Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Солтүстік Қазақстан облысының экологтары мемлекеттік қызметтегі реформалармен танысты


ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті облыстық экология департаментінде, Мемлекет Басшысының бірінші институционалды реформасын түсіндіру жөніндегі ақпараттық семинарын өткізді.
Мекеме ұжымына 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылу барысы туралы ақпарат беріліп, бірінші институционалды реформаны іске асыру аясында кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша концептуалды ұсыныстар, «Мемлекеттік қызмет туралы» заң жобасы таныстырылды.
Бұған қоса, облыс экологтары мемлекеттік қызметтің мансаптық моделіне көшу, мемлекеттік қызметшілердің нәтижелілігін жиі бағалау және еңбек төлемінің факторлық-балдық шкаласы жөніндегі мәселелерді белсенді талқылады.
Департамент қызметкері Г.Д. Сәрсембаева кездесу соңында, ұсынылатын шкалада лауазымдық деңгейлер есепке алынумен қатар, қызметкерге жүктелетін шынайы жұмыс мөлшері мен мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттары және міндеттеріне қол жеткізудегі қосқан үлесі де есептелетіндігін жеткізді.

0
0
283

Осы тақырып бойынша

Солтүстік Қазақстан облысының экологтары мемлекеттік қызметтегі реформалармен танысты - Yvision.kz