары. «Біз жобаларымызды нысанаға дәл тиетіндей етіп жасауға тырыстық. Тақырыптар, оқиғалар, сюжеттер көрермендердің жанына жақын тиетіндей, ой салатындай, мазалайтындай, көрерменнің көкейіне қонып, жүрегіне терең бойлайтындай жасалды» - дейді Л.Жүнісова. Негізгі жобалардан басқа телеарнаның бағдарламалық кестесіне өзіндік өндірістегі телехикаялар мен рейтингті шетелдік контент те енгізілетін болады. Дәл қазір «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының телехикаялық кестесі екі шетелдік және үш отандық өндірістегі фильмдермен ұсынылып отыр. «Қазақстан» Р…

3
0
434

Солтүстік Қазақстан облысының экологтары мемлекеттік қызметтегі реформалармен танысты

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті облыстық экология департаментінде, Мемлекет Басшысының бірінші институционалды реформасын түсіндіру жөніндегі ақпараттық семинарын өткізді.Мекеме ұжымына 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылу барысы туралы ақпарат беріліп, бірінші институционалды реформаны іске асыру аясында кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша концептуалды ұсыныстар, «Мемлекеттік қызмет туралы» заң жобасы таныстырылды.Бұған қоса, облыс экологтары мемлекеттік қызметтің мансаптық моделіне көшу, мемлекеттік қызметшілердің нәтижелілігін жиі бағалау және еңбек төлемінің факторлық-балдық шкаласы жөніндегі мәселелерді белсенді талқылады.Департамент қызметкері Г.Д. Сә…

0
0
294

Реформалардың өзектілігі

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің бастамасымен «Солтүстік Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» РММ ұжымында бірінші институционалды реформаны түсіндіру бойынша «Заманауи, кәсіби және дербес мемлекеттік аппаратты қалыптастыру» тақырыбында семинар өтті.Іс-шара барысында Департамент қызметкері Г.Д. Сәрсембаева, жиылған қауымды бірінші институционалды реформаның жүзеге асырылу кезеңдерімен арнайы әзірленген слайдтар арқылы таныстырып, аталған тақырып төңірегінде жолданған сауалдарға жауаптарын берді.Жиын соңында барлық қатысушылар, мемлекеттік қызметшілер қызметінің тиімділігін және бәсекелестікті арттыруды көздейтін, мемлекеттік қызмет жүйесінде жоспарланған реформалардың уақытылы және қаж…

0
0
255

Алматыда Орталық Азия елдерінде АИТВ-ЖИТС ауруының таралуына қарсы күрес бойынша ЮНЭЙДС Субөңірлік кеңсесі ашылады

Бұл туралы бүгін ЮНЭЙДС ұйымының Шығыс Еуропа және Орталық Азиядағы өңірлік директоры Виней Салдана ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсеновамен болған кездесуде мәлімдеді. Кездесуде АИТВ-ЖИТС ауруының таралуына қарсы күресте Орталық Азия өңіріндегі жетекші ел ретіндегі Қазақстанның рөлін нығайту және 2015 жылға жоспарланған ЮНЭЙДС Атқарушы директоры Мишель Седибенің Қазақстанға сапары жайы талқыланды. Сапар аясында ЮНЭЙДС-тің Орталық Азия елдеріне арналған субөңірлік кеңсесін Қазақстанда ашу жоспарланып отыр. «Бұл мәселе біздің басшылық деңгейінде өз шешімін тапты. Біз Алматыда Орталық Азия елдеріне арналған ЮНЭЙДС Субөңірлік кеңсесін ашу бойынша дайындық жұмыстарын бастап кеттік», - деп хабарлады Виней Салдана. Сондай-ақ, тараптар Қазақстанның әлемнің ең дамыған…

0
0
289

55 мен 80 аралығындағы атақтылардың келбеті

Бибігүл Төлегенова, қазақтың бұлбұлы,

КСРО халық әртісі

86 жаста


Жастайынан даусымен тамсандырып келе жатқан опера әншісі әдемі қартаюдың үлгісін көрсетіп келеді.

Светлана Жалмағамбетова, саясаткер, қоғам

қайраткері

67 жаста


Жақсы қалыпта сақталғанын келбетінен-ақ аңғаруға әбден болады.

Нұржамал Үсенбаева, опера әншісі, Қазақстанның

халық артисті

57 жаста


Сұлулығының сыры "сабырлықта" дейді.

Гүлжан Қарақұсова, саясаткер, қоғам қайраткері

65 жаста

Майра Ілиясова, белгілі әнші, продюсер

59 жаста


Басты қағидасы - әдемі көріну үшін жан дүниесі көреалмаушылық қасиеттен  таза болғанды қалайды.

Майра Айсина, саясаткер, қоғам қайраткері

59 жаста

Табиғи шашы-қара.   Тамақты уақытылы ішуді қадағалайды.

Роза Рымбаева,  кеңестік және қазақ

эстрада әншісі

58 жаста



Сіздерге де әдемі қартаюды тілейміз!

2
0
603

Қазақстан табиғаты аясына жорға дуадақтары жіберіледі

Жорға дуадақтарын қорғау халықаралық қоры 2015 жылдың 18 тамызы мен 18 қыркүйегі аралығында жорға дуадақтарының өсімін молайту орталықтарында өсірілген 1400 жорға дуадағын Қазақстан табиғаты аясына жібереді. Мұнымен 120 құсқа қимыл-қозғалыстарын бақылау үшін арнайы спутниктік құрылғыларды бекіту жоспарлануда. Жорға дуадақтары Бетпақ-Дала мен Қызылқұм аймақтарынан ұшырылмақ. Аталмыш құстың қоныс аударатын ең көп саны дәл Қазақстан аумағында өніп-өседі. Бұрынырақ, 2009-2015 жылдар аралығында Қазақстанның табиғатына 5 300-ден аса жорға дуадақтары ұшырылды. Ғалымдар орнатылған спутниктік құрылғылар арқылы жіберілген құстардың қимыл-қозғалыстарын бақылай алды. Сондай-ақ, ұшырылған жорға дуадақтары Қазақстанның табиғи ортасына бейімделіп, қыстау кезеңінде өздеріне туыстас жабайы құстардың дәстү…

0
0
1539

«100 нақты қадам — Бизнес және кәсіпкерлікті дамыту »

2015 жылғы 14 тамыз күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) мен «Ғаламат» қоғамдық бірлестігі тарапынан Біркөлік шатқалында «КазМикроФинанс» ЖШС-нің ұжымына тренинг өткізілді. Тренингтің негізгі мақсаты – Ел басының бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға байланысты ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын кеңінен насихаттау және оны жүзеге асыру болып табылады. Тренингті Департаменттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы Г.Мусабекова жүргізді. 120-ға жуық адам қатысып, қатысушылар 5 топқа бөлініп, әр интитутционалдық реформаның маңызы мен мақсатын талқылады. Ал «Индустриялдық және э…

0
0
872

«100 нақты қадам: Елдің және халықтың игілігіне арналған реформа»

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) ОҚО Мақтарал ауданы Мырзакент елді мекенінің халқымен көшпелі кездесу ұйымдастырып, Елбасының ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шараның мақсаты реформаны қолдауға белсенді қатысуды және азаматтық белсенділікті арттыру. Департаменттің үгіт-насихаттық тобымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға мемлекеттік қызметшілер, еңбек ұжымдары, кәсіпорын өкілдері, жергілікті халық қатысты. Жергілікті халықпен кездесу барысында талқыға салынған мәселелер көп болды. Яғни, ұлт жоспарын іске асыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ұлтаралық келі…

0
0
325

«100 нақты қадам: Елдің және халықтың игілігіне арналған реформа»

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) Сарыағаш аймағы бойынша ауданаралық басқармасымен (бұдан әрі – Ауданаралық басқарма) бірлесіп, ОҚО Қазығұрт ауданының халқымен көшпелі кездесу ұйымдастырып, Елбасының ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шараның мақсаты Елбасымен ұсынылған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру үшін бірінші институционалдық реформаны түсіндіру болып табылады. Бес институционалдық реформаны насихаттау арқылы, оның еліміз үшін өте маңызды екенін түсіндіру болып табылады. «100 нақты қадам» Ұлт жоспары өте маңызды стратегиялық құжат, яғни еліміздің дамуына өз септігін тигізіп, қауіпсізд…

0
0
555

«100 нақты қадам: Болашаққа бастар жол»

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) ОҚО Мақтарал ауданы Асыката елді мекенінің халқымен көшпелі кездесу ұйымдастырып, Елбасының ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шараның мақсаты реформаны қолдауға белсенді қатысуды және азаматтық белсенділікті арттыру. Департаменттің үгіт-насихаттық тобымен, Ел басының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға мемлекеттік қызметшілер, еңбек ұжымдары, кәсіпорын өкілдері, жергілікті халық қатысты. Жергілікті халықпен кездесу барысында, Департменттің Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі Қ.Құлажанов Елбасымен ұсынылған «100 нақты қадам»…

0
0
1010