Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«100 нақты қадам: Болашаққа бастар жол»

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) ОҚО Мақтарал ауданы Асыката елді мекенінің халқымен көшпелі кездесу ұйымдастырып, Елбасының ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты реформаны қолдауға белсенді қатысуды және азаматтық белсенділікті арттыру. Департаменттің үгіт-насихаттық тобымен, Ел басының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараға мемлекеттік қызметшілер, еңбек ұжымдары, кәсіпорын өкілдері, жергілікті халық қатысты.

Жергілікті халықпен кездесу барысында, Департменттің Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі Қ.Құлажанов Елбасымен ұсынылған «100 нақты қадам» және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бойынша баяндама жасады. Бес институционалдық реформаның біріншісін «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» болашақта іске асыру үшін көбірек көңіл бөлу қажеттілігін жеткізді. Сондай-ақ мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңның жуық арада қабылданғалы жатқандығы туралы айта келе,  жаңа заңға сәйкес білікті мамандарды жұмысқа алынады. Мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданатын үміткерлер үш сатылы іріктеуден өтеді, бұл өз кезегінде білікті мамандардың жұмысқа қабылдануына мүмкіндік береді.  Еңбекақыны жұмысының нәтижесіне қарай төлеу жүзеге асырылады. үшін бірінші институционалдық реформаны түсіндіру болып табылады.  Бес институционалдық реформаны насихаттау арқылы, оның еліміз үшін өте маңызды екенін түсіндіру болып табылады.

Сонымен қатар Департаменттің бөлім басшысы Г.Мусабекова бес институционалдық реформаның бірінші бағыты «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» бойынша баяндама жасады.

Іс-шара соңында Елбасымен жарияланған реформа жаһандық кризис, әлемдік саяси және экономикалық тұрақсыздық жағдайында уақтылы қабылданған шешім екенін жеткізді.

Аталған реформаның нәтижелі іске асырылуы жан-жақты қолдауды қажет етеді. Мемлекеттің қалауы бүкілхалықтық қолдау табу және бұқара халықтың барлығының белсенді қатысуын қамтамасыз ету болып табылады.

 
0
0
1003

Осы тақырып бойынша

«100 нақты қадам: Болашаққа бастар жол» - Yvision.kz