Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«100 нақты қадам: Елдің және халықтың игілігіне арналған реформа»

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) ОҚО Мақтарал ауданы Мырзакент елді мекенінің халқымен көшпелі кездесу ұйымдастырып, Елбасының ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты реформаны қолдауға белсенді қатысуды және азаматтық белсенділікті арттыру. Департаменттің үгіт-насихаттық тобымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараға мемлекеттік қызметшілер, еңбек ұжымдары, кәсіпорын өкілдері, жергілікті халық қатысты.

Жергілікті халықпен кездесу барысында талқыға салынған мәселелер көп болды. Яғни, ұлт жоспарын іске асыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ұлтаралық келіспеушіліктің алдын алу, балаларды және жастарды Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.  Департаменттің бөлім басшысы Г. Мұсабекова «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын халыққа жеткізу және оның еліміз үшін маңызды екенін түсіндіру мақсатында баяндама жасады. Бес институционалдық реформаның біріншісін «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» болашақта іске асыру үшін көбірек көңіл бөлу қажеттілігін жеткізді. Сондай-ақ,  Департаменттің тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі Қ. Құлажанов мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңның жуық арада қабылданғалы жатқандығы туралы айта келе, қатысушыларды ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясымен таныстырды.

Іс-шара соңында Елбасымен жарияланған реформа жаһандық кризис, әлемдік саяси және экономикалық тұрақсыздық жағдайында уақтылы қабылданған шешім екенін жеткізді.

Аталған реформаның нәтижелі іске асырылуы жан-жақты қолдауды қажет етеді. Мемлекеттің қалауы бүкілхалықтық қолдау табу және бұқара халықтың барлығының белсенді қатысуын қамтамасыз ету болып табылады.

0
0
318

Осы тақырып бойынша

«100 нақты қадам: Елдің және халықтың игілігіне арналған реформа» - Yvision.kz