«100 нақты қадам: Елдің және халықтың игілігіне арналған реформа»
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) ОҚО Мақтарал ауданы Мырзакент елді мекенінің халқымен көшпелі кездесу ұйымдастырып, Елбасының ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шараның мақсаты реформаны қолдауға белсенді қатысуды және азаматтық белсенділікті арттыру. Департаменттің үгіт-насихаттық тобымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға мемлекеттік қызметшілер, еңбек ұжымдары, кәсіпорын өкілдері, жергілікті халық қатысты. Жергілікті халықпен кездесу барысында талқыға салынған мәселелер көп болды. Яғни, ұлт жоспарын іске асыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ұлтаралық келі…



