Мазмұнға өту

Жаңа

Жұмыспен қамту жәрмеңкесі

Баспасөз хабаршысы Іс – шараның атауы: Жұмыспен қамту жәрмеңкесі Мерзімі: 21 тамыз 2015 жыл Өтетін орны: Павлодар қаласы, Ломов көшесі №38, «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» Өтетін уақыты: сағат 10: 00 Қысқаша сипаттамасы: 21 тамыз сағат 10:00 бастап «Жастар бастамаларын дамыту орталығында» жұмыссыз жүрген жастарға арнайы жәрмеңке өтеді. Мақсаты: Жұмыссыз жастарға көмектесу. 14 – 29 жастағы азаматтар мен азаматшалар қатыса алады. Қатысушыларға дайындалған бос орындардың тізімі беріледі. Арнайы шақырылған мамандар жастарға жұмыстары жайлы кең ақпарат береді және жастар ұнаған жұмыстарына кіре алады. Бос қызмет орындар жәрмеңкесіне келесі қызметтер ұсынылатын болады: - Бос қызмет орындарының базасы; - Әлеуметтік жұмыс орындары; - Жастар тәжірибесі; - Кәсіби білім және қысқа мерзімді кур…

0
0
410

Аймақтық Жас Көшбасшылар мектебінің күнделігі2-күн

Аймақтық Жас Көшбасшылар мектебінің күнделігі 2-күн «Тарих тармағымен – болашаққа қадам» аймақтық Жас Көшбасшылар мектебінің екінші күні қызыққа толы әрі достық көңіл-күйде өтті. Күн белсенді таңғы жаттығудан басталды. Содан соң әр топ тренингтік алаңдарға өтті. №1 қағанатта «Отбасым», «Бесбармақ» рөлдік ойындар тақырыбындағы тренингпен халықаралық және ұлттық бағдарламалардың жетекші эксперті Асқарова Лязят Қажытайқызы, №2 қағанатта «Правильное принятие управленческих решений» тақырыбындағы тренингті бизнес-тренер Досмагулов Қуаныш, №3 қағанатта «Мечта. Цель- правильная мотивация для успешной самореализации» тақырыбындағы тренингті эксперт Күнтуған Еркебұлан өткізді. Түстен кейін Мектеп қонақтарына Назарбаев Зияткерлік Мектебінің өкілдерімен ұлттық ойындар мен спорттық жарыстар бойынша м…

0
0
266

Ақ қайың ауданы «Нұр Отан» партиясының филиалында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшылығы азаматтарды қабылдады

Ағымдағы жылғы 14 тамызда СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының орынбасары Қ.С. Бейсембаев, Ақ қайың ауданы "Нұр Отан" партиясының аудандық филиалында азаматтарды қабылдады. Алғашқылардың бірі болып, аудандық ардагерлер кеңесінің көкейкесті мәселесімен, аудандық ардагерлер кеңесі президиумының мүшесі Т.П. Борисова көмекке жүгінді. Салдарынан, диспансерлік есепте тұрған аудан тұрғындары жеңілдікпен берілетін дәрі-дәрмектерге зәру екендігі, дәрілік заттарды жеткізу үшін тендерлердің уақытылы өткізілмейтіндігі белгілі болды.Ал аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы С.Л. Елисеев Қиялы май зауытына, өткізілген сүттері үшін табыстарын және еңбек ақысын ала алмай жүрген жұмысшылардың атынан шағымын білдірді.Аудандық білім бөлімінің заңгері А.А. Мелентьев «Бахыт Ойл» ЖШС білім меке…

0
0
586

Асау үйрету қандай спорт?

Бұл – ертеректе халқымыздың күнделікті тіршілігі болса, бүгінде нағыз өнерге айналды. 30 тамыз Астанада алғаш рет теңге ілуден Азия чемпионаты өтпек. Чемпионат аясында асау үйретуден бірінші республикалық турнир жалауын желбіретеді. Асау үйрету қандай спорт, оған кімдер қатыса алады? Жылқы мінезді қазақ бәйге алатын тұлпарды бірден таниды. Үйір-үйір жылқының арасынан «шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ, қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ» сәйгүлікті алыстан сынап, құрық салып, мініске көндірген. Бұл – ертеректе халқымыздың күнделікті тіршілігі болса, бүгінде нағыз өнерге айналды. Асау үйретуді ауыл баласы атасынан естігені болмаса, көзбен көргендері сирек. Ал, қала баласы үшін мүлдем таңсық дүние. «Көк алалы көп жылқы Көлге бір түссе көз жетпей, Санап санын алуға Есебіне сан жетпей» ,-деп…

0
0
1349

Қаламгер Төлен Әбдік күйшілік өнерді бәрінен биік қояды

Жазушының өзі шығарған күйлерінің бірін «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар. Жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Төлен Әбдік қағаз-қаламнан босай қалса, қолына қара домбыраны алады. «Өнерге баулыған әкем»,-дейді өзі. Бала кезінен жиын-тойларда күй шертіп жүріп, бір кездері консерваторияға түссем деген арманы болыпты. «Бала кезімізден домбыраға деген құмарлғымыз зор болды. Елде домбырашы, әнші адамдар бар еді, мүмкін солар әсер еткен шығар. Мектепте оқып жүргенде Ағыбай Қапанов, Әмірбек Қапақов деген ұстаздарымыз да домбырашы еді. Алғашқыда сол ұстаздарымыз үйретті»,-дейді қаламгер. Жазушы студент кезінде күрес, домбыра үйірмесіне барып, сонымен қатар, жазушылықты да бірге алып жүрді. Нұрғиса Тілендиев құрған оркестрдің құрамында өнер көрсетті. Қаламгер күйшілік өнерді бәрінен биік қояды. Бүг…

0
0
525

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне арналған оқыту курсы өткізілді.

Ағымдағы жылғы 17 тамызда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің мәжіліс залында Департамент басшысының орынбасары М.К.Избановтың төрағалығымен «Әртүрлі әлеуметтік топтар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне арналған оқыту курсы өткізілді.

Тікелей диалог нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа бірлесе күресудің қажеттіліне ден қойылып, қатысушылармен қойылған сұрақтарға толықтай жауаптар берілді. Белсенді диалог конструктивті түрде өткізіліп, барлық жолданымдар жауапсыз қалмады.

0
0
705

«Таңшолпанда» — «Ұлытау» тобы

Ержан Әлімбетов, Әсел Исаева және Рүстем Баекеев шығармашылықтағы жаңалықтарымен бөлісті. «Ұлытау» тобының мүшелері Ержан Әлімбетов, Әсел Исаева және Рүстем Баекеев бүгін таңғы бағдарламада қонақта болып, шығармашылықтағы жаңалықтарымен бөлісті. Топ құрамы өзгеріп жатыр. Осыған тоқталған Ержан: «Қатарымызға былтырдан бері Рүстем қосылды. Топ жаңару үстінде. Құрамда басқа да өзгерістар бар. Бізге келген жас таланттарға қойылар негізгі талап – адами фактор. Адамгершілік, жауапкершілік, орындау шеберлігі талап етіледі»,-дейді. Ал, топтағы жалғыз бойжеткен Әсел: «Алғашқыда қиын болды. Себебі, ер-азаматтардың ортасында жалғыз өзім. Бірақ, уақыт өте топтағы жігіттердің жалпы қыз балаға деген ерекше құрметін байқадым. Бүгінде тіпті еркелеп те кеткендеймін»,-дейді. Шығармашылықтағы жаңалықтарына…

0
0
1569

«Астана» Чемпиондар Лигасының плей-офф раундында АПОЭЛ-ден басым түсті

Енді екі команданың қарымта кездесуі 25 тамыз күнi Кипрда өтедi. УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф раундының алғашқы кездесуде «Астана» футбол клубы кипрлік АПОЭЛ командасын қабылдады. «Астана-Арена» стадионында өткен ойын 1:0 есебiмен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. «Астана» алғашқы минуттан басымдыққа ие болып, қонақтарды қыспаққа алды. Осындай ойынның арқасында 14-ші минутта Фокси Кетевоамадан пас алған Бауыржан Жолшиев баспен гол соқты. Екінші таймда АПОЭЛ футболшылары допты өз бақылауына алып, басымдыққа ие бола бастады. Олар қорғаныста сақ, шабуылда нәтижелі ойнауға тырысты. Алайда болған мүмкіндіктерін пайдалана алмады. «Астана»: Ненад Эрич (қақпашы), Марин Аничич, Бранко Илич, Евгений Постников, Неманья Максимович, Георгий Жуков, Фокси Кетевоама, Дмитрий Шомко, Рохер Каньяс, Т…

0
0
309

Атырау қалалық Халыққа қызмет көрсету орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өткізілді.

2015 жылғы 14 тамызда Атырау қалалық Халыққа қызмет көрсету орталығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің өкілімен қоғамда заң бұзушылықтар мен тәртіп бұзушылықтарға «нөлдік төзімділікті» қалыптастыруға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өткізілді.
Осындай іс-шараларды өткізу азаматтардың қылмысқа төзбеушілігі мен тұрғындардың сыбайлас жемқорлық салдары туралы ақпараттану деңгейін көтеруге септігін тигізеді.

0
0
640