Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«100 нақты қадам: Елдің және халықтың игілігіне арналған реформа»

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) Сарыағаш аймағы бойынша ауданаралық басқармасымен (бұдан әрі – Ауданаралық басқарма) бірлесіп, ОҚО Қазығұрт ауданының халқымен көшпелі кездесу ұйымдастырып, Елбасының ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты Елбасымен ұсынылған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру үшін бірінші институционалдық реформаны түсіндіру болып табылады.  Бес институционалдық реформаны насихаттау арқылы, оның еліміз үшін өте маңызды екенін түсіндіру болып табылады.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспары өте маңызды стратегиялық құжат, яғни еліміздің дамуына өз септігін тигізіп, қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Іс-шараға мемлекеттік қызметшілер, еңбек ұжымдары, кәсіпорын өкілдері, жергілікті халық қатысты.

Кездесу барысында Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі                   Қ. Құлажанов бес институционалдық реформаның бірінші бағыты «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» бойынша баяндама жасады. Ұлт жоспарының 14 қадамына сәйкес, мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылданады, яғни, жаңа заңға сәйкес білікті мамандарды жұмысқа алынады. Мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданатын үміткерлер үш сатылы іріктеуден өтеді, бұл өз кезегінде білікті мамандардың жұмысқа қабылдануына мүмкіндік береді.  Еңбекақыны жұмысының нәтижесіне қарай төлеу жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет туралы заң мен жаңа заң жобасын салыстыра отырып, қызу талқылау жүргізілді. Кадр резерві, конкурс рәсімі, тестілеу жүйесіне тоқталып өтті. Нақты ұсыныстар беріліп, талқыланып жинақталды.

«Ғаламат» қоғамдық бірлестігінің директоры Д. Маманова қатысушыларға «Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі» тақырыбында баяндама жасап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Бұл құжаттың нәтижелі іске асырылуы жан-жақты қолдауды қажет етеді. Мемлекеттің қалауы бүкілхалықтық қолдау табу және бұқара халықтың барлығының белсенді қатысуын қамтамасыз ету болып табылады.

0
0
548

Осы тақырып бойынша

«100 нақты қадам: Елдің және халықтың игілігіне арналған реформа» - Yvision.kz