«100 нақты қадам — Бизнес және кәсіпкерлікті дамыту »
2015 жылғы 14 тамыз күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) мен «Ғаламат» қоғамдық бірлестігі тарапынан Біркөлік шатқалында «КазМикроФинанс» ЖШС-нің ұжымына тренинг өткізілді.
Тренингтің негізгі мақсаты – Ел басының бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға байланысты ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын кеңінен насихаттау және оны жүзеге асыру болып табылады.
Тренингті Департаменттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы Г.Мусабекова жүргізді. 120-ға жуық адам қатысып, қатысушылар 5 топқа бөлініп, әр интитутционалдық реформаның маңызы мен мақсатын талқылады.
Ал «Индустриялдық және экономикалық өсім» болып табылатын үшінші бағыт бойынша «КазМикроФинанс» ЖШС-нің бизнестік топтық жобалық жоспарының тұсаукесері болып өтті.
Сонымен қатар «Ғаламат» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Д.Маманова «Парасыз мемлекет отбасынан басталады» тақырыбында әңгіме жүргізді.
Соңында «100 нақты қадам» жүзеге асқанда атты топтық интеллектуалды шоу жүргізіліп, қатысушылар бес институтционалдық реформаны жүзеге асыруға өздерінің дайын екендерін және үлестерін қосатындығын эмоционалды түрде білдірді.
