Мазмұнға өту
msh

МСХ РК МСХ РК

@msh

Сайтта 2013 ж. 10 желтоқсанКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

543

пікірлер

0

тіркелуші

11

жазылымдар

3

ҚР Премьер-министрі СҚО-дағы агроқұрылым жетекшілерімен кездесті

40 млрд теңге. Бұл биыл петропавлдық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер шығарған өнімнің кірісі. Бұл туралы Премьер-министр қатысқан республикалық кеңесте айтылды. Олар агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелерін талқылады. Ел қамбасының үштен бірін астыққа толтыратын Солтүстік Қазақстан диқандары биыл 4 млн гектардан астам алқапқа дәнін сіңірді. Тың технологияларды уақытылы жүргізген шаруалар күзде жақсы өнім аламыз деген үмітте. Теріскейге келген Үкімет делегация мүшелері Айыртау ауданында өңірдің агроқұрылым жетекшілерімен кездесті. Жиын барысында субсидия жүйесін жетілдіру, шаруаларға қаржылық қолдау көрсету мәселелері сөз болды. Асқар Мырзахметов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі: – Қазіргі таңда астықты зиянды өсімдіктерден қорғайтын перепараттарды сат…

0
0
544

А.Мырзахметов: Жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуеті кеңінен пайдаланылады

Төрт түліктен алынған өнім қайта өңделмей жатыр. Себебі өнімді әзірлеп, оны өткізу мәселелері әлі дұрыс шешілмеген. Нәтижесінде еліміздің қайта өңдеу кәсіпорындары 60%-ға ғана жүктелуде. Бүгін Қостанайда Үкімет басшысының төрағалығымен өткен кеңесте Премьер-министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов осылай деді. Министрдің айтуынша, ведомство ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып, жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін пайдалану арқылы қайта өңдеу кәсіпорындарын толық қуатында жүктей бастады. Министр өз сөзінде Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында өз-өзін жұмыспен қамтып отырған 280 мың тұрғын бар екенін жеткізді. Асқар Мырзахметов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі: – Осыны ескере келе, екі бағытты қолға алуды көздеп отырм…

0
0
695

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ 12.07.2016 ж. Рудный қ. Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімов жұмыс сапарымен Қостанай облысында болды. Жұмыс сапары шеңберінде сүт және қышқыл сүт өнімдерін өндіретін «Лидер – 2010» ЖШС (Қостанай облысы, Рудный қ.) цехының алаңында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовтың төрағалығымен мал шаруашылығының ағымдағы жағдайы және дамуының перспективалары бойынша кеңес болып өтті. Кеңеске облыстың және шекаралас аймақтардың ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері, қызығушылық танытқан мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҰКП, «Қазақстанның Ет Одағы» ДКЖЗТБ, «Қазақстанның Сүт Одағы» ЗТБ, «Қазақстанның құс өсірушілер одағы» ЗЖТБ, «Қазақстаның фермерлер одағы» РҚБ және де «ҚазАгро»ҰБХ» АҚ өкілдері мен еншілес ұйымдары қатысты. Мал шаруашылығы…

0
0
744

Солтүстік Қазақстан облысында агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері бойынша республикалық кеңес өтті

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ Астана қ. 11.07.2016 ж. Бүгін Солтүстік Қазақстан облысы «Бабык Бурлук» ЖШС-да агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовтың төрағалығымен және мүдделі мемлекеттік органдардың және олардың ведомстваларының, облыс әкімдіктерінің және ауыл шаруашлығы тауар өндірушілерінің қатысуымен республикалық кеңес өтті. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –Ауыл шаруашылығы министрі А.И.Мырзахметов Ауыл шаруашылығы министрлігімен өсімдік шаруашылығындағы мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпараттандырды. Атап айтқанда, Ауыл шаруашылығы министрімен гектарлық субсидия механизмінің кемшіліктері, гербицидтер мен тыңайтқыштарды сатып алу бойынша шығында…

0
0
572

2,6 млн.дана бекіре тұқымдас балық түрлерінің шабақтары Жайық өзеніне жіберілді

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ Астана қ. 11.07.2016 ж. 2,6 млн.дана бекіретұқымдас балық түрлерінің шабақтары Атырау және Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытының өсіру тоғандарынан Жайық өзеніне жіберілді. Оның ішінде 900 мың данасы бекіре шабағы және 1,7 млн.дана шоқыр шабағы. ҚР АШМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің балық қорын қалпына келтіретінкәсіпорындары жыл сайын «Орман ресурстары мен жануарлар дүниесін басқару, сақтауды және дамытуды қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша 168,4 млн. дана құнды балық түрлерінің шабақтарын жасанды өсіріп әрі қарай табиғи мекен ету ортасына жібереді. Балық шабақтарын өсіру биотехнологиясына сәйкес құнды балық түрлерінің шабақтарын өсіру бойынша жұмыстар жалғастырылуда. ҚР АШМ баспасөз қызметі+7 (7172) [email protected]

0
0
1474

Астана қаласында Жер реформасы комиссиясының кезекті отырысы өтті

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ Астана қ. 09.07.2016 ж. Бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовтың төрағалығымен Жер реформасы комиссиясының кезекті отырысында ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану бойынша нақты заңнамалық ұсыныстар талқылауға шығарылды. Бас қосудың мақсаты – бұған дейінгі мәжілістердің нәтижелерін салмақтап, саралап, бір тоқтамға келу, комиссия мүшелерінің өзара жұмысын пысықтап алу және «жалпыдан жалқыға» көшу арқылыжерге қатысты мәселелерді шешудің нақтыжолдарынанықтау. «Біз осы таңға дейін Жер реформасы комиссиясының Елордадағы және өңірлердегіжиындарынөткіздік. Бүгінде жер реформасында туындап отырған мәселелерді екіге бөліп қарастыруға болады: Біріншісі – саяси мәні бар, яғни жерді шетелдіктерге жалға беру, қазақстан…

0
0
655

Үкімет отырысында А. Мырзахметов АӨК-дегі инвестициялық жақсарту жоспарын ұсынды

Баспасөз релизі08.07.16ж. Астана қ. Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсынды. Аталған Жоспар шеңберінде Министрлік кредиттер бойынша субсидияланатын пайыздық мөлшерлемені 7%-дан 10%-ға және техника мен малға арналған лизингті 10%-дан 13%-ға дейін көбейтуді ұсынды. Егер қазіргі кезде пайыздық мөлшерлеме 19% болғанда, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер пайыздық мөлшерлеменің 9-12 %-ын төлеп келген болса, енді келешекте олар 6-9%-ды төлейтін болады. Сондай-ақ Жоспарда мемлекеттік бюджетке ауыртпалықты азайту мақсатында мемлекеттің кепілдігімен халықаралық қаржы ұйымдарының, оның ішінде Ислам даму банкі мен Европаның Жаңғырту және…

0
0
593

Атырау облысында браконьерлерден 842 кг балық алынды

ПРЕСС-РЕЛИЗ

lovlia-foreli

07.07.2016 ж.                                               Астана қ.

2016 жылдың 6 шілдесінде Атырау облысындағы Көктоғай елді мекенінің жанында аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы мен облыстық табиғатты қорғау прокуратурасының қызметкерлері бірлескен түрде Батыс Қазақстан облысының «Газель» маркалы автокөлігіндегі екі тұрғынын ұстады.
Транспорт құралын тексеру барысында ілеспе құжаттарынсыз жалпы салмағы 842 кг балық анықталды және алынды.
Аталған факт бойынша материалдар Атырау облыстық табиғатты қорғау прокуратурасына жолданды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
[email protected]
www.minagri.gov.kz

0
0
711

Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 3,4 пайызға ұлғайды

Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 3,4 пайызға ұлғайып, 3,3 трлн теңгені құрады, деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметовтің қоғам өкілдерімен есептік кездесуі барысында. Кездесу барысында Асқар Мырзахметов Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің 2015 жылға арналған негізгі даму бағыттары мен мекеменің ағымдағы жылға арналған міндеттерін баяндап, сонымен қатар қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. «Оның есептік ақпаратына сәйкес былтырғы жыл агроөнеркәсіптік кешен үшін жақсы көрсеткіштермен аяқталған. 2015 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 3,4 пайызға ұлғайып, 3,3 трлн. теңгені құрады. Бұл ретте республикалық өндіріс көлемінде ең үлкен үлестік салмақ Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақста…

0
0
552

АШМ: 2015 жылы бюджеттік субсидия көлемі 2,6 млрд теңгені құрады

2015 жылы бюджеттік субсидия көлемі 2,6 млрд теңгені құрады, деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметовтің қоғам өкілдерімен есептік кездесуі барысында. «Ішкі нарықты негізгі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету жағдайын талдау 2015 жылдың қорытындысы бойынша 80%-ды құрайды. Бұл ретте, күріш, қой еті, тауық жұмыртқалары, бидай ұны, нан бойынша қамтамасыз ету 100%-ды құрайды. Сонымен бірге, ішкі тұтынымдағы отандық өнімнің үлесі жекелеген тауарлар бойынша әлі күнге төмен деңгейде қалып отыр», – деді ол. Министрдің айтуынша, өзін-өзі қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер өңдеуші кәсіпорындардың қант, құрғақ сүт, сары май мен қатты ірімшік өндіру үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға кеткен шығындарын өтеу арқылы шешіліп отыр. Мәселен, 2015 жылы…

0
0
561