Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Ләззат Жүнісова: «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының жаңа маусымы жарқын әрі ұмытылмас әсер қалдыратындай болады

Тамыздың соңында «Сенбілік кездесу», «Әйел бақыты», «Түнгі студияда», «Қазақстан дауысы» мега-жобасы, «Намыс дода» спорттық-ойын-сауық шоуы сияқты рейтингтік жобалар эфирге шыға бастайды,-дейді «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары.

«Біз жобаларымызды нысанаға дәл тиетіндей етіп жасауға тырыстық. Тақырыптар, оқиғалар, сюжеттер көрермендердің жанына жақын тиетіндей, ой салатындай, мазалайтындай, көрерменнің көкейіне қонып, жүрегіне терең бойлайтындай жасалды» - дейді Л.Жүнісова.

Негізгі жобалардан басқа телеарнаның бағдарламалық кестесіне өзіндік өндірістегі телехикаялар мен рейтингті шетелдік контент те енгізілетін болады.

Дәл қазір «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының телехикаялық кестесі екі шетелдік және үш отандық өндірістегі фильмдермен ұсынылып отыр. «Қазақстан» РТРК тапсырысы бойынша үстіміздегі жылы 12 телехикая түсірілу үстінде (217 серия).

3
0
426

Осы тақырып бойынша