Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Реформалардың өзектілігі

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің бастамасымен «Солтүстік Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» РММ ұжымында бірінші институционалды реформаны түсіндіру бойынша «Заманауи, кәсіби және дербес мемлекеттік аппаратты қалыптастыру» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шара барысында Департамент қызметкері Г.Д. Сәрсембаева, жиылған қауымды бірінші институционалды реформаның жүзеге асырылу кезеңдерімен арнайы әзірленген слайдтар арқылы таныстырып, аталған тақырып төңірегінде жолданған сауалдарға жауаптарын берді.
Жиын соңында барлық қатысушылар, мемлекеттік қызметшілер қызметінің тиімділігін және бәсекелестікті арттыруды көздейтін, мемлекеттік қызмет жүйесінде жоспарланған реформалардың уақытылы және қажетті шара екендігін бір ауыздан қолдады.

0
0
244

Осы тақырып бойынша